UF

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЭМБРИОТРАНСПЛАНТАЦИЯНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

Трансплантация технологиясының бірден – бір басты бөлімдерінің бірі арнаулы донордан құнды (полноценные эмбрионы) ұрпақты ерте даму мезгілінде көптен алу. Эмбриондарды трансплантациялау / көшеттеу / - бұл малдардың өніп - өсуінің биотехнологиялық жаңа тәсілдеріне жатады. Бұның басты мақсаты жоғары өнім беретін генетикалық донорлардан жарамда, тіршілігі жоғары эмбриондарды өте көп алуға арналған және оларды рецменттік – малдар генимольдық / жыныс /аппаратына көшеттеп төл алу болып табылады / Мухаммедгалиев Ф.М., 1971, Амарбаев А-Ш.М., 1989 /.

Өніп - өсу биотехнология тәсілінің эмбриондарды  трансплантациялау жолын іске асырудың бірнеше шакралары бар:

  1. Трансплантация әдістерінің малдардың өніп - өсуіне тиімділік жақтарын ашып және оны мал шаруашылығы практикасына кеңінен енгізу;
  2. Осы салаға байланысты ғылыми зерттеулерді көптеген жүргізу, яғни жұмыртқа жасушаларын алу мен эмбриондарды трансплантациялау әдістерін байытуды терең зерттеп, тиімділігін жоғарлатып, фундаментальдық ізденістерді жалға қою / биоинженерия, эмбриоинженерия саласыфн өркендетуге арналуы керек /.

Тарнсплантацияның негізгі бағыналы бағыты генетикалық жағынан жоғары өнім беретін малдардың  табиғи гормондармен егу арқылы суперовуляция, күйге келген қолдан ұрықтау, олардың жыныс ағзаларынан эмбриондарды жуып алу, алынған ұрпақтардың  морфологиялық құндысын рецитенттер жыныс ағзасына көшеттеу, төл алу әдістерін жетілдіру, сол арқылы асылдандыру жұмыстарын шапшаңдату. Бұл рецитенттер күйлеу мезетімен донорлар күйлеу уақыттары, не ұрықтанған уақыттарына өте сәйкес  келуі қажет. Бұл әдістерін жетілдіру схемасы 3.1 суретте келтірілген.

Қазіргі уақытта практика жүзінде трансплантацияның үш тәсілін пайдаланады:

  1. Донорларды сойып эмбриондарын алу арқылы / лабараториялық кемірушілер және ет бағытындағы қара малдарда /;
  2. Хирургиялық / ауылшаруашылық майда малдар үшін /;
  3. Хирургиялық емес тәсіл / ауылшаруашылық ірі малдар үшін /.

Трасплантация техникасын таңдау зерттеушінің өз ісі. Дегенмен қазір көп зерттеулер тәсілдерді  жетілдіру бағытына жүргізеді, әсіресе хирургиялық емес трасплантация әдісін ауылшаруашылық  майда малдарына пайдалану үшін. Бұдан бұрын хирургиялық операциясыз – ақ трасплантация методикасын тек ірі ауылшаруашылық малдарына қолданатын еді.

Ал қазір бұл әдісті лабороториялық және ауылшаруашылық майда малдарына пайдалану үшін лабораториялық жағдайға жүргізуге бағыт алуда.

Бұл трансплантациялау тәсілдерінің өзінің оң және теріс жақтары бар. Хирургиялық тәсілді қолданғанда, донорларды пайдалану ауқытын қысқартады / донордың да, рецитенттін де, /, ал хирургиялық операциясыз тәсіл жатыр, мойны және эндометрийдің механикалық структурасына зияны көп тиеді. Бұл екеуі де физиологиялық қиындық туғызады.

Хирургиялық тәсілдің дұрыс жағы эмбриондар тегісінен алуына / не жуып алуына / және ешбір қатесіз керек жатыр мүйізін көшеттеуге пайдасы мол. Ал хирургиялық операциясыз трансплантация әдісі қарапайымдылығы мен донорлардың шаруашылық қызметі уақытының қысқаруына әкелмейді / оператор жоғары квалификациялы болуы керек /.

Мал шаруашылығында, не ғылыми зертеу жұмыстарында  ұрықтаудың екі түрін қолданатын табиғи және қолдан ұрықтандыру / эстественное и искуственное /. Табиғи ұрықтандырудың түпкі мақсаты аталық малды іріктеп, таңдап донормен шағылыстыру, табиғи коитус болуға дайындау /жыныстық акт/ және болдыру. Ал қолдан ұрықтандыру үшін донор не ұрғашы малдар жыныс ағзасына аталық ұрықтарды арнаулы ұрықтармен жіберуді айтады /3.2 сурет. 3.1 кесте/. Эмбриондарды трансплантациялау практикасында лабораториялық және ауылшаруашылық малдарына /аналықтарына/ негізінен табиғи ұрықтандыруды қолданса, ірі малдарды, әсіресе сиырды, ұрықтандыру үшін қолдан ұрықтандыру әдісін пайдаланады.

4 сурет. Сиырларды қолдан ұрықтандыратын приборлар. Ұрықтау жатыр мойнын  тік ішек арқылы ұстап жүргізу.

 1-шприц; 2-полистрол пипеткасы; 3-арнулы шыны пипетка

Қолдан ұрықтандырудың мәнісі мынаған негіздкелген: бір эякуляттағы спермийлер саны аналық малдардың бірнешеуін ұрықтандыруға жетеді. Себебі, бір малдың жыныс циклі кезіндегі бөлінетін жұмыртқа жасушаларына соншалықты көп спермийлер санының қажеті жоқ. Оны көптеген зерттеулермен анықтаған. Сондықтан аталық малдан алынған ұрықтың бір эякулятын бірнеше малға бөліп – бөліп пайдалануға болатыны арнаулы тәжірибемен дәлелденген. Қолдан ұрықтандыру  тәсілін, ауылшаруашылық  малдарына қолдануға аса тиімділік үшін, дүние жүзі малдар өсіру практикасына кеңінен  қолданылады. Бұл әдістің технологиялық звеньелері: ұрық алу, сапасын тексеру және бағалау, сұйылту, ұзақ мерзімге сақтау және ұрықтау.

Аталық /производитель/ малдан ұрық үшін арнайы приборларды қолданады, оны жасанды қынап /искусственная вагина/деп атайды. Алынған эякулятты пайдаланбас бұрын мұқият зерттеулер жүргізеді

Соның ішінде тәжірибеде кеңінен қолданылатын және ұқыпты бағалаулардың шапшаң тез болатын әдістері алынған эякуляттық қоюлығын және бағалымын /густота и подвижность/ тексеру, яғни спермийдің осы екі көрсеткуішіне көңіл аударады.

 

Эякуляттағы спермилер жасушасы гетерогенді болып есептеледі, оның ішіндегісін жетілмеген спермилер болады. Сондықтан спермилердің ілгерілемелі белсенді қозғалыстары, олардың тіршілік мүмкіншіліктерін білдіретін басты көрсеткіштердің бірі, себебі, спермийлердің қозғалысымен ұрықтанылу мүмкіншілігінің арасы тікелей байланысты. Бұл зерттеулерді өте жақын белгісі келетіндер, арнаулы әдебиеттерде акушерлік, геникалогиялыөқ малдарын қолдан ұрықтауларға шолу және мал өсіру технологиясы атты еңбектерден танысуға болады, / Студенцов А.П., 1986, Шипилов В.С., 1988, Хантер Р.Х.Ф., 1984, Қасымов К.Т., Өтесінов Ж.Ә., 1988 /.

Суперовуляцияланғанда алынған ұрпақтардың сапасы көбіне донорлардың қолдан ұрықтаудың дұрыс жүргізілуіне байланысты. Жоғарыда айтылғандардан белгілі болған. Спермийлер ұрықтандыру мүмкіншілігіне, тек донорлардың күйлеу кезіндегі жыныс ағзаларына түскеннен соң, бірнеше сағаттан кейін ие болады. Оовуляция шамамен күйлеу басталғаннан кейін 12 сағаттан соң болады. Сондықтан ұрықтаумен, спермийлердің ооциттері ұрықтанылуына оптимальді жағдай туғызады. Сеперовуляцияланған донорлық сиырларды 3-4 рет 12 сағаттық интервалмен, екі еселенген  дозада ұрықтау өте пайдалы. Оның себебін былайша түсіндіруге болады: олиовуляцияланған донорлардың күйлеуі экзогормонның ықпалымен ұзаққа созылады. Бұл жағдайда ұрықтаудың ең тиімдісі, сперма дозаларды жатырдың әр мүйізіне жеке – жеке жіберген дұрыс.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2023-11-25 15:33:33     Қаралды-100

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »