UF

АЛАШ АВТОНОМИЯСЫ

Категориясы: Саясат


Алаш автономиясы - қазақ халқының 1917-1920 жылдардағы өмір сүрген ұлттық мемлекеті.

Алаш автономиясы 1917 жылы -13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен II Жалпықазақ съезінде құрылды. Құрамына Бөкей елі (Еділ мен Жайық аралығы), Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары кіретін болды. Өзін қорғауы үшін Алаш автономиясының Қарулы Күштері құрылып, ол «халықтық милиция» деп аталды.

Алаш автономиясының жетекшілері Кеңес үкіметінің қазақ халқына бостандық бермейтінін түсінді. Сондықтан Азамат соғысы (1918-1920 жж.) кезінде Кеңес құрылысына қарсы күштермен («Комуч», «Сібірдің уақытша үкіметі», «Уфа директориясы» -Ресейдің Қазақстанға жақын қалаларында өмір сүрген, кеңестік билікке қарсы бағытталған үкіметтер) одақтасуды көздеді. Алаштықтар Орал, Сібір және Жетісу қазақтарымен қатынас орнатты. Оларға Алаш автономиясын ресми тану жөнінде өтініш жасап, Алаш автономиясына әскери жаттықтырушылармен, қару-жарақпен қамтамасыз етуде көмек көрсетуін сұрады.

Алайда бұл үкіметтер «Алаш автономиясының» өзін өзі басқару ниетін қолдамады. Осылайша, Кеңес үкіметі құлатылған жағдайда Алаш автономиясының ұлттық мемлекеттілігіне қол жеткіземіз деген үмітінің ақтала қоймайтыны белгілі болды. Сол үшін де Алаш автономиясының Кеңес үкіметімен келісімге келуіне тура келді. Азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес үкіметі Алаш қайраткерлеріне кешірім жариялағанымен, 1920 жылы Алаш автономиясын таратып жіберді.

  Жарияланған-2015-11-13 20:53:03     Қаралды-10415

Мәлімет сізге көмек берді ма

МУДИ (ВЕНГР ОВЧАРКАСЫ)

...

Бұл Венгрия шопандары XIX ғасырда шығарған венгр овчаркасы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ АТА-БАБАЛАРЫМЫЗ НЕМЕН ЖУЫНҒАН?

...

Ежелгі уақытта Ресейде ең көп таралған жуғыш зат сілті болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗАҚТЫҢ ТӘТТІ МАҢЫЗЫ (КРЕМ)

...

Қант суға ерітіліп, 20-30 минут бойы қою шырын пайда болғанша қайнатылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ПАСТЕЛЬ

...

Швейцария суретшісі Жан Этьенн Лиотардың мынау «Шоколад дайындаушы әйел» деген картинасына қараңдаршы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰМЫРСҚАЛАР ИІС СЕЗЕ МЕ?

...

Құмырсқалардың иіс сезімі иттер сияқты жақсы дамыған!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЕҢГЕЛ – ГЕМОРРОЙДЫ ЕМДЕГЕНДЕ ПАЙДАЛАНАДЫ

...

Гүл жапырақшалары гүл тостағаншасының қалақшаларынан ұзынырақ. Оңай ашылатын буылтық кауашақта екі тұқым бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »