UF

МАВРИКИЙ (Mauritius) - Үнді мұхитының батыс бөлігіндегі Маврикий, Родригес, Агалега аралдары мен Каргадос-Карахос аралдар тобына орналасқан мемлекет. Британ ынтымағына кіреді. Жалпы ауданы 2045 км2 (соның ішінде Маврикий аралы 1865 км2). Халқы 1,2 млн. адам (2013), негізінен үнділер, креолдар,  көбіне француз отаршылдарының ұрпақтары, қытайлар, африкалықтар (Мадагаскардан әкелінген құлдардың ұрпақтары) т. б. тұрады. Ресми тілі - ағылшын тілі. Діни нанымы бойынша негізінен индуистер (49%), христиандар (шамамен 33%), мұсылмандар (14%), буддистер (4%). Астанасы - Порт-Луи қаласы.

Мемлекеттік құрылысы. Маврикий - конституциялы монархия. Қазіргі конституциясы 1968 жылы 4 наурызда қабылданған. Мемлекет басшысы - англия королі (королевасы); Маврикийді соның өзі тағайындаған генерал-губернатор басқарады. Заң шығарушы жоғары өкімет органы - бір палаталы Заң шығарушы жиналыс (өкілдік мерзімі 5 жыл). Құрамында 70 депутат бар. Премьер-министр мен үкімет мүшелерін генерал-губернатор тағайындайды. Жергілікті басқару органдары-округтік және селолық муниципиалдық Советтер.

Сот жүйесі Жоғарғы сот, азаматтық апелляциялық сот, қылмыстық апелляциялық сот жәнө магистраттың округтік соттарынан құралады.

Маврикийдің оңтүстік-батыс бөлігі дөңес қыратты (Питон тауы 826 м), орталығы үстіртті (600 м). Климаты тропиктік теңіздік; ең жылы айы – ақпанның орташа температурасы 26°С, тамызда 14-18,5°С. Жылдық жауын-шашыны 1500-2500 мм, таулық бөлікте 3500-5000 мм. Қалың тропик орманы өседі: қант құрағы; шай, темекі егіледі. Өнеркәсібі - қант құрағы мен шай жапырағын өңдейтін, кеме жөндейтін шағын кәсіпорындардан құралады. Жүк тасымалында теңіз транспортының үлесі басым; ірі порты - Порт-Луи. Ақша өлшемі - маврикий рупийі.

Маврикий аралы араб саяхатшыларына 10 ғасырдан белгілі. 16 ғасырға дейін халық мекендемеген. 16 ғасырдың басында мұнла бірінші болып португалдықтар келді. 1598 жылы аралдары голландықтар иемденіп, Шығыс Африкадан құлдар әкеле бастады. 1715 жылы Маврикийді Франция, 1810 жылы Ұлыбритания жаулап алды. Аралда 1695, 1724, 1732 және 1794 жылдары отаршылдарға қарсы ірі-ірі көтерілістер болды. 1935 жылы Маврикий Кәсіподақтары пайда болып, 1936 жылы алғашқы саяси партия-лейбористік партия (ЛП) ұйдастырылды. Маврикийде ұлттық үкімет 1964 жылы құрылды. Аралдағы ұлт-азаттық қозғалысының дүмпуімен, 1965 жылы Лондон конституциялық конференциясында Маврикийге 1966 жылдың ақырынан кешіктірмей тәуелсіздік беру туралы шешім қабылданды. Бірақ Ұлыбритания бұл шешімді әр түрлі сылтаумен кейінге қалдырып, жүзеге асырмады. Тек 1968 жылғы 12 шартта Ынтымақ елдері көлемінде тәуелсіздік алды. 1969 жылы Маврикийде ЛП, Маврикий с.-д. партиясы (1955 жылы құрылған) және мұсылмандық әрекет комитеті партиясының (1958 жылы құрылған) үкімет коалициясы ұйымдастырылды. Маврикий 1968 жылдан БҰҰ мүшесі. СССР-мен 1968 жылдан дипломатиялық қатынас орнатты.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-09-02 17:08:22     Қаралды-841

ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ ҚАТЕЛІКПЕН АТАЛДЫ?

...

Кариб теңізінде Пуэрто-Риконың үлкен аралы орналасқан...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МАТЕРИКА ЕҢ КІШКЕНТАЙ?

...

Австралия - жер бетіндегі ең кішкентай материк.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕ СУ КӨП ПЕ?

...

Сусыз жер бетінде тіршілік болмас еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТРОНДАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Электрон» сөзі грек тілінен «янтарь» деп аударылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Электрондардың теріс заряды, ал атом ядросының оң заряды бар екенін сіз бұрыннан білесіз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Көптеген ғасырлар бойы адамдар электр қуатының бар екенін білмеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОМПАСТЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Навигацияның дамуымен кеме жасау ғылымы жетілдірілуде - кибернетика...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »