UF

ХАЛЫКАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ

 

Халықаралық құқық принциптері барлық субъектілердің өз іс-әрекетінде басшылыққа алатын ережелерден тұрады. Бұл ережелер - қалыптасқан халықаралық қатынастар тәжірибесінің жалпы көрінісі. Халықаралық құқық принциптері - барлық субъектілер үшін міндетті болып табылатын халықаралық құқық нормалары. Халықаралық құқықтың принциптерін қатаң сақтау барлық субъектілер үшін міңдетті болып табылады. Оны бір немесе бірнеше мемлекет өзгертіп бұза алмайды.

Халықаралық құқық принциптері әдетте шарт жасау жолымен қалыптасады. Олар бір мезгілде екі қызметті атқарады: халықаралық қатынастарды белгілі бір көлемде шектеу арқылы оның тұрақтануына әсер етеді және халықаралық қатынастар тәжірибесінде пайда болып жатқан барлық жаңалықтарды бекіту арқылы оның дамуына ықпал етеді.

Халықаралық құқық принциптерін бұзу арқылы халықаралық қатынастардың басқа да субъектілерінің заңды мүдделері қозғалатын болғандықтан, халықаралық құқықтың барлық субъектілері принциптерді қатаң сақтауға міндетті. Халықаралық құқық принциптері барлық

халықаралық құқықтық нормалар жүйесінің өлшемі болып табылады. Сондықтан бұл принциптер - халықаралық құқықтық тәртіптің негізі.

Халықаралық құқықтың негізгі принциптері БҰҰ-ның Жарғысында көрсетілген. Халықаралық құқық принциптері бір-бірімен тығыз байланысты және әрқайсысы басқа принциптердің аясында қарастырылуға тиіс. Халықаралық құқық принциптері:

а. мемлекеттер егемендігінің теңдігі;

ә. мемлекеттер шекараларының беріктігі;

б. қауіп-қатерді күшпен және күш қолданбау;

в. мемлекеттер аумағының тұтастығы;

г. халықаралық дауларды бейбіт шешу;

д. ішкі істерге қол сұқпау;

е. адам құқығын жалпы құрметтеу;

ж. ұлттар мен халықтардың өзін-өзі билеуі;

з. ынтымақтастық;

и. халықаралық міндеттерді адал орындау

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-11-01 17:36:40     Қаралды-7013

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »