ҚАЛҚАН
Категориясы: Тарих
Қалқан - қолға ұстап қолданылатын қорғаныс жарағы. Атына сәйкес денені оқтан, қарудан қалқалау арқылы қорғайды. Көшпелілердің калқандары ат үстінде шайкасуға қолайлы болу үшін шағын, жеңіл етіп жасалған. Қалқанға әр түрлі материалдар: тал шыбықтарын, ағаш тақталары, тері, металл қолданылуы мүмкін. Ішкі жағына екі қайысбау орнатылады. Оның бірін білекке іліп, екіншісін қолға ұстайды.
Қалқанды шыбықтан жасағанда тал немесе басқа да шыбықтардан дөңгелене өріледі де, шыбықтар жіппен оралады. Бұл шыбықтар тері немесе мата астарға жіппен, шегемен бекітіледі.
Ағаш қалқандар ағаш тақташаларды қатарлай қойып, көлденеңінен ағашпен бекітеді. Оның сыртынан немесе ішінен терімен қаптайды. Ағаш қалқандар жалпақ, дөңгелек болып келеді. Кейде жиегін темірмен құрсаулайды.
Тері қалқандар қалың теріден бірнеше қабаттап тұтас етіп жасалады. Пішіні дөңгелек және дөңес болып келеді. Берік болу үшін қалқанның бетіне темір жапсырмалар орнатады.
Темір қалқандар тұтастай соғылып, беті түрлі бедерлер, өрнектер, суреттермен әшекейленеді. Пішіні дөңгелек және дөңес болып жасалады.
Жай уақытта қалқанды қанжығага, ердің қасына байлап алады. Шайқас кезінде шегіне ұрыс салып, артқа бұрыла садақ ату үшін қалқанды арқасына асып алатын болған. Бетпе-бет шайқасқа кіргенде қалқанды қолдарына ұстап соғысқан.
Жарияланған-2015-11-18 16:41:04 Қаралды-10170
КІЛЕГЕЙ ҚОСЫЛҒАМ КҮРІШ
Күріш күрмегінен тазарты лып, жуылады. Сөйтіп әуелі суға салып шала, содан соң сүт қосып, әбден пісіріледі.
ЖЕМІС ЧУРЧХЕЛАСЫ
Бұл - аршылған грек жаңғағынан жасалып, жеміс-мармелад қабатымен қапталатын тағам. Түтікшелердің диаметрі 35-40 мм, ұзындығы – 250-260 мм.
ЖЕРДЕ СУ КӨП ПЕ?
Жер шарында теңіздер, өзендер мен көлдер көк түспен бейнеленгенін білесіздер.
БАЛ ҚОСЫЛҒАН КҮНБАҒЫС КӘЗИНЕГІ
Бұл - әбден қайнатылған бал-шекер шырынымен араластырылған күнбағыс дәнінен әзірленген, төрт бұрышты немесе қиғаш төрт бұрышты тәтті тағам.