UF

ГЕНОТИПТІҢ БІРТҰТАС ЖҮЙЕ ЕКЕНДІГІ

 

Гендердін, өзара әсер етуі. Будандастырудағы жаңа түзілістер. Жоғарыда қарап өткен мысалдардан гендердің әрекеті салыстырмалы түрде бір-біріне тәуелсіз пайда болатынын көрдік. Сары реңді асбұршақ тұқымының доминантты гені осы белгіні тұқымның тегіс формасының доминантты гені қатысқанда да, тұкымның бұдырлы формасының рецессивті генінің аллельді болуында да дамыта алады. Теңіз шошқаларындагы қара немесе ақ реңді ген олардың жүн жамылғыларының даму сипатын анықтайтын гендерге тәуелсіз әсер етеді. Осы мысалдар негізінде организм генотипі бір-біріне байланыссыз жеке әсер етуші гендердің қосындысы деген ұғым туып қалуы ықтимал. Мұндай түсінік - жалған. Қей жағдайда әртүрлі гендердің әсері салыстырмалы түрде тәуелсіз болып көрінгенмен де олардың арасында өзара әсер етеудің әртүрлі формалары жүзеге асады.

Организм белгісінің дамуы әдетте көптеген гендердің бакылауында болады.

Үйқоян жүні реңінің кейбір формаларының тұқым қуалауын қарастыралық. Үйқояндар мен басқа кемірушілер жүнінің реңі әртүрлі. Қемірушілер жүні реңінің дамуына көптеген гендердің қатысуы себепші болатынын генетикалық анализ көрсетті.

Егер сұр және ак гомозиготалы үйқояндарды будандастырсақ, гибридтердің бірінші ұрпағында ұрпақтардың бәрі сұр болады. Бұдан гибридтердің бірінші ұрпағының біркелкілік ережесі және ақ реңге сұр реңінің доминанттық көрсетуі байқалады.

Осы гибридтерді өзара будандастырғанда Ғ2-де бірқатар жағдайларда белгілердің мынадай ажырауы болады: 9 сұр үйқоянға 3 қара жүнді, 4 ақ жүнді тура келеді. Бастапқы ата-ене особьтарында қара үйкояндар болған жоқ, бұлардың Ғ2-де пайда болуы будандастырудағы жаңа түзіліске мысал болады.

Сурет - Дигибридті будандастыру және үйқоянды будандастыру кезіндегі жаңа түзіліс

 

Тәжірибеде байқалатын белгілердің ажырау жүрісін қалай түсінуге болады? Мұндай жүнің реңі екі жұп аллельге байланысты екенін генетикалық талдау көрсетті. Бұлардың біреуі (мұны С -с деп таңбалайық) реңнің негізгі гені. Бұл доминатты қалыпта (С) қатысқанда күңгірт реңді үйқояндар алынады - олардың қара реңді де, сұр реңді де болуы мүмкін. Сол ген (с) рецессивті қалыпта болса, пигмент түзілмейді де, ақ үйқояндар алынады. Пигмент болған жағдайда, оның таралып орналасуына себеп болатын баска жұп аллель (А - а) болады. А гені жүн талшығының түбіне жиналатын пигменттің талшықты бойлай біркелкі таралмауына себеп болады: бұл ретте пигмент талшықтың түбіне жиналады да, талшықтың ұшында пигмент болмайды. Мұндай үйқояндар сұр реңді болады. Бұл жұптағы гені) рецессивті аллель пигменттің таралуына әсер етпейді. Екі доминантты (аллельді емес) гендер: С (пигменті бар) және А пигменттер талшықтың түбіне жиналған) қатысқанда үйқояндардың сұр реңді болуын түсіну оңай. С гені а генімен үйлескен үйқояндар біркелкі (кара) реңді болады. Ақырында, рецессивті с гені барлық жағдайларда мен үйлессе де, а мен үйлессе де) жүнге ақ рең береді. Жүн реңінің тұқым қуалауы өзімізге таныс дигибридті схема бойынша суретте  берілген.

Ақ үйқояндар схемада көрсетілгендей, әртүрлі генотипті болып келеді. Олардың біреуі - таза рецессивті генотипті ссаа кұрамды. Екіншілерінде рецессивті с генімен қатар доминантты А гені (гомо немесе гетерозигогалы) болады. Бұл үйқояндар да ақ реңді, өйткені С гені жоқ кезде пигментті үлестіруші А геннің фенотиптік көрінісі болмайды.

Аллельді емес гендердің өзара әсер ету құбылысы табиғатта өте кең таралған.

Гендердің көптік әсер етуі. Қаралып өткен мысалдар организмнің көптеген тұқым қуалау белгілері бір ғана ген емес, көп гендердің бақылауында болатынын көрсетті. Осымен қатар басқа да құбылыс болады. Көптеген жағдайда бір ген организмнің бір белгісіне ғана әсер етіп қоймай, бірнеше белгісіне ықпалын тигізеді. Мысалдар келтірейік. Қызыл гүлді (тұқым қуалау белгісі) өсімдіктердің көпшілігінің сабақтарында да қызыл пигмент болады. Ал ақ гүлді өсімдіктердің сабақтары жап-жасыл болады. Қоғыр өсімдігінде гүліне қызыл рең беретін геннің көптік әсері болады. Жапырақтарының күлгін тартып, ұзын сабақты және тұқымның салмақты болуы сол генмен анықталады. Жануарлар әлемінен де осыған ұқсас көптеген мысалдар келтіруге болады. Генетикасы өте толық зерттелген жеміс шыбыны - дрозофиланың көздерінде пигменттің болмауына себепші ген оның өсімталдығын кемітеді, кейбір ішкі мүшелерінің түсіне әсер етеді және өмірін қысқартады.

Қазіргі кезде, әртүрлі өсімдіктердің, жануарлардың, микроорганизмдердің тұқымқуалаушылығын зерттеу жөнінде генетикада жиналған мол материал, геннің көптік әсері болатынын көрсетіп отыр.

Гендердің өзара әсері мен олардың көптік әсер етуі жөніндегі фактілер және бақылаулар организмдердің тұқым қуалау негізінің табиғаты - генотипі туралы жалпы түсінікті едәуір тереңдетеді. Гибридтер ұрпағында белгілердің ажырау фактісі генетиптің жекелеген элементтерден, гендерден құралатынын, ал бұл гендердің тәуелсіз түрде бір-бірінен ажыраса, тұқым қуалай алатынын (Мендельдің екінші заңын еске түсірейік) дәлелдеуге мүмкіндік береді. Осымен бірге генотипте тұтастылық қасиет те бар, сондықтан мұны гендердің жай ғана механикалық жиынтығы деп карауымызға болмайды. Түрдің эволюциялық процесінде тарихи пайда болған генотиптің тұтастығы сол - оның жеке компоненттері (гендері) бір-біріне тығыз әсер етіп отырады. Организмнің белгілері көптеген гендердің өзараәсер етуіне байланысты дамиды, сондай-ақ, әрбір ген организмнің бір белгісінің дамуына ғана емес, организмнің көптеген белгілеріне көптік әсер етеді. Организмнің генотипі клетканың белгілі бір компоненттерімен, ондағы хромосома аппаратымен, ДНҚ-мен байланысты болады.

Әдебиет: Жалпы биология. Алматы, 1991. -Б.134-136.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-11-13 12:39:29     Қаралды-756

ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ ҚАТЕЛІКПЕН АТАЛДЫ?

...

Кариб теңізінде Пуэрто-Риконың үлкен аралы орналасқан...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МАТЕРИКА ЕҢ КІШКЕНТАЙ?

...

Австралия - жер бетіндегі ең кішкентай материк.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕ СУ КӨП ПЕ?

...

Сусыз жер бетінде тіршілік болмас еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТРОНДАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Электрон» сөзі грек тілінен «янтарь» деп аударылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Электрондардың теріс заряды, ал атом ядросының оң заряды бар екенін сіз бұрыннан білесіз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Көптеген ғасырлар бойы адамдар электр қуатының бар екенін білмеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОМПАСТЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Навигацияның дамуымен кеме жасау ғылымы жетілдірілуде - кибернетика...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »