UF

МОЛЕКУЛАЛАРДЫҢ ӨЗАРА ӘСЕР КҮШТЕРІ

Егер молекула деген бар болса және ол қозғалатын болса, онда олардың арасында міндетті түрде күш әсер етуі керек. Мұндай өзара әсерсіз қатты дене де, сұйық дене де болмас еді.

Атомдардың немесе молекулалардың арасында едәуір әсер етуші күштердің бар екенін дәлелдеу онша киын емес. Мысалы жуан таяқ алып, оны сындырып көріңдер! Ал ол молекулалардан тұрады емес пе? Егер де молекулалардың ара­сында тартылыс күштері болмаса, онда барлық зат кез келген жағдайда тек газ тәріздес күйде болар еді. Алайда тартылыс күштерінің жалғыз өзі ғана атомдар мен молекулалардан құралған берік түзілістердің өмір сүруін қамтамасыз ете алмайды. Өте жақын қашықтықтарда молекулалар арасында міндетті түрде тебілу күштері әсер етеді. Соның арқасында молекулалар бір-бірімен бірігіп кетпейді және кесек зат ешкашанда бір моле­кула мөлшеріне дейін сығылмайды.

Молекулалардың өзара әсері қалай пайда болады. Молеку­ла - дегеніміз зарядталған жеке бөлшектерден: электрондар мен атом ядроларынан тұратын күрделі жүйе. Алайда, молекула жалпы алғанда электрлік жағынан бейтарап болғанымен, олардың арасында тым аз қашықтыктарда айтарлықтай электр күштері әсер етеді. Электрондар мен көршілес молекулалардын, атом ядролары арасында өзара әсерлесу жүріп жатады.

Егер молекулалар өздерінің өлшемдерінен бірнеше есе артық келетін қашықтыкта тұрған болса, онда олардың өзара әсер күштері шын мәнінде сезілмейді. Электрлі бейтарап молекула­лар арасындағы күштер қысқа мерзімді, өткінші әсерлесу күштері болып табылады. Молекулалардын, 2-3 диаметрінен асатын қашықтықтарда тарту күші әсер етеді. Молекулалар арасындағы ара қашықтық азайған сайын тарту күші алдымен күшейе түседі, ал содан соң кеми бастайды. Ал ол екі молекуланың арасындағы қашықтық молекулалар радиустарының қосындысына тең болғанда, нөлге дейін кемиді.

Қашыктық одан әрі азайғанда атомдардың электрондық қабықшалары бір-бірін жаба бастайды да, молекулалар арасын­да күрт артқан тебілу күші пайда болады.

Атомдар мен молекулалар электрлі зарядталған бөлшектерден тұрады. Ол бөлшектер электрлік күштердін әсерінен аз қашықтықтарда бір-біріне тартылады, ал атомдардың электрондық қабықшалары бір-бірін жапқанда олар тебіле бастайды.

 

Г.Я.Мякишев, Б.Б.Буховцев. Физика. -Алматы, 1998. -256 бет.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2024-01-29 14:10:47     Қаралды-134

ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ ҚАТЕЛІКПЕН АТАЛДЫ?

...

Кариб теңізінде Пуэрто-Риконың үлкен аралы орналасқан...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МАТЕРИКА ЕҢ КІШКЕНТАЙ?

...

Австралия - жер бетіндегі ең кішкентай материк.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕ СУ КӨП ПЕ?

...

Сусыз жер бетінде тіршілік болмас еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТРОНДАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Электрон» сөзі грек тілінен «янтарь» деп аударылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Электрондардың теріс заряды, ал атом ядросының оң заряды бар екенін сіз бұрыннан білесіз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Көптеген ғасырлар бойы адамдар электр қуатының бар екенін білмеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОМПАСТЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Навигацияның дамуымен кеме жасау ғылымы жетілдірілуде - кибернетика...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »