ЛИНОГРАВЮРА ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?
Категориясы: Өнер
Қазір сендер көріп отырған сурет тек аң және қара бояудан ғана тұрады. Бұл - гравюра. Бірақ ол ағаштан емес, линолеумнен ойылып көшірілген.
Ол былай жасалады.
Суретші бейнелемек көрінісін линолеумге салады. Ол үшін линолеум алдын-ала жуып тазартылып, сүртіп құрғатылған болуға тиісті. Сурет әбден дайын болған кезде, мына суретте көрсетілген штрихели деп аталатын қашаумен қияды.
Ағаштағыдай, линолеумге де кейін қарамен боялатын жерлерге тимейді де, ақпен боялатын жердің бір қабатын әбден қырнап, алып тастайды.
Сурет әбден ойылып шыққаннан кейін типография бояуы жағылып, үстінен қағаз төсеп, линография тақтасына апарып тезге салады.
И.Голицынның «Балконда» атты линогравюрасында таңғы шыңылтыр ауада түнде жауған ақша қар көздің жауын ап жарқырап жатыр. Қыстың аязды күнінің жым-жырт тыныштығын айтпай-ақ сезіп тұрғандайсың. Өне бойын қырау басып мүлгіп тұрған ағаштар соны білдіргендей.
Зер салып қарасаңдар қара фонда - ақ, ақ фонда - қара бірде қалың, бірде жұқалап тартылған сызықшаларды байқайсыңдар. Сол сызықшаларды сан түрлі құбылту арқылы гравер суретші матаның қыртысы, терезенің жылтыры, қардың майдалығы сияқты өзі бейнелеп отырған нәрселердің қай-қай сипатын айнытпай жеткізеді.
Жарияланған-2016-11-16 18:08:50 Қаралды-4620
ОШАҒАН - ҚУЫҚ АУРУЛАРЫН ЕМДЕЙДІ
Орта Азия халықтары медицинасында жас өсімдіктің сөлін алып, бронх демікпесін, геморройды емдейді.
БАЙҚАЛ ЖӘНЕ ҚАРАТАУ ТОМАҒА ШӨБІ
Қояншық ауруын және ревматизмге байланысты ми тамырларының, жүрек бұлшық еттерінің қабынуын емдейді.
ЖОЛБАРЫС НЕГЕ ШҰБАР, ЖИРАФ НЕГЕ ТЕҢБІЛ?
Мұндай түстер аң, құстардың жауынан қорғану үшін ғана емес, аң аулауы үшін де қажет.
НАУАТ (кинза шекері)
Жіпке ілінген ірі, жылтыр, мөлдір келетін қанттың бір түрі. Оны жасау үшін құмшекер және қосымша материал ретінде ақ жіп пайдаланылады.