UF

1. Көкөніс шаруашылығының мақсаты.

2. Көкөністің азықтық маңызы.

3. Көкөніс шаруашылығының міндеттері.

 

1. Көкөніс шаруашылығының мақсаты.

Көкөніс шаруашылығының түпкілікті мақсаты – жыл бойы жоғары сапалы өнім жинап, бір өлшем өнімге жұмсалынған еңбек және жабдық шығынын кемітіп, оның өзіндік құнын төмендету.

Көкөніс шаруашылығы басқа ауыл шаруашылық салаларынын бірнеше ерекшеліктерімен сипатталынады, олар әр түрлі көкөніс дақылдары мен сорттарының өсу-даму жағдайына қоятын арнаулы талаптарына байланысты және олар дақылдарды өсіру процесінің технологиялық тәсілдерін дайындағанда және ұйымдастырғанда өзінің шешімін табады.

Көкөністерді ашық және қорғаулы жерлерде (жылытылған топырақ, булыжай, жылыжай) өсіреді.

Көкөніс шаруашылығында өсімдік шаруашылығында қолданылмайтын немесе аз көлемде қолданылатын агротехникалық тәсілдер көкөністі көшеттік әдіспен өсіру, көшеттерді сақтауға (конервацияға) қою, өскін алу, көкөністердің өсіп-дамуын және пісіп жетілетін жалғастыру қолданылады.

Көкөніс шаруашылығында маңызды қарқынды және ұтымды пайдалану тән, ондайда бір орында (жерде) көкөніс дақылдарының бірнешеуін, бір уақытта (тығыз орналастыру) немесе кезек-кезек (дақылды қайталау) өсіреді.

Көкөніс шаруашылығында егіншілікке қарағанда тыңайтқыш, улы заттар, жылу, электр энергиясы, жер суландыру молырақ қолданылады. Көкөніс шаруашылығының ерекшелігі – көкөніс дақылдары егілетін егістік жерінің шамалылығы (көп емес).

2. Көкөністің азықтық маңызы.

Көкөністер адам қорегінде үлкен маңызды рөл атқарады. Оларда көмірсу, белок, май, биокатализаторлар, дәрумендер (витаминдер), минералды тұздар, органикалық қышқылдар, эфир майлары, фитонцидтер болады. Өте құнды, әсіресе жас көкөністер маңызды дәрумендердің мөлшері бойынша өсімдік өнімдерінің ішінде алдыңғы орындағылардың бірінде. Сондықтан емдік мақсатқа қолданылады. Көкөніс диетасы склероздан, бауырды тұз қабаттағанда, бауыр тасынан, асқазан жарасынан, сәуле ауруынан және т.б. аурулардан емделгенде қолданылады.

Қоректену институтының ұсынысы бойынша, көкөністің бір адамға жылдық орташа мөлшері – 120-140 кг.

Көкөністер (калийдің, кальцийдің, фосфордың қырыққабат, сәбіз, жасылдар), сондай-ақ темірдің (ақжелкеннің жапырақтары, жапырақты көкөністер) адам қорегіндегі негізгі көзі болып саналады. Микро және ультрамикроэлементтердің мөлшері өте өзгермелі. Қырыққабат мол мөлшерде борды, мырышты, мысты;сәбіз – бор мен иодты;ақ сүттіген – кобальт пен стронцийді;шалғам – калийді, стронцийді жинайды.

3. Көкөніс шаруашылығының міндеттері.

Республика көкөніс шаруашылығының негізгі міндеті - әр түрлі топырақ-климат жағдайында көкөніс дақылдарынан жоғары және тұрақты өнім жинаудың іс жүзіндегі тәсілдерінің іс аралық негізін қалау (дайындау).

Еліміздің көкөнісшілерінің алдына қойылған міндет – көкөніс түрлері мен мөлшерін халыққа және өңдеу өндірісіне қаншалықты қажет болса, соншалықты өндіру. Көкөніс пен бақшадақылдарының жылдық орташа өндірісін 40-42 млн. тоннаға жеткізу керек. Ол үшін көкөністі қорғаулы жерлерде өндіруді арттыру, жылыжай шаруашылықтарын, әсіресе, өндірістің қалдық жылуын және жер астының жылы суларын пайдаланатындарын көбейту керек.

Халықтың кеш көкөніс өнімдеріне қажеттілігі негізінен тұтынатын жерлерде өндірілетін көкөніс үлесінен өтеледі. Көкөніс өнімдерін изотермиялық вагондарда, авторефрижераторларда және арнаулы өзен көлігімен тасуды кеңінен қолдану керек. Қызанақ өнімдерін өндіруді едәуір арттыру, сондай-ақ шаруашылықтарда өндірілген өнімді толығымен сақтау, өңдеу және іске асыру үшін көкөністі сақтайтын, өңдейтін орындар салу керек.

Күшті қор (резерв) – шығындарға бөгет қою және өнімнің жоғары сапалы өңделуі.

Көкөніс шаруашылығының болашақ дамуының негізгі бағыттарының бірі – шаруашылық аралық мамандандыру. Ірі шаруашылықта өнімділікті 4 есе арттыруға, шығынды 2 есе, ал өнімнің құнын 2 есеге жуық арттыруға болады.

Көкөніс пен бақша шаруашылығы ауыл шаруашылығындағы еңбекті ең көп қажет ететін салалар. Бұл салаларды дамыту үшін барлық – себу отырғызу, егістікті күтіп-баптау, өнімді жинау, жинағаннан кейін өнімді өңдеу, өнімді тасымалдау, сақтау және тұтынушыға жеткізу үрдістеріне кешенді механикаландыру енгізу керек.

Көкөніс шаруашылығының өнімділігін арттырудың және өнімге шығындалатын шығынды кемітудің кепілді бағыты – қарқынды технологияны кеңінен енгізу.

Ғылыми көкөніс шаруашылығының міндеті – теориялық зерттеулерді жүргізу және олардың жыл бойы жас көкөніспен қамтамасыз ету әдістерін теориялық және экономикалық жағынан негіздеу: жоғары өнімді сорттар мен будандарды қолданып, дақылдардың өнімділігін жақсарту, қолайлы топырақ-климат жағдайымен қамтамасыз ету.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2022-02-10 13:16:55     Қаралды-901

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮН НЕГЕ КЕЛЕДІ?

...

Күн артынан түн, түн артынан күн.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?

...

Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ АУА ҚЫСЫМЫН СЕЗБЕЙМІЗ?

...

Біздің планетамызда үлкен ауа мұхиты үстемдік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБЫЛАН НЕЛІКТЕН ЖЕМТІГІН АҒАШҚА ЖАСЫРАДЫ?

...

Қабылан жалғыз тұрады және арыстандар мен гиеналардан үнемі сақ болу керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ БАР?

...

Жыл мезгілдерінің ауысуы – табиғаттың мәңгілік және өзгермейтін құбылысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »