UF

ШЕКЕР-ПУРИ

Категориясы: Тағам


Тоқаш қамырынан жасалатын құырма сияқты тағам осылай аталады.

Қамыр мынадай жолмен иленеді: сарымай микс-машинада езгіленеді де содан соң сол машинада қант ұлпасымен араластырылып, жеңіл жұғатын дәрежеге жеткенше иленеді. Ол массаға сүт, жұмыртқа, көмірқышқыл аммоний, ванилин және ұн сияқты шикізаттар бірінен соң бірі қосылады да, қоспа мұқият араластырылып иленеді. Иленген қамырдың температурасы 20-21 градус, ылғалдылығы – 21-23 процент болу керек.

Иленіп болған қамыр әрбір бөлігінің салмағы 3-4 килограмм болатындай етіліп бөлінеді. Езгілеп илеп, жанышатын машинада қалыңдығы 4-5 миллиметр етіліп жайылады. Содан соң құрғақ сүртілген табақтарға салынады да арнайы формаға келтіретін құралмен өңделеді.

Қамыр температурасы 200-230 градус пешке қойылып 10-12 минут бойы пісіріледі.

Салқындаған соң құырма қағаз төселген астаушаларға салынады да, үстіне қант ұлпасы себіледі.

Бір килограмм шекер-пури жасауға 568,4 грамм жоғары сортты үн, 227,4 грамм сарымай, 227,4 грамм қант ұлпасы, үстіне себілетін 28,4 грамм қант ұлпасы, 113,7 грамм қаймағы алынбаған сүт, 227 грамм жұмыртқа, 2,3 грамм көмір-қышқыл аммоний және 0,17 грамм ванилин жұмсалады.

Бұл тағамның түсі крем түстес, жарты ай формалы, үстіне қант ұлпасы себілген болуы керек. Сынғыш, бірақ үгілмеуге тиіс. Ылғалдылығы 8 проценттей. Бір килограмында кемінде 80 данасы болуы қажет.

  Жарияланған-2016-03-01 17:05:38     Қаралды-2227

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҮШТІКЕНДІ ГЛЕДИЧИЯ – АСҚАЗАНҒА ШИПА

...

Гүл тостағаншасы жартысына дейін біріне-бірі жабысқан 5 қалақша.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

COCO COLA ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Coca-Cola-ны 1886 жылы фармацевт Джон Пемертон ойлап тапты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕЛКЕНДІ ҚАЙЫҚ СПОРТ ТАРИХЫНАН

...

Желкенді кемемен жүзу өнерін дүниежүзіне паш еткен саяхатшылар арасында екі есім ерекше аталады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨЗІЛДІРІКТЕГІ ҚАНДАЙ ӘЙНЕК?

...

Адамдар шыныны мыңдаған жылдар бұрын жасай білген. Сонау ертедегі мемлекеттер - Ассирия, Вавилон, Ежелгі Египетте де шыны ісінің шеберлері жұмыс істеген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЧАГОС АРХИПЕЛАГЫ

...

Үнді мұхитындағы архипелаг.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҢҒАҚ ЖӘНЕ ЖҮЗІМ ҚОСЫЛҒАН КЕКС

...

Сарымай қант ұлпасымен қосып шайқалып, бірінен соң бірі: жұмыртқа сары уызы, сүт, ірі-ірі жаңғақ дәндері, жүзім, ванилин қосылады. Бұл кезде қоспа ұдайы араластырылып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »