UF

ҚАРҒАЛЫ КЕНІШІ

Категориясы: Тарих


Археологтар 1939 жылы Алматы маңындағы Қарғалы шатқалынан көнеден қалған казына тапты. Бұл жерден 300-ге жуық алтынмен апталып, асыл тастар орнатылған, ғажайып өрнекті бұйымдар шықты. Табылған заттардың ішінде қосөркешті түйе мүсінделген сақина, адамды кеміріп жатқан тышқан бейнеленген сырғалар бар. Бұйымдардың барлығы алтыннан соғылған.

Табылған олжаның ең бағалысы - аса шеберлікпен түрлі аңдар бейнесі салынған птын тәті (диадема). Оның биіктігі - 3,5 см, ернеуі - 4,7 см. Онда бұғының, ұшқан кұстың, үстіне адам жайғасқан, бұқпантайлап бара жатқан қанатты жолбарыстың таң каларлық бейнелері бар. Барлық мүсіндердің соншалықты шеберлікпен әсем какышталып жасалғаны таңдай қақтырады. Бірақ айтарымыз бұл ғана емес. Әшекейлі тәтіде қанатты ат және үстіне адамды отырғызып алып жүгіріп бара жатқан айдаһар тейнеленген. Олардың төбесінен құс (қаз бен үйректің біріне ұқсайды) ұшып барады. Бұлардан басқа таутеке, аю, арқарға мініп, қолына гүл ұстаған адам бейнелері бар. Осылай бірінен-біріне ұласып кете беретін аң-құс бейнелері аса нәзік те әсем жасалған. Аңдардың көзіне, тұяғына қондырылған асыл тастарды жай көзбен байқаудың өзі киын. Ғаламат шеберлікпен салынған бұл өрнектерден сол заман өнерінің жетістігін ғана емес, адамдардың пәлсапалық талғамын да тануға болады. Бұл ескерткіштер - б.з.д. II ғасыр мен б.з. II ғасыры аралығында қазақ жерін мекендеген тайпалардың үздік өнерінің күәсі.

  Жарияланған-2015-11-18 17:37:29     Қаралды-8720

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҚАНДАЛАТ

...

Бұл - ұн мен қантқа аунатып алған өрік сүйектерінен жасалатын тәтті тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ФАС

...

Ол француздың «Fасе» - «бет» деген сөзінен шыққан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАДАНА - ҚАНТ ДИАБЕТІН ЕМДЕЙДІ

...

Бұл – биіктігі 60 сантиметрге дейін жететін, көпшілікке белгілі бір жылдық, шөп тектес өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СПЕЛЕОЛОГИЯ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Спелеология - үңгір тану. Үңгірлер туралы ілім. Бұл - дәл осы мағанасында бүгінгі ғылым тіліне орныққан ұғым. Орныққанды айтамыз-ау, спелеологияның өзі сала-сала болып, небір ғылыми пайымдауларға өріс ашып беріп отыр.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҰСТА, ЗЕРГЕРЛЕРДІҢ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫ

...

Көрік - ұста, зергерлердің түрлі металдарды балқытып, қыздырып, өңдеу үшін қолданатын, оттыққа жел беріп тұратын құралы. Көріктің «қос көрік», «қол көрік», «мес көрік», «аяқ көрік» деген түрлері бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »