UF

БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІГІ - Азиядағы Арабия түбегінің шығыс жағындағы мемлекет; Парсы шығанағының оңтүстік жағалауын алып жатыр. Жері 86,3 мың км2. Халқы 9,4 млн. (2017). Астанасы - Абу-Даби қаласы. Әкімшілік жағынан 7 әмірлікке (Абу-Даби, Дибай, Шарджа, Фуджайра, Умм әл-Кайвайн, Аджман, Рас әл-Хайма) бөлінеді. Елдің заң шығарушы өкімет орны - Жоғарғы федералдық совет, атқарушы өкіметі - Министрлер кабинеті. Үкімет басшысы - президент (шейх Саид бен Сұлтан ан-Нахайни). БАӘ бұрын Ұлыбританияның протеқтораты (Договорлық Оман) болды, 1971 жылғы 2 желтоқсанда тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Жері шөлді, ойпатты жазық болып келеді. Климаты құрғақ тропиктік. Өсімдік және жануарлар дүниесі өте кедей. Халқының (арабтар, мұсылмандар) 95%-ке жуығы сауатсыз (50-ге тарта мектеп жұмыс істейді). БАӘ - экономикалық дамуы жағынан мешеу қалған ел. Әкономикасының басты саласы - мұнай өндіру. Мұнай кәсіпшіліктерінің көбі Абу-Даби (1970 жылы мұнда 32,8 млн. тонна мұнай өндірілді) және Дибай (4,2 млн. тонна, 1970) өмірліктерінің жерінде. Мұнай өнеркәсібі американ, ағылшын, жапон т.б. шетел капиталдарының қарамағында. Елдің шұрайлы жерлерінде құрма пальмасы және дәнді дақылдар егіледі. Шөлді, шөлейтті жағының тұрғындары көшпелі мал шаруашылығымен (түйе, жылқы) айналысады. Теңізден балың аулау, меруерт жинау дамыған. Темір жолы жоқ. Тас жолдар салынған. Негізгі көлік ретінде түйе пайдаланылады. Сыртқы сауда серіктесі - Ұлыбритания.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-12-06 15:42:47     Қаралды-3095

ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ ҚАТЕЛІКПЕН АТАЛДЫ?

...

Кариб теңізінде Пуэрто-Риконың үлкен аралы орналасқан...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МАТЕРИКА ЕҢ КІШКЕНТАЙ?

...

Австралия - жер бетіндегі ең кішкентай материк.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕ СУ КӨП ПЕ?

...

Сусыз жер бетінде тіршілік болмас еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТРОНДАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Электрон» сөзі грек тілінен «янтарь» деп аударылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Электрондардың теріс заряды, ал атом ядросының оң заряды бар екенін сіз бұрыннан білесіз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Көптеген ғасырлар бойы адамдар электр қуатының бар екенін білмеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОМПАСТЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Навигацияның дамуымен кеме жасау ғылымы жетілдірілуде - кибернетика...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »