UF

ҚАЗАҚ ССР БАСПАСӨЗІ, ТЕЛЕВИЗИЯСЫ, РАДИОХАБАРЫ

 

Жалпы сипаттамасы. Қазақстанның Россияға қосылуы нәтижесінде 19 ғ-дың соңында дүниеге келген қазақ баспасөзі қазақ өміріне орыс мәдениетінің айтулы прогрестік ықпалының бірі болды. 1913 жылға дейін қазіргі Қазақстан жерінде не бары 11 ғана газет шықса, бүгін де республикамызда - 16 респ., 38 обл., 270-тен астам ауд. газет шығарылады. Буған қосымша 25 журнал мен Қаз. ССР ҒА-ның 6 сериялы хабарлары және хабаршысының жарық көруі - республикада газет пен журнал бастыру ісінің қарыштап өркендегенінің белгісі.

Сондай-ақ, орта ғасырдың өзінде қолжазба кітаптар, бүкіл шығыс елдері сияқты, Қазақстанға да едәуір тарады. Соның ішінде 500-дей қолжазба бүгінге дейін сақтаулы. Шығыс әдебиетінің дамуына елеулі ықпал еткен Низами шығармасын 1498 ж. Әли би Кемал би Әли Курбали парсы тілінде көшірген. Алғашқы тарихи жазба шығармалар 16 ғ-да пайда болғанын тарихи деректерден жақсы білеміз. Демек, 18 ғ-дың аяғында және 19 ғ-да қазақ тілінде «Барлық тілдер мен наречиелердің салыстырмалы сөздігі», халық дастан жырлары - «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Біржан - Сара» т. б. басылып шықты. 1854 ж. Қыдырғали Жалаиридің «Жылпамалар жинағы» жарық көрді. Содан бергі барлық кезеңдерде, әсіресе Ұлы Окт. революциясының жеңісі нәтижесінде республиканың баспа орындарының дамуына ерекше көңіл бөлінді. Тұңғыш баспа - Қазақ мемл. баспасы (қазіргі «Қазақстан» баспасы) туралы Ереже 1920 ж. 3 ноябрьде бекіді. Міне, бүгін де тек Алматы қ-нда 9 баспа бар. Республика бойынша 260 полиграфия кәсіпорны жұмыс істейді. Қаз. ССР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. комитетінің жүйесінде - 227 баспахана бар.

1979 ж. Қазақстанда 2485 радиоторап болды. Ал халықтың пайдалануындағы радионүкте мен радиоқабылдағыш саны 6 млн-нан асты. Алты тілде: қазақ, орыс, неміс, ұйғыр, корей және өзбек тілдерінде радиохабар таратылады. Қазір республикада телевизия мен радиохабарын тарату жөнінде 18 обл. комитет бар. Орт., респ. және жергілікті телевизия программаларын көрсету үшін 218 телевизиялық ретранслятор жұмыс істейді. Қазақ телевизиясы программасының көлемі жылдан-жылға ұлғайып келеді.

Кітап басу ісі. Қазақстанда кітап шығару ісі шын мәнінде Совет өкіметі жылдарында өсіп-өркендеді. Ұлы Окт. революциясына дейін ғасырлар бойы әлеуметтік және ұлттық езгіде жаншылып келген қазақ халқының экономикасы мен мәдениеті мешеу жағдайда болды. Халықтың басым бөлігі әліпті таяқ деп білмеді, хат танымады. Дегенмен, көне мәдениет белгілері, атап айтқанда, кітап шығару ісінің нышандары Қазақстанда да байқалады.

 

Совет өкіметі жылдарында Казақстанда баспа ісінің дамуы

 

Кітап көлемі

Жылдары

1913

1918

1930

1940

1916

1960

1970

1977

1978

1979

1. Кітап саны

13

8

420

762

206

1423

1440

1678

1575

1444

2. Жалпы тираж, мың дана

4

-

2671

5775

5116

15859

25267

35014,3

34986

35813

3. Бір кітаптың орташа тиражы, мың дана

0,33

-

6,4

7,6

24,8

11,2

17,5

20,9

22,2

24,8

4. Баспа табақ есебімен, млн. дана

-

-

10,057

35,415

22.477

178,923

242,18

326,2

322,7

359,8

 

Орта ғасырдың өзінде-ақ қолжазба кітаптар, бүкіл шығыс елдері сияқты, Қазақстанда да әжептәуір тараған. Сол туындылардан біздің заманымызға жеткені 500-ге жуық қолжазба. Бұл дүниелер осы күні Қаз. ССР-інің А.С. Пушкин атынд. мемл. кітапханасында, Қаз. ССР ҒА-ның Орт. ғылыми кітапханасында, М. О. Әуезов атынд. Әдебиет және өнер ин-тында, Философия және право ин-тында сақтаулы. Аталмыш кітапханалар мен ғыл.-зерт. орындарының кітап қорында 12 ғ-да араб тілінде жазылған сауда-саттық, алым-салық хаттары, құранның қол- жазбасы да бар. Құранның бұл данасы Ғазнаны билеген (1098-1114) Масуд бин Ибрагим сұлтанның тұсында Иракта қолдан көшірілген.

Тағы бір қолжазба кітап - бүкіл шығыс әдебиетінің дамуына ықпал еткен Низами шығармасы. Бұл кітапты 1498 ж. Әли бн Кемал бн Әли Курбали деген кісі парсы тілінде көшірген. Сонымен бірге кітапханада атақты парсы ақыны Жәми дастанымен, Әлішер Науаидің қолжазба кітабымен (1649) танысуға болады.

Даңқты жерлесіміз, Шығыстың ғұлама-энциклопедияшысы Әл-Фарабидің (870-950) филос., логикалық, матем., әлеуметтік-этикалық әйгілі трактаттары т. б. еңбектері соңғы жылдары қазақ тілінде жарық көрді.

Ал тұңғыш тарихи жазба шығармалар 16 ғ-да пайда болған. Оңт. Қазақстан жерінде туып-өскен тарихшы, ақын Мухаммед Хайдар Дулати (1499-1551), «Тарих-и Рашиди» («Рашидтің тарихы») атты шығарма жазған. Ол шығыс авторларының шығармаларын пайдалана отырып, қазақ хандықтарының тарихын, олардың қырғыз, өзбек хандықтарымен қарым-қатынасын баяндайды. Шығармада этногр., геогр., экономик. мазмұнда әр түрлі деректер бар. Парсы тілінде жазылған бұл шығарма кейін түрік, орыс тілдеріне аударылған. Тағы бір белгілі автор Қыдырғали Жалаири (1530-1605) Сырдария бойында туған. Ол 1588 ж. Москвада болған. Борис Годунов патша тұсында Қасым «патшалығында» тұруға рұқсат алды. Сол жерде ол 1602 ж. «Жами ат-тауарих» («Жылнамалар жинағы») деп аталатын шежіре кітабын жазып бітіреді. Кітап 1517 бет, мұнда монғол шапқыншылығына дейінгі және одан кейінгі дәуірдегі қазақ руларының тарихы, этнографиясы баяндалған.

Қазақстанның Россияға өз еркімен қосылуынан (1731) бергі уақытта қазақ халқының мәдениеті орыстың озық мәдениетінің ықпалымен дамыды. Орьгнборда (сол кездегі Қазақстан қ.), Верныйда (Алматы), Семейде қазыналық, жеке меншік орыс баспа орындары ашылды. Қазақша кітап басып шығару ісіне Татарстанның, Өзбекстанның прогресшіл баспашылары едәуір ат салысты. Ұлы Окт. революциясына дейін қазақ тіліндегі кітаптардың көпшілігі Қазан, Орынбор, Ташкент, Петербург, Уфа, Троицк, Астрахань баспаханаларында басылып тұрған.

18 ғ-дың аяғында және 19 ғ-да қазақ тілінде «Барлық тілдер мен наречиелердің салыстырмалы сөздігі», халық дастан-жырлары - «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Біржан - Сара» т. б. басылып шықты. 1854 ж. Қыдырғали Жалаиридің «Жылнамалар жинағы» жарық көрді.

1879 ж. Орынборда «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» және «Қазақ хрестоматиясы» басылып шықты. Бұл оқу құралдарын атақты педагог, ағартушы-демократ Ыбырай Алтынсарин шығарды. Мұпда Н. И. Ильминскийдің «Қазақтар үшін орысша өз бетімен хат тану құралы» кітабы жарық көрді. Қазақ тілінде кітап шығаруға Ы. Алтынсарин тұңғыш рет орыс алфавитін пайдаланды.

 

Республикалық газеттер

 

Газет аттары

Шыға бастаған жылы

Тиражы, МЬІҢ дана (1979)

1. «Боевое знамя»

1939

- _

2. «Достық»

1965

19.9

(«Фройндшафт»)

1933

143.0

3. «Дружные ребята

4. «йеңи һаят»

1970

8.3

5. «Казахстанская правда»

1920

2І3.0

6. «Коммунизм туғи»

1957

23.9

7. «Казақ әдебиеті»

1934

48.3

8. «Қазақстан муғалімі»

1932

58.9

9. «Казақстан пионері»

1950

219.8

10. «Ленинская смена»

1922

267.0

11. «Ленинское знамя» («Ленин кичи»)

1938

11.0

12. «Лениншіл жас»

1921

290.0

13. «Социалистік Казақстан»

1919

159.4

14. «Спорт» (қазақ тілінде)

1919

196.0

15. «Спорт» (орыс тілінде)

1959

144.0

16. «Учитель Казахстана»

1952

73.4

 

1904 ж. Санкт-Петербургте ғалым, ағартушы, саяхатшы Шоқан Уәлихановтың шығармалары басылды. Бұған дейін оның «Жоңғария очеркі», «Қырғыздар» т. б. зерттеулері жарияланған болатын.

19 ғ-дың 2-жартысында Қазақстанда прогресшіл демокр. және маркстік идеялар, К. Маркстің, Ф. Энгельстің, В.   И. Лениннің, Г. В. Плехановтың орыс тілінде басылған шығармалары, рев. газеттер, листовкалар тарай бастады.

Қазақ тілінде және Қазақстан туралы орыс, қазақ және басқа тілдерде 1900 жылға дейін жазылған баспа материалдары А. Е. Алекторовтың «Қырғыздар туралы кітап, журнал және газет мақалалары мен заметкаларының көрсеткіші» (Қазан, 1900) атты кітабында барынша толық, ыждағатты жинақталған. Бұл шығарма күні бүгінге дейін осы саладағы құнды еңбек болып қала береді.

Қазақстан баспасөзінің дамуына 1905-1907 жылдардағы революция кезінде Орынбор мен Оралда құрылған с.-д. ұйымдар ұйтқы болды. Одан кейінгі жылдарда қазақ мектептеріне арналған оқулық, көркем әдебиет кітаптар едәуір көбейді. 1909 ж. Петербургте Абайдың тұңғыш кітабы - «Өлеңдер» жарық көрді. С. Көбеевтің «Қалың мал» романы, Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесі, С. Сейфуллиннің «Өткен күндер» өлеңі, фольклорлық шығармалары басылды. Тутас алғанда Окт. революциясына дейін Қазақстанда кітап шығару ісінің жайы нашар болды, қазақ тілінде не бары 700-ден астам әр түрлі кітап басылды (қайта басылғанымен 1100).

 

Газет аттары

Шыға бастаған жылы

Тиражы, мың дана (1978)

Облысы

1

«Джезказганская правда»

1973

36.8

Жезказған

2

«Еңбек туы»

1922

28.8

Жамбыл

3

«Жезқазған туы»

1973

16.9

Жезқазған

4

«Жетісу»

1918

24.3

Алматы

5

«Заря коммунизма»

1944

28.1

Талдықорған

6

«Звезда Прииртышья»

1918

103.1

Павлодар

7

«Знамя труда»

1939

64.2

Жамбыл

8

«Индустриальная Караганда»

1931

145.0

Карағанды

9

«Иртыш»

1918

80.5

Семей

10

«Коммунизм жолы»

1924

21.0

Ақтөбе

11

«Коммунизм нуры»

1939

1923

11.3

Целиноград

12

«Коммунизм таны»

8.7

Костанай

13

«Коммунизм туы»

1931

16.1

Шығыс Қазақстан

14

«Коммунистік еңбек»

1923

20.1

Гурьев

15

«Коммунистік жол»

1973

10.2

Мацғышлақ

16

«Көкшетау правдасы»

1944

14.6

Көкшетау

17

«Қызыл ту»

1929

14.1

Павлодар

18

«Ленин жолы»

1929

39.0

Қызылорда

19

«Ленин туы»

1920

9.0

Солтүстік Қазақстан

20

«Ленинский путь»

1918

112.6

Костанай

21

«Ленинское знамя»

1918

76.2

Солтүстік Қазақстан

22

«Огни Алатау»

1918

69.2

Алматы

23

«Огни Мангышлака»

1967

28.1

Манғышлақ

24

«Октябрь туы»

1944

25.1

Талдықорған

25

«Оңтүстік Казақстан»

1924

69.6

Шымкент

26

«Орал өңірі» 

1918

21.3

Орал

27

«Орталық Қазақстан»

1931

17.0

Карағанды

28

«Прикаспийская коммуна»

1920

28.0

Гурьев

29

«Приуралье»

1918

65.3

Орал

30

«Путь к коммунизму»

1918

62.0

Ақтөбе

31

«Путь Ленина»

1930

19.2

Кызылорда

32

«Рудный Алтай»

1918

119.4

Шығыс Қазақстан

33

«Семей таңы»

1919

27.1

Семей

34

«Степной маяк»

1944

76.4

Көкшетау

35

«Торғай таңы»

1971

9.6

Торғай

36

«Тургайская новь»

1971

15.1

Торғай

37

«Целиноградская правда»

1920

123.7

Целиноград

38

«Южный Казахстан»

1925

89.1

Шымкент

 

Совет өкіметінің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстанда баспа ісін қалыптастыруға РК(б)П ОК, Совет үкіметі, Владимир Ильич Лениннің тікелей өзі әкелік қамқорлық жасады. Ұлы көсеміміз 1920 ж. 4 июньде мемл. баспа басшылары В. В. Воровский мен В. П. Милютинге жолдаған әйгілі хатында: «Қазақ жолдастар әріп құйғыш, баспахана және қағаз алуға көмек сұрайды. Оларды қабылдап, барынша көмектесуді өте-мөте сұраймын», - деп жазды. Бұл сөздер қазақ совет баспасөзінің тарихында алтын әріппен жазылған.

Қаз. АССР-і құрылғаннан кейін республика ОАК-нің Президиумы Орынборда 1920 ж. 3 ноябрьде Қазақ мемл. баспасы (қазіргі «Қазакстан» баспасы) туралы Ережені бекітті. Кейін республиканын бірқатар баспалары осы баспадан бөлініп шықты. Осыдан сон окулық, саяси әдебиеттер, әсіресе В. И. Ленин шығармаларын басып шығару ісі қызу қолға алынды. 20 жылдардың басында қазақ совет әдебиетінің негізін салушылар: С. Сейфуллиннің, Б. Майлиннің, I. Жансүгіровтың, М. Әуезовтің, С. Мұқановтың шығару ісі қызу қолға алынды. 20 жылдардың басында қазақ совет әдебиетінің негізін салушылар: С. Сейфуллиннің, Б. Майлиннің, I. Жансүгіровтың, М. Әуезовтің, С. Мұқановтың және басқалардың кітаптары жарық көрді.

Қазақ жазуын араб алфавитінен латын алфавитіне көшіру, БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің 1931 ж. 22 октябрьдегі «Қазақстанда баспа ісін қайта қүру туралы» қаулысы, Қазақтың марксизм-ленинизм ғыл.-зерт. ин-тының (қазіргі Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы Партия тарихы ин-ты) және жоғары оқу орындарының ашылуы, СССР ҒА-ның Қазақ базасының құрылуы, кейін оның филиалы етіп ұйымдастырылуы т. б. ірі шаралар республикада қазақ кітаптарының идеялық-теориялық, әдеби-баспалық дәрежесін көтеруге қажетті жағдай туғызды.

Қазақстанда советтік кітап баспасы ісін дамытып, қалыптастыруға С. Сейфуллин, С. Мұқанов, С. Меңдешев, А. К. Богачов, И. Ф. Киселев, Р. М. Мүсірепов үлкен үлес қосты.

Совет өкіметі жылдарында республикамызда жалпы тиражы 500 млн. данадан астам 45 мың кітап және кітапша шығарылды. Егер 1913 ж. Қазақстанда жалпы тиражы 4 мың дана болып әр түрлі 13 кітап шығарылған болса, қазір республикамызда тек бір аптаның ішінде бұдан 2 есе көп кітап шығарылады, оның тиражы 1913 жылғы дәрежеден 40 есе көп.

 

Републикалық журналдар

 

 

журнал аттары

Шыға бастаған жылы

Тиражы мын дана (1979)

1

«Автомобильный транспорт Казахстана»

1958

106.0

2

«Агитатор Казахстана»

1938

31,0

3

«Ара» («Шмель»)

1956

229.6

4

«Балдырған»

1958

201.3

5

«Білім және енбек»

1960

115.9

6

«Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана»

1958

4.2

7

«Жалын»

1969

99.5

8

«Жұлдыз»

1928

214.4

9

«Здравоохранение Казахстана»

1924

12.3

10

«Кооператор Казахстана»

1958

52.3

11

«Қазақ календары»

«Казақ ССР Ғылым академиясының хабарлары» (6 сериялы):

1922

305.8

12

Биология сериясы

1962

0,9

13

Геология сериясы

1943

1,2

14

Коғамдық ғылым сериясы

1962

0.8

15

Физика-математика сериясы

1962

0,8

16

Филология сериясы

1974

0.9

17

Химия сериясы

1950

0.9

18

«Қазақ ССР Ғылым академиясының хабаршысы»

1944

1.3

19

«Казақстан ауыл шаруашылығы»

1936

8.9

20

«Казақстан әйелдері»

1925

360.0

21

«Қазақстан коммунисі»

1921

56.0

22

«Қазақстан мектебі»

1925

32.4

23

«Қазақстан үгітшісі»

1938

36.0

24

«Мәдениет жөне турмыс»

1958

376.0

25

«Модалар журналы»

1958

100.0

26

«Народное хозяйство Казахстана»

1926

12.0

27

«Партийная жизнь Казахстана»

1920

26.5

28

«Пионер»

1925

55.0

29

«Простор»

1933

38.3

30

«Сельское хозяйство Казахстана»

1936

9.5

31

«Шмель» («Ара»)

1956

366.0

 

Елімізде баспа, полиграфия, кітап саудасы ісінің кең қанат жаюы және бұл істі халықтың өскелең рухани қажетін өтеуге сай одан әрі дамыту мүдделері кітап индустриясын жеке дара салаға бөлу талабын алға қойды. 1963 ж. баспа, полиграфия, кітап саудасы Мәдениет мин-лігінен бөлініп, жеке отау тікті. Сол жылғы 4 сентябрьде Қаз. ССР Жоғ. Советі Президиумының «Қазақ ССР Министрлер Советінің Баспасөз жөніндегі мемлекеттік комитетін құру туралы» Указы жарияланды. 1972 ж. 1 сентябрьде бұл комитет Қаз. ССР Мин. Советінің Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. комитеті болып қайта құрылды.

Оған республика баспа, полиграфия және кітап саудасы істеріне басшылық ету, шығарылатын барша әдебиеттің тақырыптық бағытына бақылау жасауды жүзеге асырып отыру міндеті жүктелді. Комитетке кітаптардың идеялық-саяси мазмұнын жақсарту, полиграфия өнеркәсібі өнімінің сапасын арттыру, кітап тарату ісін алға бастыру, кәсіпорындарына ғылыми-тех. прогресті кеңінен енгізу жауапкершілігі жүктелген.

Комитет аппаратының қазіргі құрамы 5 негізгі басқармадан тұрады. Олар: бас редакция, полиграфия өнеркәсібі, баспалардың экономикасы және өндіріс істері жоніндегі, жоспарлау-экономика және финанс, материалдық-тех. жабдықтау басқармалары. Бұлардан басқа еңбек ұйымдастыру және жалақы, ревизиялық бақылау, күрделі құрылыс, кадрлар, әкімш.-шаруашылық бөлімдері және орталық бухгалтериясы бар. Комитетке «Кітап» өндірістік бірлестігі (Кітап фабрикасы, полигр. комбинат, оперативтік баспахана және дәптер фабрикасы) және Респ. сауда бірлестігі «Казкнига» қарайды. Баспа комитеті жүйесіне халық депутаттары обл. Советтері атқару комитеттерінің баспасөз, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі басқармалары енеді.

«Казақстан» баспасы негізінен қоғамдық-саяси әдебиет шығарады. Атап айтқанда, марксизм-ленинизм классиктерінің шығармалары, КПСС документтері, филос., тарихи, заң, экономика, саяси көпшілік және әскери- патриоттық әдебиет, плакаттар, қазақ календары, сондай-ақ өнеркәсіп, техника, медицина, спорт, туризм жөніндегі кітаптар, ғылыми-көпшілік тақырыптағы еңбектер осы баспадан жарық көреді.

Баспада қоғамдық-саяси және ғылыми-тех. әдебиеттер бойынша екі бас редакция құрылған, олардың құрамына 11 салалық редакцпя кіреді, соның ішінде неміс және ұйғыр тілдерінде әдебиет шығаратын редакциялар бар. Баспаның бір жылда шығаратын өнімінің көлемі 2050 баспа табақтай.

В. И. Лениннің туғанына 100 жыл толуы қарсаңында баспа В. И. Ленин шығармаларының 4-басылымыи қазақ тілінде шығарған болса, ал қазір осы шығармалардың 55 томдық толық жинағын ана тілімізде шығару ісін қолға алып отыр (34 томы қазірдің өзінде жарық көрді). Республикамызда Совет екіметі жылдарында В. И. Ленин шығармалары 328 рет 4 млн. 641 620 дана тиражбен басылып шықты. Сондай-ақ К. Маркстің «Капиталын», К. Маркс пен Ф. Энгельстің, В. И. Лениннің өмірбаяндарын, Л. И. Брежневтің «Ленин жолымен» деп аталатын еңбектерінің жеті томын, оның «Партиялық құрылыстың актуальды проблемалары туралы», «Еңбекшілерді коммунистік рухта тәрбиелеу туралы», «КПСС-тің аграрлық саясатының мәселелері және Казақстаиның тың жерлерін игеру» атты жинақтарын және басқа да көптеген жекелеген еңбектерін қазақ тілінде шығарды. Д. А. Қонаевтың «КПСС-тің бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты нығайту жолындағы күрестегі тарихи тәжірибесі», «Советтік Қазақстан» атты кітаптары, сондай-ақ «Тың ырзығы». «Казақстан мпллиарды-76», «Атеистік тәрбиенің маңызды мәселелері» жинақтары, «Ленин идеяларының туы астында», «СССР халықтарының бауырмал құшағында», «Октябрь идеяларының Казақстанда салтанат құруы», «Майданнан сәлем саған, Қазақстан!», «Жан аямай» деп аталатып еңбектер, «КПСС 25-съезінің шешімдерін жүзеге асырайық!», «Біз - совет халқымыз», «Партия ұйымы секретарына көмекші құрал» сериясында кітаптар т. б. жарық көрді.

Еңбекшілерді коммунистік рухта тәрбиелеу, оларды шаруашылық және мәдени құрылыс міндеттерін орындауға жұмылдыру жолындағы жемісті еңбегі үшін 1975 ж. 17 апрельде «Қазақстан» баспасы Халықтар достығы орденімен наградталды.

Республикамыздағы байырғы баспа 25 орындарының бірі - «Жазушы» баспасы. Ол алғашында, 1922 ж. Орынбор қ-ндағы Қазақ мемл. баспасының цз жанынан көркем әдебиет туындыларын шығаратын болім болып ашылды. Міне, осы бөлімнің негізінде 1934 ж. О Қазақтың мемл. көркем әдебиет баспасы құрылды. Баспа қазақ халқының ауыз әдебиетін, төл және аударма кітаптарды көптеп шығаруға кірісті. Абай мен Сұлтанмахмұттың, Жамбыл мен Нұрпейістің, Сәкен мен Бейімбеттің, Ілияс пен Сәбиттің, Ғабит пен Ғабиденнің туындыларын шығарып, әдебиетке жаңа келген жас толқынға даңғыл жол ашты.

«Жазушы» баспасының шығарған кітаптары бүкіл елімізге мәлім. Ал М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы, С. Мұқановтың «Ботакөзі», Ғ. Мүсіреповтың «Оянған өлкесі», Ғ. Мұстафиннің «Қарағанды», Ә. Нұрпейісовтің - «Қан мен тер» романдары - бүкіл дүние жүзіне әйгілі шығармалар. Бұл - кітаптар және көптеген басқа жазушылардың туындылары еліміздің және шетел халықтарының тілдеріне аударылды.

Баспа қазақтың белгілі жазушыларының шығармалар жинағын басын шығаруда. Қазірдің өзінде Мұхтар Әуезовтің 12, Ғабит Мүсіреповтың 5, Ғабиден Мұстафиннің 4, Тайыр Жароковтың 4, Қапан Сатыбалдиннің 4 томдығы шығарылды. Енді Мұхтар Әуезовтің 20, Сәбит Мұқановтың 16, Қасым Аманжоловтың 4, Хамза Есенжановтың 6, Әбділда Тәжібаевтың 5, Әлжаппар Әбішевтің 5, Ғабдол Слановтың 6 және Жұмағали Саинның 3 томдық шығармалар жинағы шығарылуда.

«Жазушы» баспасының құрамында поэзия, проза, орыс әдебиеті, сын және қайта басылым, орысшадан қазақшаға, қазақшадан орысшаға аударма редакциялары бар. Баспада ұйғыр әдебиетін шығаратын арнаулы редакция жұмыс істейді.

«Жазушы» баспасы 1978 ж. көлемі 2300 баспа табақ 200 кітапты 6 миллион тиражбен басып шығарды.

1947 ж. 19 июнде Қазақтың мемл. оқу-педагогика баспасы құрылды. Қазіргі кезде «Мектеп» баспасы жылына орта есеппен жалпы білім беретін орта мектептерге арнап 150-ге жуық оқулықтар мен оқу құралдарын, тағы соншаға таяу жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар және мектеп мұғалімдеріне, оқушыларға басқа да оқырман қауымға арналған методикалық құралдар басып шығарады. Бұл басылымдардың жалпы тиражы 10 млн. дана, көлемі 3 мың баспа табақ.

«Мектеп» баспасында 9 творчеств. редакция жұмыс істейді. Олар: физика-математика, химия және биология, қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пен география, орыс тілі мен әдебиеті, араб тілі, ұйғыр тіліндегі табиғат білімі және қоғамдық пәндер, жоғары оқу орындары оқулықтарының редакциясы.

«Қайнар» - ауыл өміріне байланысты әдебиеттер шығаратын Одақтағы бес арнайы баспаның бірі. 1962 ж. 1 мартта құрылған. Баспаның құрамында «Земледелец», «Ақбидай», «Животновод», «Саржайлау», ғылыми-тех. хабарлар редакциялары, көркемдеу, насихат бөлімдері бар. Баспа кітаптарының тақырыбы сан алуан: а. ш-ның экономикасы, механикаландыру мен электрлендіру, егіншілік пен мал шаруашылығы, мелиорация мен суландыру, ауыл құрылысы мен табиғат қорғау, озат тәжірибе мен соц. жарыс, ауыл мәдениеті, тұрмысы, тағам түрлері т. т. Баспадан жыл сайын жалпы саны 3 млн. данадан асатын көлемі 1500 баспа табақтық 300-дей кітап шығып тұрады.

Осы жылдар ішінде баспа республикадағы а. ш. мамандарына қажетті анықтамалықтарды көптеп шығарды. Оның «Қазақстанның астық шаруашылығы», «Қазақстанның солтүстігіндегі жаздық бидай», «Қазақстанның мал шаруашылығы», «Қазақстанның қой шаруашылығы», «Қазақстанның мал дәрігерлігі», «Суармалы егіншілік», «Қазақстанның ауыл шаруашылығын интенсивтендіру», «Табиғат және біз» тәрізді кітаптары республика жұртшылығына жақсы танымал туындылары.

«Жалын» баспасы өз жұмысын 1976 жылдың 1 январынан В. И. Лениннің «Жастар одақтарының міндеттері» атты кітабын шығарудан бастады. Құрамында жастар прозасы, жастар поэзиясы, балалар әдебиеті, қоғамдық-саяси әдебиеттер, музыка және өнер әдебиеті, көркем аударма әдебиеті, жас авторлар редакциялары бар. Баспа қазақ, орыс тілдерінде балалар мен жастарға арналған көркем әдебиет шығармаларын, жастарға коммунистік тәрбие беретін қоғамдық- көпшілік әдебиеттерін, музыка мен көркемөнер туындыларын, альбом, буклет, көркемсуретті открыткалар, әдеби-көркем және қоғамдық-саяси «Жалын» альманағын шығарады. 1978 ж. көлемі 1677 баспа табақ, жалпы тиражы 14,1 млн-ға жуық 369 кітап, көркемсурет туындыларын басып шығарды.

Республикамызда «Ғылым» баспасы 1946 жылғы 25 октябрьде ұйымдастырылды. Ол ғыл.-зерт. әдебиеттерін, монографиялар, анықтамалықтар, сөздіктер мен сегіз ғылыми журнал шығарады. Баспаның құрамында жер және химия-технол. ғылымдары, биология және мед. ғылымдары, қоғамдық ғылымдар, қазақ әдебиеті редакциялары бар.

«Ғылым» баспасы жыл сайын жалпы тиражы 338,5 мыңдай, көлемі 2 мың баспа табақ 200 кітап шығарады. Тек соңғы жылдары ғана осы баспадан көп томдық «Қазақ ССР тарихы», 3 томдық «Советтік Қазақстан мемлекеті мен нравосының тарихы», Ш. Уәлихановтың, Ы. Алтынсаринның, А. Құнанбаевтың шығармалары, «Қазак, совет әдебиетінің тарихы», «Қазақ театрының тарихы» атты монографиялар жарық көрді. «Успен тектоникалық зонасының геологиясы мен металлогениясы» деген 6 томнан тұратын кітаптың авторларына Қаз. ССР-інің Мемл. сыйлығы берілді. Осы баспадан әр жылдары шыққан ұш монографияның авторлары лауреат атанды. «Ғылым» баспасының кітаптары дүние жүзінің 42 еліне таратылады.

Халқымыздың тарихындағы тұңғыш әмбебап (универсалды) басылым - Қазақ Совет Энциклопедиясының 1-томы 1972 ж. майда жарыққа шықты. Бұл республиканың ғылыми және мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды. 1974 жылдан бері көлемі 125 авторлық баспа табақ үлкен кітап 40 мьщ дана тиражбен жылына екі томнан шығарылып келді. ҚСЭ-нің соцғы 12-томы 1978 ж. июльде шығарылып, 1-басылым ойдағыдай аяқталды. Қазір КСЭ Бас редакциясы 4 томдык Ауыл шаруашылығы энциклопедиясын, 2 томдық Үй шаруашылығы энциклопедиясын, «Не өзі? Кім өзі?» атты 3 томдық балдырғандар энңиклопедиясы аудармасын шығаруға дайындық жүргізуде. 2 томдық үлкен Орысша-қазақша сөздіктің 1-томы жарыққа шықты. Осы сөздіктің 2- томы мен ҚСЭ-нің 12-томы қорытылған «Алфавиттік көрсеткіш» бір том және Қаз. ССР-нің Энциклопедиялық анықтамалығы 2 том болып (қазақ және орыс тілінде) 1980 ж. жарық көрмек.

Республикамыздың Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. комитет жүйесіне қарасты Қаз. ССР Мемл. кітап палатасы библиография, баспасөз статистикасы, орталық каталогизация орталығы болып табылады. Ол сонымен бірге баспа ісі, полигр. өнеркәсіп, кітап саудасы салаларында ғылыми-тех. информация мен пасихат жұмыстарын жүргізеді. Кітап палатасы 1937 ж. құрылған.

Казіргі уақытта палата қорында 2,5 млн-нан аса газет, журнал, кітап және басқа баспа өнімдері сақтаулы. 1977 ж. кітап палатасының архивіне 68,1 мың дана баспа өнімі келіп түсті.

Кітап палатасы кітап баспаларына тақырыптық, перспективалық жоспар жасауда елеулі көмек көрсетіп келеді. Ол «Қазақ ССР кітаптары жылнамаларын», «Қазақ ССР баспасөз шежірелерін», «Мақалалар мен рецензиялар шежірелерін», «Қазақ ССР баспасөзі» статистикалық жинақтарын және аннотациялы каталог карточкаларын шығарып тұрады.

Республика баспаларында 700-ден астам редактор және басқа жоғары білімді баспа қызметкері жұмыс істейді. Олардың арасында ғылым докторлары мен кандидаттары, халық ш. мен мәдениеттің әр түрлі саласының мамандары бар.

Комитет баспалары әдебиетінің 57,5%-і қазақ тілінде, 34,1%-і орыс тілінде, 8,4%-і ұйғыр, неміс, корей тілдерінде шығарылады. 1978 ж. республикада жан басына шаққанда 2,1 дана кітап басылды.

Республика баспалары тұтас алғанда рентабельді істейді. 1977 ж. баспа өнімдерінен 3 млн. сомнан аса пайда түсті.

Қазақстан баспаларының таңдаулы кітаптары халықар. кітап көрмелері мен жәрмеңкелерінде көрсетілуде. «Жалын» баспасы шығарған «Ян бибиян» атты кітап Софиядағы халықар. жәрмеңкеде 1-жүлде және алтын медальға ие болды. Республика баспалары мен полигр. кәсіпорындарының өнімдері одақтық, аймақтық конкурстарда да көптеген дипломдар алды.

Баспагерлер, полиграфистер, кітап саудасы қызметкерлері қазіргі кезеңде Ұлы Окт. жеңістерінің бүкіл дүн. жүз. тарихи мән-маңызын, КПСС-тің рев. қайта өзгертулер жөніндегі кемел қызметін, Коммунистік партияның қоғам өміріндегі басшылық, жетекшілік ролін, партия мен халықтың мызғымас бірлігін, соц. демократияның артьгқшылықтарын, біздің советтік Отанымыздың халық ш-ның барлық саласында, ғылым мен мәдениетте қол жеткен ұлан-ғайыр табыстарын, жасампаз совет адамының тұрмыс салтын насихаттайтын жаңа кітаптар шығарып тарату жолында творчеств. шабытпен енбек етуде.

Полиграфия өнеркәсібі. Қаз. ССР-інде қазір 260 полиграфия кәсіпорны жұмыс істейді. Бұларан республиканың Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. комитеті жүйесіие қарайтындары - 227 баспахана.

Қазақстанда революцияға дейін полигр. өнеркәсібі жоқтың қасы болған. 1836 ж. Орынбордың әскери баспаханасында қазақ тілінде кітап шығару бөлімі құрылды. Бұл Қазақстанның тұңғыш полигр. ошағы еді. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың бас кезінде қолөнері үлгісіндегі бірнеше баспа учаскесі пайда болды. Осындай шағын баспаханалар Орал, Петропавл, Қызылорда, Орда, Семей қ-ларында ұйымдастырылды. Бұларда қолмен жүргізілетін «американка», «аугсбургтер» сияқты ескі машиналар пайдаланылды.

Бірінші орыс революцпясы тұсында Орынбор, Орал, Верный қ-ларындағы с.-д. ұйымдар астыртын баспаханалар ұйымдастырып, прокламациялар, үндеулер басып шығарды. Ұлы Окт. революциясының жеңісінен кейін баспаханалар мемлекет меншігіне алынып, полиграфия өнеркәсібін дамыту жөнінде пәрменді іпаралар қолданыла бастады.

Москва полиграфистері Қазақстанға көмек ретінде полигр. жабдықтарын жіберді. Бұлар Қаз. АССР-інің сол кездегі астанасы - Қызылорда қ-ның баспаханасына орнатылды. Оның қуаты 6 млн. басылым беттен (лист-оттиск) аспады. 1924-1932 ж. аралығында республиканың полигр. базасы едәуір ұлғайды, оның қуаты жылына 8 млн. басылым бет болса, 1940 ж. бұл көрсеткіш 10-12 млн-ға жетті.

Республика полиграфиясының тех. базасы соғыстан кейінгі кезеңде одан әрі нығайтылды. Бұрын жұмыс істеген баспаханалардан басқа сол жылы Алматыда полиграфия комбинаты құрылды, оның жалпы қуаты 160 млн. басылым бет еді.

Өлшем мөлшері

Жылдары

1940

1930

1935

1970

1975

1977

Кітап-журнал, млн. басылым бет

12.0

200,5

245,0

382,0

432,0

555,0

Бейнелеу, млн. бояу бет

-

7.0

7,5

12,0

50,0

94,0

Газет, млн. дана 4 бетті газет А-2 форматы

-

200,0

400,0

690,0

467,0

483,0

 

Қазақстан Компартиясы ОК мен Қаз. ССР Мин. Советінің «Республикада полиграфия өнеркәсібі мен кітап басу ісінің материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту шаралары туралы» қаулысының (1967) маңызы зор болды. 1973 жылдың аяғында Алматыда кітап фабрикасы пайдалануға берілді (қуаты 300 млн. басылым бет қара бояу және 164 млн. басылым бет түрлі-түсті бояулы басылым). Республика полигр. кәсіпорындары базасында Алматыда полигр. кәсіпорындарының «Кітап» өндірістік бірлестігі құрылды. Оған кітап ф-касы, Алматы полигр. комбинаты, билет-бланк және оперативті баспахана, дәптер баспаханасы кіреді.

Қаз. ССР Баспа комитеті кәсіпорындарының өндірістік қуатының өсу жолы кестеде көрсетілгеніндей.

Республика полигр. кәсіпорындарына соңғы жылдар ғылым мен тех. жетістіктері шапшаң енгізілуде. Кітап ф-касында кітап блоктарын тікпестен жымдастыратын автоматты қондырғылар орнатылған, баспаханаларда электрондық техника кеңінен қолданылуда. Республиканың бірқатар облыстарындағы баспаханаларда офсетті баспа машиналары орнатылды. Қазақстан Компартиясы ОК газет-журналдар баспаханасы, Целиноград комбинаты респ. және жергілікті газеттермен бірге орталық газеттер мен журналдарды басып шығарады. Министрліктер мен ведомстволарда 33 баспахана бар. Олардың ішінде Қаз. ССР Тамақ өнеркәсібі мин-лігінің және Қаз. ССР А. ш. мин-лігінің ведомстволық баспаханалары ірі полигр. кәсіпорындардың қатарынан саналады.

Қазақстан Коммунистік партиясының ОК мен Қаз. ССР Мин. Советі соңғы жылдары баспасөздің материалдық-тех. базасын нығайту жөнінде ірі шаралар қолданды. Гурьев, Көкшетау, Петропавл, Павлодар, Жамбыл, Қызылорда, Талдықорған, Арқалық, Шымкент, Қарағанды қ-ларында типтік жобамен обл. баспаханалар салынды және салынуда. Сондай-ақ 30-дан аса аудан орталықтарында жаңа үлгідегі баспаханалар пайдалануға берілді.

Республика полигр. өнеркәсібінде жұмыс істейтін кадрлар Москва және Украина, Омбы политех., полигр. ин-ттарын, еліміздің басқа да жоғары оқу орындары мен техникумдарын бігірген мамандармеп толықтырылып келеді. Сырттай оқу, негізінен, Москва полигр. ин-тының Алматы консультациялық пункті арқылы жүзеге асырылады. Орта білімді полпгр. мамандары Ленинград, Куйбышев полигр. техникумдарында даярлықтан өтеді.

Баспа кәсіпорындары үшін жұмысшы кадрлары республиканың кәсіптік-тех. уч-щелерінде даярланады. 1977 ж. арнайы мамандандырылған Алматы полигр. уч-щесі тұңғыш рет оқушылар қабылдады.

Полигр. кәсіпорындарында өз ісіне жетік көптеген майталман шеберлер жұмыс істейді. Олар өндірістің тиімділігін, өпімнің жоғары сапасын қамтамасыз етуде. Бұл ретте байырғы полиграфист Соц. Еңбек Ері С. Өміровті және Ленин орденінің кавалерлері, әріп теру цехының аға мастері П. С. Молчанов, офсеттік цехтың фотографы Г. Г. Шемонаев, баспагер С. И. Губкин т. б. өндіріс жаңашылдарын атап айту керек. Полиграфия кәсіпорындарында 7000-нан астам жұмысшы, инженер-техник қызметкерлер мен қызметшілер еңбек етіп жүр.

Кітап саудасы. Революцияға дейінгі Қазақстанда кітап саудасы нашар дамыды, онымен жеке адамдар ғана айналысты. Большевиктер кітап магазиндерін бұқара арасындағы жасырын және жария жұмыстарға пайдаланды. Бірінші орыс революциясы жылдарында «Знание-сила» (Орал), «Прогресс Востока» (Қостанай), «Степь» және «Польза» (Орынбор) кітап магазиндері қоғамдық-саяси мазмұндағы кітаптар таратты. Оларда К. Маркстің, Ф. Энгельстің, В. И. Лениннің шығармалары, большевиктік «Вперед», «Пролетарий» газеттері сатылды.

Совет өкіметінің алғашқы жылдарынан бастап кітап саудасы мемл. және қоғамдық ұйымдардың қарамағына берілді. Әдебиеттер бастапқыда тегін таратылды. Қазақстанда 1921 жылдан бастап басылып шыққан шығармаларды сату тәртібі енгізілді.

Қаз. ССР-нде кітап саудасы арнайы сауда ұйымдары мен олардың респ. бөлімшелері арқылы жүзеге асырылады.

Кітап саудасын Қаз. ССР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. комитеті жүйесіне кіретін «Казкнига» бірлестігі, Қазақстан тұтынушылар одағының кітап саудасы басқармасы, «Союзпечать», «Академкнига», «Военкнига» және «Трансиздат» ұйымдары жүргізеді.

Республпка «Казкнига» бірлестігіне қалалар мен поселкелердегі сауда жүйесі қарайды, тұтынушылар кооперациясы - аудан орталықтары мен селолық жерлерде, ал «Трансиздат» темір жол бойындағы ірі ст-лар вокзалдарында кітап сатумен шұғылданады. «Академкниганың» Алматыда кітап магазині мен киоскелері бар.

Қазір Қаз. ССР-нде барлығы 1326 кітап магазині, 2195 киоск, 170 автодүкен, кітап сататын 694 мәдени және аралас товар магазиндері («Военкнига» магазиндерін есептемегенде) істейді. «Казкнига» сауда жүйесінде - 368 магазин, оның ішінде 59 мамандандырылған магазин және 271 киоск, тұтынушылар кооперациясында - 917 магазин, 148 киоск жұмыс істейді. «Союзпечать» орындарының - 38 магазині, 1747 киоскісі, «Трансиздаттың» - 2 магазині, киоскісі, «Академкниганың» - 1 магазині, 13 киоскісі бар.

Қазіргі уақытта әр мың адамға 5,22 м2 сауда алаңы келеді. Қаз. ССР Мин. Советі 1977 ж. «Республикада кітап саудасының материалдық базасын онан әрі нығайту туралы» қаулы қабылдап, 1980 жылға дейін жаңа кітап магазиндерін ашу және кітап базасы құрылысын өрістету шараларын белгіледі. Бесжылдықтың аяғына дейін селолық жерлерде 540-тан астам магазин салу жоспарланды. Қалалар мен жұмысшы пос-лерінде жалпы алаңы 7 мың шаршы метр 140 магазин салынады.

Ауыр қол еңбегін механикаландыру шаралары жүзеге асырылуда. Жеті облыс орталығында типтік жобамен обл., Алматыда респ. кітап базалары қатарға қосылды. Қызылорда, Қостанай қ-ларында кітап базаларының құрылысы аяқталып келеді. Таяудағы жылдары тпптік кітап базаларын барлық облыс орталықтарында салып бітіру көзделіп отыр.

«Казкнига» бірлестігі жүйесіндегі 19 обл. кітап саудасы мекемелері кітап сату ісін ұйымдастырады. Бұларға қарайтын 19 обл. кітапхана коллекторлары мемл. және кәсіподақ ұйымдары кітапханаларының кітап қорын ұйыстыруды қамтамасыз етеді.

1963 ж. қалалар мен жұмысшы поселкелерінде кітап сату жан басына шаққанда 1 сом 68 тиын болса, 1977 ж. бұл көрсеткіш 3 сом 49 тиынға, ал бибколлекторлармен қоса есептегенде 4 сом 35 тиынға жетті.

Республикада кітапты қоғамдық негізде таратуға көңіл бөлінуде. 1977 ж. республикада 991 қоғамдық таратушы, 75 халықтық кітап магазині, 159 халықтық кітап киоскісі, 65 мектеп кооперативі жұмыс істеді.

Магазиндерде әдебиет ассортиментін айқындай түсу, оқушының керек кітабын тез тауып алуына көмектесу үшін сауда жүйесін белгілі кітаптарды сатуға мамандандыру жүргізілуде. Қазіргі уақытга республикада 67 мамандандырылған магазин, соның ішінде 10 саяси әдебиет магазині істейді.

Кәсіпорындарында, мекемелерде, совхоздар мен колхоздарда дүркін- дүркін кітап базары, кітап айлығы, кітап апталығы, кітап кұндері, кітап кештері өткізіліп тұрады.

Кітап көрмесі мен кітап лотереясы дирекциясы, «Кітап жаршысы» - «Друг читателя» бюллетені редакциясы республикада шығатын әдебиетті насихаттау ісімен шұғылданады.    

Мерзімді баспасөз. Қазақстанның Россияға қосылуы пәтижесінде өткен ғасырдын аяғында дүниеге келген қазақ баспасөзі - орыс мәдениетінің қазақ өміріне жасаған пәрменді прогрестік ықпалының бір көрінісі. Ұлы Окт. соц. революциясына дейінгі Қазақстанда 11 газет (1913 жылға дейін) шықты. Қазақ тіліндегі мерзімді баспасөздің бетін ашқан «Түркістан уәлаятының газеті» (1870-1882, Ташкент). Онда қазақ елінің әсіресе Ақмешіт (Қызылорда), Шымкент, Әулие-ата (Жамбыл), Верный (Алматы) өңірлеріндегі қазақтардың тұрмыс-тіршілігі, салты, әдебиеті, тарихы туралы мәліметтер жарияланып тұрды. Газет Россияға жаңадан қосылған өлкенің патшаның отарлық саясатына, орыс буржуазиясының мүдделеріне сәйкес экономик. жағдайын, табиғат байлығын көрсетуге көбірек көңіл бөлгенімен, осы кезеңдегі қазақ жерінде болып жатқан әлеуметтік, экономик. елеулі өзгерістер туралы, қоғамдық шаруашылық, мәдениет саласындағы жаңалықтар жайыпда едәуір материалдар басты. Патша үкіметінің Ақмола, Семей, Жетісу обл-тарын билейтін әкімшілігі тарапынан Омбыда 1888 жылғы 1 январьдан 1902 жылғы 12 апрельге дейін шыққан «Дала уәлаятының газетінде» қазақтың әлеуметтік-шаруашылық және мәдени өмірінің талай түйінді мәселелері көтерілді. Мұнда Абай Құнанбаевтың екі өлеңі, ЬІбырай Алтынсариннің шығармалары, қазақ фольклорының тамаша зерттеушісі Әбубәкір Диваевтың мақалаларымен қоса басқа да қазақ ақындарының шығармалары жарияланып, қазақ тілінде әңгіме, очерк, фельетон жанры туды. Газеттің тілшілері мен авторлары қазақ халқының отырықшы ел болып, егін салу қажеттігі, өнер-білімді игеру сияқты көкейтесті мәселелерді көтеру арқылы озық идеяларды насихаттады. Әйтсе де бұқара арасындағы рев. дүмпулерден қатты қорқатын патша әкімшілігінің ресми органы көбінесе орыс үкіметінің отаршылдық саясатын үгіттеудің шеңберінен ұзап шыға алмады, ұлы мұраттар, үлкен саяси мәселелерді қаға беріс қалдырды. 1905 жылғы революциядан кейін қазақ тілінде «Серке» (1907, Петербург), «Қазақ газеті» (1907, Троицк), «Қазақстан» (1911-13, Орда), «Ешім даласы» (1913, Қызылжар), «Қазақ» (1913-1918, Орынбор) газеттері, «Айқап» (1911-1915, Троицк), «Ақмолла» (1911-1916, Троицк) журналдары шықты. Осы тұста қазақтың алғашқы профессионал журналисі, жазушы-демократы, большевик М. Сералин, көрнекті ақын-жазушылар С. Торайғыров, С. Сейфуллин, Б. Майлин, С. Дөнентаев, С. Көбеев казақтың қоғамдық ой-пікірінің оянуы мен ұлттық мәдениетінің дамуына, мерзімді баспасөздің қалыптасуына елеулі үлес қосып, Абай, Шоқан, Ыбырай сияқты, қазақ ағартушылары бастаған прогресшіл-демокр. идеялардың жаршысы болды. Мерзімді баспасөзде қазаң халқының революция қарсаңындағы саяси-әлеуметтік өмірінің көптеген көкейтесті мәселелері, мәдениет пен әдебиетінің, тілдің дамуына, халық ағарту жұмысына елеулі назар аударылды.

Қазақ совет баспасөзінің негізін «Тіршілік» (1917 ж. сент.,-1918 ж. июль), «Жас қазақ» (жастар ұйымының органы, Ақмола), «Дұрыстықжолы» (1919, Орда), «Қазақ тілі» (1919, Семей), «Ұшқын» (1919 декабрьден, Орынбор, 1920 ж. 16 ноябрьден «Еңбек туы», 1921 ж. 7 ноябрьден «Еңбекшіқазақ», қазіргі «Социалистік Қазақстан») газеттері қалады. Бұлар В. И. Лениннің пролетариат диктатурасы жеңіске жеткеннен кейін баспасөз бұқараға экономик. тәрбие берудің құралына, соц. құрылыстың құралына айналуға тиіс деген нұсқауын басшылыққа ала отырып, бүкіл қызметін жұмысшылар мен шаруалардың жас мемлекетін нығайтуға бағыттады. Қазақстанның мерзімді баспасөзі республикадағы социализм құрылысының, мәдени революцияның барысында шыңдалып, республика партия ұйымымен бірге қалыптасты. Республиканың мерзімді баспасөзі халықтың қалың бұқарасына Коммунистік партия мен Совет өкіметінің саясатын, лениндік ұлт саясатының түбегейлі міндеттерін терең түсіндірді. Азамат соғысы кезінде баспасөз бұқараны революция жеңістерін қорғап қалуға шақырды. Жас қазақ совет журналистикасы «Правда» газетінің тәжірибесіне сүйенді. Ташкентте қазақ тілінде шыққан алғашқы респ. комсомол газеті «Жас қайратқа» (қазіргі «Лениншіл жас») еліміздегі жастар қозғалысының ірі қайраткері Г. Мұратбаев басшылық жасады. «Еңбекші қазақ» газетін көрнекті қазақ жазушысы С.Сейфуллин басқарды.

1923-1924 ж. мерзімді баспасөзде қазақ және орыс тілдерінде В. И. Лениннің мақалалары жарияланды. Қазақстан баспасөзі ұлы көсем өсиеттерін орындай отырып, осы мақалада баяндалған елімізде социализм орнату жоспарын кеңінен түсіндіріп, еңбекшілерді соц. құрылысқа жұмылдырды. Республика журналистері ұлы-державалық шовинизм мен жергілікті бурж. ұлтшылдыққа қарсы аяусыз күрес жүргізе отырып, еңбекшілердің таптық санасын оятты, марксизм-ленинизм, пролөт. интернационализм, халықтар достығы идеяларын насихаттады. Социализм құрылысы, елімізді индустрияландыру мен а. ш-н коллективтендіру жылдарында баспасөздің бұқараға ықпалы арта түсті. Республика қазақ газеттерінің тиражы 1928 ж. 62 мыңға, 1930 ж. 149 мыңға, 1931 ж. 201 мыңға, 1933 ж. 393 мыңға жетті. Республиканың соц. құрылыстағы жеңістері журналистерді алғашқы бесжылдықтар тұсындағы еңбек қаһармандарының ерлігін сипаттайтын кең тынысты шығармалар жазуға шабыттандырды. Газеттерде жазушылардың, журналистердің және басқа авторлардың жүздеген очерктері жарияланды.

Қазақстанда ұлттық баспасөздің жасалуы лениндік ұлт саясатын жүзеге асырудың айқын көрінісі болды. Коммунистік партияның қыруар қамқорлығы арқасында мерзімді баспасөз республика партия ұйымдарының социализм орнату үшін күрес жолындағы қуатты қаруына айналып, коммунизм мұраттарына берілген жаңа адамды, соц. Отанның шынайы патриотын, табанды интернационалисті, коммунизм құрылысының белсенді күрескерін тәрбиелеуде елеулі істер тындырды.

Ұлы Отан соғысы тұсында мерзімді баспасөз еңбекшілерді майданға көмек көрсету жолындағы жанқиярлық еңбекке құлшындырды. Газет-журналдарда жауды жеңу үшін еңбек вахтасына тұрған тылдағы жүздеген, мыңдаған еңбекшілердің қаһармандығы туралы очерктер, корреспонденциялар, мақалалар мен фотосуреттер басты. «Социалистік Қазақстан» мен «Казахстанская правда» Қазақстанда жасақталған 8-гвардиялық дивизияның майдандағы ерлігін сипаттайтын коптеген материалдар, жауынгерлер мен тылдағы еңбеккерлердің жазысқан хаттарын жариялады. Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі қазақтың қайратты қаламгерлері М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов. М. Ғабдуллин, Б. Бұлқышев, Д. Әбілев, Қ. Әбдіқадыров және басқалардың очерктерінде тамаша бейнесін тапты. Жауынгерлерді советтік патриотизм, халықтар достығы рухында тәрбиелеуде, фашистердің басқыншылық саясатын, моральдық азғындығын әшкерелеуде жиырмаға тарта майдандық қазақ газеттерінің атқарған ролі орасан зор. Олар: «Отан үшін» (Солт-Бат. майдан, 1942-1945 ж.), «Жауға қарсы аттан» (1-Прибалтика майданы, 1942-45 ж.), «Совет жауынгері» (3-Украин майданы, 1943-45), «Отанды қорғауда» (Ленинград майданы, 1945), «Суворовшы» (2-Прибалтика майданы, 1943-45), «Қызыл әскер ақиқаты» (Батыс, кейін З-Белорус майданы, 1943-45), «Отан намысы үшін» (1-Украин майданы, 1943-45), Майдан правдасы» (Волхов майданы, 1942-45), «Жауды жоюға» (Брянск майданы, 1943-45), «Отан үшін ұрысқа» (Карелия майданы, 1944-45), «Дабыл» (Қиыр Шығ. майданы, 1943-45) т. б.

Мерзімді баспасөз соғыстан соңгы жылдардағы халық ш-н қалпына келтіру кезеңінде, Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру тұсында қалың бұқараның патриоттық қозғалысын, халықтарымыздың интернационалдық достығын тереңнен толғады. Қазақстанның газеттері мен журналдары партиялық публицистиканың, совет журналистикасының барлық жанрларын, материалдарды берудің сан алуан тиімді тәсілдерін пайдалана отырып, партиямыз бен үкіметіміздің а. ш-н өркендету жөніндегі кең көлемді шараларының жүзеге асып жатқандығы туралы зор шабытпен сыр шертті, партия ұйымдарының, коммунистердің, еңбек озаттарының тың игерудегі ерен ерлігін паш етті. Совет үкіметі осы тұстағы респ. газеттердің еңбегін жоғары бағалап, «Социалистік Қазақстан» (1957) мен «Казахстанская правданы» (1957) Еңбек Қызыл Ту ордендерімен наградтады.

КПСС 22-съезі қабылдаған Программа совет журналистикасының бүкіл үгіт-насихат және ұйымдастыру саласындағы жүмысының негізгі өзегі мен алтын арқауына айналды. Республиканың газеттері мен журналдары коммунизмнің материалдық-тех. базасын жасау, қоғамдық қатынастарды жетілдіру және жаңа адамды тәрбиелеу, қалыптастыру мәселелерін жазуда материалды берудің түрлері мен тәсілдерін жетілдіріп, байыта түсті. Қазақ журналистикасының дамуына КПСС ОК-нің халық ш. мен мәдениетке партиялық басшылықтың лениндік нормаларын толық қалпына келтірген Октябрь және Ноябрь (1964) пленумдарының тарихи шешімдері пәрменді ықпал жасады.

КПСС 25-съезінің тарихи шешімдері совет халқына, Коммунистік партияға коммунизмге қарай одан әрі алға басудың айқын саяси бағытын, стратегиясы мен тактикасын белгілеп берді. Баспасөз съездің осы шешімдерінің ұлылығын, тарихи маңызын халықтың қалың бұқарасына терең түсіндіруде қыруар істерді тындырды. КПСС ОК-інің Бас секретары Л. И. Брежнев жолдастың съезде жасаған Есепті баяндамасындағы тұжырымдар меп қағидаларды, съездің басқа да маңызды документтерін насихаттауға мерзімді баспасөз ерекше назар аударуда. Республиканың газеттері меп журналдарының осыған орай көңіл боліп отырған басты принципті теориялық мәселелері: кемелденген социализм жағдайындағы партияның экономик. стратегиясы, жалпы халықтық соц. мемлекет пен демократияны жетілдіру, лениндік жұмыс стилі, КПСС-тің кадр саясаты, тәрбие процесінің комплексті сипаты. Респ., обл., қалалық, ауд. газеттер, көп тиражды газеттер, респ. журналдар, 10-бесжылдықты ойдағыдай орындау жолында кең қанат жайған соц. жарыстың барысын жүйелі жазумен қатар, оның творчеств. еңбекке жасайтын пәрменді ықпалын айқын көрсетіп, қалың бұқара арасында туған патриоттық бағалы бастамаларды қуаттай отырып, өздері де көптеген бастамалардың инициаторы болып келеді. Республиканың мерзімді баспасөзінің көш бастаушылары - «Социалистік Қазақстан» мен «Казахстанская правда» бұл салада айтарлықтай өнеге көрсетті. Бұл газеттердің беттерінде жарысушы коллективтердің, аудандардың, облыстардың үндеуі жарияланып, «дөңгелек стол» басындағы әңгімелер жиі өткізіледі. Мұндай әңгімелерге өндіріс озаттары, халық ш-ның мамандары, партия, совет қызметкерлері көптеп қатысады. «Социалистік Қазақстан» газетінде өткен диқандар мен механизаторлардың осындай бас қосуы кезінде «Бесжылдықтың бірінші жылында бітік егін өсірейік» деген үндеу қабылданды. Қазақстан Компартиясының ОК мақұлдаған бұл бастаманы бүкіл республика егіншілері іліп әкетті. Мерзімді баспасөз өнеркәсіп, құрылыс, транспорт саласындағы еңбек коллективтерінің жоспарлар мен міндеттемелерді орындау жолындағы күресін кеңінен жазып келеді. Газеттер әсіресе шығарылатын өнімнің сапасына көбірек көңіл бөледі. «Социалистік Қазақстан» мен «Казахстанская правда», обл. газеттер сапалы өнім шығару проблемасын ойдағыдай шешіп келе жатқан озат коллективтердің тәжірибесін байыпты насихаттайды.

Қазір Қазақстанда қазақ, орыс, корей, ұйғыр, неміс, өзбек тілдерінде 426 газет, 60-тан астам журналдар мен журнал типіндегі басылымдар шығып тұрады. Респ. газеттер: қазақ тілінде - «Социалистік Қазақстан» (1919 жылдан), «Лениншіл жас» (1921 жылдан), «Қазақстан мұғалімі» (1952 жылдан), «Қазақстан пионері» (1930 жылдан), «Қазақ әдебиеті» (1934 жылдан), «Спорт» (1959 жылдан) т. б.; орыс тілінде - «Казахстанская правда» (1920 жылдан), «Ленинская смена» (1922 жылдан), «Учитель Казахстана» (1952 жылдан), «Дружные ребята» (1933 жылдан), «Спорт» (1959 жылдан) т. б.; ұйғыр тілінде - «Коммунизм туғи» (1957 жылдан, оның араб графикасымен шығатын «Йеңи һаят» - «Жаңа омір» (1970 жылдан) қосымшасы және 3 ауд. газет; корей тілінде - «Ленин кичи» («Ленин жолы») 1938 жылдан; неміс тілінде - «Фройндшафт» («Достық») 1966 жылдан. Респ. журналдар: қазақ тілінде - «Қазақстан коммунисі» (1921 жылдан), «Жұлдыз» (1928 жылдан), «Жалын» (1969 жылдан), «Қазақстан әйелдері» (1925 жылдан), «Мәдениет және тұрмыс» (1958 жылдан), «Білім және еңбек» (1960 жылдан), «Балдырған» (1958 жылдан), «Пионер» (1925-1960 ж. шықты, 1978 ж. қайта шыға бастады); қазақ тіліндегі «Ара» мен орыс тіліндегі «Шмель» (1956 жылдан), «Қазақстанның ауыл шаруашылығы» мен «Сельское хозяйство Казахстана» (1936 жылдан); орыс тілінде - «Партийная жизнь Казахстана» (1920 жылдан), «Народное хозяйство Казахстана» (1926 жылдан), «Автомобильный транспорт Казахстана» (1958 жылдан), «Простор» (1933 жылдан), «Здравоохранение Казахстана» (1924 жылдан), «Кооператор Казахстана» (1958 жылдан).

Республиканың мерзімді баспасөзі советтік қоғамның толғаулы тақырыптарын, өмірлік мәні зор саяси, әлеуметтік, филос. проблемаларды, адам тағдырын тереңнен толғап, өндіріс пен қоғамдық омірдің күрделі мәселелерін көтеру арқылы партия ұйымдарына шаруашылық және мәдени құрылыс міндеттерін шепгуде елеулі көмек көрсетіп келеді. 10-бесжылдықты мерзімінен бұрын орындау жолындағы бүкіл одақтық жарысты жазуда мыңдаған жұмысшы және село тілшілеріне сүйене отырып, газеттер мен журналдар өндірістің өзекті мәселелеріне терең бойлап, өндіріс тиімділігін арттырудың қыруар резервтерін ашуға көмектесуде, қазақстандық ірі құрылыстарды бақылауға алып, бірлескен рейділер, көшпелі редакциялар ұйымдастырды, ірі құрылыстарда жұмысшы-село тілшілерінің постыларын құрды.

Совет журналистикасының Ұлы Ленин қалыптастырған даңқты дәстүрлерін меңгеру, партиялық баспасоз жинақтаған бай тәжірибені пайдалану арқылы мерзімді баспасөз коммунистік құрылыстың асқаралы міндеттерін ойдағыдай шеше алатын қуатты құралға айналып, профессионалдық тұрғыдан биік сатыға көтерілді. Республикада шеберлігі шыңдалған, өмірдің сан алуан күрделі құрылыстарына маркстік-лениндік дүние таным тұрғысынан баға беріп, терең пайымдаулар жасауға, қоғамдық ой қорытуға саяси өресі жететін қабілетті қаламгерлердің тұтас армиясы қададамдарының тұрмысында алатын орны зор. Бұдан былайғы уақытта да көгілдір экран, өзінің жалпы көрермендерге ортақ ерекшелігі - тиімділігі, түрлі нақышты - көрнекілігі және шындықты уағыздауы арқылы әрбір нақты деректерге сүйене отырып, совет семьясының төрінен орын алады. Телевизия программалары осы хабарларды жеткізуші телевизиялық орталықтар, ретранслятор, әркімнің үйіндегі телевизор арқылы көрсетіледі.

Елімізде алғашқы лабораториялық телевизия 1931 жылдың 1 октябрінде жұмыс істей бастады. Ал нағыз студиялық телевизия 1934 ж. іске қосылды. Сол жылы 15 ноябрь күні осы студия берген хабарга Советтік тамаша ұшқыштар Водопьянов пен Чкалов және орыстың белгілі артисі Москвин қатысты. Сонда Москвин: «Шынында да, мына қабырғалар арқылы-ақ коріне берер ме екен. Бұл бір ғажапып қой» - деп таңданған болатын.

Қазіргі уақытта түрлі түсті телевизияның жай (яғни ақ-қара түсті) телевизиямен үйлесімді жүйелері пайдаланылуда. Бұл жүйелер түрлі түсті телевизия хабарларын кәдімгі телевизорлармен ақ-қара түсті, ал жай телевизиялық хабарларды түрлі түсті кескін телевизорларымен ақ-қара түс бойыпша қабылдауға мүмкіндік береді. Үйлесімді жүйелер негізгі түстердегі кескіндерді бір мезгілде тарату тәсіліне негізделген.

Алғашқы тұрақты телевизия ст-лары 1936 ж. Москва мен Ленинградта бірдей салына бастады. Телевизордың тұңғыш хабарлары 1939 ж. Москва мен Ленинград қ-ларынан берілді. Сол жылғы 10 мартта Москвада БК(б)П 18-съезінің ашылуы туралы информациялық хабар телевизор арқылы таратылды. Ноябрь айында 1-Атты армияның 20 жылдығы туралы тұңғыш үлкен қоғамдық-саяси хабар корсетілді. Ұлы Отан соғысы жылдарында, басқа елдердегі сияқты, СССР-де де телевизия жұмыс істемеді. Соғыстан кейінгі телевизияның тұңғыш хабары 1945 жылғы 7 майда көрсетілді.

Телевизия студиясынан тыс жерде берілетін хабар 1948 ж. басталды. Мұндай хабардың тұңғышы 1949 ж. футбол ойынын көрсету болды. Осыбарлары біздің елімізде 1967 жылдан бастап көрсетіле бастады. Қазақстанда түрлі түсті телевизия 1976 жылдаа бері көрсетілуде.

Қазақ телевизиясы 1959 жылғы 8 марттан бастап жұмыс істеп келеді. Қазір республика тұрғындарынын 75%-ке жуығы Орталық, респ. және жергілікті телевизия программаларын көре алады.

1962 ж. «Восток-3» және «Восток-4. космос корабльдерінің бортынан берілген репортаж арқылы космостық телевизияға жол ашылды. Қазіргі кезде Қазақстан еңбекшілері Орталық телевизияның хабарларын «Восток», «Орбита-2» және «Орбита-3» телевизиялық программалары арқылы және Қазақ респ. программасын, Қырғыз жәпе Өзбек телевизиясы хабарларыв көре алады. Республикамыздың барлық дерлік облыс орталықтары және ірі өнеркәсіп орталықтары екі-үш телевизия программаларын көреді.

Қазақ телевизиясы хабарларының бір тәуліктегі уақыт мөлшері 7 саг. Осы уақыт ішінде республика өмірінде болып жатқан саяси, экономик. мәдени оқиғалар жөнінде көптеген хабарлар, мереқелік және салтанатті жиналыстардан, еңбекшілердің митингілері мен демонстрацияларынах үкімет басшыларының кездесулерінен, спорт ойындарынан т. б. көріністер беріледі.

Телевизия хабарларынан негізгі жанрлар: информация, киносюжеттер, репортаждар, комментариялар, интервью, әңгімелөр, телеочерктер, суреттемелер т. б. телевизиялық спектакльдер, музыкалық хабарлар, өнер шеберлерінің концерттері көп орын алады. Музыка өнерін насихаттауда телевизияның атқаратын ролі зор. Музыка өнері жөніндегі хабарлардың алуан түрлі формалары кеңінен қолданылады: театрлардағы концерттерден, опералардан, спектакльдерден трансляция жасалады, телевизия көрермендерінің сұраулары бойынша концерттер беріліп отырады.

Қазақ телевизиясының программаларын респ. телевизия орталығы, «Қазақтелефильм» студиясы және бірнеше творчеств. бас редакциялар әзірлейді. Олардың ішінде: «Қазақстан» информациялық бас редакциясы, қоғамдық, саяси, әдеби-драматургия, жастар редакциясы, балалар, музыка, әскери-патриоттық және спорт редакциялары бар. Қазіргі кезеңде оқулық телевизия қалың жұртшылыққа кеңінен танылуда.

«Қазақтелефильм» 1969 ж. құрылды. Мұнда телевизия үшін деректі телефильмдер мен киносюжеттер түгіріледі. «Қазақтелефильм» студиясы: «Таугүл мен бақа», «Құрманғазы», Мүсілима», «Ақ автомобиль» сияқты көркемфильмдерімен, «Абай», «Еңлік-Кебек» толықметражды фильм-спектакльдерімен, «Алдар Көсе хиқаялары» циклынан түсірілген бірнеше мультипликациялық фильмдерімен телекөрермендерге таныс. «Қазақтелефильмнің» туындылары бірнеше рет халықар., бүкіл одақтық, аймақтық кинофестивальдарда жүлделер алды.

Қазақстанда телевизия мен радиохабарын тарату женінде 18 обл. комитет бар. Орталық, респ. және жергілікті телевизия программаларын көрсету үшін 218 телевизиялық ретранслятор жұмыс істейді. Телевизия программаларын жеткізуге қажетті кабельді және радиорелелі тораптардың ұзындығы 1980 ж. 19 мың км-ге жуық болды, 2 млн. 764 мыңдай телевизор, соның ішінде түрлі-түсті телевизордың саны 123 мыңға жетті. Қазіргі кезде түрлі түсті телевизияны қолдануға көп көңіл бөлінуде. 1978 жылдан бастап Орталық телевизия түгелдей дерлік түрлі түсті программаға көшті, ал Қазақстанда ол 1981 жылдан бастап толық жүзеге асырылмақ. Республикада түрлі түсті программасын қабылдайтын «Орбита» ст-лары бар, олар Алматыда, Балқашта, Жезқазғанда, Қарағандыда, Шевченкода, Арқалықта жұмыс істейді. Кабельді және радиорелелі тораптарды салудың ұлғаюына байланысты республика ецбекшілері түрлі түсті программаларды көбірек қабылдайтын болды.

1975 ж. Көкшетау - Рузаевка (ұз. 176 км), Талдықорған - Үшарал (159 км), Жамбыл - Жаңатас (154 км), Семей - Павлодар (135) радиорелелі желілер салынды.

Телевизиялық хабар таратуда Жердің жасанды спутниктерінің алатын орны ерекше. 1967 жылдан бастап біздің елде «Молния» байланысы пайдаланатын «Орбита» жүйесі іске қосылды. Телевизияның өнеркәсіпті автоматтандыру әрі алыстан басқару, планеталарды зерттеу т. б. мәселелерді шешуде маңызы зор. Қазақ телевизиясы программасының көлемі жылдан-жылға ұлғайып келеді.

Радиохабар. Қазақстан - радиохабары кең дамыған республикалардың бірі. СССР-дің барлық жерлеріндегі, сондай-ақ басқа да жеке елдердегі сияқты Қазақстанда да сым желісіне жалғастырылған радио нүктелер кең өрістеген. Радиохабар дайындауға түрлі мамандық бойынша жұмыс істейтін еңбекшілер коллективі мен радио қызметкерлерінің үлкен тобы қатысады. Хабарларды дайындап, эфирге шығаруға композиторлар, дыбыс режиссерлері, тілшілер мен редакторлар, режиссерлер мен актерлер, дикторлар, дыбыс операторлары, инженерлер мен техниктердің белгілі бір тобы түгелдей қатыстырылады. Олардың әрқайсысы хабардың сапалы дайындалуына өз үлестеріп қосады.

Ұлы Окт. соц. революциясы жеңісінің алғашқы күндерінен бастап радио тек байланыс үшін ғана емес, сонымен бірге саяси информация құралы ретінде де жан-жақты пайдаланылды. В. И. Лениннің халыққа және Совет өкіметінің жергілікті органдарына арналған радиограммалары мен сөздері берілді. Коммунистік партия мен Совет өкіметі радионы қолдану ісіне аса зор маңыз берді. 1920 ж. 5 февральда В. И. Ленин Нижегород радиолабораториясының басқарушысы М. А. Бонч-Бруевичке былай деп жазды: «...Сіз істеп жатқан үлкен радиолық өнер табыстар жұмысы жөнінде Сізге шын жүректен алғысымды және тілектестігімді білдіремін. Қағазды, «жол алыстығы» дегенді білмейтін Сіз жасап жатқан газет ұлы іс болмақшы» (Шығ., 35-т., 415-6.).

Мәдени революция, елді индустрияландыру Қаз. ССР-нде де радиохабарын және радиоландыруды дамытудың жалпы негізі болды. Орыс ғалымы А. С. Поповтың өнертабысы бұрынғы көшпелі халықтың тұрмысына тез енді, ол Ұлы Октябрьге дейін информацияның жалғыз құралы «ұзын құлақ» - «дала телеграфы» ғана болып келген қазақ жерінің соц. жолмен гүлденуіне үлкен әсер етті. Қазақстанда алғашқы радиост-лар 1923 ж. пайдалануға берілді. Радио жабдықтары Россияның орт. аудандарынан әкелінді. 1929 ж. майда Қаз. АССР астанасы Қызылордадан Алматыға көшіп келген кезде мұнда Қазақ атты әскер полкінің қарауында болған қалалық радиоторабы жұмыс істейтін. 1931 ж. Алматыда радиохабарын кең көлемде тарататын радиост. құрылысы аяқталды. Осы жылы республикада 84 радиоторабы мен 12 мың радионүкте жұмыс істеді. 4 майда «Советская степь» және «Еңбекші қазақ» радиогазеттерінің тұңғыш нөмірлерінің эфирге шығарылуы Қазақстанның мәдени және қоғамдық өміріндегі ірі оқиға болды. Осы хабарлардан радио тыңдаушылар өздерінің ана тілінде еліміздің өмірінен және шетелдердегі жағдайлардан соңғы жаңалықтарды тыңдады.

1940 жылдың басында РВ-90 радиост-сының пайдалануға берілуі Қазақстанда радиохабарын дамытудағы елеулі оқиға болды. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап радио бүкіл халықтық трибунаға айналды. Бүкіл республикаға: Барлығы майдан үшін! Барлығы жеңіс үшін! - деген жалынды ұран таратылды. Халық ақыны Жамбылдың Ұлы Октябрьдің бесігі - Ленин қ-н қорғаушыларға арнаған «Ленинградтық өрендерім» атты өлеңі тұңғыш рет қазақ радиосынан берілді.

Ұлы Отан соғысынан кейін республикада радиохабарларын тарататын ст-лардың қуаты елеулі түрдө өсті. Мұның өзі респ. хабар программаларын Қазақстанның барлық территориясында үздіксіз қабылдауды қамтамасыз етті. 1950 жылдың январында республиканың барлық аудан орталықтарын радиоландыру аяқталды. 1957 ж. Алматы-Фрунзе-Ташкент радиореле линиясы пайдалануға берілді. Келесі жылы Қазақ радиосы ұйгыр тілінде хабар бере бастады. 1958 ж. 9 июньнен бастап Қазақстанда тұратын немістер үшін неміс тіліндегі хабар үзбей беріліп келеді. 1959 жылдан бері апта сайын «Қазақстан эфирде» газеті шығарылады. Оның тиражы 1978 ж. 300 мың данаға жетті.

1979 ж. Қазақстанда 2485 радиоторап болды. Ал халықтың пайдалануындағы радионүкте мен радиоқабылдағыш саны 6 млн-нан асты. Хабарлар ұзын, орта, қысқа және ультрақысқа толқындарда жұмыс істейтін радио ст. арқылы таратылады. Республикада берілетін хабарлардың орташа тәуліктік ұзақтығы 100 сағ-қа жуық, ал Қазақ радиосының хабарлары тәулігіне - 37 сағ. РадиоХабары алты тілде: қазақ, орыс, неміс, ұйгыр, корей және өзбек тілдерінде таратылады. Облыстарда қалалар мен аудандарда жергілікті радиохабарлары беріледі.

Қазақ ССР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетіне Қазақ Телевизиясы мен радиохабарлары программаларының Бас редакциялары, респ. радиотелеорталық, «Қазақтелефильм» студиясы, Алматы қ. және Алматы обл. үшін хабар дайындайтын Бас редакция бағынады. Қазақ радиосы программалары Бас редакциясы насихат, а. ш. информация, жастар, музыкалық хабар, әдеби-драма хабарлары Бас редакциялары, «Шалқар» программасының жұмысына басшылық жасайды. 19 облыста Қазақ радиосының меншікті тілшілері жұмыс істейді.

Қазақ радиосының туысқан республикалардың радиохабарын тарату органдарымен байланысы және ынтымағы жылдан-жылға нығайып келеді. «Туысқан республикалардың радиокүні» Қазақ радиосы хабарлары программасында жиі беріледі. Бұл хабарлар СССР-де Лениндік ұлт саясаты салтанатын жарқын корсетіп отырады. Республика аралық радиопрограммалар алмасу ісі 1936 ж. өткен 1-Бүкіл одақтық радиофестивальдан басталды. Респ. радио ГДР, ПХР, БХР, МХР, ЧССР және басқа соц. елдердің радиохабарлары органдарымен байланыс жасап, өзара программа алмасып отырады.

Радионың қоғамдық мәні, оның қазіргі қоғам өмірінде атқаратын ролі зор екендігі жыл өткен сайын айқынырақ көрініп отыр.

Байланыс сйутниктерінің жұмыс істеуі радиохабарлардың кеңістігін территориялық мүмкіндігін мейлінше ұлғайтты. Радиохабар бұқаралық коммуникацияның жетекші құралдарының біріне айналды.

Әдеб.: Ленин В. И. О печати, изд., М., 1974; В. И. Ленин, КПСС о печати. Сб. документов и материалов. 2 изд. М.. 1974; О партийной и советской печати, радиовещании и телевидении. Сб. документов и материалов, М., 1972; Русска- периодическая печать. М., 1959; Большевистская печать. Сб. материалов, М_ 1959-81; Большевистская печать. Краткие очерки истории, 1894-1917, М., 1962: Из истории местной большевистской печати. Сб. статей, М., 1961; Большевистская периодическая печать (дек. 1900-окт. 1917). Библиографический указатель М., 1964; Советская печать в документах. М., 1961; Многонациональная советскат журналистика. Сб. статей, М., 1975; Журналист және өмір, Жин., А., 1967; Журналисты в шинелях, А.-Ата., 1968; Печать Казахской ССР за 50 лет (1917-1967). Стат. материалы. А.-А., 1969; Полвека в пути. Сб. статей. А.-А., 1969; Газетный мир.: Краткая справочная книга, М., 1977; Газета выходит сегодня, Сб. статей, А.-А., 1977; Абишев Г, Казахстан в годы Великой Отечественной войны (1941-1945). А.-А., 1958; Жантикин М., Жауынгерлік даңқ шежіресінен, А., 1958; Имашев С. Н. Зарождение коммунистической печати в Казахстане, А.-А., 1961; Бейсембиев К., Прогрессивно-демократическая и марксистская мысль в Казахстане начала XX века, А.-А., 1965; Бекхожин X. Қазақ баспасөзінін даму жолдары, А., 1964; Кенжебаев Б. Казақ баспасөзінің тарихынан мәліметтер, А., 1956; Кенжебаев Б., Қожакеев Т. Қазақ совет баспасөзі тарихынан, А., 1962; Фетисов М. И. Зарождение казахской публицистики, А.-А., 1961; Мухаметкалиев К. Ленинские традиции рабселькоровского движения, А.-А., 1969; Аргынбаев М. Ж., «Правда» и послевоенный Казахстан. 1945-1958 гг. А.-А.,1972; Амандосов Т. Қазақ совет баспасөзінің жанрлары. А , 1958; сонікі, Публицистика - Дәуір үні. А., 1974; ЫдырысовТ. Очерки туралы ойлар, А., 1969.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2024-04-20 16:48:04     Қаралды-16

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КАРЛҰҚТАР

...

Қарлұктар - түркі тілдес тайпалар. Бұл тайпа туралы алғашкы деректер б.з.-дың V ғасырынан белгілі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

«АВЕСТА» КІТАБЫНДА КӨШПЕНДІЛЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

...

Түркі этнонимі сөз болғанда, біздің заманымыздан бұрынғы I мың жылдықта жазылды делінетін зороастризімнің қасиетті «Авеста» кітабында шығысқа қарай қанатты атпен көшетін елдің «тур» деп аталуы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰСТАР КҮЗДЕ НЕЛІКТЕН ҰШЫП КЕТЕДІ?

...

Мүмкін қардан қорқатын шығар?

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚОЛҒА ДА КҮТІМ КЕРЕК

...

Кейбір әйелдер бет сұлулығына көбірек көңіл бөліп, қол кутімін естен шығарып алады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ИСЛАМ ДІНІ

...

Әлемнің түрлі нәсілді, ұлтты, тілді 1 миллиард 800 миллионнан астам халқы ұстанып отырған ислам діні VII ғасырда Жазиратул-л Араб деп аталатын Араб түбегінде дүниеге келді. Аллаһ Т ағала қасиетті Құранды осы елдегі Құрайыш тайпасынан шыққан Абдолланың бал

ТОЛЫҒЫРАҚ »