UF

ДАРВИНИЗМ - тірі табиғаттың эволюциясы (тарихи дамуы) жайындағы материалистік теория. Жануарлар мен өсімдік түрлерінің дамуы туралы эволюциялық ілімнің негізін ағылшын табиғат зерттеушісі Ч. Дарвин құрған. Бұл теорияның қалыптасуына Дарвиннің 1831-1836 жылдар «Бигл» кемесімен дүние жүзін айналып шығу саяхатында жүргізген зоологиялық, ботаника, палеонтологиялық, геологиялық зерттеулері мен бақылаулары, жинаған көптеген деректері үлкен әсер етті. 1858 жылы Лондондағы Линней қоғамының мәжілісінде Дарвин өзінің табиғи сұрыпталу теориясының негізін баяндаған және осы мәжілісте А.Уоллестің Дарвин көзқарасына ұқсас теориялық баяндамасы да жарияланған. Бұл екі баяндама да Линней қоғамының журналында басылып шыққан, бірақ Уоллес эволюциялық теорияны менен бұрын терең және толық жасаған Дарвин деп мойындаған. Кейін А. Уоллес 1889 жылы шыққан негізгі еңбегін Ч. Дарвиннің есімімен «Дарвинизм» деп атаған.

1859 жылы Ч. Дарвиннің «Происхождение видов путем естественного отбора, или Сохранение благоприятствуемых пород в борьбе за жизнь» деген еңбегі шыққан. Мұнда ол екпе өсімдіктер мен үй жануарларының көп түрлі болуының себебін көрсетті. Бұлардың арғы тегі жабайы өсімдіктер мен жабайы жануарлар болғандығын, солардың өзгергіштік, тұқым қуу қасиеттеріне сүйене отырып, адам өз мақсатына сәйкес қолдан сұрыптау арқылы мәдени өсімдіктердің шаруашылыққа қажетті көптеген сорттарын, үй жануарларының көптеген тұқымдарын шығарғанын және сұрыптау процесі табиғи жағдайда да болатынын дәлелдеді. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі миллиондаған жылдарға созылған тарихи даму процесінің нәтижесі екендігін, әуелде бұлардың қарапайым және түрі аз болғандығын, әр түрлі бағытта табиғи сұрыпталу салдарынан олардың түрлері көбейіп, әр түрлі тіршілік жағдайларына сөйкес бейімді түрлері пайда болғандығын анықтады, өсімдіктер мен жануарлардың эволюциясындағы табиғи сұрыпталудың маңызын көрсетті.

Дарвиннің эволюциялық теориясын прогресшіл биологтар (Англияда Дж. Гукер, А. Уоллес, Т. Гексли; Германияда Э. Геккель, Ф. Мюллер, АҚШ-та Аза Грей, Россияда К.А.Тимирязев, И. И. Мечников, ағайынды А. О. және В.О.Ковалевскийлер, М.А.Мензбир) одан әрі дамытты. Бұлар органикалық дүниенің дамуын идеалистік, механистік тұрғыдан түсіндіруге тырысқан антидарвинистік ағымдарға (автогенез, аристогенез, батмизм, механоламаркизм, ортогенез, психоламаркизм) қарсы күресті. А.Н. Северцов, И. И. Шмальгаузен т. б. совет ғалымдарының, сондай-ақ бірсыпыра шетел ғалымдарының (Г. де Беер, Дж. Хаксли, Ф. Добржанский, Дж. Симпсон т. б.) еңбектерінің арқасында органикалық дүниенің эволюциясындағы көптеген заңдылықтар (адаптациогенез, биогенетикалық заң, ароморфоз, интеграция, макроэволюция, микроэволюция, филоэмбриогенез) анықталды. Дарвинизм эволюцияны тудыратын күш немесе әсерлерді, органикалық эволюцияның негізгі белгілерін, эволюциялық процестің жолдарын және заңдылықтарын, сондай-ақ оларды басқару, өзгерту әдістерін зерттейді. Дарвинизмнің зерттейтіні негізінде жануарлар, өсімдіктер түрі. Түрдің эволюциясы оның популяциясындағы процестерді зерттеу арқылы анықталады. Мыс., түр тармақтарын салыстырып зерттеу түрдің өзгергіштігі туралы дерек береді. Осы жолмен бір туысқа жататын түрлерді де, одан да жоғарғы систематикалық топтарды да зерттеуге болады. Бұл жөнінде салыстырмалы эволюциялық-морфологиялық зерттеулер маңызды орын алады, өйткені бұл салыстырылып отырған түрлердің жеке дамуы (онтогенез) заңдылықтарын ашады. Эволюциялық филогенетикалық (Филогенез) дамудың жаңа бағыты ұрықтық дамуда жаңа белгілерден басталады. Тарихи зерттеу әдісіне эколого-морфологиялық зерттеулер де жатады. Бұл тірі организмдегі өзгерістің бағытын, бейімделу белгілерінің қалыптасуын ашуға мүмкіндік береді.

Дарвинизм - биология, медицина, сондай-ақ, ауыл шаруашылық ғылыми теорияның негізі. Дарвинизмнің ауыл шаруашылық өсімдіктерінің жаңа сорттарын және малдың жаңа тұқымдарын алуда маңызы үлкен. Дарвинизмнің методологиялық маңызы да бұдан кем емес. Бұл теория диалектикалық материалистік тұрғыда болғандықтан, ол жаратылыс танудағы философиялық және методологиялық мәселелерді шешуге көптеген деректер береді.

Әдеб.: Дарвин Ч. Происхождение видов путем естественного отбора. Соч., т. 3, М.-Л., 1939; Современные проблемы эволюционной теории. Л., 1967; Тимирязев К. А. Краткий очерк теории Дарвина. 2 изд., М., 1941; Правдин Ф. Н. Дарвинизм. -М., 1968.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-04-24 11:18:27     Қаралды-2520

ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ ҚАТЕЛІКПЕН АТАЛДЫ?

...

Кариб теңізінде Пуэрто-Риконың үлкен аралы орналасқан...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МАТЕРИКА ЕҢ КІШКЕНТАЙ?

...

Австралия - жер бетіндегі ең кішкентай материк.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕ СУ КӨП ПЕ?

...

Сусыз жер бетінде тіршілік болмас еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТРОНДАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Электрон» сөзі грек тілінен «янтарь» деп аударылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Электрондардың теріс заряды, ал атом ядросының оң заряды бар екенін сіз бұрыннан білесіз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Көптеген ғасырлар бойы адамдар электр қуатының бар екенін білмеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОМПАСТЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Навигацияның дамуымен кеме жасау ғылымы жетілдірілуде - кибернетика...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »