UF

Тұлғаның сырт-бейнелік имиджін қалыптастыру технологиясы

Жоспар:

1.      Сырт   —   бейнелік   имидж   туралы   түсінік

2.      Киім   кию   мәдениеті    мен  макияж    стратегиясы.

3.      Тұлғаның рухани келбеті-тұлға имиджінің негізгі көрсеткіші ретінде.

 

1.      Сырт   —   бейнелік (габитарлық)   имидж   туралы   түсінік

Габитарлық (латын тілінен аударғанда habitus – сыртқы пішін, көрініс) имидж. Оның құрылу принциптері: адамның сыртқы ерекшеліктерін есепке алу, дене пішімі, сыртқы түрі, киімі, шашы, жүріс - тұрысы. Егер конституциямен басқару қиын болса, сыртқы пішіннің өзге жақтарын басқару жеңіл. Атап айтатын болсақ, дұрыс таңдап алынған макияж образдың мақсатты - тиімділігін арттырады, қоғамдағы әлеуметтік топтың ассоционациясы арқылы габитарлық имиджді ынталандырады. Имидждің осы аталған түрі қазіргі кезеңде теледидарда қалыптасуда. Имидж сыртқы киімді таза, тартымды киінумен айшықталады. Іскер әйелдің киім кию стилі - консервативті, қызмет  бабында қолданылатын киімде түсті ғана қолданылуы тиісті.

Габориттік имидж адамның мәдениеттілігін сипаттайды. Оның киім киісі мен сыртқы формасы мен көрінісі тартымды, мақсатты болса, этикеттік ережелерге жауап бере алады

 

2.      Киім   кию   мәдениеті  мен  макияж    стратегиясы.

Тартымды, қарапайым стильде таңдап алынған киім оны сенімділікке, жинақылыққа белсенділікке жетелейді. Киімнің әсемдігімен әдемілігі оның сыпайылығы мен тағайындалуына байланысты: қызмет, спорт ойындары, үй шаруасы, мейрамдар үшін.

Әйел кісілердің киімдері түрлі аксессуарлы сипата жасалынады: шляпа, аяқ-киім, сөмкелері, шарфтары. Этикеттік ережелер әйел кісілерден элегантты киім киюлерін талап етеді.

Ер кісілердің қазіргі заманның талаптарына сәйкес костюм, көйлектер, галстуктармен сәнделе киіністері элегантты көрсетеді. Элегантты киіне отырып мінез-құлықтарға ие болу, габаритті сыртқы көріністі имидж тұлғаны қоршаған ортаға тиімді және тартымды көрсетеді. Жекелей тұлғалар мен кездесу, қабылдау кезеңдерінде, қолды алға созып емес, соңғы кезеңде амандасуға созу қажет. Қолды қатты қыса отырып амандасу шарт емес. Әйел кісілермен амандасуда бас киімді шешуді ұмытпау қажет. Егер әйел кісі бөлмеге кірген сәтте, ер кісі орнынан тұрып амандасуы қажет. Әйел кісілерге пальтосын, сыртқы киімдерін әперу, ұсыну сыпайлықтың белгісі. Ер кісі бас киімін бірінші шешіп, соңынан киеді. Бөлмеге кірген адам оның дәрежесінен тыс бірінші болып амандасуы тиісті. Танысыңызды кездестірген сәтте бөлменің, коридордың ортасында тұрып алмай, шеттей тұрып әңгімелесіңіз. Сөйлесу, сұхбаттасуда әңгімелеушінің сөзін бөлуге, өзге обьектілерге саусақты ұштап көрсетуге болмайды. «Сіз деп сөйлесу сыпайылыққа жатады. өз-өзіңізге басқылау жасап өзге сұхбатнамаларға араласпау, әріптесіңіздің оқып отырған кітабына қарамау қажет. Мәжіліс, жұмыс барысы басталып кеткен жағдайда, кешігіп келіп қалсаңыз үстел басындағы тұлғаларға өзіңізді таныстыру, қолдарын алып амандасу қажет емес. Жалпылай басыңызды изеп отырып амандасып, тиісті орныңызға отырыңыз. Қолды қалтаға салып жүру әдептілікке жатпайды. Метро, троллейбусқа, автобусқа мінуде немесе түсуде әйел кісілерді, ересек адамдар мен балаларды алдымен жол беріңіз. Жеңіл автокөлікке отыруда ер адам соңынан мініп, ең бірінші болып түседі. Қоғамдық транспортарда ер адам әйел кісілерге, ересек адамдар мен балаларға орын беруі тиісті. Егердің сіздің тарапыңыздан орындалатын іс-қимылдар мен әрекеттер тұлғаға ұнамаса оны жайына қалдырыңыз. Өте қатты сөйлеуге, сұхбаттасуға болмайды.  

Косметикалық әсем заттарды қолдануда сенімділікті сақтау қажет. Өте өткір иісті суларды, қоршаған ортаға тартымсыз, иіс суларды қолдану қажет емес. Қоғамдық транспортта, жолда, көшеде тамақтану немесе шайнау тартымсыз. Сіз өз киіміңізді, немесе отырған орыныңызды ластауыңыз мүмкін. Саябақтарда қағаздарды, тамақтың қалдықтарын, консерваның банкаларын және өзге де лас қалдықтарды тастамаңыз.

 

  1. Тұлғаның рухани келбеті-тұлға имиджінің негізгі көрсеткіші ретінде.

Тұлғаның  рухани  келбетінің аяқтан тұрып қалыптасуы, зерделіліктің дамуымен, тұлғалық мінез - құлық мәдениеттілігін тәрбиелеуменен, рухани дүниесін байытумен тікелей байланысты. Қазіргі заманда этикалық мінез - құлықтар үшін тұлғаға  қажетті білімдер жетіспейді. Ол экономимкалық, гуманитарлық, жалпы мәдениеттілік. Тұлға  имиджін қалыптастыру мақсатында - азаматтарды мәдениеттілік мінез - құлықтарды дамыту мақсатында тарихи іс -тәжірибелерге, өркениетті даму нормаларына, жалпы адамгершілік құндылықтарына оқыту, тәлім - тәрбие беру жүйелерін қамтамасыз ету қажет. Мәдениеттілік барлық адамзаттың өндірістік және өндірістік емес салалардағы кәсіпкерлік, нормалары мен мұрағаттылықтарын меңгере алулары үшін қажетті. Осы проблемадағы ең басты көрсеткіш ол жеке тұлғаның моралдық принциптері мінез - құлықтың жалпы адамгершілік кодексі: ұрлама, алдама, мұң - мұқтажды адамдарға көмектес. Ар - ождандылық заңдылықтары бойынша іс - әрекеттелетін осы кодекс, шет мемлекеттердегі іскер әлемде аса құнды. Бір мезгілде өз тұтынушысы мен клиентін алдаған кәсіпкер екінші рет оның сеніміне табыс ар - ождандылықты, іскер моралдылықты, өнегелілік пен ізгі - ниеттілікті жоғалтпауы тиісті. Ұжым имиджін құрудағы табысқа жетудің басты шарты жекелей және жалпы қоғамдық көзқарастарды біріктіре, жүйелей білу. Адамгершілік, сенімділік - кәсіпкерліктің құнды капиталы. Кәсіпкерліктегі жаңаша типті қарым - қатынастылықтың және жаңа кәсіпкердің аяқтанып қалыптасуындағы бір шарттарының бірі меценаттылықты, мейірімділік пен шапағаттылықты қайта жаңғырту, қалыптастыру. Атап айтатын болсақ, «Жаңажылдық қоңырау» акциясында Ростов Дон қаласының 43 мектеп оқушылары қатынасты. 114 мерейлі іс - шаралар орындалды. Осы іс - шаралар арқасында балалар үйіне, облыстық аурухана, клиникаларға, әскери госпиталдардағы солдаттарға, нашар тұрмысты жанұяларға, соғыс ардагерлеріне, төмен табысты азаматтарға, әлеуметті және материалды көмектер көрсетілді. Шапағаттылық пен мейірімділік, мұң - мұқтажды адамдарға көмек көрсетуге дайын болу – ұжымның өнегелі, мерейлі имиджін құрудағы ең маңызды құралы болып табылады. Этикалық факторды кәсіпкерлік іс - әрекеттіліктер, формалары, әдістемелері мен нәтижелік көрсеткіштерін анықтайтын құнды құрал ретінде қарастыру қажет. Өнегелі фактор – қандай да бір сала мен шарттар болсын кәсіпкерлік мақсаттылығының критериясы болып табылады. Өтірік пен өнегесіздік бағытында сәттілікті құруға болмайды. Кәсіпкерлікте жетістіктер мен табысқа жету үшін, кәсіпорындар мен мекемелер белгілі бір өнегелі ортаны атмосфераны құра отырып, елді халықты қызмет етудің жоғарғы деңгейіне жете білуі тиісті. Этикалық фактор - қызмет көрсету сапасын жоғарылатуға жетілдіруге жетелейді, ол оның қызмет көрсету саласында болмауы оның тиімділігін төмендетеді.

 

 

Пайдаланылған   әдебиеттер:

1. Сапарова Ю.А., Тұрдалиева Ш., Багов И., Сабекова А.  Имиджелогия.-Шымкент, 2008

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-02-09 19:53:06     Қаралды-9216

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮН НЕГЕ КЕЛЕДІ?

...

Күн артынан түн, түн артынан күн.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?

...

Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ АУА ҚЫСЫМЫН СЕЗБЕЙМІЗ?

...

Біздің планетамызда үлкен ауа мұхиты үстемдік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБЫЛАН НЕЛІКТЕН ЖЕМТІГІН АҒАШҚА ЖАСЫРАДЫ?

...

Қабылан жалғыз тұрады және арыстандар мен гиеналардан үнемі сақ болу керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ БАР?

...

Жыл мезгілдерінің ауысуы – табиғаттың мәңгілік және өзгермейтін құбылысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »