UF

Адам қолымен жасалатын биогеоценоздар

 

Адамның шаруашылық әрекеті - табиғатты түлетудің қуатты факторы. Осындай әрекеттің нәтижесінде ерекше биогеоценоздар қалыптасады. Олардың қатарына, мысалы, адамның ауылшаруашылық әрекетінің нәтижесінде пайда болатын қолданжасалған биогеоценоздар -агроценоздарды жатқызуға болады. Оларға қолдан жасалатын шалғындықтар, егістіктер мен жайылымдар мысал бола алады. Мұндай жасанды биогеоценоздарды түзуде адам алуан түрлі агрономиялық тәсілдерді кеңінен қолданады, мысалы: мол түсімді шөптер егу, мелиорация (аса ылғалдылық жағдайында), минералды және органикалық тыңайтқыштар енгізу, әртүрлі топырақ өңдеу әдістері, кейде қолдан суландыру және т. с. с. Парктерді, жеміс бақтары мен жидектіктерді, қолдан отырғызылған орман желектерін де жасанды биогеоценоздар қатарына жатқызуға болады.

Жасанды биогеоценоздарды түзуде адам қолымен жасалатын мұндай бірлестіктердегі компоненттер мен топырақ арасында қалыптасатын өзара қарым-қатынас формаларын да мүмкіндігінше толығырақ ескеру қажет. Топырақтың қасиетін, оны жел мен судың бүлдіруінен (эрозия) қорғау, топырақ жамылғысының табиғи құрылымы мен біртұтастығын сақтау қажеттігін ескерудің ерекше маңызы бар.

Бір түрге жататын өсімдіктердің едәуір территорияда көп болуы осы өсімдіктермен қоректенетін бунақденелілердің табиғи биогеоценоздарда сирек кездескенімен, жасанды биогеоценоздарда тез көбейіп, өсірілетін дақылдардың қауіпті зиянкестеріне айналуына әкеп соғуы мүмкін. Мысалы, қызылша бізтұмсығы табиғи шалғындықтарда айлық тұқымдас өсімдіктердің аздаған түрлерімен қоректеніп, оларға көп зиян келтіре қоймайды. Көлемді алқапқа орналастырылған қант қызылшасын өсіре бастағанда жағдай түбірімен өзгерді. Ешқандай «зияны жоқ» қызылша бізтұмсығы аса маңызды ауылшаруашылық дақылының жаппай зиянкесіне айналды. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Адам қолымен жасалатын биогеоценоздар өздеріне үнемі назар аударып, олардың тіршілігіне белсене араласуды талагі етеді. Жоғары агротехниканы қолданып, осындай агроценоз компоненттері арасындағы өзара әсер ету формаларын ескеріп отырғанда олар жасанды шалғындық жайылымдар, қолдан отырғызылған орман және т. б. секілді мол өнім бере алады.

Табиғи және жасанды биогеоценоздар арасында ұқсастықтар мен бірге адам өзінің шаруашылық әрекетінде айрықша ескеретін айырмашылықтар бар.

Біз табиғи биогеоценоздардың көптеген түрлерден тұратынын жоғарыдағы келтірілген мысалдардан көрдік (тоған, емен, орман). Табиғи биогеоценоздар экологиялық жүйе болып табылады, өйткені олар табиғи сұрыпталу нәтижесінде табиғатта құрылады. Табиғи сұрыпталу организмдердің нашар бейімделген формаларын жойып жібереді. Соның нәтижесінде өздігінен реттеле алатын күрделі, біршама тұрақты экологиялық жүйе түзіледі. Табиғи биогеоценозда зат айналымы болғандықтан, өсімдіктер қабылдаған заттар қайтадан топыраққа түседі.

Адам қолымен жасалған жасанды биогеоценоздағы - агроценоздағы компоненттер шаруашылық қажеттігіне қарай іріктеліпалынады. Мұндағы басты фактор табиғи емес, жасанды сұрыптау. Жасанды сұрыптау және басқа да агротехникалық шаралар арқылы адам ең жоғары биологиялық өнімділік (түсім) алуға тырысады. Жасанды биогеоценозда қоректік заттардың біраз бөлігі өніммен бірге жүйеден шығарылып табиғи зат айналымы жүзеге асады.

Табиғи беогеоценозда Күн энергия көзі болып табылады. Агроценозда одан басқа (табиғи) энергия көзі ретінде адам тыңайтқыш шашады, онсыз жоғары биологиялық өнімділікке жету мүмкін емес. Агроценоздар адамның дамылсыз араласуымен және ұдайы қолдауының арқасында ғана тіршілік етіп, жоғары биологиялық өнім береді, ал адамның көмегінсіз олар тіршілік ете алмайды.

Табиғи экожүйелердегі сияқты агроценоз компоненттерінің арасында әртүрлі байланыстар болады. Мәселен, бидай егістігінде бидай мен арам шөптер, шөп қоректі зиянды бунақденелілер, бидай зиянкестерін құртатын жыртқыш және паразит бунақденелілер, өсімдікпен қоректенетін ұсақ кемірушілер арасында күрделі биологиялық байланыстар қалыптасады. Бұл қатынастардың біраз бөлігі шаруашылық әрекетінің нәтижесінде адам көмегімен реттеледі.

Табиғи және адам қолымен жасалған биогеоценоздар арасында бірқатар аралық сипаттағы бірлестіктер бар, табиғи қалыптасқан биогеоценоздарға адам әрекеті белгілі дәрежеде айтарлықтай өзгерістер енгізеді. Мұндай «аралық» биогеоценоздарға орман-парктерді немесе мелиорациялык шаралар жүргізу арқылы табиғи шалғындықтар негізінде жасалған, кейде өте жоғары өнім беретін жайылымдарды жатқызуға болады.

Қазіргі кезде ауылшаруашылық дақылдарына жаңа жерлерді пайдаланбайтындықтан, егін шаруашылығын дамыту үшін негізгі мәселенің бірі агроценоздардың өнімділігін арттыру проблемасы болып отыр. Бұл проблеманы шешу мақсатында елімізде Азық-түлік программасы, жерді ұзақ мерзімді мелиорациялау программасы қабылданды, осы программаларда көзделген мәселелер орындалса, халықты азық-түліктің барлық түрімен қамтамасыз ету мүмкіндігі жасалады.

Агроценоздар өнімділігін жоғарылату ауылшаруашылық өсімдіктерін өсірудің жаңа технологиясын пайдалануға мүмкіндік береді. Биологиялық және басқа да ғылымдар саласында жаңа жетістіктер ретінде индустриалы технология кеңінен қолданыла бастады. Индустриалы технология өте жоғары мамандандырылған шаруашылық ретінде сипатталады, өйткені онда селекция, агрохимия, өсімдік шаруашылығы мен жоғары өнімді техника жетістіктері қолданылады және ауылшаруашылық өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс істейді.

Жер құнарлылығын сақтап қалу максатында ауыр техника топырақтың құрылымын бүлдірмеу үшін оны жеңіл-желпі ғана өңдеу жұмысы жүргізіледі. Мәселен, тұқым себер алдында арамшөптерді жою үшін топырақты тез ыдырайтын және күшті әсер ететін химиялық препараттармен өңдейді. Индустриалы технология егістікке жоғары өнімді сорттар мен өсімдіктер буданын өсіруді, органикалық және минералды тыңайтқыштардың оптималды мөлшерін енгізуді талап етеді.

Индустриалы технологияны қолданудың басты шарты - ауылшаруашылық дақылдарын одан бұрыңғы өсімдіктің орнына себу. Мысалы, жүгерінің одан бұрыңғы дақылы күзде топырақты мұқият өңдеу, арамшөптерден тазартып, топырақты ылғал қорымен қамтамасыз ету мүмкіндігін жасау үшін егістік жерден ерте жинап алынуы керек. Жүгерімен одан бұрынғы өсімдіктің зиянкестерімен ауру тудырушылары бірдей болмау керек. Топырақты азотпен байытатын бұршақ дақылдары, сондай-ақ картоп ол талапты қанағаттандыра алады.

Жоғары түсім алудағы ең қажетті жағдай - барлық ауылшаруашылық жұмыстарды дер кезінде жүргізу. Тұқым себуде, түрлі агротехникалық шараларды жүргізуде, өсімдіктерді күтіп-баптауда, түсім жинауда кешігуге болмайды.

Ауылшаруашылық дақылдарын өсіргенде индустриалы технологияны қолдану ргроценоз өнімділігін біршама арттырады.

Әдебиет: Жалпы биология. Алматы, 1991. -Б.36-38.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-11-05 17:51:18     Қаралды-1256

ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ ҚАТЕЛІКПЕН АТАЛДЫ?

...

Кариб теңізінде Пуэрто-Риконың үлкен аралы орналасқан...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МАТЕРИКА ЕҢ КІШКЕНТАЙ?

...

Австралия - жер бетіндегі ең кішкентай материк.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕ СУ КӨП ПЕ?

...

Сусыз жер бетінде тіршілік болмас еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТРОНДАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Электрон» сөзі грек тілінен «янтарь» деп аударылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Электрондардың теріс заряды, ал атом ядросының оң заряды бар екенін сіз бұрыннан білесіз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Көптеген ғасырлар бойы адамдар электр қуатының бар екенін білмеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОМПАСТЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Навигацияның дамуымен кеме жасау ғылымы жетілдірілуде - кибернетика...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »