UF

Тақырып. М. Фридменнің монетарлық концепциясы және «ақшаны қайта ашу». 

 

 1. Монетарлы контрреволюция және ұсыныс экономикасы.

  2. Чикаголық мектеп.

  3. Экономикалық өзгерулердін эволюциялық теориясы.

 

Американдық монстаризм. Батыс Германдық неолиберализм идеалдары басқа елдерде де көріне бастады. АҚШ-та Чикаго немесе монетарлық мектеп кеңінен таралды.

Монетаризмнің ең басты өкілі Мильтон Фридмен «Капитализм және еркіндік» /1960/ деген еңбегінде ашықтан ашық кәсіпкер еркіндігін жақтайды. Ол жалақының табиғи шегін ұсынып, оны мемлекеттік саясат деңгейіне көтеруді қалайды.

50-шы жылдары М. Фридмен Кейнстің мультипликатор тиімділігіне қарсы шығады. Кейнстің цикл мен ұлттық тәсілді инвестиция және тұтыну динамикасы арқылы түсіндірілуін жоққа шығарып, олардың орнына ақша, монетар тәсілін ұсынады.

1963 ж. «АҚШ-тың монетарлық тарихы» деген еңбегінде ұлттық табысты қалыптастыруда ақша факторының монопольдік үстемдігін дәлелдейді.

М. Фридмен ақшаға сұраныстың беделіне сенеді, әсіресе ол негізгі экономикалық көрсеткіш - жан басына шаққандағы нақты табысқа назар аударады. Егер несие мекемелері ақшаны сұраныстан көп шығарса, онда инфляцияға немесе дағдарысқа әкеледі. Оны Филлипстің қисық сызығымен дәлелдеді.

1929-1933 жылдардағы ұлы депрессия М. Фридменнің ойынша АҚШ-та Федеральдык резерв жүйесінің кінәсінен болды.

М. Фридмен монетарлық теориясын ұдайы  өндіріс цикліне таратпақ болды. Монетаристер мемлекеттің араласуын шектеуді ұсынып, «ақшаның маңызы зор» деген тезисіне сенеді. 1969 - 1970 ж. Никсон үкіметінің Фридменнің монетарлық рецептін қолдануы көп нәтиже бермейді Фридмен Бұл сәтсіздікті уақыттың аздығынан деп есептеді. 1974-75 ж. Кейнстік концепциядан түңілген өкіметтер монетарлық теорияға көбірек назар аударады. Тэтчер, Рейган әкімшілігі монетаристерге кең жол ашты. Алайда нәтиже ойдағыдай болмады. Англияда процент ставкасы 17-18% өсіп, 1980 ж. өнеркәсіп өндірісі 7% төмендеп, жұмыссыздық деңгейі 12%-ке жетті.

Капиталистік экономиканың дағдарысы жағдайында эконометрика бағыты дүниеге келді. Бұл бағыттың басты ерекшелігі-экономикалық теория мен процестерді талдауға математикалық тәсілді кеңінен қолдануы. Эконометрика деген атының өзі қоғамдағы процестерді, құбылыстарды, экономикалық көрсеткіштерді есептеу, сандық тәсілді кеңінен пайдалану. Алайда бұл бағыт өзінен бұрынғылар сияқты белгілі таптық, топтық, партияның мүддесін қорғамайды, көздемейді.

Эконометриканың пайда болып дамуына негізгі үш фактор  әсер етті. Біріншісі, саяси экономиямен тығыз байланыста болуы. Капитализм, оның дағдарысы, социализм жүйесі және таптық қайшылықтың тереңдеуі. Екіншісі, эконометриканың эволюциясына математика және статистика тәсілдерінің дамуы игі ықпал жасады. Әсіресе, математикалық модельдер, теориялық ойындар және математикалық статистиканы, экономикалық өмірде, ғылымда пайдалану абзал. Үшіншісі, эконометриканың дамуына ғылыми-техникалық прогресс, ғылымның жаңа салалары айталық, кибернетика, электрондық есептейтін машиналардың өмірге келуі үлкен ықпал етті, математикалық тәсілдерді экономикада қоддану ең алғаш шекті пайдалылық теориясын түсіндіру барысында көрінді.

XIX ғасырмен XX ғасырдың барысында экономикалық теорияда математика аппараты кеңінен қолданылды. Мысалы, Лозанн университетінің профессоры Л.Вальрас жалпы экономикалық тепе-теңдігін математикалық тәсіл арқылы көрсетті. Бұдан кейін В.Паретто, У.Митчелл, А.Маршалл және т.б. американдық экономистер И.Фишер, Э.Чемберлен, швед экономистері К.Викселл, Г.Кассел және т.б. өздерінің еңбектерінде математикалық тәсілдер арқылы тұтынушы, фирма, рынок және т.б. категорияларды түсіндіруге тырысты. Тіпті Дж.Кейнсте математикалық тәсілді кеңінен қолданды.

2.Қоғамдық экономикалық қайшылықтардың күшеюі, дағдарыстар және өндіріс көлемінің үлғаюы мен төмендеуі, үкіметті түрлі бағдарламалар мен тәсілдерді қоддануға мәжбүр етті. Ол үшін эконо-метриканы білу және экономикалық ғылымда пайдалану қажет болды.  соңғы кездерде экономикалық өмірде циклдардың, несие-ақша және салық саясатының түрлі үлгілерін, макро-микро экономия дәрежесіне кетеру көбейді. Мысалы, Америкада экономиканы мемлекеттің реттеуі, Жапонияда және Европалық елдерде ұлттық деңгейде экономикалық бағдарламаларды жасау басымырақ жүрді. АҚШ-та бірнеше экономикалық үлгілер болды. Мысалы: қысқа мерзімдегі конъюктуралық

өзгерістерді алдын-ала білу мемлекеттік бюджет үшін және т.б. (эскери мақсат) қажет болды.

1929-1952 жылдарға арналған АҚШ-тың экономикалық моделі (авторлары Л.Клейн, А.Гольдбергер) - кварталға арналған экономикалық үлгі; жылдық мичигандық үлгі.

Англияда 1961 ж. - ұдайы  өндірістің экономикалық үлгісі. 1960-1970 жылдарға арналған Р.Стоунның кембридждік моделі. Үлттық есептің жүйелері экономикалық қарқының 4% көбейтуді жоспарлады. Экономикалық модельдерді жасау Жапонияда, Францияда, Голландия, Норвегияда кең қанат жайды.

Батыстағы салааралық баланстың моделін жасау "шығын-енім" үлгісінде жүрді. Ал мұны 30-шы жылдарда американ экономисі В.Леонтьев алғаш рет ұсынды.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-08 18:21:23     Қаралды-3358

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮН НЕГЕ КЕЛЕДІ?

...

Күн артынан түн, түн артынан күн.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?

...

Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ АУА ҚЫСЫМЫН СЕЗБЕЙМІЗ?

...

Біздің планетамызда үлкен ауа мұхиты үстемдік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБЫЛАН НЕЛІКТЕН ЖЕМТІГІН АҒАШҚА ЖАСЫРАДЫ?

...

Қабылан жалғыз тұрады және арыстандар мен гиеналардан үнемі сақ болу керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ БАР?

...

Жыл мезгілдерінің ауысуы – табиғаттың мәңгілік және өзгермейтін құбылысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »