UF

ГЕНОТИП (ген және тип) - хромосомадағы барлық геннің жиынтығы. Генотип терминін 1909 жылы дат биологы В. Иогансен ұсынған. Генотипте ұрпақтан-ұрпаққа тұқым қуу туралы хабар болады. Генотип болашақ организмнің дамуында, құрылысында, тіршілігінде, әрекетінде, былайша айтқанда, барлық белгілерінде, қасиеттерінде, яғни фенотипінде көрінеді. Генотип - өзара байланысты бірнеше ген жүйесі, сондықтан бір геннің әрекеті өзін қоршаған генетикалық ортаға байланысты. Мыс., жұпар бұршақтың кейбір сорттары мен гүлінің қызыл түсті болуы генотипте екі түрлі генотипінің басымдылық аллельдерінің қатысуына байланысты, ал бұл аллельдер жеке күйінде гүлдің ақ түсті болуына әсерін тигізеді. Генотипінің сыртқы және ішкі орта жағдайларымен байланыстылығы организмнің фенотиптік белгілерін дамытады. Генотип терминін кейде ген жиынтығын немесе жеке бір генді бақылаған жағдайда да қолданады.

Әдеб.: Қазақ совет энциклопедиясы. -Алматы, 1975 ж. -Т.1. -С.63.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2021-07-22 12:07:47     Қаралды-1255

ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ ҚАТЕЛІКПЕН АТАЛДЫ?

...

Кариб теңізінде Пуэрто-Риконың үлкен аралы орналасқан...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МАТЕРИКА ЕҢ КІШКЕНТАЙ?

...

Австралия - жер бетіндегі ең кішкентай материк.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕ СУ КӨП ПЕ?

...

Сусыз жер бетінде тіршілік болмас еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТРОНДАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Электрон» сөзі грек тілінен «янтарь» деп аударылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Электрондардың теріс заряды, ал атом ядросының оң заряды бар екенін сіз бұрыннан білесіз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Көптеген ғасырлар бойы адамдар электр қуатының бар екенін білмеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОМПАСТЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Навигацияның дамуымен кеме жасау ғылымы жетілдірілуде - кибернетика...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »