UF

ҚОЙ МЕН ЕШКІНІҢ ҚАДІР-ҚАСИЕТІ

Категориясы: Жануарлар


Қой мен ешкі көшпелі елдердің, соның ішінде қазақтардың ерте замандардан бері малданған түлігінің бірі һәм бірегейі. Қой түлігін қазақ негізгі байлықтың көзі санап: «Қой - байлық, жылқы сәндік», «Қойлы бай, қорлы бай» деген. Қазақстан аймағында ғасырлар бойы жердің табиғи ыңғайына қарай, сұрыптала келе қазақтың құйрықты қойының едәуір түрлері қалыптасты дейді ғалымдар. Ең көп тараған аймақтар: Батыс Қазақстанда - адай, ырғыз, еділбай; Орталық Қазақстанда - қарқаралы, бағаналық көк қасқа қойлары; Солтүстік Қазақстанда - Қостанай; Оңтүстікте - шу, Жуалылык терісаққан, Сарысудын - кер қызыл қойлары; Шығыста - Зайсанның ақ койлары; Жетісудың - кетпен құйрықты қоңыр қойлары (Арғынбаев X. Қазақтың мал шаруашылығы жайлы, 1969 ж.).

Бұлардың барлығы денесінің ірілі-ұсақтығына, салмағына және құйрық майының үлкенді-кішілігіне қарай сараланады. Қазақстанның Орта Азиямен шектес аудандарында қаракөл қойының тұқымы тараса, Солтүстікте Ресеймен шектес аймақтарында биязы жүнді (мәліш қойлар) қой тұқымдары да өсіріледі дейді мамандар. Қазақ даласындағы қой-ешкі жайлы Ресей зерттеушілері де өз кезінде жазып қалдырған. Олардың айтуынша бай қазақтарда жиырма мыңға дейін қой саны болған. Олар төзімді, күшті һәм үлкендігі сондай он, он екі жасар балалар мініп жүре алады дейді.

Қой көшпелі қазақтардың кисе киімі, жесе тамағы оның тұрмыстағы пайдасы түйе мен жылқы жануарынан да арғық десек те болады. Жер ыңғайы мен шөпті де аса көп талғамайды.

Қой малының еті - уыз да, сүті - бал, жүні - жібек, елтірісі – алтын

Маңғыстаудың табиғатына лайық сұрыпталған адай қойы тұқымының кереметі жайлы тәжірибелі шопандар туралы деректерге жүгінейік. Қойды қыркүйек айынан бастап әуелі күнара суаруға үйретіп, содан бірте-бірте екі асырып, одан әрі үш асырып, ақыры қыста суғармайтын болған. Мұндай тәртіпке үйренген мал мықты, қоңды, суыққа төзімді болып өседі. Зерттеуші Ү.Қыдырәлиннің айтуында тәжірибелі шопан Өмірбай бір жақынының үйіне қыдырып барғанда, үй иесі қонаққа жасырып алған өз қойының етін асып бермекші болады. Қазанға салып жатқан етті қырағы көзімен шалып қалған Өмірбай: «Мынау біздің койдың еті ғой», деген екен. Оның себебі: бұл ет басқа жердің етіндей емес, суға бірден шым батып кеткен.

Сол сияқты шаруаға епті тағы бір шебер - Дәли палуан да малын суармайды екен. Қойды суаруға айдап апара жатып, жолда иіретін көрінеді. Сонда қойлар сарыса, әлі шөлдеген жоқ екен деп кері айдайды екен. Әр аймақтың өз өмір тәжірибесі қалыптасқан. Оңтүстік өңірінде шілдеде мал суға семіреді деп жатады.

Қой мен ешкіні қазақ қатар қоя айтады. Ешкінің серкесін қойды бастап жүру үшін өсіреді. Бұған байланысты «Айшық муйіз ақ серке қойды бастар, қыпша белді жігіттер тойды бастар» деген өлең жолдарындағы ел басқаратын ер жігіттерді «серке» деп атау да осыдан шыққан. Қазақ қойды ешкіден артық санайды. «Қой тонды түлік, ешкі тоңғак түлік», «Ешкі - кедейдің малы», «Есің кетсе, ешкі бақ» деген мәтелдер де соның айғағы.

Жеті айлық қозылардың арасынан отар ішіндегі құйрықты, ірі, жүні тығыз, тұмсығы шығыңқыларын, түсі жағынан қызыл, қара, сұрларын тұқымдық қошқарлыққа таңдаса, ешкілердің текелерінің тік мүйізділерін күйекке, тұқым өрбітуге таңдаған. 

  Жарияланған-2016-08-22 12:33:58     Қаралды-9324

Мәлімет сізге көмек берді ма

БҰҚАРДЫҢ ДОМАЛАҚ КАРАМЕЛЬДЕРІ (БҰҚАР ШАРЛАРЫ)

...

Бұл - оралмаған, шар сияқты домалақ карамельдер. Бетінде түрлі түске боялған жолақтары болады. Беті құрғақ, қолға жабыспайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚОЙ МЕН ЕШКІНІҢ ҚАДІР-ҚАСИЕТІ

...

Қой мен ешкі көшпелі елдердің, соның ішінде қазақтардың ерте замандардан бері малданған түлігінің бірі һәм бірегейі. Қой түлігін қазақ негізгі байлықтың көзі санап: «Қой - байлық, жылқы сәндік», «Қойлы бай, қорлы бай» деген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГРЕК ЖАҢҒАҒЫ ҚОСЫЛҒАН, БАЛ ЖАҒЫЛҒАН РУЛЕТ

...

Дайын қамыр мөлшері 20 х 25 сантиметрден келетіндей етіліп жайылады. Оның бір шеті екінші шетінен жұқалау болуы керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЕКЕР-НОХУТ

...

Құлпынай түрінде жасалып, үстіне қант себілетін мармелад-пата осылай аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚОЙ - КӨШПЕЛІ ҚАЗАҚ ӨМІРІНДЕ ӨМІРІНІҢ АЖЫРАМАС БӨЛШЕГІ

...

Ежелден қазақ халқы көшпелі ғұмыр кешті. Мал мен оның өнімдері көшпелі өмірде аса қолайлы игілікке саналды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАНР

...

Суретшілер әр қилы шығармалар тудырады. Біреуі табиғатты, екіншісі адамды бейнелесе, үшіншісі күнде көріп жүрғен қарапайым заттарды кескіндейді. Міне, шығармаларды сол нені бейнелегеніне қаран, жанрға бөлетін болған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »