UF

ЖҰМЫС КИІМДЕРІН ТАЗАЛАУ

Категориясы: Сән


Тракторшылар, шоферлер, үй сырлайтын сыршылардың тағы сол сияқты мамандықтағы адамдардың жұмыс киімдері әрдайым қатты кірлеп, май теңбілденіп кетеді. Ондай киімдерді жуып немесе тазарту үшін алдымен бөлме температурасындағы суға салып, бір түн, егер майлы дақтары көп болса, 3-4 тәулікке дейін жібітіп қою керек. Содан кейін киімнің дақтарын скипидармен немесе мүсәтір спиртімен сүртіп кетіреді.

Бұдан кейін киімді аударыстырып тұрып, қайнату керек. Мұны қайнататын суға жермай (бір шелек суға 2 ас қасық) немесе киімнің құрғақ кезіндегі салмағына 1 процентіндей (10 килограмға 100 г есебінен) қандай да болса бір сілті (аммиак, кір жуатын сода) қосады. Қайнатыгі болғаннан кейін киімді таза суға шайқайды. Одан кейін ыстық судағы сабын мен соданың ерітіндісіне салып, щеткамен ысқылап жуады. Осылайша жуылған жұмыс киімін таза суға шайқап, жаяды.

Өте асқынып кірлеген жұмыс киімдерін сабынсыз, күйдіргіш натрмен жуады (1 л суға 2-3 г есебінен). Бұл жағдайда киімді алдын ала қайнатудың да, суға салып жібітіп қоюдың да қажеті жоқ.

Кірлеген жұмыс киімінің үстіне күйдіргіш натр ерітіндісін құйып, жарты сағат қайнату керек. Қайнатқан кезде ерітіндіні ағаш таяқпен бұлғап, араластырып тұрады. Егер бір рет қайнатқанда толық тазара қоймаса, екінші рет қайталап қайнатасыз.

Қайнатқаннан кейін киімді жылы да таза суға бірнеше қайтара шайқап алу керек. Есіңізде болсын, күйдіргіш натримен тек қалың мақта матасынан тігілген киімді ғана тазалауға болады.

Өте асқынып кірлеген жұмыс киімін матаға зиян келтірмейтін, мұнайдан алынатын затпен тазалаған да жақсы. Жұмыс киімін контакола мен кір жуатын сода салынған (10 л суға 1 ас қасық контакола, 3 шай қасық кір содасы салынады) суға қайнатады.

Қайнатқан кезде киімге тиген майлы дақтар еріп кетеді. Енді киімнін, қалған кірін кетіру үшін оны сығып аласыз да, ыстық суға салып, кірсабынмен жуып, таза суға шайқап шығарасыз.

Резеңке бұйымдар күтімі. Резеңке киімдерді әрдайым таза сумен жуып, ішкі астары мен ұлтарағын шаң-тозаңнан тазартып тұру қажет. Резеңке аяқ киімдер тазалауға жермай, бензин сияқты каучукті ерітіп жіберетін заттарды қолдануға болмайды. Сондай-ақ, резеңке бұйымға майлау майларын да тамызбау керек. Резеңке бұйымды пешке жайып кептіруге де болмайтынын естен шығармаған жөн.

Резиналанған бұйымдар ұзақ уақыт жылы да құрғақ жерде сақталса, кебіртең тартып, қатты болып қалады. Мұндай жағдайда оны жұмсарту үшін мүсәтір спирті қосылған суға (1 шелек суға 4 ас қасық) салып, жарты сағаттай жібітіп қояды да, қанжылым сумен жуады.

  Жарияланған-2024-03-15 16:31:22     Қаралды-315

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЖҮГЕРІ КЕКСІ

...

Жүгері және бидай ұнына сода қосылып елекпен еленеді. Жұмыртқа, қант, тұэ, ванильді қант және айран (простокваша) араластырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘРІЛІК ТҮЙЕ ШЫРМАУЫҚ

...

Дәрілік түйе шырмауық — көп жылдық өсімдік. Тамыры қысқа, қосымша тамырлары көп.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘРІЛІК ТҮЙЕ ШЫРМАУЫҚ

...

Дәрілік түйе шырмауық — көп жылдық өсімдік. Тамыры қысқа, қосымша тамырлары көп.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЙҚАЛ ЖӘНЕ ҚАРАТАУ ТОМАҒА ШӨБІ

...

Қояншық ауруын және ревматизмге байланысты ми тамырларының, жүрек бұлшық еттерінің қабынуын емдейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СПЕЛЕОЛОГИЯ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Спелеология - үңгір тану. Үңгірлер туралы ілім. Бұл - дәл осы мағанасында бүгінгі ғылым тіліне орныққан ұғым. Орныққанды айтамыз-ау, спелеологияның өзі сала-сала болып, небір ғылыми пайымдауларға өріс ашып беріп отыр.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРТЕДЕ ӘЙЕЛ МАТЕМАТИКТЕР БОЛДЫ МА?

...

Гипатия (370-415) антикалық дәуірдің алғашқы атақты әйел ғалымы болып саналады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »