UF

ШӨЛ ЖАЙЫЛЫМДАРЫН КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ

 

КІРІСПЕ

Егемен қазақстан Республикасының таяу онжылдықта шешетін әлеуметтік, саяси және демографиялық мәселелерінің бастысы - ауыл шаруашылығын қалпына келтіріп, әрі қарай өркендету екені белгілі.

Елімізде бұл жөнінде қабылданған Бағдарламаның мақсаты - Қазақстан халқын азық-түлікпен толық қамтамасыз етіп, бірінші кезекте мал шаруашылығы азығының негізі болып табылатын табиғи жайылымдарды тиімді пайдалану жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстар жасап, өндіріске енгізу болып табылады.

Қазақстанның Оңтүстік-Батыс аймағындағы Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары көлемінде шөл жайылымдарының үлесі 54,6 млн. гектар немесе барлық ауыл шаруашылығына тиеселі жерлердің 89% құрайды.

1989 жылдың соңында негізінен әр түрлі шөл жайылымдарынан тұратын, көлемі орасан зор осы аймақта көптеген ауыл шаруашылығы малдарының басқа түрлерімен бірге 153 арнайы мамандандырылған шаруашылықтарда 5,6 млн. бас қаракөл қойы өсірілді. Бұл шаруашылықтарда жылына түсі әр түрлі, жоғары сапалы 1,683 мың дана қаракөл елтірісі, 68,2 мың тонна қой еті және 10,4 мың тонна жүн өндірілді. Мамандандырылған шаруашылықтарда өндірілген қаракөл койы өнімінің үлес салмагы 93 %-ға жетті.

Арзан да мал азығы ретінде қоректілік құндылығы жоғары жайылым отын пайдалану мал шаруашылығының бұл саласының өркендеуі мен табысының артуына зор мүмкіндік туғызды. Жалпы еліміздің табиғи жер жағдайында шөл кайылымдарын тиімді пайдалану, шөлге бейімді мал шаруашылығы салаларын әркендету арқылы шөл аймақтарын ауыл шаруашылығы үшін игерудің бірден- бір жолы және онда ғасырлар бойы мал шаруашылығымен айналысып келе катқан жергілікті халықты тұрақтандыру мен олардың әлеуметтік жағдайын касауға саятын саяси-экономикалық мәселе.

Біз үшін республика жер көлемінің 45% құрайтын шөл аймағын игеру мен оны тиімді пайдалану проблемаларын шешудің маңызы өте зор. Осы күрделі мәселе дұрыс шешімін тапқан жағдайда табиғи ауа райы қиын шөл аймағын мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің сарқылмас қайнар көзіне айналдыруға болады.

Қазіргі уақытта елде біртіндеп қалпына келе бастаған мал шаруашылығын өркендету үшін алдымен жайылымдық жерлерді суландыру мен мал қыстатуға мүмкіндік беретін қора-жайлармен қамтамасыз ету қажет. Шөл аймағын мал шаруашылығы үшін игерудің қиын болса да шешімін табуды қажет ететін мәселелердің бірі қыс мезгілінің ауа райы жағдайларына байланысты жайылым отына қосымша берілетін мал азығының сақтық қорын жасау.

Жалпы мал шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін оларды құнарлы азықтандырудың, ал жыл бойы жайылымда болатын қой шаруашылығы үшін жайылым оттылығының маңызы зор. Шөл жайылымдарының малазықтық өнімділігі жыл маусымдарына байланысты өзгеріп тұратындықтан ондағы малдардың да қоректік заттармен қамтамасыз етілу дәрежесі сәйкесінше болатыны белгілі.

Қазіргі уақытқа дейін шөл аймағы маусымдық жайылымдарында қойды толыққұнды азықтандырудың ғылыми негізделген теориясы болмағандықтан, өндіріске арналған тиянақты ұсыныстар да жоқ.

Оның үстіне түрлі шөл жайылымдары кластары мен типтері отының коректілік құндылығы да жеткілікті дәрежеде анықталмаған. Негізінен мал азықтандыру үшін шаруашылыққа жекелеген өсімдіктердің емес, жалпы жайылымның табиғи шөптерінен тұратын және мал нақты пайдаланатын жайылым оты рационының қоректілік құндылығы қажет.

Қолда емес, жайылым жағдайындағы малдардың қоректік заттармен камтамасыз етілу дәрежесін анықтаудың да өзіндік ерекшеліктері мен киындықтары бар.

Осыларға байланысты маусымдық шөл жайылымдары отының малазықтық өнімділігі мен қоректілік құндылығын, ондағы малдардың қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етілу дәрежесін анықтау арқылы қой азықтандыру күйесін жетілдіру - бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі деп есептеуге болады.

 

І ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1. Табиғи шөл жайылымдарының малазықтық сипаттамасы

Шөл деп атмосферадан түскен ылғалдан булану нәтижесінде жоғалатын ылғал мөлшері әлденеше рет (2-3 еседен 20-дейін) артық болатын ауасы құрғақ та ыстық аймақтарды атайды.

Республика көлемінде шөл аймағы солтүстік-батысында Нарынқұмнан басталып, Каспий маңы ойпаты, Маңғыстау таулары, Үстірт, Бетпақдала, Тұран ойпатын қоса оңтүстігінде Қаратау жоталарымен аяқталатын орасан зор жер көлемін алып жатыр.

Жалпы республика шөл аймағы солтүстік және оңтүстік подзоналарға бөлінеді. Табиғи жағдайларға байланысты шөл аймағының басым бөлігі солтүстік подзонада орналасқан, ал оңтүстік бөлігіне негізінен Қызылқұм өңірінің құмды шөлі кіреді.

Шөл аймағы ауа райының кейбір көрсеткіштері 1-кестеде келтірілген.

Республика облыстары бойынша елтірілі қой шаруашылығы маусымдық шөл жайылымдарының көлемі мен үлес салмағы 2-кестеде көрсетілген.

Қазақстанның оңтүстік және батыс аймақтарындағы шөл жайылымдарын шағыл топырақты құмдағы бұталы-ұшпатүршөпті (эфемерлі), сұрқай қоңыр гипстелген (тастақ) топырақты жерлердегі жартылай бұталы-ұшпатүршөпті, саздақ және тастақ шөкпетопырақты жерлердегі ұшпатүршөпті (эфемерлі) және сор топырақты жерлердің қараотты жайылымдар тобы деп бөлу қабылданған.

Көрсетілген жайылымдар тобының әрқайсысы бір-бірінен табиғи өсімдіктерінің ботаникалық құрамы бойынша, сондай-ақ оларды құрайтын өсімдіктердің сандық қатынасы бойынша әртүрлі болып келетін көптеген жайылым түрлерінен (типтерінен) тұрады. Дегенмен жайылымдар тобына кіретін шөл жайылымдары түрлерінің малазықтық өнімділігі мен отының қоректілік құндылығы жөнінен айтарлықтай айырмашылығы болмайды.

Бұталы-ұшпатүршөпті жайылымдар тобы негізінен шағыл топырақты кұмдағы шөлде тараған. Мұндай шөл жайылымдары республиканың онтүстігіндегі Қызылқұм шөлінің 2 млн га үлкен бөлігін алып жатыр. Мұнда әсетін табиғи өсімдіктердің алуан түрлілігіне қарамастан, барлық жайылым жерлеріндегі өсімдіктердің ең басты өкілдері ақ сексеуіл мен үрмебас раң болып табылады.

Бұталы-ұшпатүршөпті жайылымдар басқалармен салыстырғанда ең көп іөлшерде көк масса береді. Мысалы, жаз мезгілінде сексеулдің ине тәрізді тұтақтары жақсы жетіліп гектарына 6-7 ц дейін өнім береді.

Алайда көрсетілген шөл жайылымдары жағдайында осынша мол өнімнен койлар небәрі гектарынан 1,5-2,5 ц ғана шамасында құрғақ малазық массасын пайдаланады. Бұл бір жағынан сексеуілдің көк бұтақшалары қойдың бойы жетпейтін биікте болғандықтан, екінші жағынан сексеуілдің көк бұтақшаларын койлар көктем мен жаз маусымдарында іс жүзінде азық ретінде пайдаланбайтындығында.

 

1-кесте. Қазақстан оңтүстік-батыс шөл аймақтарының ауа райы және мал жайылымы жағдайларының негізгі көрсеткіштері

Облыстар

Ауаның орташа жылдық температурасы, °С

Орташа температура, °С

Жылдық ылғақ мөлшері, мм

Аязсыз мезгіл ұзақтығы, күн

Қар тұрақты жататын мезгіл ұзақтығы, күн

Қардың жоғары қалыңдығы, см

Мал жайылымға шыға алмайтын күндер саны

қыс (қаңтар айы)

жаз (шілде айы)

Батыс Қазақстан

6,7-7,2

-13,0-14,0

+23+25

190-230

160-180

100-120

10-15

36-56

Атырау

7,3-8,0

-10,5-15,0

+23,5+25,5

120-166

1620-170

70-76

5-8

30-40

Маңғыстау

8,0-10,0

-9,5-13,2

+25+29,0

92-157

173-188

68-74

4-8

25-35

Қызылорда

7,0-11,0

-10,0-12,0

+26+27

95-160

167-178

60-72

9-10

30-35

Жамбыл

8,0-9,5

-9,0-9,5

+23,5+27

150-172

150-172

62-87

10-15

20-30

Оңтүстік Қазақстан

9,0-12,0

-5,5-10,6

+27+30

136-188

165-191

60-84

10-15

20-30

 

 

2-кесте. Республика оңтүстік-батыс аймағы маусымдық шөл жайылымдарының көлемі мен үлес мөлшері

 

Облыстар

Барлық жайылым, мың га

Маусымдық жайылымдар

жаздық

көктем-күздік

қыстық

жыл бойы

мың га

%

мың га

%

мың га

%

мың га

%

Батыс Қазақстан

1320,6

287,7

21,7

894,9

67,8

83,8

6,8

54,2

4,2

Атырау

5857,4

1893,7

32,3

2655,5

45,3

1308,2

22,4

-

-

Маңғыстау

8329,9

1427,7

17,1

6192,9

74,3

709,3

8,6

-

-

Қызылорда

10140,7

3772,6

37,2

3832,0

37,8

1652,5

16,2

883,6

8,8

Жамбыл

4452,4

1028,7

23,1

2398,8

53,8

955,5

21,5

69,4

1,6

Оңтүстік Қазақстан

6863,0

2482,8

36,1

2674,2

38,9

1706,0

25,0

-

-

Республика бойынша

36964,0

10893,2

29,4

18648,3

50,4

6415,3

17,3

1007,2

2,7

 

Шөл жайылымдарының көрсетілген тобы түрлерінде ұшпатүршөптер офемерлер) мен қүмда өсетін түрлі малазықтық өсімдіктер қаулап өсетін көктем мезгілінде қойлар негізінен раң, қоңырбас, келіншекбоз, тарақбоз, т.б. түрлі көк шөптермен қоректенеді. Ауа райы орташа шаруашылык жылдары осындай жайылымдардың көктемдегі барлық өнімділігі гектарына 4,62 ц құрғақ азық шамасында болса, жедірімділігі 35-40% шамасында болатындықтан қойлар акты пайдаланатын жайылым отының орташа мөлшері гектарына -1,65 ц болатыны анықталған.

Жаз мезгілінде қойлар азығының негізін құрғақ «хас» (жайылым өсімдіктерінің сынған, жерге түскен жапырақтары, бөліктері мен сабақтары) тандар мен түршөптердің түрі ағарып қурағанмен, сабағында тұрған біршама бөліктері кұрайды. Сонымен қатар жаз мезгілінде көгеріп тұратын жүзгін, сүттіген сияқты өсімдіктер қосымша азық ретінде пайдаланылады.

Бұл мезгілде жайылым отының негізгі бөлігін құрайтын ақ сексеуілдің ине жапырақтары мен бұтақшаларын қой жемейтіндіктен, жаз мезгіліндегі мал пайдаланатын жайылым оттылығы орта есеппен гектарына 1,37 ц құрғақ азықтан аспайды.

Күзде құм жайылымдары түрлілер тобының көпшілігінің мал пайдаланатын оты жартылай бұталар (дәндеген бұталар - сексеуіл, шоған және жартылай бұталы өсімдіктер - теріскен, сіңірен, т.б.), раңдар мен ұшпатүршөптердің қалдығынан құралады. Сондықтан көрсетілген жайылымдардың мал пайдаланатын малазықтық өнімділігі біршама жоғарылап (1,92 ц/га), барлық өнімділігінің (4,20 ц/га) жартысына жуығын кұрайды.

Негізінен бұталы өсімдіктердің майда сабақтары, жартылай бұталардың жоғарғы ұшы мен жайылымның селеу сияқты ірі сабақты өсімдіктерін пайдалатындықтан, қойлардың қыс мезгіліндегі жайылым рационы күз  мезгіліндегіге ұқсас болады.

Жартылай бұталы-ұшпатүршөпті (эфемерлі) шөл жайылымдары негізінен сорлы жерлердегі (тұзды) жайылымдар мен құмды шөлден басқа жерлерде  көптеп тараған. Көрсетілген жайылым түрлері республиканың оңтүстігі мен батысындағы шөл аймақтарының өте үлкен жер көлемін алып жатыр. Қоршаған орта, ауа райы жағдайлары мен өскен топырағының айырмашылықтарына байланысты көптеген жайылым типтері пен комплекстерінен тұрады.

Бұл жайылымдардың басым бөлігінің малазықтық массасының негізін боз жусан құрайтындықтан, малазықтық өсімдіктердің басқа түрлерінің үлес салмағы 15-20%-дан аспайды, кейде көктемде ғана шөл раңының мөлшері 35- 40% дейін жоғарылауы мүмкін. Жалпы ұшпатүршөпті жайылым оттарының ең жоғарғы өнімділігі көктемде, жусанды жайылымдар жаз бен күзде мол өнімді болатыны анықталған.

Жартылай бұталы-ұшпатүршөпті шөл жайылмдары түрлерінің ең жоғары әнімділігі оларды пайдаланудың жаз кезінің басында байқалып, орташа жылдық азық өнімділігі гектарына 5,77 ц құрғақ масса құрайды. Көрсетілген жайылым түрлерінің ең жоғары мал жейтін оттылығы көктемнің соңына таман болатыны анықталған. Сондай-ақ бұл жайылымдар өнімділігі жыл маусымдарында айтарлықтай көп өзгеріске ұшырамайтындықтан, мал жыл бойы пайдалануға жарамды.

Көпжылдық зерттеулер нәтижесінде ауа райы орта шаруашылық жылдарында мұндай жайылымдардың жалпы малазықтық өнімділігі гектарына 4,51 ц құрғақ азық, оның ішіндегі мал пайдаланатын өнім мөлшері 2,48 ц құрайтыны анықталған. Жалпы боз жусан көптеген шөл жайылымдарының қыс мезгіліндегі мал азығының негізі болып есептеледі.

Ұшпатүршөпті шөл жайылымдары негізінен онша көп болмағанымен шөл аймағы жартылай шөлге айналатын және тау етектерінің көп аймақтарында кездеседі.

Бұл жайылымдардың негізгі малазықтык өсімдіктері күн жылып көктем шыға салысымен ерте көктеп, жазғы ыстық басталысымен вегетациясын аяқтап, көпшілігінің қурай бастайтындығымен ерекшеленеді.

Жайылым отының негізін құрайтын көпжылдық өсімдік түрлеріне қарабас раң, қоңырбас жатады.

Келіншекбоз, тарақбоз, эгилопстар мен вульпиялар жайылым отының біршама бөлігін құрайды.

Кейбір жылдары малызықтық құндылығы жоғары болып есептелетін бұршақтектес астрагалдар тобына жататын нохетек көптеп кездеседі. Үшпатүршөпті өсімдіктердің көктемгі вегетациясы шөл жайылымдарының басқа түрлерінен ерте, наурыз айының басы мен ортасынан басталады.

Алдымен қарабас раңдар мен қоңырбастар көктейді.

Мамырдың ортасына таман бұл жайылымдардың жасыл түсі өзгеріп, ерте шығатын өсімдіктер қурай бастайды. Мамырдың екінші жартысынан ары қарай ұшпатүршөпті өсімдіктердің қурағандары сынып, желге ұшып жайылым тының құрамынан шығып қалса, кейбірі сабағында қалып, мал азығы ретінде - саз бойы қалуға бейімделген.

Жалпы біржылдық өсімдіктер тез бұзылса, астықтектес өсімдіктер қысқа дейін сақталады, бұршақ тұқымдас біржылдық өсімдіктер қурағаннан кейін бір ай шамасында малазығы құрамынан шығып қалады.

Сондықтан мұндай жайылымдардың өнімділігі үздіксіз төмендей береді. Жалпы көрсетілген жайылымдардың ең мол өнімділігі көктемнің соңы мен каздың бас мезгілінде барлық түрлі жайылым өсімдіктері өсіп-жетілген маусымда болады. Бұл кездегі жалпы өнімділігі гектарына 6,70 ц құрғақ жайылым отын құрайды. Егер көктем мезгілінде жайылым отының 70% ерте  көктемде өсетін эфемерлер құраса, жазға қарай 75%-дейін ірі шөптерден ұрады. Ірі шөптердің массасы жоғары болатындықтан жазғы өнімділігі де біршама көтеріліп, гектарына 7,62 ц жетеді. Одан әрі қарай күзгі жайылым оттылығы күрт төмендеп, гектарына 3,08 ц шамасынан аспайды.

Бұл жайылымдарды қыста пайдалануға болмайды, себебі қар бетінде қылтиған ірі сабақтар мен қураған бұтақтардан басқа ешбір қой жейтін өсімдік табу қиынға соғады.

Жалпы эфемерлі жайылымдардың орташа жылдық барлық өнімділігі 4,93 ц, оның ішінде қой пайдаланатын өнім мөлшері гектарына 1,86 ц құрғақ азық шамасын құрайды.

Жалпы эфемерлі шөл жайылымдары тамаша көктемгі-жазғы жайылым болғанымен, жылдың басқа маусымдарында қоректілік құндылығын едәуір төмендететін жайылымға жатады.

Сорлы (тұзды) жайылымдар шөл жайылымдарының көпшілік түрлерінде жиі кездесетін топырағы тұзды тақырлар мен сорлы жерлерде орналасқан. Топырағы тұзды жерде өсіп, ұлпасында минералды тұздар мол болатын өсімдіктер қараоттар деп аталады.

Қараоттардың көпшілігі біржылдық өсімдіктерден тұратын маусымдық жайылымдар болғанымен құндылығы жоғары болып есептеледі.

Көбінесе тақыр жерлерде бұйырғын, домалатпа, данашур, балықкөз жиі кездеседі. Ақтаңдақтанып, соры бетіне тепкен тұзды жерлерде сораң, төбе сораң, қарабарақ, сарсазан, тарғайот, қара сора, бұйырғын т.б. тұзды жайылымдардың өсімдіктерінен басқа түрлері өспейді. Көрсетілген қараотты өсімдіктерді қойлар тек қана күз және қыс маусымдарында жуылғаннан кейін ғана пайдаланатындықтан, ондай жайылымдар маусымдық болып есептеледі.

Қараотты жайылымдардың малазықтық өнімділігі эфемерлі жайылымдарымен салыстырғанда жыл сайын әлдеқайда көп өзгеріп тұрады. Бұл жайылымдардың өнімділігі малазықтың жағдайы орташа жылдары жаз және күз маусымдарында сәйкесінше 0,75 және 1,20 ц/га құрғақ масса шамасында болады. Қойлар пайдаланатын орташа жылдық малазықтық өнімділігі гектарына небәрі 0,50 ц құрғақ азық мөлшерінен аспайды.

Түрлі шөл жайылымдары топтарының малызықтық өнімділігі 3-кестеде келтірілген.

 

3-кесте. Шөл жайылымдары негізгі түрлері топтарының жыл маусымдарындагы малазықтық оттылығының динамикасы, га/ц құрғақ азық массасы

Шөл жайылымдары типтерінің топтары

Малазықтық өнімділігі (га/ц құрғақ азық массасы)

Жайылым пайдалану маусымдары

көктем

жаз

күз

қыс

Орташа жылдық өнімділігі

М+ш

Со

М+т

Сп

М+т

Со

М+т

Сп

1. Бұталы-ұшпатүршөпті (эфемерлі) жайылымдар тобы

барлық өнімі

4,62+0,62

50,8

6,86+0,65

34,2

4,20+0,66

55,0

3,12+0,61

67,9

4,80

пайдаланыла- тын өнімі

1,65+0,36

76,4

1,37+0,33

83,9

1,92+0,40

72,9

1,75+0,36

73,1

1,67

2. Жартылай бұталы- ұшпатүршөпті жайылымдар тобы

барлық өнімі

4,90+0,73

52,0

5,77+0,88

53,2

4,25+0,66

54,1

3,07+0,37

42,7

4,51

пайдаланыла- тын өнімі

3,43+0,42

42,8

2,31+0,45

67,5

3,10+0,41

45,8

1,56+0,32

73,1

2,48

3. Ұшпатүршөпті жайылымдар тобы

барлық өнімі

6,70+0,89

46,1

7,62+0,91

41,2

3,08+0,37

42,2

2,31+0,45

67,5

4,93

пайдаланыла- тын өнімі

3,20+0,40

44,0

2,15+0,42

68,4

1,65+0,36

76,4

0,85+0,10

40,0

1,86

4.      Сорлы         (тұзды)

жайылымдар тобы

барлық өнімі

0,35+0,05

49,1

0,75+0,11

51,8

1,20+0,15

43,3

0,85+0,10

40,8

0,80

пайдаланыла- тын өнімі

0,20+0,02

44.5

0,40+0,05

44.2

0,90+0,10

38,1

0,45+0,05

38,9

0,49

 

1.2. Әртүрлі шөл жайылымдары отының жыл маусымдарындағы химиялық құрамы, қоректік заттарының мөлшері мен малазықтық сыйымдылығы

Жайылымдағы қойларды толыққұнды азықтандырудың ең бірінші де кажетті шарты әртүрлі жайылымдардың табиғи өсімдіктері топыраққа өсетінін есте сақтай отырып, шөл жайылымдары кластарын кешенді малазықтық бағалау болып табылады. Бұл үшін жайылым отының құрамын, түрлі жайылым кластарында өсетін өсімдіктердегі қоректік заттар мөлшерін анықтап, оны малдардың қоректік заттармен қамтамасыз етілу нормасымен салыстыру қажет. Тек қана осындай жағдайда ғана шөл аймағында жұмыс жасайтын шаруашылық субъектілері шөлде өсірілетін ауыл шаруашылығы малдарының өнімділігін арттырып, өндірілетін өнім сапасын арттыруға мүмкіндік туады.

Шөл жайылымдары негізгі кластары мал пайдаланатын оттарының химиялық құрамы, «шикі» қоректік заттарының мөлшері мен олардың жыл маусымдарындағы динамикасы 4-кестеде келтірілген.

Шөл жайылымдары негізгі кластары оттарының жыл маусымдарындағы химиялық құрамы бұрын көрсетілген негізгі типтері топтарының құрамына өте ұксас екенін байқауға болады.

4-кесте. Шөл жайылымдары негізгі кластары оттарының химиялық құрамы мен олардың маусымдық динамикасы, % есебімен

 

Шөл жайылымдарының кластары мен типтері

Жыл маусым

дары

Табиғи ылғалдылықтағы жайылым оттарының химиялық құрамы, %

су

протеин

май

клетчатка

АЭЗ

күл

I. Шағыл топырақты жал-бұйратты құмдағы шөлжайылымдары

(боз-жусанды-раңды сексеүлді жайылым

оты)

көктем

64,7

6,2

0,6

7,8

14,8

5,9

жаз

31,5

7,9

2,9

20,1

31,5

6,1

күз

20,3

6,5

2,2

23,0

43,5

4,5

қыс

21,4

4,9

1,8

34,9

33,6

3,4

ІІ. Жазықтағы сурқай қоңыр топырақты гипстелген (тастақ) шөл жайылымдары (бозжусанды-күйреуікті түрлі-шөпті жайылым оты)

көктем

61,7

8,1

1,3

8,2

14,5

6,2

жаз

34,4

10,3

2,0

17,9

32,0

3,4

күз

32,5

10,0

3,4

23,2

27,0

3,9

қыс

29,7

5,1

1.6

28,5

32,9

2,2

ІІІ. Жазықтағы тақыр- тектес топырақты саздақ шөл жайылымдары (жусанды    қараотты-

түрлішөпті жайылым оты)

көктем

60,8

8,2

1,5

8,3

14,7

6,5

жаз

35,7

10,6

2,1

17,5

30,2

3,9

күз

31,3

10,3

3,5

22,2

27,9

2,7

қыс

33,6

5,2

1,7

27,3

29,5

2,7

ІҮ. Тау бөктеріндегі сұрғылт     топырақты

шөл жайылымдары

(қоңырбасты-раңды түршөпаралас жайылым оты)

көктем

68,7

8,9

2,0

6,8

12,0

1,6

жаз

32,8

7,7

2,3

23,2

29,3

4,7

күз

26,7

5,2

2,0

24,1

39,2

2,8

қыс

35,3

3,0

1,0

21,6

37,1

2,0

                             
 

Жайылым оттарының барлығы да көктемнің соңына таман оттылығы барынша жетілген мезгілде ботаникалық құрамына байланысты ылғалдылығы 60,8-68,7% болады. Одан әрі қарай жайылым оты құрамындағы ұшпатүршөптер мен майда өсімдіктер қурауына байланысты жайылым оттарының ылғалдылығы күрт төмендеп, орта есеппен 31,5-35,7% шамасын құрайды. Жаз мезгіліндегі жайылым отының ылғалдылығы құрамындағы сөлді қараоттар мен күзгі-қысқы маусымдарда түскен атмосфералық ылғалға тікелей байланысты болады. Көктем мезгілінде барлық түрлі жайылым кластары оттарының күрамында протеин мөлшері мол болып (6,2-8,9%), одан кейінгі маусымдарда біртіндеп төмендей бастайды.

Жайылым отының көпшілігінің құрамындағы май мөлшері керісінше көктемгі мезгілмен салыстырғанда (1,5-2,0%) жаз және күз маусымдарында біршама көтеріліп 2,5-3,4% құраса, қысқа қарай 1,0-1,6% дейін төмендейді.

Көктемдегі жас көк шөптің құрамында клетчатка өте аз (6,8-8,3%) болып, шөп қатайып пісуіне байланысты жаз және күз мезгілінде 20-24% құраса, қысқы жайылым отының құрамындағы клетчатка мөлшері 35% жетеді. Көктемгі жайылым отының барлық түрінің құрамындағы азотсыз экстрактивті заттар мөлшері 12-15% аспайды. Себебі бұл кезде олардың құрамында азотты заттар жеткілікті болады. Жайылым оты пісуіне байланысты олардың мөлшері де молайып, 30-40% дейін жетеді.

Шөл жайылымдары отының құрамындағы күлді элементтер мөлшері 5,9- 6,5% шамасында болса, таза эфемерлі өсімдіктерден тұратын шөл жайылымдары отының құрамында небәрі 1,6% мөлшерінде болатынын ескеріп, мұндай жайылымдардағы малдарға қосымша минералды заттар қажет екенін ескерте кету керек.

Мал азықтандыру тәжірибесінде пайдалануға тиімді болу үшін түрлі жайылым кластары мен типтері отының жыл мезгілдеріндегі химиялық құрамы мен қоректілік құндылығы табиғи ылғалдылықта келтіріледі (5-кесте).

Көктем мезгілінде жайылым кластары мен типтеріне байланысты табиғи ылғалдылықтағы 1 кг жайылым отының қоректілігі 0,29-0,38 кг малазық бірлігі, 3,20-4,61 МДж АЭ және 37-53 кг қорытылатын протеин мөлшерінде болады.

Жалпы, энергетикалық және протеиндік қоректілігі бойынша шөл аймағы жайылымдарында көп кездесетін жазықтағы саздақ топырақты жайылымдар класына жататын жусанды-қараотты-түрлішөпті жайылым оты жылдың барлық маусымдарында да басқаларға қарағанда жоғары болатыны анықталды. Бұл жайылым түрлерін жыл бойы пайдалануға болатындықтан барлық маусымдарда да тұрақты жоғары жалпы (0,37-ден 0,44 малазық бірлігіне дейін), энергетикалық (4,22-ден 4,96 МДж АЭ дейін) және протеиндік (26-дан 66 г дейін қорытылатын протеин) қоректілік құндылығымен ерекшеленеді. Сондықтан көрсетілген жайылым оттары басқалармен салыстырғанда 1 кг кұрғақ зат кұрамындағы алмасу энергиясы мен ондағы қорытылатын протеин мөлшері бойынша да біршама жоғары болатынын көруге болады.

Жайылым кластары мен типтеріне байланыссыз 1 кг құрғақ зат кұрамындағы алмасу энергиясы көктемнен қысқа дейін азайып (10-нан 5 МДж дейін), орта есеппен екі есе төмендейтіндігі анықталды.

Табиғи ауа райы орташа шаруашылық жылдарында түрлі шөл жайылымдары кластарының малазықтық өнімділігін, олардың құрамы мен коректілігін зерттеу нәтижелері жайылым оттарындағы қоректік заттар мөлшері мен малазықтық сыйымдылығын анықтауға мүмкіндік береді (7- кесте). Шөл жайылымдарының қазіргі классификациясына сәйкес негізгі жайылым кластары малазықтық отының жыл маусымдары бойынша мал пайдаланатын өндірістік өнімділігі көктемнің соңына қарай гектарына 3-3-8 ц құрғақ азық мөлшерінде болса, жаз, күз, және қыс маусымдарында жайылым отының ботаникалық құрамына сәйкес жайылым отының өнімділігі едәуір төмендейді.

Мал нақты пайдаланатын жайылым отының ең мол өнімділігі (гектарына 3,62-3,78 ц құрғақ азық) тау етегіндегі нағыз ұшпатүршөпті эфемерлі жайылым түрлерінде болатыны анықталды.

 

5-кесте. Шөл жайылымдары әртүрлі кластары табиғи жайылым оттарының жыл маусымдарындағы қоректілік құндылығы (табиғи ылғалдылықта)

Шөл жайылымдарының кластары мен типтері

Жыл маусым-

дары

1 кг жайылым отындағы

1 кг құрғақ заттағы АЭ, МДж

МДж АЭ қорыты- латын протеин,, г

азық бірлігі, кг

алмасу энергиясы,

МДж

қорытылатын протеин, г

құрғақ заттар, г

«шикі» протеин, г

«шикі» май

«шикі» клетчатка

АЭЗ, г

күл, г

каротин, мг

I. Шағыл топырақты

жал-бұйратты

құмдағы шөл жайылымдары

көктем

0,29

3,20

37

353

62

6

78

148

59

29

9,06

11,56

жаз

0,37

4,15

44

685

79

29

201

315

61

23

6,06

10,60

күз

0,36

4,51

34

797

65

22

230

435

45

9

5,66

7,54

қыс

0,28

4,42

24

789

49

18

349

336

34

5

5,62

5,43

II.          Жазықтағы

сұрқай қоңыр

топырақты гипстелген (тастақ) шөл жайылымдары

көктем

0,35

4,25

49

383

81

13

82

145

62

31

11,10

11,53

жаз

0,39

4,42

54

656

103

20

179

320

34

24

6,74

14,48

күз

0,37

4,56

43

675

100

34

232

270

39

7

6,75

12,28

қыс

0,32

4,15

25

703

51

16

285

329

22

3

5,90

6,02

Ш. Жазықтағы

тақыр-тектес

топырақты  саздақ

шөл жайылымдары

көктем

0,38

4,61

49

392

82

15

83

147

65

32

11,76

10,63

жаз

0,44

4,96

66

643

106

21

175

302

39

27

7,71

13,30

күз

0,38

4,86

58

687

103

35

222

279

48

8

7,07

11,93

қыс

0,37

4,22

26

664

52

17

273

295

27

3

6,35

6,16

ІҮ. Тау бөктеріндегі

сұрғылт топырақты

шөл жайылымдары

көктем

0,33

3,44

53

313

89

20

68

120

16

28

10,99

15,40

жаз

0,33

4,08

48

672

77

23

232

293

47

25

6,07

11,76

күз

0,30

4,25

29

733

52

20

241

392

28

6

5,80

6,82

қыс

0,24

3,15

15

647

30

10

216

371

20

-

4,87

4,76

 

6-кесте. Жайылым кластары отының жыл маусымдарындағы пайдаланылатын малазыктық өнімділігі, қоректік заттар шығымы мен азықтық сыйымдылығы

Шөл

жайылымдарының кластары мен типтері

Жыл маусым

дары

Жайылым отының пай- даланылатын өнімділігі, га/ц құрғақ азық

1 га түсетін қоректік заттар

Малазық сыйымдылығы, га/бас

азық бірлігі, кг

қорыты- латын протеин, кг

алмасу энергия- сы, МДж

I. Шағыл топырақты жал-бұйратты құмдағы шөл

жайылымдары

көктем

3,34

96,0

12,3

1068.8

1,85

жаз

2,46

91,0

10,8

1020,9

1,36

күз

2,20

79,2

7,5

992,2

1,22

қыс

1,64

45,9

3,9

724,9

0,91

Орташа жылдық

2,41

78,0

8.6

951,7

1,34

II. Жазықтағы

сұрқай       қоңыр

топырақты гипстелген (тастақ) шөл жайылымдары

көктем

2,90

101,5

14,2

1232,5

1,61

жаз

2,84

110,7

15,3

1255,3

1,57

күз

2,72

100,6

Н,7

1240,3

1,51

қыс

1,80

57,6

4,5

747,0

1,0

Орташа жылдық

2,56

92,6

11,4

1118,8

1,12

ІІІ. Жазықтағы тақыр-тектес топырақты саздақ шөл жайылымдары

көктем

3,46

131,5

16,9

1595,0

1,92

жаз

3,39

149,2

22,4

1681,4

1,88

күз

3,14

119,3

18,2

1526,0

1,74

қыс

1,88

69,5

4,9

793,4

1,04

Орташа жылдық

2,97

117,4

15,6

1399,0

1,64

ІҮ. Тау бөктеріндегі сұрғылт топырақты шөл

жайылымдары

көктем

3,78

124,7

20,0

1300,3

2,10

жаз

3,62

119,5

17,4

1476,9

2,01

күз

2,79

83,7

8,0

1185,7

1,55

қыс

0,72

65,5

1,0

226,8

0.40

Орташа жылдық

2,73

98,3

11,6

1074,4

1,42

 

Көктем мен жаз маусымының басында көрсетілген жайылымдардың әр гектарынан 125 ц азық бірлігі, 20 кг қорытылатын протеин, 1300 МДж аса айналу энергиясы мөлшерінде қоректік заттар алынатын болса, олардың маусымдық малазықтық сыйымдылығы гектарына екі бас қойдан жоғары болатынын көруге болады.

Дегенмен мұндай таза көктемгі жайылымдардың пайдалы өнімділігі қысқа қарай күрт төмендеп (0,72 га/ц құрғақ азық) гектарына 0,40 бас қой немесе әрбір бас уақ мал үшін орта есеппен 2,5 га жайылымдық жер қажет болатынын ескеру қажет.

Жал-бұйратты құм жайылымдары класының малазықтық өнімділігі де қыс маусымында біршама төмендеп, сәйкесінше олардың мал сыйымдылығы да әр гектарына 0,91 басқа дейін төмендеп, бір бас қойға бір гектардан аса құм жайылымы қажет болатынын анықтау қиын емес.

Негізінен жайылымдар отының малазықтық-ботаникалық құрамы жылдың барлық маусымдарында да тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін жазықтағы сұрқай қоңыр топырақты гипстелген (тастақ) және тақыртектес саздақ топырақты шөл жайылымдары кластары малазықтық оттарының пайдаланылатын өнімдері жыл маусымдары бойынша айтарлықтай өзгермейтіндіктен, жайылымдық жерлердің әр гектарынан шығатын қоректік заттар мөлшері де, сәйкесінше малазықтық сыйымдылығы да салыстырмалы түрде бірқалыпты сақталатыны анықталды.

Көрсетілген жайылым кластары алғашқысының орташа маусымдық малазықтық сыйымдылығы гектарына 1,42 бас, кейінгісі 1,64 бас қой болса, осындай жайылымдар көп жағдайда жыл бойы пайдаланған жағдайда олардың малазықтық сыйымдылығы әлдеқайда төмендеп, гектарына сәйкесінше 0,35 және 0,40 бас шамасында ғана немесе әр бас қой үшін 2,85 және 2,50 га жайылымдық жер қажет болатынын ескеру қажет.

Жайылымды дұрыс пайдаланудың басты ережесі - онда жайылатын мал басының жайылымның малазықтық өнімділігіне толық сәйкес болуы.

Жайылым түрлерінің малазықтық сыйымдылығы оның мал пайдаланатын өнімділігі, отының қоректілік құндылығы, мал азықтандыру нормасы мен жайылым мерзімінің ұзақтығы көрсеткіштерінің негізінде анықталып, мал басының саны түрінде көрсетіледі.

1 га жайылымның тиімді малазықтық сыйымдылығын жеңілдетілген формула бойынша анықтайды:

Б = q / Н × К, мұндағы

Б - 1 га жайылымда тиімді бағуға болатын қой басының саны;

q - 1 га жайылымның қой пайдаланатын кұрғақ отының өнімділігі (кг);

Н - бір бас қойдың тәулігінде пайдаланатын құрғақ жайылым отының нормасы (кг);

К - жайылым пайдалану мерзімінің ұзақтығы, күн

Мысалы: Шағыл топырақты жалды-бұйратты құмдағы шөл жайылымдары класына жататын ақ сексеуілді-раңды-түршөпті жайылым типінің көктем маусымындағы мал пайдаланатын өнімділігі гектарына 3,34 ц құрғақ от мөлшерінде екені анықталған. Қой тәулігіне пайдаланатын құрғақ жайылым отының нормасы 2 кг шамасында болатыны белгілі.

Көктемгі маусымның ұзақтығы орта есеппен 90 күн деп есептегенде көрсетілген жайылым типінің малазықтық сыйымдылығы:

Б = 334 / 2 × 90 = 334 / 180 = 1,85 бас 3 ай бойы жайылса, осы жайылымның бір тәуліктік малазықтық сыйымдылығы 167 (334:2=167). Егер жайылым жыл бойы пайдаланатын болса оның малазықтық сыйымдылығы төмендеп небәрі 0,46 бас (334: (2 х 365) қой мөлшерінде ғана болатынын анықтауға болады.

 

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.2. Оңтүстік Қазақстанда сапасы әртүрлі класты пішен, пішендеме және сүрлемнің дайындау технологиясы мен сақтау жағдайына байланысты қоректілік құндылығы

Мал азығының сапасын анықтау малдарда толыққұнды аяқтандыруды ұйымдастыру, оларға тиімді рацион құрау арқылы өнімділігін арттыру үшін қажет.

Қазіргі уақытта бұрын жұмыс істеген агрохимиялық қызмет көрсететін ұйымдардың тарқап кетуіне байланысты өндірілетін жемшөптің құрамы мен коректілігі туралы мәлімет болмағандықтан қолда бар мал азығы тиімсіз пайдаланылып, қажетті мөлшерін анықтау мүмкін болмай қалды.

Жемшөп сапасының жоғары болғаны малға қажетті азық мөлшерін нормалап, олардан мол өнім алудың негізі екені белгілі.

Дүние жүзіне белгілі ғалым М.Ф.Иванов «Азықтар мен азықтандыру дәрежесі мал ағзасының сыртқы және ішкі құрылысына, оның өнімділігіне өте зор әсер етеді. Мал азығы мен азықтандыру мал организміне олардың шыққан ата-тегінен де анағұрлым күшті әсер етеді» деп жазған.

Мал азығының қоректілігі олардың түріне, өсірілу жағдайына, өсу фазасына, ору мерзімі мен дайындау технологиясы сияқты көптеген факторларға байланысты. Мал азығының желінуі, қорытылуы, зат алмасуы олардың сапасына тікелей байланысты және одан мал өнімділігі мен сапасы байланысты болатыны белгілі.

«Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын бағалау лабораториясында республиканың оңтүстік аймақтарында өндірілген әр түрлі мал азықтарының сапасына байланысты құрамы мен коректілігі анықталды.

Лабораториялық талдау жасау үшін жеткізілген малазық түрлері Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам, Төлеби, Түлкібас, Ордабасы, Қазығүрт аудандарының шаруашылықтарынан алынған. Жасалынған химиялық талдаулар жалпы қабылданған әдістемелермен жүргізілді.

Мал азығы түрлерінің сынамалары да методикаға сәйкес алынды.

  1. кестеде алынған пішен, пішендеме және жүгері сүрлемдерінің кластық сапасына байланысты қоректігін қүндылығы келтірілген.

7-кесте. Мал азығының кластық сапасына байланысты қоректілігі (1 кг)

Мал азығының сапалық кластары

Жоңышқа пішені

Пішендеме (бүршақ тектес шөп қосындысы)

Жүгері сүрлемі

азық бірлігі, кг

қорыты- латын протеин, г

азық бірлігі, кг

қорыты- латын протеин, г

азық бірлігі, кг

қорыты- латын протеин, г

I

0,54

64

0,39

47

0,20

24

II

0,48

43

0,33

29

0,17

15

III

0,42

25

0,27

16

0,15

9

кластан

0,30

25

0,25

16

0,15

9

тыс

төмен

төмен

төмен

төмен

төмен

төмен

 

 

Келтірілген лабораториялық талдаулар нәтижелері  көптеген шаруашылықтардан әкелінген сынамалардың орташа көрсеткіштері өте үлкен мөлшерде өзгеріп тұратынын көрсетті.

Кестеде көрсетілгендей сапасы жоғары I класты мал азығы мен III класты азықтар арасындағы айырмашылық өте зор.

Мысалы, 1 ц бірінші класты жоңышқа пішенінің жалпы қоректілігі 54 азық бірлігіне, ал үшінші класты осындай пішеннің қоректілігі небәрі 42 азық бірлігіне тең екенін көруге болады. Бүдан 100 кг үшінші класты жоңышқа пішенімен азықтандырғанда 35 кг сүт өндіруге болатын болса (норматив бойынша 1 кг сүт өндіруге 1,2 азық бірлігі қажет), мөлшері сондай сапасы бірінші класты жоңышқа пішенімен азықтандырғанда сиырдан 45 кг сүт өндірілетінін есептеу қиын емес (54:1,2=45), немесе алғашқыға қарағанда 10 кг артық сүт алынады.

1 кг пішен, пішендеме және жүгері сүрлемдеріндегі қорытылатын протеин мөлшері де азық сапасына байланысты екенін көруге болады. Мысалы, 1 кг бірінші класты пішендеме қүрамында 47 кг қорытылатын протеин болса, үшінші класты пішендемеде (астық және бұршақ тектес азықтар құрамасы) бұл көрсеткіш небәрі 16 г, немесе 66% төмен. Мал азығының жалпы және қорытылатын протеин мөлшері жөнінен екінші класты мал азықтары орта деңгейде болған.

Жүргізілген лабораториялық талдаулар Оңтүстік Қазақстан мал азықтарының, әсіресе жоңышқа пішенінің қоректілігі бойынша Ресей Федерациясы жағдайында алынган К.М.Солнцевтің мәліметтерінен (1982) біршама жоғары болғанын ескерте кеткен жөн.

8-кесте. К.М.Солнцев мәліметі бойынша мал азығы түрлерінің орташа көрсеткіштері

Мал азығының сапалық кластары

Пішен

Пішендеме

Сүрлем

азық бірлігі, кг

қорыты- латын протеин, г

азық бірлігі, кг

қорыты- латын протеин, г

азық бірлігі кг

қорыты- латын протеин, г

I

0,47

42,5

0,32

34

0,18

15

II

0,42

37,8

0,29

30,9

0,16

13,4

III

0,30

32,7

0,25

26,9

0,13

10,8

кластан

тыс

0,28

25,5

0,20

21,4

0,09

7,5

 

Пішеннің, пішендеменің және сүрлемнің 1 кластылары Қазақстанның оңтүстігі жағдайында жалпы қоректілігі бойынша Ресей Федерациясы мал азығы түрлеріне қарағанда сәйкесінше 0,07; 0,07 және 0,02 мал азығы бірлігіне, немесе 14,9; 21,9 және 11,1, ал қорытылатын протеин мөлшері бойынша 21,5; 13 және 4 г, немесе 50,6; 39,2 және 26,7% жоғары болғанын көруге болады.

Дайындалған пішеннің қоректілік құндылығы тек қана шөп сапасына ғана емес, оны ору мерзіміне де көп байланысты. Бұршақ тәріздес өсімдіктерді орудың ең қолайлы да тиімді мезгілі дән байлау фазасы - гүлдеуінің алды, астық түқымдас өсімдіктерді ору масақтану - гүлдеудің алды екені анықталған.

Пішен дайындаудың көрсетілген мерзімдерінен кешіккен жағдайда азықтың қажетті қоректік заттарының қорытылуы күрт төмендейді. Мысалы, дән байлау фазасында орын дайындалған бүршақ және астық тұқымдас өсімдіктердің 1 кг пішеннің құрамында 150 г протеин, 270 г клетчатка болса, гүлдеуінің соңында 90 және 360 г құрап, қоректілік құндылығы көп төмендегенін көруге болады.

Сондықтан орылатын шөп түрлеріне байланысты шабындықтағы шөп ору мерзімін дер кезінде бастап, 8-10 күннен кешіктірмей пішен оруды аяқтаған жөн. Сондай-ақ орылған пішен көп жатып, қурап, құнды бөліктері (гүлдері, жапырақтары) төгілмей тұрғанда жинап алудың маңызы зор.

Жиналған пішеннің ылға лдылығы 18%-дан жоғары болмауы керек.

Оңтүстік Қазақстан мал азығы ресурстарының биологиялық толыққұндылығы

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді молайтып, оларды қоректік заттармен қажетті мөлшерде қамтамасыз ету үшін азық құрамындағы протеиннің биологиялық толық құндылығын анықтауды қажет етеді. Мал азықтарының құрамындағы протеиннің және оның аминқышқылдық мөлшері өсімдіктің түріне, өсу мерзіміне (фазасына), өскен ортасының топырақ ауа-райы жағдайларына, дайындау технологиясына, сақтау жаағдайларына байланысты болады. Мысалы, екпе дақылдар мен табиғи шөптердің протеиндік, амин қышқылдық көрсеткіштері өзгеше болатыны анықталды.

Протеин құрамындағы амин қышқылдарының ең көп мөлшері жоңышқа, эспарцет, жайылым отында, астық тұқымдас өсімдіктерден қара бидай, сұлы, еркекшөп көгінде мол болатыны анықталды. Жайылым оты мен эспарцет протеині гистидинге бай екенін көруге болады. Сондай-ақ көрсетілген азық түрлерінде лизин мол екені анықталды.

Жүгері протеиннің құрамында аргинин мол. Жайылым оты, сұлы, бұршақ, эспарцет, жоңышқа протеині треонинге бай.

Сұлы, жайылым көк шөбі, жоңышқада изолейцин мен лейциннің мол болатыны анықталды. Жүгері сүрлемінде протеиннің аз болатыны белгілі. Сондықтан оны байыту үшін жақсы сүрленетін шөп түрлерімен қоса сүрлеген жөн.

Мал азығы қүрамындағы протеиннің мөлшері мен сапасын сақтау үшін пішендеме (сенаж) дайындаған дұрыс. Егер пішен дайындағанда оның шөп құрамындағы қоректік заттардың 30-35%-на дейін төмендесе, пішендемеде бұл көрсеткіш небәрі 13-17%-дан аспайды.

Мал азығы түрлерінің ішінде протеинге байы астық және бұршақ тұқымдастар дәні болып есептеледі. Дегенмен протеин сапасы жөнінен олар көк шөпке жетпейді. Мысалы, сұлы мен бұршақ протеині құрамында көк шөпке қарағанда треонин, валин, метионин, изолейцин, лейцин, фенилалалин мөлшері аз. Көптеген мал рациондарын амин қышқылдарымен байыту үшін жмых және шрот қолданылады.

Саны және сапасы бойынша протеинге жануар тектес азықтар бай екені белгілі өсіп келе жатқан төл үшін сүт құрамының амин қышқылдық мөлшері ең тиімді деп есептеледі

 

9-кесте. Мал азығының амин қышқылдық құрамы (табиғи ылғалдылықта, г/кг есебімен)

 

Мал азығы

Өсу фазалары

Амин қышқылдары

Шикі прротеин

Лизин

Гистидин

Аргинин

Аспарагин қышқылы

Треонин

Серин

Глютамин қышқылы

Пролин

Глицин

Аланин

Валин

Метионин

Изолейцин

Лейцин

Тирозин

Фениланин

Мал азығы

өркендеу

3,67

0,47

0,48

0,80

1,38

1,25

0,32

0,65

0,31

0,35

0,22

0,41

0,38

1,10

0,28

1,15

1,77

бутондау

6,54

3,80

2,60

4,50

7,40

2,60

4,50

5,85

2,17

2,10

1,20

1,60

1,75

1,10

1,05

0,90

1,90

гүлдеу

5,50

2,69

6,28

3,34

3,35

1,69

3,42

2,52

1,11

1,10

1,95

2,16

4,30

1,09

1,74

0,83

3,40

дән байлау

2,87

1,18

2,57

0,66

1,53

1,09

0,89

0,80

1,61

0,56

0,52

1,35

1,53

0,68

0,95

0,98

1,53

Күйреуік

өсудің басы

2,27

1,27

0,30

0,51

2,36

0,47

1.14

1,74

0,74

0,58

0,57

1,03

0,30

0,56

0,94

0,57

0,63

бұтақтау

3,11

1,29

0,40

0,55

3,36

1,16

1,16

2,27

0,77

0,68

0,67

1,28

0,82

0,68

1,97

0,71

0,63

бутондау

5,85

2,97

0,40

1,69

5,57

2,54

2,18

4,21

1,79

2,46

1,84

3,40

5,79

1,79

2,85

1,28

1,41

дән байлаубасы

4,84

2,81

0,50

1,43

5,18

2,12

2,17

3,53

1,60

2,14

1,55

3,20

5,68

1,49

2,53

1,04

1.39

құрғақ дәндері

2,95

2,37

0,59

1,26

3,83

1,85

1,99

3,19

1,56

0,11

1,00

1,84

0,49

0,93

1,55

0,95

1,22

Ебелек

өсу фазасы

4,75

1,74

0,78

1,24

4,07

1,13

1,55

3,56

1,28

1,38

1,13

1,21

0,48

1,14

1,83

0.72

1,01

бутондау

7.88

2,59

0,96

1,34

4,39

1,29

1,69

3,28

1,06

1,54

1,46

2,79

0,61

1,41

2,82

1,17

1,16

гүлдеу

6,67

1,88

0,87

1,26

3,83

1,73

1,09

3,02

0,94

1,43

1,28

2,39

0,31

1,09

2,47

0,95

1,08

құрғақ өсімдіктер

3,65

0,87

0,65

0,76

2,46

0,93

0,77

2,31

0,78

1,15

0,88

1,46

0,19

0,76

1,08

0,63

0.84

 

өркендеу

6,9

2,01

1,72

1,21

4,51

1,70

2,10

3,41

1,01

1,17

1,36

4,15

0,67

1,12

2,25

1,0

1,31

Теріскен

бутондау

7,4

3,46

1,41

1,19

5,66

2,19

2,46

5,85

1,19

1,93

1,16

5,11

0,78

1,44

2,79

1,13

1,51

дән байлау басы

3,91

3,04

1,37

1,14

4,33

1,85

2,12

3,27

1,53

1,18

1,06

2,73

0,21

1,27

2,10

1,04

1,17

Изен

өсудің басы

4,27

4,08

1,59

1,88

5,76

2,33

2,57

4,33

2,12

2,0

1,79

2,94

0,57

1,88

3,10

1,43

16,1

5

бұтақтау

5,48

3,35

0,83

1,41

6,54

2,68

3,16

4,90

2,05

1,61

1,58

2,85

0,83

1,55

2,60

1,58

1,75

гүлдеу

9,67

4,53

0,83

2,41

4,71

3,17

2,83

7,33

3,76

2,92

2,87

5,26

1,12

2,80

4,63

2,21

2,47

дән байлау басы

6,92

1,74

1,52

3,00

2,83

2,88

2,07

7,86

1,93

2,08

3,90

3,78

0,84

1,81

2,37

1,65

1,67

Жусан- қараот- түршөпті жайылым оты

мамыр

7,49

2,64

0,26

1,95

4,40

2,33

1,35

4,63

0,94

1,03

1,01

2,19

1,46

1,08

3,25

0,95

1,27

маусым

6,81

1,28

1,58

1,34

4,09

1,45

1,09

5,56

1,28

1,24

1,28

2,59

1,64

1,40

2,67

0,89

1,20

шілде

4,75

3,7

1,60

0.76

2,06

1,29

1,05

3,22

1,00

1,18

1,13

1,20

0,98

1.10

1,90

0,62

1,00

қыркүйек

3,85

0,72

1,06

0,59

1,45

0,98

0,85

1,78

0,92

1,00

1,81

0,87

1,61

0,69

0,93

0,53

0,83

Түршөпті- бұршақ және астықтұқым -дастар жайылым оты

түптену

14,15

5,17

1,89

3,75

5,23

2,63

2,75

7,86

2,47

4,06

5,28

4,70

1,64

4,81

4,15

3,05

2,70

түтіктену- бутондау

17,24

4,75

2,87

4,50

7,59

3,46

3,39

9,15

8,21

2,84

3,53

4,85

1,55

4,93

4,61

3,92

3,57

масақтану, гүлдеу соңы

8,34

3,23

1.59

2,99

5,44

2.40

2,45

6,66

2,32

2,02

3,21

3,54

0,98

3,96

3,47

3,07

2,48

кұрғақ өсімдіктер

5,31

1,82

0,91

2,50

3,96

1,50

2,10

4,39

1,96

1,81

2,90

2,41

0,42

2,85

2,35

2,69

1.86

Жүгері

шашақтану

6,1

0,3

0,4

1,3

0,7

0,4

0,4

1,3

0,5

0,6

0,7

0,7

0,5

0,4

0,8

0,4

2,3

Қара бидай

гүлдеу

10,7

2,7

0,8

2,2

4.6

1,8

2,1

6,5

2,1

2,6

3,4

2,5

0,9

2,1

3,2

1,0

2,2

Сұлы

масақтану

9,4

1,6

0,6

1,4

4,9

2.0

1,9

5,7

1.8

2,2

2,7

1.8

0,6

1,9

4,5

1,2

2,0

Еркекшөп

масақтану алды

7,8

1,9

0,8

1,6

4,0

1,1

1,1

4,9

2,7

1,1

1,8

1,4

0,7

1,3

1,9

0,9

1,0

Күнбағыс

гүлдеу алды

6,4

0,6

0,7

1,9

1,8

1,0

0,9

3,3

1,5

1,1

1,2

0,7

0,2

0,6

1,9

1,3

1,1

Жоңыршка

бутондау

9,94

2,0

0,6

1,9

9,5

1,9

2,2

4,6

2,5

1,7

2,8

1,5

0,6

1,5

3,9

1,6

2,9

Бұршақ

қамырлану

12,2

2,0

0,9

1,6

5,4

2,9

2,4

6,1

2,1

2,9

3,3

2,3

0,7

2,2

5,4

1,6

2,4

Қамыс

масақтану

6,8

1,2

0,8

0,9

2,8

1,1

1,2

4,7

2,2

1,8

1,6

1,9

0,4

0,8

1,4

1,3

0,9

Жоңыршқа пішені

бутондау

12,4

3,1

1,1

1,6

6,1

2,1

2,3

5,7

5,3

1,1

1,6

2,4

2,2

1,4

3,5

1,3

2,0

гүлдеу алды

13,0

3,3

1,2

1,6

6,4

2,5

2,3

5,7

5,3

1,2

1,7

2,6

2,3

1,5

3,7

1,4

2,1

Эспарцет пішені

гүлдеу

8,87

3,7

2,2

2,4

6,8

4,9

1,8

8,5

1,8

4,1

3,1

4,3

2,4

1,0

3,2

3,7

3,4

Жүгері сүрлемі

сүттену- қамырлану

2,43

0,3

1,3

0,8

1,5

1,0

1,6

1,4

1,0

1,1

2,0

1,6

0,2

1,1

1,2

1,5

0,8

Жүгері құрғақ сабағы сүрлемі

собығы жиналғаннан кейін

1,68

0,2

0,5

0,4

1,1

0,9

1,0

1,3

0,6

0,7

1,1

0,7

0,2

0,4

1,0

0,5

4,8

Жүгері- күнбағыс сүрлемі

сүтену- қамырлану

2,65

0,4

0,8

0,9

1,8

0,8

0,5

2,9

0,8

1,4

0,5

0,8

0,4

0,2

1,2

1,1

0,5

Жүгері- қамыс сүрлемі

гүлдену алды

2,48

1,04

0,87

0,94

3,17

0,67

2,46

1,53

0,84

0,82

0,96

1,9

0,24

1,45

1,17

0,98

1,12

Жүгері сүрлемі

гүлдеу

2,1

0,7

0,3

0,5

0,7

0,3

0,4

1,3

1,9

0,8

1,5

0,9

0,2

0,7

1,1

0,2

06

Жүгері сүрлемі

собығының сүттенуі

2,0

0,7

0,4

1,0

1,0

0,6

0,5

1,6

1,4

0,7

1,4

1,1

0,1

0,7

1,4

0,4

0,4

Сұлы пішеңдемесі

масақтану

4,4

2,6

0,8

0,7

4,0

2,1

1,8

7,2

3,1

2,6

4,5

2,5

0,8

2,4

1,3

1,6

2,1

Арпа пішендемесі

сүтену- қамырлану

5,4

1,8

0,7

1,2

2,0

1,5

1,2

3,7

1,6

1,7

11,8

3,1

1,8

1,8

4,9

1,3

1,8 1

Жоңышқа пішендемесі

гүлдеу алды

7,30

2,2

0,8

0,6

2,4

1,6

1,0

2,6

2,5

0,6

1,0

2,0

1,6

1,1

2,6

1,0

1,9

Сұлы дәні

-

10,1

3,4

2,1

3,1

7,2

3,2

3,7

20,6

4,1

2,5

2,3

1,6

1,3

1,5

5,1

1,9

2,8

Арпа дәні

-

12,6

6,1

4,9

3,7

4,8

3,2

3,7

34,1

15,2

4,5

3,4

2,7

1,5

2,6

7,5

2,6

4,6

Бидай дәні

-

14,6

6,2

5,3

5,1

11,2

7,0

8,8

8,7

10,9

7,8

8,4

11,1

2,8

7,6

18,9

5,4

8,4

Бұршақ дәні

-

22,2

14,1

4,4

17,4

21,2

6,9

9,1

31,1

5,3

8,2

8,2

9,1

2,0

8,9

13,3

8,9

8,8

Дәңдер қоспасы

арпа 60%, сұлы 20%, бидай 20%

12,0

6,1

4,4

2,6

7,0

3,5

4,4

27,0

12,2

3,5

3,5

6,1

1,7

3,5

7,8

3,5

7,0

Дәңдер қоспасы

арпа 50%, сұлы 50%

11,3

3,9

2,1

5,8

7,7

3,2

4,4

19,2

7,6

4,6

4,8

5,2

1,6

4,4

6,9

3,0

5,1

Күнбағыс

-

32,3

15,4

8,8

20,5

27,4

9,6

12,8

85,2

15,1

15,8

11,7

8,5

5,0

9,0

24,4

8,2

13,6

Гидролиз

ашытқысы

-

38,0

26,6

9,2

25,6

29,3

18,3

14,7

46,7

18,3

10,1

18,3

20,1

4,6

15,6

26,6

12,8

21,1

Арпа жармышы

-

9,15

3,5

4,3

2,6

2,7

2,9

7,0

7,7

4,4

1,1

1,6

4,8

3,0

3,5

5,7

2,6

3,1

Сиыр сүті орташа

-

3,0

2,5

0,6

0,9

3,2

1,3

1,3

8,6

2,3

0,7

1,1

2,3

0,9

1,7

3,2

1,4

1,8

Сиыр сүті

майы алынған орташа

3,2

2,6

0,6

1,0

3,3

1,4

1,9

9,0

1,6

0,8

1,2

2,4

1,0

1,8

3,3

1,5

1,9

Көк сүт

(обрат)

2,4

2,02

0,49

0,75

2,55

1,1

1,4

6,8

0,93

0,58

0,89

1,82

0,73

1,3

2,5

1,1

1,4

Ет-сүт ұны

-

33,4

39,4

14,1

12,1

35,7

17,5

19,5

13,6

9,2

14,8

42,3

7,8

8,0

5,3

7,7

9,9

10,0

 

ІІІ. ПРАКТИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

3.1. Оңтүстік Қазақстанның негізгі мал азықтары және оларды дайындау әдістері

Оңтүстік Қазақстанның мал шаруашылығы үшін азық базасының негізін табиғи шабындықтар мен жайылымдықтар құрайды.

Жайылымдықтардың аумағы 9223,1 млн гектарға жуық жерді қамтиды және оған төмендегі табиғи аймақтар жатады:

  • далалық және куаң далалық аймақ. Мұнда өсетін негізгі өсімдіктер бетеге, бетеге боз, жалпақ дәнді еркек шөп;
  • шөлейт аймақ. Мұнда негізінен жусанды-сортанды өсімдіктер өседі. Негізгі өсімдіктері - тырса, майқара жусан;
  • шөл аймақ. Негізінен жусан және жартылай бұталы өсімдіктер өседі. Әсіресе изен, теріскен, ақ жусан, қара жусан, күйреуік сияқты жайылым оттары бағалы болып саналады;
  • тау бөктері мен таулы аймақ шөбінің әр түрлілігімен ерекшеленеді. Бұл аймақтың шөбі шалғынды, шүйгінді келеді.

Негізгі мал азықтары. Негізінде мал азығына жануарларды қоректік заттармен қамтамасыз ететін, олардың тіршілігі мен өнім сапасына зиянсыз өсімдіктер мен жануар тектес азықтар, түрлі химиялық, микробиологиялық және минералдық қосындылар жатады.

Өсімдік тектес азықтар. Өсімдік тектес азықтар физикалық қасиеттері мен құрамындағы қоректік заттардың мөлшеріне байланысты көлемді және аумақты топтарға бөлінеді.

Көлемді азықтар. Көлемді азықтарға 1 кг құрғақ затында қорытылатын қоректік заттар 0,5 килограмнан аз шоғырланған, құрамында ылғалдылығы мен клетчаткасы мол азықтар жатады. Олардың 1 кг құрғақ затының қоректілігі 0,65 азық өлшемінен немесе 7,1 МДж-ден аспайды. Соған қарамастан, шаруашылықтардың азық қорының негізін құрайды.

Ылғалды (шырынды) және сулы азықтардың құрамында ең кем дегенде 40 пайыз ылғал болу керек. Оларға көк балауса, тамыр-түйнек жемістері, сүрлем, пішендеме, т.б. көк азықтар кіреді.

Сулы азықтарға техникалык өндіріс (крахмал, спирт және қант, май қалдықтары, жем, шрот) қалдыктары жатады.

Клетчаткасы мол азықтарға өсімдіктің құрғақ затында клетчаткасының мөлшері 19 пайыздан асатындар жатады. Оларға пішеннің және сабанның барлық түрлері және кырман калдыктары (топан, дән қабығы және олардың ұшындысы) жатады.

Көк азық. Ылғалды малазығының ең үлкен тобы - көк азық немесе балауса азық.

Балауса азыққа табиғи шалғындар мен жайылымдықтардың шөптері, сондай-ақ екпе дақылдар шөптері жатады.

Көк шөп мал үшін арзан және жұғымды азық болып табылады. Құрамында мал тіршілігіне қажетті барлық дерлік қоректік заттар бар. Олар жеңіл қорытылып, жақсы сіңіріледі. Мал шаруашылығының азықтық қорында үлкен орын (25 пайыздан астам) алады. Біздің облысымызда мұндай көк шөпті жайылымға малды 9-10 ай бойы жайып бағады.

Бұл азықтың кұрамында 20-25 пайыз шикі протеин болады. Ол (протеин) мал организмінде өте жоғары биологиялық жұғымдылылымен ерекшеленеді және оның құрамында алмастыруға болмайтын барлық амин қышқылдары бар. Құраған шөптің құрамында протеиннен басқа 10-15 пайыздай клетчаткалар, 4-5 пайыз май, 30-35 пайыз азотсыз экстрактивті заттар және 9-11 пайыз күл болады.

Көк шөптің құрғақ затының органикалық қосылыстары 70 пайыз, оның ішінде протеині 50 пайызға дейін қорытылады.

Көк азықтың коректілігі өсімдік түріне, өсу кезеңіне, ауа райына, агротехникалық шараларға, шабу мезгіліне, малға беру жағдайына т.б. факторларға байланысты келеді. Жайылымдағы табиғи өсімдіктер түрі мол болса, ол отты да сапалы болады. Осындай құнарлы және арзан азықпен мал басын мүмкіндігінше толық қамтамасыз ету үшін ұзақ мерзімді жасыл конвейер ұйымдастырған тиімді. Түрлі агротехникалық және зоотехникалык шаралар жолымен малды ерте көктемнен күздің соңына дейін көк азықтармен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.

Оңтүстік Қазақстан жағдайында көк конвейерді келесі жолдармен ұйымдастырып, малды сәуір айынан бастап, қазан айына дейін көк балаусамен азықтандыруға болады:

  1. Көктемде малды егістіктегі дәнді (қара бидай, арпа т.б.) дақылдармен, табиғи және себілген көп жылдық шөптермен азықтандырып (бірінші жаю), олардан пішендеме немесе сүрлем дайындалады.
  2. Жаздың бірінші жартысында - табиғи жайылым және көп жылдық шөптер (бірінші жаю), жаздық астық тұқымдастар, райграс және олардың бұршақ тұқымдастарының қосындыларын, могар және алғашқы себілген судан шөбі, қонақ жүгері, жүгері және олардың алғашқы себілген бұршақ тұқымдастарының қосындысын орып беруге немесе жаюға толық мүмкіндік бар.
  3. Жаздың екінші жартысында - ерте шабылған табиғи және себілген шабындықтардын қайта өскен көгі, могар, тары және олардың бірінші және екінші кезеңде себілген бұршақ тұқымдастарының қосындысы, олардың қайта жетілген көгі, жазғы астық тұқымдастар, райграс және олардың екінші және үшінші мерзімде себілген бұршақ тұқымдастарының қосындысы, ерте піскен кәуелер, ерте салынған сүрлем азықтарын дайындауға болады.
  4. Күзде - үшінші және төртінші мерзімде себілген бір жылдық қыстық шөптер және олардың қайта жетілген кгі, ерте себілген күздіктер, кәуе, асқабақ, қарбыз, тамыр-жемістілер, ерте салынған пішендеме мен сүрлем беруге болады.

Бұрыңғы Оңтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының товарлы сүт фермасында "Жасыл конвейер" төмендегідей дайындалатын:

  1. Сәуірдің 20 жұлдызынан мамырдың 5 жұлдызына дейін қара бидай көк балаусасы (сүттенген кезі);
  2. Мамырдың 6-20 жұлдызы арасында сұлының көк балаусасы;
  3.  Мамырдың 21 жұлдызынан маусымның 20 жұлдызына дейін көк жоңышқа;
  4.  Маусымның 25 жұлдызынан шілденің 5 жұлдызына дейін көп жылдық балауса шөп;
  5. Шілденің 6-25 жұлдызы арасында көк жоңышқаның екінші орымы;
  6. Шілденің 26 жұлдызынан тамыздың 10 жұлдызына дейін көк жүгері;
  7. Тамыздың 11 жұлдызынан қыркүйектің 2 жұлдызына дейін көк жүгері және жоңышқа;
  8. Қыркүйектің 3 жұлдызынан қазанның 1 жұлдызына дейін көк жүгері.

Сүрлем көлемді мал азықтарының ішінде ылғалды шырынды азықтар қатарына жатады. Ол күйіс малы үшін аса қажетті шырынды азық. Бұл азықтың жұғымдылығы сүрлемге салынатын дақылға байланысты. Күйіс малы үшін ең жақсы сүрлем - собығы сүттеніп пісіп келе жатқан кезде салынған жүгері сүрлемі. Бірақ жүгері сүрлемінде протеин жеткіліксіз, 1 азық өлшемінде 40-70 г, ал күйіс малына, оның ішіңде қойға кем дегенде әрбір азық өлшеміне шаққанда 90-100 г, ірі қараға 100-110 ц қорытылатын протеин қажет. Сондықтан сүрлемнің жұғымдылығын арттыру үшін жүгері сүрлемін астықты-бұршақты дақылдармен (бұршақ, соя, сиыржоңышқа) араластырып салады. Бұл кепкен заттардың кұрамын 30 пайызға дейін, ал бір азық өлшеміндегі қорытылатын протеинді 100-110 г дейін көтеруге мүмкіндік береді.

Сапасы жақсы сүрлем алу үшін сүт қышқылды ашытқыға дұрыс жағдай туғызу маңызды шарт болып саналады. Сүт қышқылы азықты рН=4,2-ге дейін ашытады. Бүл сүрлемдегі микроорганизмдердің өміршеңдігін баяулатып, сапасын нашарлата түседі. Микроорганизмдердің басым көпшілігі оттегісіз ауа болғанда ғана дамиды, ал сүт қышқылы бактериялары оттегі болмаса да тіршілік ете береді. Сондықтан да сүрлемді шұңқырға салу кезінде қажетті мөлшерде майдалап, сақтайтын шұңқырды тығыздап, ауа кірмейтіндей етіп лаймен (топырақпен) жабу - сүрлем салуда міндетті шарт.

Сүрлем қоректілігіне жан-жақты баға беру үшін оның құрамындағы негізгі қореқтік заттар (протеин, каротин, кальций, фосфор) есепке алынды. Дұрыс та сапалы дайындалған сүрлем қажетті қышқылдыққа (рН=4,0-4,2) жеткеннен кейін, ашытқылану барысы тоқталып, сүрлем «пісетін» кезеңге келеді. Бұл кезең басталғаннан кейін ғана, яғни сүрлем салынғаннан кейінгі (жеңіл сүрленетін азықтар үшін) 2-3 апта, ал қиын сүрленетін және сүрленбейтін азықтар үшін 2-3 ай уақыт өткен соң оны малға беруге болады.

Пішендеме де ылғалды көлемді азықтың қатарына жатады. Мұны салу технологиясы сүрлем салу технологиясымен бірдей деуге болады. Негізгі айырмашылығы пішендемені консервілеу ортаның физиологиялық құрғақтылығына байланысты жүргізіледі. Сүрлемнің сақталуы органикалық қышқылдар әсеріне байланысты болса, пішендеме онша қышқылданбаған (рН= 1,8-5,5) өсімдік клеткаларының физиологиялық құрғақтықта қоректік заттарын сақтай алуына негізделген. Пішендемені бір және көп жылдық бұршақ және астық тұқымдас өсімдіктерден, олардың қосындыларынан, жақсартылған табиғи шабындықтар көгінен гүл жара бастаған кезде дайындауға болады. Бұл азықтың сапасы көбінесе көк балауса салу технологиясын сақтауға байланысты. Жиналған бұршақты көк шөп балаусасының ылғалдылығы 45-50 пайыз, астық тұқымдастардікі 50-55 пайыз болуы қажет. Сапалы пішеңдеме азықтық құндылығы бойынша жаңадан орылған шөпке жақын, пішендеменің рН=4,8-5,5 шамасында, яғни қанттың толық сақталуына мүмкіндік береді. Бір килограмм пішендемеде 0,3-0,4 азық өлшемі, 40-55г қорытылатын протеин, 40-55 мг каротин бар.

Егер жұпар иісті болса, пішендеменің сапасы бірінші класқа жатқызылады. Түсі бойынша сүрлау, жасылдау немесе сарғыш жасылдау. Бұршақта да құрғақ заттардың мөлшері 40-55 пайыз, дәнді-бұршақты пішендемеде 40-60 пайыз. Шикі протеиннің мөлшері 12-15 пайыз, каротин кем дегенде 55 мг. Пішендеме дұрыс дайындалып, сақталғанда ондағы қоректік заттардың шығыны 9-10 пайыздан аспайды. Бұл сүрлем мен пішен дайындағаннан едәуір аз.

Тамыр-жемістілерге азықтық қызылша және қант қызылшасы, сәбіз жатады. Олардың құрамының 70-90 пайызы судан тұрады, протеин, клетчатка, май мөлшері төмен болады. Құрғақ заттарының негізін азотсыз экстрактивті заттар - крахмал, қанттар құрайды. Дәмді болғандықтан мал сүйсініп жейді, жеңіл қорытылып, тез сіңіріледі.

 

Тамыр-түйнекті азықтардың құрамы мен қоректілігі

 

Азықтар

Химиялық құрамы, пайыз

100 кг азықта

Су

Про

теин

Май

Клет чатка

АЭЗ

Күл

Азық өлшемі, кг

Қорыты латын протеин, кг

Азықтық

қызылша

84,4

1,49

0,12

1,06

11,86

1,04

13,9

0,98

Қант

қызылшасы

75,5

1,77

0,16

1,38

20,33

0,85

28,6

1,40

Қызыл сәбіз

84,9

1,34

0,29

1,96

10,15

1,38

16,8

0,90

 

Тамыртүйнек-жемістілерге химиялық құрамы мен қоректілігі жағынан бақша өнімдері немесе шырынды жемістер жақын.

Тамыртүйнек-жемістілерді жинағанда олардың ұрылып, соғылмауын, зақымдалмауын, үсікке шалынбауын қадағалайды. Зақымдалып, үсік шалған тамыртүйнек-жемістілер тез арада бұзылып, ұзақ сақтауға шыдамайды.

Жиналған тамыртүйнек-жемістілерді шұңқырларда, құрғақ апандарда (үрада), құрғақ топырақпен көміп немесе арнайы салынған ылғалдылығы мен ауа температурасын белгілі деңгейде сақтайтын қамбаларда сақтайды.

Дұрыс сақталмай, бұзылған тамыртүйнек-жемістілер мал азығы үшін жарамайды.

Ірі азық. Бұған құрамында клетчаткасы көп пішен, сабан, топан жатады. Пішен - кептіріліп, қысқа дайындалған көк азық. Оны 17 пайыздан төмен ылғалдылықтағы физиологиялык құрғақта сақтайды.

Пішен - күйіс мальш қыс айларында азықтандыратын негізгі азықтардың бірі. Жоғары сапалы пішен протеинге, минералды элементтерге, каротинге, Д, Ғ, К және В тобындағы витаминдерге бай келеді. Бір килограмм құнарлы пішенде 0,42-0,52 азық өлшемі, 52-72 грамм қорытылагын протеин және 40-50 милиграмға жуық каротин бар. Мұндай пішен күйіс малының рационында 20- 25 пайызға дейін болады.

Ботаникалық құрамына қарай пішен төмеңдегі түрлерге бөлінеді: бұршақты, дәнді, бұршақты-дәнді және табиғи шыбыңдық пішені. Сапалы орылып, жиналған бұршақты екпе шөптер пішенінде, дәнді екпе шөптер пішеніне қарағанда протеин мен кальций т.б. қоректік заттар басымырақ болады. Мәселен, көктемгі орылып, тез кептірілген беде мен жоңышқа пішені құрамында 12 пайыздан 17 пайызға дейін протеин сақталады. Дегенмен, дәнді екпе шөптер пішені, бұршақты шөптерге қарағанда, қантқа байырақ келеді.

Пішеннің азықтық жұғымдылығы оның ботаникалық құрамына ғана емес, сонымен бірге дер кезінде орылып, жиналуына да байланысты.

Пішенді шабындықта кептірудің үлкен маңызы бар. Ауа райы жақсы жағдайда орылып, сол шабындықта дегдітілген пішен 65 пайыздык ылғалдылықпен жиналып, дестеге түсірілсе, оның бойындағы витаминдері толығырақ сақталады. Пішенді шабындықта кептірудің тағы бір тиімділігі - күн сәулесі әсерінен пішендегі эргостериннен Д витамині құралады. Ал бұл витамин қыста қолда бағылатын малға берілетін пішен мен пішендеме құрамында неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы болады.

Мұндайда пішен құрамындағы азық қоректілігінің негізгі кепілі болып саналатын шикі протеин мен шикі клетчаткаға, каротинге басты назар аударылуы керек. Сонымен, дер кезінде шабылып, жиналып, жақсы кептіріліп, дұрыс сақталған көк азық қоректік витаминдерге бай, малдың жеуіне қолайлы болуымен қатар, сойыс малының еттілігі мен сауын сиырдың сүттілігін арттыруға жақсы әсер етеді. Әсіресе күйіс малын қыстаудан жайылымға шығарар алдында мұндай пішен өте құнды азық болып табылады.

Сабан - дәнді дақылдардың дәні жиналғаннан кейінгі қалатын қалдығы (сабағы). Құрғақ затының тең жартысы қиын қорытылатын клетчаткадан тұрады. Сабан лигниндік заттармен, әсіресе шақпақ қышқылымен тығыз байланысты.

Түрлі өсімдіктер сабанының қоректілігінде де айырмашылық бар. Ең бағалылары деп сұлы, тары, содан кейін арпа, жаздық бидай сабаны болып саналады. Жалпы алғанда жаздық дақылдар сабаны күздік дақылдардікінен жеңілірек қорытылады, қоректілігі жоғары болады. Бұршақ тұқымдастар сабаны астық тұқымдастарға қарағанда протеинге және кальцийге бай келеді.

Сабандардың ішінде бағалысы - ас бұршақ сабаны, ал клетчаткасы ең нашар қорытылатыны - күріш сабаны. Құрамында 14 пайыз шақпақ қышқылы болатындықтан ол ас қорыту жүйесіне зиянды әсер етеді.

Орта есеппен алғанда тары сабанының 100 килограмында 40, арпа сабанында 36, жүгері - 35, сұлы - 31, бидай - 22, қара бидайда - 22 азық өлшемі, 0,9-1,1 кг қорытылатын протеин, 32-39 шикі клетчатка болады. 32-36 пайыз құрайтын азотсыз экстрактивті заттарының тек 2,5-4,0 пайызы ғана қанттан тұрады. Протеиннің амин қышқылдық құрамы өте кедей болады, 1 кг сабанда 1,2-1,8 глизин, 1,1-2,0 гметионин мен цистин бар, витаминдер жоқтың қасы. Соңдықтан малды тек сабанмен азықтандыруға болмайды.

Топан дәнді дақылдардың дәңдерін жинап, тазартқаннан кейін қалған дән дақылдарының сынықтары, қабығы мен кебегі. Олар сабанға қарағанда қоректік заттарға бай келеді және қорытылуы да жоғары. Қоректілігі және қорытылуы жағынан жақсысы - сұлы, содан кейін бидай, жүгері топандары.

Ірі азықтарға, сондай-ақ құрамында клетчаткасы мол жүгері сабақтары және паясы, күнбағыс «қалпақтары», кептірілген жапырақты жас ағаш бұтақтары жатады.

Дұрыс пайдаланса бұл азықтар шаруашылықтың жемшөп қорын толықтыруда маңызды қызмет атқарады.

Ірі азықтар қоректілігінің төмендігіне қарамастан күйіс қайыратын мал мен жылқы рационының негізін құрайды.

Құрама жем. Бұған қоректілігі өте жоғары (килограмында 0,65 азық өлшемінен жоғары) дәндер және бірқатар өндіріс қалдықтары, бұршақ тұқымдастардан дайындалған шөп ұны жатады.

Дәнді құрама жем құнарлылығы мен қоректілігі жағынан ең құңды азық болып саналады. Оларға протеиңдік қоректілігі жоғары астық тұқымдастар - арпа, жүгері, бидай, сұлы, қара бидай, тритикале, тары, сорго сияқты жемдік азықтар жатады.

Энергиялық, белоктық қоректілігі жоғары бұршақ тұқымдастарға - ас бұршақ, жасымық, малазығындық бұршақ, ноқат, сиыржоңышқа және сол сияқты көмірсутектік-аскабак пен қарбыз сияқты шырынды азықтар кіреді.

Өнеркәсіп қалдыктарынан алынған азықтарға күнбағыс күнжарасы және шроты, мақта күнжарасы және шроты, қызылша жомы, барда, сыра бөтпесі және ашытқысы, зығыр күнжарасы, шроты сияқты өнеркәсіп қалдықтары жатады.

Витаминді шөп ұны - жаңа орылған көк балаусаны жоғары температуралық қондырғыда кептіріп, ұнтақтап дайындайтын құрғақ азық.

Жануар тектес азыкртар және минералды қосындылар. Мал азықтандырғанда өсімдік тектес азықтармен қатар жануар тектес азықтар да кеңінен қолданылады. Оларды үш топқа бөлуге болады: 1) сүт және сүт өнімдері: 2) ет өңдірісінің қалдықтары - ет, қан, ет-сүйек ұндары; 3) балық өңдірісінің қалдықтары - балық ұны.

Азықтық минералды қосындыларға - кальцийлік, кальций-фосфорлық, фосфор-азоттық, фосфор-натрийлік, азот-күкірттік, микроэлементтік сияқты құрамына қарай аталатын минералды заттар жатады.

Азықты малға беруге алдын-ала әзірлеу. Ірі азықтарды алдын-ала жақсылап әзірлесе ол жақсы желінеді және қорытылады. Ірі азықты әзірлеудің төрт тәсілі бар:

  1. Механикалық тәсіл - турау, майдалау, жарма жасау, араластыру;
  2. Физикалық тәсіл - булау, жұмсарту, ұсақтау, ұнтақтау және азықтың алғашқы технологиялық қасиетін сақтау;
  3. Биологиялық тәсіл - өздігінен қыздыру, сүрлеу, ашыту, дрожжылау;
  4.  Химиялық тәсіл - азықты сілтілермен, тұздармен және қышқылдармен өңдеу.

Өндірудің механикалық және физикалық тәсілдері жем-шөптік азықтарды майдалап, ұсату жолымен олардың желінгіштігін арттырып, күйіс малының күйсеу кезіндегі жем салатын уақыты мен қуат шығынын қысқартады.

Химиялық және биологиялық тәсілдермен азықтың дәндік сапасын жоғарылатып, желінгіштігін жақсартады, ірі азықтардың үгітілуін 10-15 пайызға арттырады. Сонымен бірге бұл тәсілдер мал азығын жағымсыз микроорганизмдерден сактап, олардың ашып кетуіне жол бермейді.

Әлгінде көрсетілген азық әзірлеу тәсілдері (әдістері) азықтың дәмді, жағымды және жұғымды болып, әр түрлі азықтардың желінгіштігін жоғарылатып, мал организмінде жақсы қорытылуына, оның қоңдылығының көтерілуіне, дайындалған азықтардың сіңімділігінің артуына үлкен әсерін тигізеді. Бұл әдістерді қолдану әр түрлі жағдайларға, азық және мал түрлеріне, физиологиялық жағдайына т.б. жағдайларга байланысты.

Мал үшін ірі сабақты азықтардың ішінде пішен мен сабанның үлкен маңызы бар. Өйткені қысты күндері мал рационында пішен мен сабанның тәуліктік үлес салмағы 25-30 пайызға дейін барады. Сондықтан бұл азық түрлерімен мал азықтандыру үшін оларды алдын-ала әзірлеп, дайындау керек.

Сабан құрамында күрделі көміртек молырақ болады. Ол мал организміне аса қажет зат. Мәселен, сұлы сабанында 44% целлюлоза, 9% гемицеллюлоза және 9% ксилол болады. Ал мал организмі бұлардың біразын микроорганизмдер көмегімен қорытады.

Сабанның қорытылу коэффициенті протеин бойынша 20-46%, майы - 31- 63%, клетчаткасы - 38-58%, азотсыз экстрактивті заттары 35-55% құрайды. Мал сабанды сілекейімен шылап, сілтілендіреді.

Қарында ол ісініп, қайтадан күйіспен бірге ауызға түсіп шайналады. Ал қарындағы бактериялардың жақсы тіршілік етуі үшін клетчатканың ісініп, сілтімен шылануы қажет. Сиырдан тәулігіне 60 литрдей сілекей бөлінеді. Оның кұрамында шамамен 300-350 г сода болады. Ал соданың ортаны сілтілендіретін зат екені мәлім. Егер сабанды алдын-ала ұсақтап, сілтіде аздап шылап алса, оның қорытылуы жаксарады. Соның нәтижесінде оның азықтық сапасы артады.

Көптеген шаруалар сабанды малға берер алдында әр түрлі тәсілдермен өндейді. Мал азығына сабан даярлау шаруашылықтағы азықтың 20-30 пайызын үнемдеуге мүмкіндік береді. Ал химиялық жолмен өндеу оның қоректілігін 20- 50% арттырады. Енді сабан өңдеудің кейбір тәсілдерін баяндап өтейік.

Сабанды механикалық жолмен өңдеу. Бұған сабанды ұсақтау, булау жатады. Сабанды малға беруге даярлаудың жай тәсілі - ұсақтау, турау. Оны малға турамай бергенде одан 20-30% қалдық қалады. Ал туралған сабанды мал түгел дерлік жейді. Сонымен қатар туралған сабан жақсы ылғалданады, буланады және түрлі химиялық заттармен жақсы өнделеді. Сабанды тым майдалап ұсақтамау керек. Өйткені мал оны жегенде аздап шайналуы қажет. Ірі қара үшін ұсақталған бөлшектердің ұзындығы 4-5 см, жылқы мен қой үшін 2-3 см болуы керек. Туралған сабанның құрғақ күйінде сақталғаны жөн. Оның ылғалдылығының 17 пайыздан аспағаны дұрыс. Сабанды маялап және турап сарайға немесе бастырма астына үйгенде ұзақ сақталады.

Сабанды ұсақтау үшін РСС-6, РКС-12, ИКГ-30 сабан-сүрлем турағыштарды пайдалануға болады. Туралған сабанды малдың жақсы жеуі үшін оны ылғалдайды. Бұл үшін оған жылы тұзды су, барда, малазығындық сірне және сүрлем шырынын қосуға болады.

Алдымен құрғақ тақтайдан ұзындығы 4 м, ені 1,5 м, биіктігі 90 см етіп астау жәшік даярлайды. Мал қорасының жанына жерден ені 2 м, ұзындығы 4 м, тереңдігі 1,5 м шұңқыр қазады. Шұңқырды кірпішпен қалап, екіге бөледі.

Астау жәшікке 25-30 шелектей ас тұзы ерітіндісін құйып, үстіне тағы да 1 кг ас тұзын салады. Туралған сабанды осы ерітіндіде әбден қанықтырып алып, содан соң оны сорғытып, шұңқырларға салады. Ал, жәшік босаған соң, ерітінді үстіне тағы да ас тұзы ерітіндісін косып, туралған сабанды шылай бастайды. Жерден қазған екі шұңқыр толғанша бұл жұмысты жүргізе береді.

Шұнкырларды ылғал сабанға толтырып, бетін тегістеп, жақсылап жауып тастайды. Шұңқырдын екінші бөлігін екінші күні толтырады. Міне, сабанды осы күйінде 12-24 сағат ұстайды да, малға береді. Өнделген сабанды мал аса сүйсініп жейді.

Туралған сабанды сұрлем шырынымен де шыпауға болады. Бұл үшін 20 кг сүрлемді кеспекке салып, оған 2-3 шелек ыстық су құяды. Содан соң кеспекті 20-30 минугтай жауып қояды. Осы уақыт ішінде сүрлемді екі-үш рет араластыру керек. Бұдан соң шырынды құйып алып, оған алдын-ала даярланған 2-3 шелек түз ерітіндісін қосады. Осы ерітіндімен туралған сабанды шылайды.

Сабанды түрлі зиянды микробтар мен саңырауқұлақтардан тазарту үшін ыстық сумен де өңдейді. Бұл үшін туралған сабанды қалындығы 20-30 см етіп шұңқырға салады. Алғашқы қабатқа ешнәрсе қоспайды. Ал, одан соңғы келесі қабатқа қайнап тұрған су құйып, жақсылап араластырып, нығыздайды. 100 кг сабанға 80-100 литр қайнаған су құяды. Шұңқыр толған соң тағы да жақсылап нығыздап, бетін жауып, үстін ауыр нәрсемен бастырады да, оның үстін сабанмен жабады. 8-10 сағат өткен соң азық малға беруге даяр болады.

Сол сияқты сабанды химиялық жолмен өндеу де жақсы нәтиже беріп жүр. Мәселен, натрий сілтісімен, калцийленген содамен, әкпен, сусыз аммиакпен және аммиак суымен өңделген сабанды мал жақсы жейді.

Азықты сілтілеу жолымен өсімдік клеткасындағы заттарды микроорганизм ферменттеріне, қолайлы күйге жеткізуге болады. Оның үстіне сілті реагенттері мен сабанның өзара әрекеттесуі нәтижесінде заттардың қышқыл топтары ажыратылып, солармен кірігіп кетеді. Сөйтіп, күйіс малының рационында жетіспейтін протеиннің орнын толтыруга қажетті аммоний тұзы түзіледі. Сілтімен енделген сабанның қорытылғыштығы 60-70 пайызға дейін көтеріліп, қоректік қуаттылығы (1 кг құрғақ затқа шаққанда) 0,4-0,5 азық өлшеміне жетеді.

Натрий сілтісімен өңдегенде сабанды булаудың қажеті жоқ, оны осы сілті ерітіңдісімен біркалыпты шылап отырса болғаны. Сабанды бұл әдіспен өндегеңде техникалық еткір иісті түйіршік натрий қолданған жөн. Ол үшін 1 центнер сабан 4-5 кг өткір иісті натрий ерітілген 80-100 литр суға шылап өнделеді. Содан кейін таза сумен шайылмай, сол күйінде бір тәулік ұсталады. Сонда клетчатканын корытылғыштығы 52-56 пайыздан 71-74 пайызға, азық өлшемі 0,55-0,6-ға дейін артады. Сілтімен өнделген азықты малға біртіндеп, аздап беріп үйрету керек.

Сабанды химиялық сілтімен өңдеу әдісінде көбінесе әк (кем дегенде 90% кальций тотығы бар) қолданылады. Бір центнер сабанды өндеу үшін 250 литр суға ерітілген 3 кг сөндірілмеген әк немесе 9 кг сөндірілген әк жұмсалады. Әк ерітіндісімен өнделген сабан 24-30 сағат ұсталады.

Сабанды әкпен өңдеу жұмысы оны арнайы азық цехтарында булау ісімен қатар жүргізіледі. Ал арнайы азық цехтары жоқ жерде сабанды әкпен өңдеу жұмысы жылы жайларда буландырылмай-ақ атқарылады. Осылай өнделген бір кг сабанның қоректілігі 0,21 азық өлшемінен 0,42 азық өлшеміне дейін көтеріледі. Әкпен өнделген сабанда кальций мөлшері өте көп болатындықтан мал азығы рационына фосфорлы минералды қосымша азықтар қосып отыру керек.

Сабанды каустикалық сода араласқан әкпен траншеяда (орда) өндеу әдісі де қолданылып жүр. Мұндайда бір центнер сабан 1,5-2 кг сөндірілмеген әк пен 2 кг каустикалық сода қосылған 100-120 литр суға өңделеді. Сабан ерітіндімен текшелеп шыланып, текшелер нығыздалып тасталады. Онделген сабан үсті полиэтилен жабындысымен бүркеледі.

Сабанды химиялык әдістермен ендеген кезде аса сақтық керек. Бұл жұмыстармен айналысатын адамдар арнайы нұсқау алып, техника қауіпсіздігі ережесімен таныстырылуы шарт.

Сабанды биологиялық жолмен де өңдеуге болатыны мәлім. Бұл қосымша жұмыс күшін, түрлі арнаулы қондырғыларды қажет етпейтін ең арзан, әрі қарапайым әдіс.

Туралған сабан жаксы ашу үшін оған сүт қышқылы бактерияларынан даярланған ашыткылар да косу ұсынылады.

Сабанды биологиялык әдіспен өндеу үшін алдымен жылы бөлмеге екі жәшік қояды немесе бөлме еденін казып 4 бөлімшеден тұратын, қабырғалары мен табаны цементтелген шұңқыр жасайды. Шұңқырдың тереңдігі 1,5 м, ені 1,5 м, ал ұзындығын керегінше алады.

Шұңкырдың 1 текше метріне 80-90 кг туралған құрғақ сабан сиятындай болуы тиіс.

Туралған сабанды әрбір бөлімшеге 30-35 см қалыңдықта салады да, әр қабатқа 1 ц құрғақ сабанға шағып 7-8 шелек су құяды. Су температурасы 20- 30°С жылы болуы тиіс. Содан соң сабанды жақсылап нығыздайды. Мұнда шұңқырдың жиегіндегі сабанды жақсылап нығыздауға көңіл аудару керек.

Даяр азықты малға сол жылы күйінде берген жөн. Малға берер алдында оған аздап тұз сеуіп, жем азықтар қосады. Осындай азықты тәулігіне ірі қараға 10-12 кг, жылқыға 8-10 кг беруге болады.

Әрине биологиялық жолмен ашыту үшін бұзылмаған, құрғақ, жақсы сақталған сабан алу керек.

Сабанды ашытқылау. Сабанды малға беруге әзірлеудің ең бір тиімді әрі оңай әдісі - оны ашытқылау. Сонда сабанның дәмі жақсарып, қоректік сапасы, ондағы протеин мен витаминдер мөлшері едәуір артады.

Бұл үшін алдымен ашытқы быламығы даярлануы керек. Ол үшін 300 грамм ашытқыны 5 л жылы суға езеді де, 25 кг ұсақталған тамыр-жемістілерге қосып, араластырады. Оған тағы да 15 литрдей жылы су құяды. Сөйтіп ашытқы быламығымен 100 кг туралған сабанды өндейді. Ашытқылауды 12-15 градус жылылықта 12 сағаттай жүргізген жөн.

Алдымен бір кеспекөке 700-750 литрдей су және сабанды жұмсарту үшін 1-2 литр техникалық тұз қышқылын кұяды. Осы ерітіндіні тураған сабанға толы ортада орналасқан басқа бір кеспекке аударады да температурасын 35 градусқа дейін төмендетеді. Оған аддын-ала даярланып қойылған ашытқы быламығы қосылады. Осы күйінде 18-20 сағат қоя тұрады. Таңертең басталған жұмыс келесі күні аяқталады. Ашытқыланған сабанды малға ертеңгісін береді.

 

Әр түрлі өсімдіктерден сүрлем дайындау

 

Жүгері сүрлеу. Басқа дақылдарға қарағанда жүгері сүрлеу технологиясының негізгі талаптарына сай келетін дақыл.

Қант минимумы теориясына сүйене отырып анықтағанда жүгері біршама тәуір сүрленетін дақыл және ол үшін 1-1,5 пайыздай қант қажет. Ал сүрлемге салар мерзімде жүгеріде қант 4 пайызға жетеді.

Шаруашылықтың мүмкіндігіне қарай жүгеріні собығымен де, собықсыз да сүрлеуге болады. Собығымен дайындалған жүгері сүрлемі, әсіресе жас төл, күс, шошқа үшін аса құнарлы да сіңімді азық болып есептеледі.

Жүгеріні дәні сүттеніп, қамырланып піскен кезінде жинап алып сүрлеу қажет. Бұл кезде оның құрамындағы қоректік заттар, әсіресе қант заттарының мөлшері сапалы сүрлем алудың технологиялық ережелеріне сай келеді. Собығы қамырланып піскен жүгері сүрлемінде сүт қышқылының ашу процесі тез жүреді. Міне, осының нәтижесінде сүрлем сапасын төмендететін басқа зиянды бактериялар, грибоктар тіршілік ете алмайды. Бұл кезде жүгерінің ылғал мөлшері де ойдағыдай, 70-75 пайыздың шамасында болады.

Әр түрлі кезеңде көк шөптің ылғалдылығы да түрліше болады. Ол жаңадан дән салып келе жатқанда ылғалдылығы 80-85%, сүттеніп піскенде - 65-75%, сүттеніп-балауызданып піскенде 60-70%, ал балауызданып піскенде 45-60% шамасында болады.

Тым ылғалды (80-85%) жүгеріні сүрлегенде көп шырын ысырап болады. Бұған керісінше аса құрғақ (45-60 пайыз) жүгері сүрлегенде де ашу процесі баяулап, азық сапасы төмендейді.

Сүрлеу үшін ең қолайлы ылғалдылық 65-70 пайыз аралығында болады. Міне, мұндай ылғал жүгері сүттеніп-балауызданып піскен кезенде байқалады.

Собықты бөлек жинап алып, сыртындағы қабығымен қоса ұсатады. Собық неғұрлым жақсы ұсақталса, одан алынатын сүрлем сапасы да соғұрлым жоғары келеді.

Собықты бүтін күйінде де сүрлеуге болады. Бірақ бүтін собықтардың арасында қаншама нығыздағанмен бос кеңістіктер қалып қоюы мүмкін. Сондықтан сүрлем қоймасына собықпен бірге жүгерінің туралған көк шөбін салып, жақсылап нығыздау қажет.

Жүгерінің көк шөбін және собығын сүрлегенде жоғарыда көрсетілген сүт қышқылы бактерияларынан даярланған ашытқы қолдану сүрлем сапасын жақсартудағы негізгі шаралардың бірі екенін ғылыми-зерттеу мекемелері айқын дәлелдеп отыр.

Жүгеріні бұршақ тұқымдас дақылдармен қосып сүрлеу. Әдетте жүгерінің өсіп-өну дәуірі аяқталар кезде жапырақ сабақтарындағы қант мөлшері азая бастайды. Оның көпшілігі собықта крахмал түзуге жұмсалады. Сүрлем шамадан тыс қышқыдданбас үшін оны бұршақ тұқымдас шөптермен (беде, жоңышқа, соя т.б.) белгілі бір арақатынаста қосып сүрлеу қажет.

Мұндай сүрлем даярлау үшін жүгеріні 75 пайыз, сояны 25 пайыз етіп алған тиімді.

Сондай-ақ сүрлемнің жартысын жүгері, жартысын жоңышқа етіп қосып сүрлеуге болады. Сөйтіп қанты мол дақылдарды бұршақ тұқымдас шөптермен қосып сүрлегенде сапалы сүрлем алынады.

Екінші жағынан алғанда жүгеріні бұршақ тұқымдас шөптермен қоса сүрлегенде белокқа, минералды тұздарға және мал организмі үшін аса қажетті түрлі витаминдерге бай азық алуға болады. Мұның әсіресе қыс кезінде мал рационын жақсартуда орасан зор маңызы бар.

Жүгері-сабан сүрлемі жалпы мал азығын молайтумен қатар, сабан қосылған жүгерінің ылғалдылығын төмендетіп, одан алынатын сүрлемнің сапасын едәуір жақсартатынын көрсетті. Облысымыздың таулы аудандарында жүгері көк шөбінің ылғалдылығы 85 пайызға дейін жетеді. Мұнда жүгерінің жеке өзін ғана сүрлесе көп шырын бөлінеді де, бұл шырын текке ысырап болады. Ал, егер жүгеріге сабан қосып сүрлесе, сүрлемнің актуалды қышқылдығы кемиді, яғни рН көрсеткіші жоғарылайды, шырын босқа ысырап болмайды.

Жүгеріге 10 пайыз сабан қосып сүрлегенде, оның ылғалдылығы 71 пайыз, құрғақ заты 25 пайыз болады. Мұнда протеин де, фосфор мен кальций де біршама тәуір сақталады. Ал жүгеріге 20 пайыз сабан қосқанда ылғал 70 пайызға, құрғақ заты 30 пайызға жетуі шарт.

Таза жүгеріден даярланған 100 кг сүрлемнің қоректілігі 19 азық өлшеміне тең, ал 10 пайыз сабан қосақанда 20, ал жиырма пайыз қосқанда 27 азық өлшеміне жететіні анықталды. Сонымен әрбір 100 кг көк жүгеріге 10 кг сабан қосқанда оның қоректілігі 21, ал 20 кг сабан қосқанда 42 пайызға артады.

Жүгері-сабан сүрлемін даярлаудағы басты шарт - бұл екеуінің өте жақсы араласуы. Ол үшін сүрлем құрылысына жүгері салмастан бұрын табанына қалыңдығын 50 см жеткізе табанына сабан төсеу керек. Бұл ылғал жүгеріден нығыздау кезінде бөлінген шырынның сіңуіне қажет. Сабанды жүгерімен қабаттастырып сүрлеуге де болады.

Күнбағыс майлы дақылдарға жатады. Оны сүрлем үшін де өсіреді. Сапалы сүрлем алу үшін оның құрамында қажетті қант заты мол. Күнбағыс сүрлемін мал өте сүйсініп жейді.

Бұл да жүгері сияқты оңай сүрленетін өсімдік. Сүрлемге арналған күнбағысты табақ басының тең жартысы гүлдеген кезде жинау керек. Бұл мерзімнен кешеуілдесе оның жапырақтары құрап, түсе бастайды. Сабақтары қатайып кетеді. Мұндай күнбағыстан даярланған сүрлем құнарсыз болады және оны мал да сүйсініп жемейді. Күнбағысты сүрленуі қиын немесе сүрленбейтін өсімдіктермен қоса сүрлеуге де болады. Сонымен қатар дәнге арнап егілген күнбағыстың табак бастары, дәнінен тазартқаннан кейін, сабағымен бірге ұсақтап бау-бақша өсімдіктерімен (қарбыз, қауын, асқабақ, капуста) қосып сүрлеуге де келеді.

Қонақ жүгері. Басқа сүрлемдік дақылдарға қарағанда қонақ жүгері қуаңшылыққа төзімдірек келеді. Сондықтан жаз кезінде жауын-шашын аз болатын аудандарда сүрлем үшін конақ жүгері бағалы дақыл болып есептеледі. Ылғалы мол жерлерде қонақ жүгеріні вегетациялық дәуірі ішінде екі рет оруға болады.

Қазақстанда бұршақ тұқымдас малазығындық шөптерден көп тарағандары - жоңышқа мен беде. Бұлар суармалы жерлерде ғана емес, сонымен қатар шөлейт, тәлімі жерлерде де егіледі.

Олардың құрамында белогы көп, қанты аз болғандықтан сүрленуі өте қиын. Бірақ өнімінің аздығына қарамастан жоңышқа мен беденің қоректілік сапасы жақсы. Сондықтан бұл өсімдіктердің сапасын қайткен күнде де жоғалтпай сақтау ең негізгі мәселенің бірі болып отыр.

Беде, соя сияқты бұршақ тұқымдас шөптерді сүрлегенде де әлгінде сөз болған сүрлем технологиясын қолдануға болады.

Жалпы бұршақ тұқымдас шөптерді гүлдей бастаған кезде жинап сүрлеу керек. Өйткені осы кезде оларда қоректік заттар мол болады.

Қазір республикамызда бұршақ тұқымдас шөптерді сүрлеу дұрыс жолға қойылып отыр.

Бақша және көкөніс дақылдары қалдықтарын сүрлеу. Сүрлемге қант қызылшасы, сәбіз, картоп, қауын, қарбыз және асқабақ пәлектерін қолдануға болады. Сүрлем технологиясы толық сақталса, бұлардан құнарлы сүрлем алуға мүмкіндік бар. Сондықтан бақша және көкөніс түйнектерін жинап алғаннан кейін, олардың пәлектерін де дұрыс пайдалана білу керек. Бақша және көкөніс дақылдарын сүрлеу алдында ұқыпты түрде тазалау қажет. Тазартылған пәлектердегі топырақпен бірге сүрлем қоймасына зиянды микроорганизмдер түсіп, сүрлем сапасын төмендетіп жібереді.

Бақша қалдықтары (піспей қалған түйнектер, сабақ, жапырақтар) әдетте ылғалды келеді. Сондықтан ылғалды темендету мақсатымен оларға құрғақ жемшөптер (сабан, жүгері жармасы) қосады. Бұларды қосу мөлшері сүрленетін материал салмағының 40 пайызына тең болуы қажет.

Табиғи шөптерді сүрлеу. Табиғи шөптердің көбінен бағалы сүрлем алынады. Олардың негізгі ерекшелігі - шөптің тез кұнарсызданып, қатайып кетуінде. Сапалы сүрлем алу үшін шөпті жас, балғын кезінде орып, сүрлеген жөн.

Қамыс - көп жылдық өсімдік. Сабағының биіктігі 4 метрге дейін барады. Ылғалды жерде қамыс жақсы өседі. Жаз бойына екі-үш рет орып алуға болады. Сүрлемге арнап оны жас кезінде, бас жарғанға дейін жинап алу қажет. Қамысты бірінші рет әдетте май айының орта кезінде шабады. Көк шөбінін өнімі гектар басына 100-ден 300 центнерге дейін барады. Жас қамысты мал да әте сүйсініп жейді және ол жақсы сүрленеді. Қамысты жеке немесе жүгерінің көк шөбімен қосып сүрлеуге де болады.

Жантақ - тікенекті көп жылдық өсімдік. Биіктігі 80 см-ге дейін барады. Гектарына 7-10 центнер құрғақ шөп алынады. Табиғи күйінде тікендері болғандықтан оны түйеден басқа мал жақсы жей алмайды. Сүрлем салу үшін оны гүлдеу кезеңінде жинап алған жөн. Жантақтың жеке өзін сүрлеуге болмайды. Себебі, біріншіден, құрамында қант мәлшері аз, екіншіден, сүрлегенде жақсы нығыздалмайды. Сондықтан жантақты оңай сүрленетін өсімдіктермен қосып сүрлеу жақсы нәтиже береді. Жантақтан даярланған сапалы сүрлемді қой және ірі қара өте сүйсініп жейді.

Қызыл мия көп жылдық өсімдік. Оның биіктігі бір метрге дейін барады. Мия Қазақстанда кең таралған. Ол, әсіресе, өзен қойнауларында, тоғайлы, орманды және шалғынды жерлерде қалың өседі. Мұның гектарынан 30-60 центнерге дейін өнім алуға болады.

Қызыл мия кобінесе табиғи шөптермен бірге өседі, оны шауып сүрлемге салған кезде сүрлем қоймасына басқа шөптер де көп түседі. Бірақ бұған қарамастан одан мал сүйсініп жейтін сапалы сүрлем алынады. Сүрлеу үшін мияны гүлдей бастағанда, яғни мамыр айының аяғы немесе маусым айының бас кезінде шабу керек.

Жусан өткір иісті, дәмі ащы болады. Құрамында қант мелшері өте аз болғандықтан ол сүрлеуі қиын өсімдіктер қатарына жатады. Сонымен қатар жусан сүрлемімен сауын малын азықтаңдырғанда сүтте ащы дәм пайда болып, жусан иісі шығып түрады. Оны оңай сүрленетін өсімдіктермен қосып сүрлегенде жарамсыз иісі, дәмі кетіп калады және сүрлемнің сапасы жақсарады. Жусанның 1,5-2 бәлігіне оңай сүрленетін өсімдіктердің бір бөлігін қосып сүрлейді.

Бұл өсімдікті және басқа да сүрлемге жарамды табиғи шөптерді гүлдей бастағанда жинап алып, сүрлеп тастаса, одан сапалы сүрлем алынады. Өйткені бұл кезде олардың құрамында қоректік заттар мол, шырынды келеді.

Оларды жеке сүрлегенде бактериялы ашытқы қолдану - сапалы сүрлем алудың басты шарты.

 

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ

 

Зертханада еңбек ұйымдастыру мен еңбек қорғаудың негізгі ережелері төменде көрсетілген. Ауыл шаруашылығы өнімдері түрлеріне зоотехникалық талдау жасайтын зертханалық жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасының негізгі ережелері.

Химиялық зертханалардағы жұмыс сақтықты, ұқыптылықты және қауіпсіздік техникасының ережелерін мүлтіксіз орындауды қажет етеді, ал оларды сақтамаса бақытсыз жағдайға ұшырап, зертхана жабдықтарынын бүлінуі ықтимал. Өнімдерге зоотехникалық талдау жасау жұмыстарына кіріспес бұрын, студенттің мына негізгі ережелерді білуі және орындауы тиіс.

  1. Зертханада таза халатпен жұмыс істеу керек.
  2. Талдауға арналған қышқылдар аузы тығыз жабылатын шыны ыдыстарда, ауаны сыртқа шығаратын ұзын шкафтарда сақталады.
  3. Барлық күшті қышқылдар мен сілтілер ауызға тамып кетпес үшін тамызғышпен емес, цилиндрмен күйып алынады.
  4. Күкірт қышқылымен /күшті және әлсіз араласқан/ жұмыс істегенде, киімге, үстелге т.б. тамып кетпеуін қадағалау керек. Қышқылдар шашырап көзге, қолға тамып кетсе өте қауіпті. Өйткені олар күйдіріп жібереді. Қышқыл тиген кезде, күйдірген жерді сумен жуып, содан кейін соданың бейтараптандыратын 2 проценттік ерітіндісімен немесе аммиактың әлсіз ерітіндісімен шаяды. Еденге немесе үстелге төгілген күкірт қышқылына құм салып, содан кейін қалақшамен жинап алады да, сода сеуіп, сумен шаяды.
  5. Күшті қышқылдарды сумен араластырғанда қышқылды суға құю керек. Керісінше етуге болмайды. Сонымен бірге көзілдірік және резенке қолғап кию қажет.
  6. Буланатын тұз және азот қышқылдарын араластырғанда ауыз-мұрынға соданың әлсіз ерітіндісіне малынған дәкемен байланады. Жұмысты ауаны сыртқа шығаратын шкафта жасаған тиімді.
  7. Сілтілермен жұмыс істегенде /ерітінді әзірлегенде/ басқа орамал тартып, көзілдірік және қолғап киеді. Сілтіден күйген жерді сумен, содан кейін лимон не сірке қышқылының 1 проценттік ерітіндісімен шаяды. Сілті көзге шашыраған жағдайда сумен және бор қышқылының қаныққан ерітіндісімен жақсылап жуады.
  8. Денені ыстыққа қарып алғанда калий перманганатының жаңа әзірленген 1 -2 % ерітіндісімен не ас содасы ерітіндісімен, қатты күйген жерді 96 проценттік этил спиртімен дымқылдайды. Күйген жерді тазалауға /күлдіреген жерді жууға не жұлып тастауға және бетмай жағуға/ болмайды.
  9. Өте улы, ұшпа және тез от алатын заттармен ашық жалынды не спиралі бар қыздырғыш аспаптардан қашық, ауаны сыртқа шығаратын қондырғы астында жұмыс істеу керек.
  10. Айдау кезінде аспаптарды және тоңазытқыштың қалыпты жұмысын үнемі қадағалап отыру керек, аз уақытқа болса да аспапты бақылаусыз қалдыруға болмайды. Жұмыс соңында қыздырғыш құралды сөндіру.
  11. Қыздыруға байланысты атқарылатын жұмыс кезінде өткізгіш сымдардың бүтіндігін тексеріп, қыздырғыш аспаптың астына асбест төсеу керек. Отқа қауіпті заттарды /диэтилді эфир, ацетон, бензол, бензин, күкіртті эфир, т.б./ алдын-ала қыздырылған сулы ыдыста жандырғыны өшіріп, өте дәл температурада қыздыру керек.
  12. Өрт шыға қалса, оны өшіру қажет. Ол үшін құрғақ өрт сөндіргіш пайдалану керек. Суда ерімейтін заттарға /бензин, скипидар, т.б./ су пайдалануға болмайды. Себебі жалынды күшейтіп жіберуі мүмкін. Бұл жағдайда отты құммен, асбестпен, киізбен сөндіру қажет. Өрт сөндіруге тиімді затқа төрт хлорлы көміртегі жатады. Түзды ерітінділерді, көмірқышқыл натрийдің қаныққан ерітіндісін немесе 40-50% су, 40-55% хлорлы мырыш және 5-20% хлорлы магний қоспасын пайдалануға болады.
  13. Жұмыс аяқталған соң зертханалардағы жұмыс орнын ретке келтіріп, бөлмені желдету, электр және газ аспаптарының ажыратылғанын тексеру керек.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

  1. Маусымдық шөл жайылымдары отының малазықтық өнімдері мен қоректілік құндылығын, малдардың қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етілуін анықтау мен мал азықтандыру жүйесін жетілдіру - қазіргі кездегі басты мәселелердің бірі.
  2. Жайылым оттарының барлығы да көктем маусымының соңына қарай өнімділігі барынша жетіледі. Олардың осы кездегі ылғалдылығы 60,8-68,7% құрайды.
  3. Жайылым оттарының құрамындағы май мөлшері жоқ және күз маусымдарында көтеріліп 2,5-3,4% құрайды.
  4. Жайылым кластары мен типтеріне байланыссыз 1 кг құрғақ зат құрамындағы алмасу энергиясы көктемнен қысқа қарай азайып (10-нан 5 МДж дейін), орташа екі есе төмендейді.
  5. Жайылымды дұрыс пайдаланудың басты ережесі - онда жайылатын мал басының жайылымның малазықтық өнімділігіне толық сәйкес болуы.
  6. 1 класты жоңышқа пішенінің жалпы қоректілігі 0,54 азык бірлігін құраса, III класты пішенде небәрі 0,42 азық бірлігі бар.
  7. Пішен дайындаудың қолайлы кезеңдерін өткізіп алғанда азықтың қоректік заттарының қорытылуы күрт төмендейді.
  8. Жиналған пішеннің ылғалдылығы 18 %-дан жоғары болмауы керек.
  9. Сүрлеу үшін ең қолайлы да тиімді ылғалдылық 65-70% шамасында болады.
  10. Жантақты оңай сүрленетін өсімдіктермен қосып сүрлеу жақсы нәтиже береді.
  11. Жусанның 1,5-2 бөлігіне оңай сүрленетін өсімдіктердің 1 бөлігін қосып сүрлеген дұрыс.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Справочник зоотехника. Издание второе, переработанное. М., изд-во «Колос»; 1967. 927 с.
  2. Петрухин И.В. Корма и кормовые добавки: Справочник. - М.: Росагропромиздат, 1989. - 526 с.
  3. Зоотхнический анализ кормов /Коллектив авторов/ М.: Колос, 1981. - 256 с.
  4. Сарбасов Т., Құлақбаев Қ. Малды азықтандыру жөніндегі анықтамалық. Алматы, «Қайнар», 1976. - 380 б.
  5. Медеубеков Қ., Сарбасов Т. Қой шаруашылығы өнімдерін өндіру. - Алматы: Қайнар, 1980. - 324 б.
  6. Омарқожаев Н. Малды құнарлы азықтандыру. - Алматы, 1993. - 163 б.
  7. Медеубеков Қ., Сарбасов Т. Қазақстанның қой шаруашылығы. - Алматы: Қайнар, 1984. - 320 б.
  8. Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өндірісін өркендету жүйесі. Алматы, «Бастау». -2006. - 432 б.
  9. Омарқожаев Н. Мал азықтандыру: Оқулық-Алматы: Қайнар, 1998. - 192 б.
  10. Зафрен С.Я. Жемшөп дайындау технологиясы. Алматы: Қайнар, 1980. -380 б.
  11. Азық жайлы анықтамалық. Ред. басқарған М.А.Смурыгин. Атматы. «Қайнар», 1978. - 352 б.
  12. Омарқожаүлы Н. Мал азықтандыру пәнінің практикумы. - Атматы. ҚазҰАУ, 2004.- 181 б.
  13. Қазақстанда мал мен қүс азықтандыру және азық дайындау технологиясы: Анықтамалық. -Алматы, «Бастау», 2006. - 452 б.
  14. Состав и питательность кормов. Справочник /И.С.Шумилин и др./ М.: Агропромиздат, 1986. - 303 с.
Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2024-01-23 15:18:14     Қаралды-105

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »