UF

Имиджелогия — іскерлік әлем мәдениеті мен әлеуметтік және тұлғалық коммуникация туралы ғылым ретінде

Жоспары:

1.Имиджелогия пәнінің мақсаты  мен міндеттері

2.Имиджелогия  пәнінің  мазмұны

3.Имиджелогия — іскерлік әлем мәдениеті мен әлеуметтік және тұлғалық коммуникация туралы ғылым ретінде

4. Имиджелогия ның негізгі мән  -  мзмұнға  оқыту  салалары

 

1.Имиджелогия пәнінің мақсаты  мен міндеттері

Қоғамда руханилықты қайтадан жаңарту адамзаттар арасында мәдениетпен білімге деген ептілікті тұрақты тәрбиелеу мен дамытуға тікелей байланысты. Мемлекет тарапынан қолдау тапқан, Қазақстан білімін қазіргі заманғы модернизациялаудың концепсиясы - жоғары оқу орындарында мамандарды даярлауда біліктілік шеберліктерін жоғарылату мәселелерін шешуді қояды. Осы беталыс - студенттердің оқытудағы жетілдірілген әдістемелерді меңгерулеріне, менеджерге қажетті әлеуметтік ғылымдарды, яғни адамдармен бекем сөйлесе алу, сенімді қарым - қатынастылық атмосферасын құрай білуге жетелейді, шешімділік пен сенімділік. Ешкім адам бойындағы ұнамайтын әдеттерге талпына үйрене алмайды - деп атап көрсетті ежелгі грек ойшылы Ксенофонт. Оқыту пәнін ерекше меңгере отырып алайда өшпенді, іштарлық жақтары да кездесіп отыратын жағдайлары да сипатталады. Осы мәселелерге байланысты білім беру саласында алынатын білімді ой - саналау, адамдар арасындағы гумманды қарым - қатынастылықтарды саналап, нәтижелеу қажеттіліктері туындайды.

Ұсынылып отырған курстың мақсаты - студенттерді өз бойларында тікелей қалыптасқан мүмкіншіліктер мен дарынды ерекшеліктерін өмірде толық іс - жүзіне асыра білу және жеке өз - өзіне деген сүйіспеншілік технологиясына үйрету, оқыту.

Міндеті - адамдармен қарым - қатынастылыққа және жұмыс істей білу ептіліктеріне, дау - жанжал кезеңдерін шеше білуге үйрете отырып, күтпеген, тосын жағдайларда жылдам шешім қабылдап тұлғалардың іс - әрекеттері мен реакцияларына сәйкес өз әрекетін жобалауға үйрету.

 

2.Имиджелогия  пәнінің  мазмұны

Имидж - (ағылшын тілінен - imoge аударғанда «образ» (бейне, кейіп, нұсқа) - деген мағына береді) адамның санасы мен ойында қалып қоятын нұсқа кейіп туралы саналы ұғым. Қоршаған ортаға адам қандай болу тиісті? 

«Жазба кітапшасы» - деп аталатын еңбегінде А.П.Чехов былайша атап көрсетті. «Салауатты саналы, дене пішімі тартымды» болуы тиісті. Сонымен, имидж адамның сыртқы пішіні мен ішкі саналы дүниесімен тікелей байланысты. Имидждің теоретиктері тұлғаның жекелей жаратылысты қасиеттерін ғана қарастырып қана қоймай, арнайы тағайындала отырып қолданылатын қасиеттерін қарастырады. Имидж кез - келген адамның «Мен» сөзін жариялы түрде қабылдауын, міндетті қажетті етеді. Сонымен қатар, қабылдау жекелей тұлғалық ерекшеліктер призмасы арқылы да жүреді. Өзге тұлғалық ерекшеліктерді қабылдаудағы адамның мүмкіншіліктері эмоция мен сезімталдылыққа негізделген. Имиджді - алғашқы қабылдау - ішкі тартымдылық - қызығушылықпен ерекшеленеді. Сұлулықтың адамға әсері.  Имиджді екінші сатылы қабылдауда, тартымды тұлға болу үшін әсем сыртқы көрініс толық жеткілікті емес. Сыртқы көрініс имидждің қалыптасуында үлкен роль атқарады, алайда шешуші емес. Тарихи тұлғалардың сыртқы көріністері әрқашанда әсем, сұлу болған емес, алайда олардың тартымдылығы мен танымалдылықтарына қазіргі заманғы саяси және мәдени қайраткерлер қызығушылықпен қарайды. Имиджді құрудың басты принципі адамның санасына ғана емес, сонымен қатар, ішкі сана - сезіміне әсер ету, тұлғаның ішкі сапалық ерекшеліктерін тани, оқи білу.

Атап өтетін болсақ: зерделілік, рухани байлық, саналы негіз, шешендік өнерімен ерекшеліктері. Алайда, бай рухани дүниені тек терең тұлғалы ерекшелік әрқашанда сұлулық сезімді, таныта бермейді. Сондықтан, ең маңыздысы, өзін - өзі құра білу, өз - өзін көрсете білу технологиясын меңгеру қажет. Имидж - бұл тілек емес; «Мен кіммін?» деген сауалды зерттеу. Имиджелогия - тартымдылық пен әсемділіктің негізгі аспектілерін бөліп қарастыратын имиджді құрудағы ғылым. Курсты толық зерделеп оқу барысында студенттер имиджді құру технологиясымен, менеджердің өндірістегі ұжымдармен іскерлі қарым - қатынасу ерекшеліктерімен, іскерлі имиджіндегі символдар,  адамдар арасындағы өзара қарым - қатынастарды жақсарту ерекшеліктерімен танысады. Курста, қарым - қатынастылықтың этикасы мен саналылығына, имидждеудегі тиімділік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Имидждегі риторика, жариялы халықтың алдында сөйлеу мәселелерімен байланысты меңгеруде студент тарапынан өз бетінше дайындылықты талап етеді. «Имиджелогия» курсын меңгеру, менеджмент, әлеуметтік жұмыстар, әлеуметтік педагогика пәндерімен тікелей байланысты. Курстағы мазмұндалған материалдар, өз жұмыстарындағы тиімділікті жоғарылатуға ұмтылыс білдіретін жұмысшыларға да арналған. Имидж технологиясының негізін меңгеру кез - келген салада мамандарды даярлауда қажетті фактор болып табылатыны сөзсіз.

 

 

1. Имиджелогия  пәні,  өзге  ғылымдармен  байланысы.

Тұлғалық қарым – қатынастылық саласында адам баласы қоршаған ортада тартымдылықты  сезімге ие болуы үшін ерекше сипатты имиджді, келбетті құра білуі тиісті. Адам баласы өзі қоршаған орта мен өзі тарапынан сүйіспеншілікке ие болғаны туралы оң потенциалды сезінсе онда адам баласының ең биіктеу шыңы. Оның өміріндегі кульминациялық кезең. Имиджді өңдеу, жүйелеу, ғылым талпынысты, өзге ғылымдарменен байланыстылықты қажет етеді. Имиджелогияның теориялық және әдістемелік негізі - философиялық, педагогикалық, психологиялық ғылымдардың, этика мен эстетиканың шыңына талпынып жету. Имиджелогияның міндеті - имидждің қалыптасуындағы мазмұны мен ерекшеліктерін ашып көрсету, имидждің негізгі түрлерін анықтап, айшықтау, имидждеудің тиімділігін зерттеу, имидждеу тиімділігін жоғарылату тәсілдерін өңдеу, адам бойындағы шығармашылық ерекшеліктер мен мүмкіншілікті өмірде қолдана білу. Мәселе, имидждің жылжымалы күшінің дамуын анықтау мен осы процесстегі ішкі және сыртқы факторларын қатынастылығын, тұлғаның өз бетінше даму ролімен жолын анықтау. Ғылымның анықтауынша әлеуметті - экономикалық бағыттың қалыптасуына байланысты адамның имиджі де өзгереді, ол қоғамдық қарым - қатынастылыққа байланысты. Атап айтатын болсақ, алғашқы тұрмыстық қоғамда, тартымды образдың қалыптасуы еңбекпен тікелей байланысты болған. Құлдық қоғамда, құлдар құлдықты меңгерушілерге тікелей бағыну рухында тәрбиеленген. Шаруашылықтың феодальдық қоғамында, патриорхиялық дәстүрге сенімділікпен мәжбүрленген, «көлеңкелі үкімет билігі» мырзашылық еткен. Алайда, имидждің қалыптасуындағы класстық сипаттамалары өзгермеген: мырзашылық етуші класс, топ арнайы тәрбие мен білім алады, ол қарапайым адамдар тапшы білім мен тәрбиемен қанағаттанады. Социализм дәуіріндегі ғылымның дамуы, мырзашылық идеологияның тотаритарлық режим уәкілдері жүйесінде қолданылады. Қазіргі заманғы әлеуметті - экономикалық имиджелогиялық қатынастылықтар - демократиялық қоғамды құруда, адамдар арасындағы өзара қарым - қатынастылықтарды жетілдіруде, жалпы адамдық құндылықтармен принциптерде жаңаша имиджі құруда үлкен роль атқарады. Сүйкімді, тартымды образдың технологиясы нақтылай тарихи сипаттамаға иеленуде: ол қоғамның ерекше тұлғаның қажеттілігінде, қоғам талаптарының қанағаттана алу ерекшеіктері. Үшінші мың жылдықтың имиджелогиясы білімнің түрлі салаларының өзара қарым - қатынастылығымен сипатталады. Ол, бірнеше ғылым пәндердің алдыңғы қатарлы жетістіктері мен әдістемелерін қолдана отырып, эмпирикалық материалдардың қарқынды жинақталуымен ерекшеленеді. Имиджелогияның өзге әлеуметтік ғылымдармен жанасуы зерттеу, зерттеу обьектісінің жалпы қауымдастығыменен түсіндіріледі. Ол обьекті - адам. Зерттеу пәні, заты - тартымды, сүйкімді образды құру технологиясы. Тұлға мен қоғамның проблемаларын философия әзірлейді, оның міндеті әлеуметтік дамудың жалпылай заңдылықтарын анықтау.

 

 

Имиджелогия ның негізгі мән  -  мзмұнға  оқыту  салалары

Имиджелогияны дамытудағы психологиялық ғылымның мәні мен мазмұндылығы, тартымды, сұлу образды құру үшін адам психикасына түрлі бағытта әсер етумен түсіндіріледі.  Имиджелогия үшін психологияның барлық негізгі салалары құнды. Жалпы психология, обьекті туралы, оның психикалық қасиеттері мен оны оқыту әдістемелері жайында мәліметтер береді. Имиджелогия өзін - өзі жетілдіру мен білім алу заңдылықтарын зерттейді. Әлеуметтік психология тұлғаның әлеуметтік топтардағы іс -әрекеттілікті психикалық мүмкіншіліктерін, ұйымдасқан және ұйымдаспаған қоғамның психологиялық ерекшеліктерін зерделеп зерттейді.  Имиджелогия үшін - моральдық даму заңдылықтарын, шығу тегін этика ғылымы ретінде маңызды. Этиканың ерекше категориясы - жалпы адамгершілікті құндылықты тануға негізделген саналы идеал. Осы идеал (мұраттылық) - имидждеудің өзіндік бағдарламасы ретінде қызметтеледі. Яғни, барлық ұйымдар мен мекемелердің тәжірибелік іс - әрекеттері ой - саналы идеалмен жүйеленеді. Жеке тұлғаның ой - саналы және моралды дамуы мен аяқтан тұруын қалыптастыра, адамның саналы әлеміне әсер ету жолдары мен әдістемелерін анықтай отырып этикалық ғылым -имиджелогияның теориясы мен тәжірибесіне теңдессіз үлес қосты. Осы заңдылықтарды есепке алмай, ескермей қазіргі заманда тиімді ұжымда адам өзіндік ерекшелікті әлеуметтік тәжірибеге жүйеленген, ол ортада саналы - тәрбиелі күш басым. Іскерлі қарым -қатынастылық процесінде, адам шын жүзінде өз имиджін тексеруге мүмкіншілік алады, белсенді саналы жаттығудан өтеді. Этика саласымен зерттелетін әлеуметті - психологиялық өнегеліктің аспектілері: ұжымның тұлғаға өнегелі әсер етуі, ұжым имиджінің қалыптасуы. Имиджелогияның проблемалары эстетикалық талғамды тәрбиелеумен, тұлғаның шығармашылық мүмкіншіліктерін дамытумен байланысты. Имиджелогия - менеджменттің бір қатар маңызды теоретикалық және практикалық проблемаларымен әзірленеді. Имиджелогияның тұжырымдамалары әлеуметтік педагогика және психология, әлеуметтік - мәдени іс - әрекеттіліктің тараулары, балалармен сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыруда, демалыс орталығымен жұмыс істеуде, радио жұмысында, теледидар, кино, театр, шоу - бизнес, спортта, саясатта қолдау табуда. Сонымен, имиджелогия ғылым ретінде барлық кешенді әлеуметтік ғылымдармен тығыз байланыста. Белгілі теоретик, имиджелогтар Г.Г.Почепцов, В.М.Шепель өз еңбектерінде іскер адамды, жекелей тұлғалық тартымдылық технологиясымен көру қондырғыларымен сәйкестендіреді.

 

әдебиеттер:

  1. Сапарова Ю.А., Тұрдалиева Ш., Багов И., Сабекова А.  Имиджелогия.-Шымкент, 2008
  2. Алешина И. Паблик рилейшнз для менеджеров и маркетеров. – М., 1997
  3. Блэк С. Пабликрилейшнз? Что это такое? – М., 1990
  4. Бороздина Г.В. ПСихология делового общения. – М., 1998
Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-02-03 20:15:43     Қаралды-9131

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮН НЕГЕ КЕЛЕДІ?

...

Күн артынан түн, түн артынан күн.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?

...

Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ АУА ҚЫСЫМЫН СЕЗБЕЙМІЗ?

...

Біздің планетамызда үлкен ауа мұхиты үстемдік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБЫЛАН НЕЛІКТЕН ЖЕМТІГІН АҒАШҚА ЖАСЫРАДЫ?

...

Қабылан жалғыз тұрады және арыстандар мен гиеналардан үнемі сақ болу керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ БАР?

...

Жыл мезгілдерінің ауысуы – табиғаттың мәңгілік және өзгермейтін құбылысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »