UF

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

Категориясы: Сән


 

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді. Сондықтан магазиннен аяқ киім сатып аларда оны екі аяққа бірдей киіп, жүріп байқау керек. Сонымен қабат, адам аяғының кешке қарай аздап ісінетінін де ескерген жөн.

Егер жаңа туфли аяғыңызды қысатын болса, оның ішіне аздап спирт немесе әтір құйып, аяғыңызға киіп алыңыз да және соның сыртынан да жағып, ол туфлидің былғарысына әбден сіңгенше аяғыңыздан шешпеңіз. Сонда туфлидің былғарысы жұмсарып, аяққа дұрыс қалыптасып қалады. Сондай-ақ аяққа тар болған туфлидің ішіне аздап суланған газетті нығыздап тығып қойса да біраз кеңейіп қалады.

Егер туфлиіңіз аяғыңыздың белгілі бір жеріне ғана батып қажайтын болса, туфлидің нақ сол жеріне жанып тұрған май шамнан балауыз немесе парафин тамызып, қалыпқа кигізіп қойыңыз (егер қалып жоқ болса, ішіне тығыздап газет тығып қойыңыз). Бірнеше рет осылай жасасаңыз, туфлиіңіз кеңейіп, аяқты қажамайтын болады.

Аяқ киімді, әсіресе лактелген туфлиді кимейтін кезде қалыпқа кигізіп, қалып жоқ болса, ішіне уқалап жұмсартылған газет тығып қойған дұрыс. Ұзақ уақыт киілмейтін туфлиді шкафқа салудан бұрын оны шаң-тозаңнан тазартып алып, жақсылап крем жағып қойған дұрыс. Лактелген туфлиге жұқалап қана касторка майын немесе глицерин жағып қойған жақсы. Туфлидің ұлтаны былғары болса, оған олиф майын жағып қойған артық емес. Резеңке етік пен ботыны жуып, сүртіп, сыртына глицерин жағып қойсаңыз болады.

Аяқ киімді даладан келген бойда шаңын немесе тіпті балшығын да сүртпей, далаға шығарда тазалармын деп тастай салу дұрыс емес. Аяқ киімнің шаңын үйге кірісімен, мүмкін болса, тіпті есік алдында сүртіп тастаған дұрыс. Кешке қарай туфлиді кремдеп қойсаңыз, оның былғарысы жұмсарып тұрады және жарылмайды. Бұдан соң таңертең жұмысқа кетерде барқытпен ысқылап жіберсеңіз, туфлиіңіз жалтырап шыға келеді.

Щеткамен күнделікті киіп жүретін қара және сары былғары туфлилерді ғана тазалауға болады, ал лактелген және ақ т. б. нәзік түсті туфлилерге щетка жұмсауға болмайды.

Былғары аяқ киімдерді аптасына бір рет бензинге немесе сқипидарға шыланған шүберекпен сүртіп қою керек. Бұл туфлиіңізді әрқилы дақтан тазартады және былғарының саңлауына тығылып қалған крем калдықтарын кетіреді. Бұдан соң біраз уақыттан кейін оны кремдеп, барқытпен ысқылап, жалтыратыгі қоясыз.

Түрлі-түсті және ақ былғарыдан тігілген туфлиді былай тазалайды: алдымен құрғақ туфлиді жүн матамен сүртіп шаңын кетіресіз. Бұдан кейін бір таза шүберекпен туфлиге біркелкі етіп жұқалап крем жағасыз да, сол күйінде бірнеше cағат қоя тұрасыз. Одан кейін жүн матамен ысқылап өң бересіз.

Лактенген туфлиді пештің қасына немесе басқа бір ыстық нәрсеге жақын қойсаңыз, оның лагы жарылып, сынып кетеді. Ондай туфлиді кимейтін кезде анда-санда шикі сүтке шыланған шүберекпен сүртіп қойған жақсы. Туфлидің тым күңгірттеніп кеткен жерін бір тілім пиязбен сүртіп қойған дұрыс. Лактелген туфлидің былғарысы жұмсақ болуы үшін оған анда-санда касторка майын жағып қойған да дұрыс.

  Жарияланған-2024-03-16 13:56:21     Қаралды-309

Мәлімет сізге көмек берді ма

БАБАЛАРЫМЫЗ ҚАНДАЙ МЕКТЕПКЕ ОҚЫҒАН?

...

Таңертеңгі сағат жетіде мектепте сабақ бастауға жинала бастайды. Шәкірттер етегі жер сызған ұзын көйлектерінің белдерін жіппен буып алған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АДАМ АҒЗАЛАРЫ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Адам ағзасының ең үлкен мүшесі - ұзындығы 5-6 метр болатын аш ішек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЮАНЬ ПАТШАЛЫҒЫ

...

Юань патшалығы - 1271-1368 жылдар аралығында қазіргі Моңғолия және Қытай аумағында салтанат құрған мемлекет. Мемлекеттің негізін Шыңғыс ханның немересі Құбылай қалаған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СҮЗБЕ МАССАСЫ

...

Сүзбе жақсылап араластырылып, үккішпен үгітіледі де қаймақ, қант қосылып, бәрі жақсылап араластырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨКШЕТАУ ҰЛТТЫҚ ТАБИҒАТ САЯБАҒЫ

...

Көкшетау ұлттық табиғат саябағы - Көкшетау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 60 шақырым жердегі қорықтық аймақ. Ақмола облысының Айыртау, Зеренді аудандары аумағында орналасқан. Құрамына Шалқар, Зеренді көлдері, Айыртау шоқылары, қалың қарағайлы орман кіре

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАРҒАЛЫ КЕНІШІ

...

Археологтар 1939 жылы Алматы маңындағы Қарғалы шатқалынан көнеден қалған казына тапты. Бұл жерден 300-ге жуық алтынмен апталып, асыл тастар орнатылған, ғажайып өрнекті бұйымдар шықты. Табылған заттардың ішінде қосөркешті түйе мүсінделген сақина, адамды ке

ТОЛЫҒЫРАҚ »