ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ КІШКЕНТАЙ ЕЛДЕР
Категориясы: География
АНДОРРА
АНДОРРА (Аndorrа) - Европаның оңтүстік-батысындағы шағын мемлекет. Пиреней тауының жоталары арасында, Валира өзенінің аңғарын бойлай орналасқан. Франция және Испаниямен шектеседі. Жері 465 км2. Халқы 85,4 мың (2014). Астанасы Андорра-ла-Въеха қаласы. Әкімшілік жағынан 6 селолық қауымға бөлінеді. Андорра республикасы - Испания мен Францияның бірігіп басқаратын протектораты. Жоғарғы өкімет орны - 24 мүшесі бар Бас Совет (төрт жылға сайланады).
Андораны қоршап жатқан тау беткейлері шалғынды келеді және онда емен, шамшат, шырша аралас орман өседі. Өзендері - Эбро алабына жататын Валира және оның саласы Ордино. Халқы католон тілінде сөйлейді, католикдініне табынады. 805 жылдар шамасында Урхель (Испания) епископына бағынды. Сол уақыттан бері испан епископтары мен француз феодалдарының арасында Андорра үшін ұдайы күрес жүріп келеді. Осы екі құдіретті көршілерінің өз ара келісуі бойынша Андорра бұларға 1278 жылдан бері салық төлейді.
Экономикасының негізгі саласы - ауыл шаруашылығы, оның ішінде экстенсивті қой шаруашылығы (қой, муйізді ірі қара, жылқы). Тау бөктерінде арпа, қара бидай, жүгері, картоп, жүзім және темекі өсіріледі. Қала халқы тамақ, темекі өнеркәсіп орындарында, толып жатқан қонақ үйлерде еңбек етеді және туристерге арналған сувенир бұйымдар жасайтын майдагерлік көсіпшілікпен айналысады. Туризм Андорраның ұлттық табысында үлкен орын алады, шетелдерден жылына 1 млн. астам турист келеді. Экспортқа сыр, жүн мен тері және ағаш көмірін шығарады. Шеттен өнеркәсіп бұйымдары әкелінеді. Андорра негізінен Испания, Франция, Ұлыбританиямен сауда жасайды. Жері таулы болғандықтан, Андоррада темір жол мүлдем жоқ, көрші елдермен әуе және тас жол арқылы байланысады.
МОНАКО
МОНАКО (Моnасо) - Оңтүстік Европадағы шағын мемлекет. Жерорта теңізінде орналасқан. Құрлық жағынан Франция территориясымен жектеседі. Жері 1,5 км2. Халқы 37,8 мың (2016), оның ішінде 4,5 мыңы ғана монегаскілер (Монако тұрғындары осылай аталады). 15 мыңнан астам француздар, итальяндықтар бар. Еңбек етуші халық 18 мың, олардың көпшілігі көрші Франция мен Италиядан келіп істеушілер. Ресми тілі - француз тілі. Діні - католиктік. Календары - григориандық. Монако әкімшілік жағынан 3 округ-қаладан - Монако, Монте-Карло, Ла-Кондаминнен тұрады.
Мемлекеттік құрылысы. Монако – князьдық, конституциялы монархия. Қазіргі конституциясы 1962 жылы 17 желтоқсанда қабылданған. Мемлекеттік басшысы - князь. Ол 5 жылға сайланатын Ұлттық советпен (18 мүшесі бар) бірге заң шығарушы өкімет билігін жүзеге асырады. 21 жаңа толған барлық азаматтарға сайлау правосы беріледі. Атқарушы өкімет - Үкімет советі. Оны мемлекеттік министр басқарады. Сот жүйесі бірінші инстанция соттары, бітіл және апелляциялың соттардан құралады.
Тарихы. Б.з.б. 10-1 ғасырда қазіргі Монако жері әуелі Финикия, одан соң Грецияның отары болды. Б. з. б. 1 ғасырда бұл жерлер Римге, кейінірек арабтарға, б.з. 11 ғасырдың 2-жартысында генуялықтарға бағынды. 1215 жылы генуялықтар қазіргі Монако жеріне қамал салды. 1419 жылы Генуя протекторатына бағынатын феодалдық князьдық құрылды. 1524 жылдан Испанияның, Францияның, Сардинияның қол астында болды. 1848 жылғы революция Монакода князь өкіметін жойды. 1849 жылы монархия қайта қалпына келтірілді. 1865 жылы Франциямен баж одағы жасалды. Бұдан төрт жыл бұрын француз Морис Бланга Монакода ойын үйін салуға ұлықсат берілген еді. Осы үйге ие болған халықаралық акционерлік «Теңізге шомылу қоғамы...» Монте-Карлода казино комплексін салды. Франция мен Монако арасындағы темір жол құрылысы аяқталғаннан кейін (1868) Монте-Карлодағы казино даңқы дүние жүзіне жайылып, Монаконың негізгі табыс көзі болды. 1899 жылы негізі қаланган Океанография музейі океанографиялық зерттеудің халықаралық орталығына айналды. 1911 жылы күшіне кірген тұңғыш конституция сайланып қойылатын Ұлттық совет (парламент) құруды бекітті. Франциямен арадағы қатынас бірнеше келісім арқылы реттеліп отырылды. 1951 жылы Монако мен Франция баж жарнасы, салық, иочта, телевизия саласында өзара қарым-қатынас туралы конвенцияға қол қойды. 1959 жылы князь Ренье III (1949 жылдан билеуші) Ұлттық советті таратты, конституцияның күшін жойды. 1962 жылы желтоқсанда жаңа конституция жарық көрді. Сол жылы көктемде Франциямен қатынас шиеленісе түсті. Оған Монаконың князьдықта салық салу ісіне кейбір өзгерістер енгізуден бас тартуы себеп болды. 1963 жылы 18 мамырда Франция мен Монако өзара келісімге қол қойды. Бұл келісімге салық салу туралы конвенция да кіргізілді.
Монакода Европадағы ірі орта толқынды радиостанцияларының бірі «Монте-Карло» жұмыс істейді. Телевизия станция бар. Монако - көптеген халықаралық ұйымдардың орталығы. Монакоға жыл сайын 500-700 мың турист келеді. Тамақ, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдарын жасайтын кәсіпорындар бар. Ақша өлшемі - француз франкісі.
ЛИХТЕНШТЕЙН
ЛИХТЕНШТЕЙН (Liechtenstein) Лихтенштейн князьдығы - Орталық Европадағы мемлекет. Рейн өзенінін жағасында, Австрия мен Швейцария аралығында орналасқан. Жері 157 км2. Халқы 38,1 мың (2019); шыққан тегі негізінен австриялықтар, герман-швейцарлар. Мемлекеттік тілі - неміс тілі. Діні католицизм. Ресми календары григориандық. Астанасы - Вадуц қаласы; ірі қалалары: Шан, Бальцерс (2 мыңға жуык), Тризен. Әкімшілік жағынан 2 округқа (Жоғары Лихтенштейн және Төменгі Лихтенштейн), олар қауымдарға бөлінеді.
Мемлекеттік құрылысы. Лихтенштейн - конституциялық монархия. Қазіргі конституциясы 1921 жылы 5 қазанда күшіне енді. Мемлекеттік басшысы - князь. Заң шығарушы өкіметтің жоғарғы органы - бір палаталы парламент (ландтаг). Оның 15 мүшесі 4 жылға сайланады. 20 жасқа толған еркектерге ғана сайлау правосы беріледі. Үкімет премьер-министр, оның орынбасары және 3 кеңесшіден құралады. Сот жүйесін; окружной соттар, Жоғарғы сот және жоғарғы трибунал бар.
Табиғаты. Территориясының 3/4 Альпы тауының сілемдері (биіктігі 2 мың метрден астам), батысын Рейя өзенінің аңғары алып жатыр. Климаты қоңыржай. Жылдық жауын-шашын мөлшері 700-1200 мм. Жерінің Лихтенштейнде жуығы орман (емен, шырша, шамшат субальпілік және альпілік шалғын).
Тарихы. Лихтенштейн территориясы римдіктер тұсында Реция провинцияна кірді (б.з.б. 15 ғасырдан). Ертедегі орта ғасырда Швабия герцогтығының бір бөлігі болды. Кейнірек мұнда феодалдық пелік - Вадуц графтыгы (1342) мен Шелленберг иелігі («Қасиетті Рим империясының» құрамында) пайда болды. 1699-1712 жылдары бұл жерлерді Лихтенштейн руынан шыққан австрия князы сатып алды да, 1719 жылы Лихтенштейн князьдығына бірікті. 1806 жылы Рейн одағына кірді. 1815-1866 жылдар Германия одағының құрамында болды. 1876-1918 жылдар Австрия-Венгриямен тығыз байланыс орнатты. 1921 жылы ресми түрде жеке мемлекет болғанымен, іс жүзінде Швейцария протекторатына айналды. 1924 жылы Швейцария баж одағына қосылды. Швейцария Лихтенштейннің дипломатиялық кілдігін өзіне алды. 2-дүние жүзілік соғыстан кейін өнеркәсібі жедел қарқынмен дамып, жұмысшы табы қалыптасты.
Экономикасы. Лихтенштейн - индустриялы-аграрлық ел. Шетел капиталына (негізінен Швейцария) тәуелді. Еңбек ететін халқының 1/2-нен астамы (1970) өнеркәсіпте және майдагерлік кәсіпшілікте (4,9 мыңға жуық) жұмыс істейді. Өнеркәсіп өнімдері негізінен экспортқа шығарылады. Басты салалары - машина жасау (Эшен қаласындағы престеу, штамптау зауыдтары, Маурен, Вадуц, Бальцерс, Шан қалаларындағы есеп және дәл машина жасау зауыдтары), химия-фармацевтикалық, тоқыма, тамақ (ет, консерв, шарап), ағаш өңдеу, керамика өнеркәсібі. Вадуц қаласында жасанды тіс шығаратын аса ірі фабрика бар. 1970 жылы 45 млн. квт-сағ электр энергиясы өндірілді. 1930-1970 жылдар ауыл шаруашылығында еңбек еткен халықтың саны 70%-тен 5,5%-ке дейін кеміді. Жерінің 12,5%-і өңделген, 43,8%-і жайылымдар (негізінен Альпі өңірі). Көбіне ұсақ шаруашылық қалыптасқан. Егіншіліктен сүтті-етті мал шаруашылығы басым. Бау, бақша, жүзім шаруашылығы дамыған. Жері аз шаруалардың көпшілігі ауыл шаруашылықтарына қоса майдагерлік кәсішпілікпен, өнеркәсіпте немесе туристерге қызмет ету саласында жұмыс істейді. Елдің негізгі табысы шетелдік фирмалардың (15 мың шетелдік фирма бар) финанс-сауда операцияларынан, почта маркаларын шығарудан т.б. түседі. Лихтенштейн арқылы халықар. т. ж. және автомобильдық жолдары өтеді. Ақшасы - швейцар франкі.
ЛЮКСЕМБУРГ
ЛЮКСЕМБУРГ, Люксембург Ұлы герцогтығы - Батыс Европадағы мемлекет. Франциямен, Бельгиямен және Германиямен шектеседі. Жері 2586 км2. Халқы 602,0 мың (2018). Астанасы - Люксембург қаласы. Әкімшілік жағынан округтарға, олар - кантондарға, казтондар - коммуналарға бөлінеді.
ЛЮКСЕМБУРГ (Luxembourg) Люксембург мемлекетінің астанасы. Елдің басты экономикалық орталығы, жол торабы. Петрюс және Альзет өзендерініз қосылар жерінде орналасқан. Халық 115,2 мың (2016). 963 жылдан белгілі. Тамақ, киім және аяқ киім тігу, ағаш тілу кәсіпорындары шоғырланған. Халықаралық салалас ғылымдар университеті мен колледж т. б. арнаулы оқу орындары. Ұлы Герцог институты (тарих, медицина, жаратылыс тану, өнер т.б.), муниципальдық театр, консерватория бар.
Мемлекеттік құрылысы. Люксембург - конституциялы монархия. Қазіргі конституциясы 1868 жылы 17 қазанда күшіне енді (бірнеше рет өзгертіліп толықтырылды). Мемлекеттік басшысы - ұлы герцог. Конституцияға сәйкес ол атқарушы өкімет билігін бір өзі жүзеге асырады, үкімет құру тәртібін белгілейді, заңдарды бекітеді және оны жариялайды, азаматтың және әскери лауазым иелерін тағайындайды. Халықаралық шарттарды бекітеді. Бірақ нақты билік ұлы герцог тағайындайтын, құрамында председатель және министрлер бар үкімет қолында. Заң шығарушы жоғары органы - бір палаталық парламент (депутаттар палатасы). Оны халық 5 жылға сайлайды. 18 жасқа толған барлық азаматтарға сайлау правосы беріледі. Округтарды комиссарлар, кантондарды бургомистрлер басқарады. Кантондардағы басқа органдары - советтер сайланып қойылады. Сот жүйесіне бітістіруші сот, округтық соттар және жоғары сот кіреді. Право және жоғары әкімшілік сот мәселелері жөніндегі Консультативті орган - Мемлекеттік Советті ұлы герцог тағайындайды.
Табиғаты. Люксембургтың солтүстігінде Арленн және Рейн тақта тасты тауларының сілемдері (биіктігі 400-500 м) орналасқан, оңтүстігі қыратты жазық биіктігі 300-400 м) болып келеді. Климаты қоңыржай, ауыспалы (теңіздіктен континенттікке). Қаңтардың орташа температурасы 0-2°С, шілдеде 17°С-қа жуық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 700-850 мм. Өзен торы жиі, негізінен Мозель өзенінің алабына жатады. Орманды жердің сұр топырағы, шым қабатты күлгін топырақ басым. Жерінің 1/3-не жуығы орман (шамшат, емен, шырша, самырсын).
Халықтың 90%-ке жуығы люксембургтіктер. Қалғаны - негізінен иммигранттар (итальяндар, француздар, немістер). Ресми тілі - неміс және француз тілдері. Діні - католицизм; протестанттар мен иудаистер де бар. Ресми календары - григориандық. Еңбек ететін халқының 45,7%-і өнеркәсіп пен құрылыста, 11,6% ауыл шаруашылығында және орман шаруашылығында, 42,7%-і басқа салаларда істейді; 75%-і жұмысшылар және қызметшілер. Люксембургте 30 мың шетелдік жұмысшылар ұдайы еңбек етеді. Ең маңызды қалалары - Люксембург, Эш, Дифферданж, Дюделанж.
Тарихы. Люксембург территориясы Рим империясы тұсында Бельгика-Прима провинциясының құрамына, ал ертедегі орта ғасырда - Франк корольдығына кірді. 10 ғасырдан бастап қазіргі Люксембург территориясы Люксембург графтығының құрамында болып, 14 ғасырдан Люксембург герцогтығына қарады, 15 ғасырда Нидерландының 17 провинциясының біріне айналды. 16 ғасырда Нидерланды буржуазиялық революциясынан кейін Люксембург Испан Нидерландысының (1714 жылдан Австрия Нидерландысының) құрамында қалды. 1794 жылы Люксембургте Австрия үстемдігі жойылып, Люксембург Францияның құрамына кірді. Вена конгресінің (1814-1815) шешімі бойынша, Люксембург Ұлы герцогтығы құрылды. Герман одағы құрамына кіріп, Нидерланды корольдығымен дербес унияда болды. Люксембургтің қазіргі шекаралары 1839 жылы Бельгия - Нидерланды шарты бойынша белгіленді. 1866 жылы Герман одағы жойылғаннан кейін Россияның, Ұлыбританияның, Австрияның, Пруссияның және Францияның қатысуымен өткізілген Лондон конференциясында (1867) Люксембург «мәңгі бейтарап» мемлекет болып жарияланды. 1868 жылы Люксембург конституция қабылдады.
1918-1919 жылдар Люксембургте жұмысшы және демократилық қозғалыстың нәтижесінде еңбекшілер жалпыға бірдей құқығына ие болып, 8 сағаттық жұмыс күніне көшті.
2-дүние жүзілік соғыс барысында (1939-1945), 1940 жылы 10 мамырда Люксембургты фашистік Германия әскерлері жаулап алды. Бірақ Люксембург халқы фашистік армия қатарында соғысудан бас тартып, 1942 жылы жаппай ереуілге шықты. Сөйтіп елде Қарсыласу қозғалысы өріс алды. 1945 жылы ақпанда Люксембург неміс-фашистік басқыншыларынан азат етілді. Люксембург соғыстан кейін негізінен АҚШ-тың ықпалымен немесе тікелей қатысуымен Батыс Европа елдері құрған топтарға қосылып отыр. Бенилюксқа мүше болып, 1948 жылы Брюссель пактысына қол қойды (Батыс блок). 1949 жылы Солтүстік Атлантика пактысы ұйымына (НАТО) кірді. 1955 жылы Люксембург парламенті 1954 жылғы Париж келісімдерін қуаттады, Батыс Европа одағына кірді. Люксембург аса маңызды халықаралық мемлекеттік-монополистік бірлестіктерге: Европалық көмір және болат бірлестігіне (1951 жылдан), Европалық экономикалық ортақ қоғамға (1957), Евратомға (1957 жылдан) қатысады.
Экономикасы. Люксембург - жоғары дәрежеде дамыған индустриялы ел, экономикасында шетел (Франция, Бельгия) капиталы үстем. Ұлттық жалпы өнімінің 70%-тен астамын өнеркәсіп береді, оның өнімі экспорттың 90%-нен асады. Өнеркәсібінің басты салалары - темір рудасын өндіру (5 млн. тонна және қара металлургия (4,8 млн. тонна шойын, 5,4 млн. тонна болат) қорытылады. Люксембург капиталистік елдер арасында шойын және болат өндіруден көрнекті орын алады, ал жан басына шаққанда қара металл қорытудан (16-17 тонна болат) - дүние жүзінде 1-орында. Басты металлургия зауыдтары мен комбинаттары рудниктердің (Дифферданж, Дюделанж, Роданж) және Люксембург қаласының төңірегінде орналасқан. Машина жасау, химия, тамақ, цемент, керамика кәсіпорындары бар. Ірі жылу электр орталықтары, Ур өзенінде гидроаккумуляторлық станция жұмыс істейді. 1972 ж. 2,8 млрд.квт-сағ электр энергиясы өндірілді.
Ауыл шаруашылығы ұлттық жалпы өнімінің 10%-ке жуығын береді. Барлық ауыл шаруашылық жері 135 мың га, оның жартысы жыртылған жер, бау-бақша, қалған жартысы - жайылым мен шабындық. Негізгі дақылдары: бидай, арпа, сұлы, картоп, қызылша. Өзен аңғарларында бау және жүзім шаруашылығы дамыған. Дәнді дақылдардың орташа шығымдылығы 1 га-дан 25 га-ден асады. Мал шаруашылығы: мүйізді ірі қара, шошқа; құс. Жыл сайын 200 мың м3 ағаш сүрегі дайындалады. Темір жолының ұзындығы 370 км, оның 1/3 бөлігі электрлендірілген. Люксембург арқылы транс-европалық темір жол магистралы өтеді. Автомобиль жолының ұзындығы 4 мың км-ге жуық. Мозель өзенінде кеме жүзеді.
Экспортқа болат прокаты, фосфор тыңайтқышы, цемент, ағаш, электр энергиясы шығарылады. Сырттан көмір, кокс, темір рудасы, машиналар мен жабдықтар, мұнай өнімдері, мата, астың әкелінеді. Ақша өлшемі - люкеембург франкі.
БАРБАДОС
БАРБАДОС (Ваrbados) - Орталық Америкадағы мемлекет, ол Кіші Антиль аралдары тобына жататын Барбадос аралында. Жері 430 км2, халқы 277,8 мың (2010). Астанасы - Бриджтаун. Халқының көбі - негрлер. Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі. Барбадос - Британ ынтымағы құрамындағы доминион. Қазіргі конституциясы 1966 жылы қабылданған. Мемлекеттік басшысы - ағылшын королевасы, ал елдің ішкі билігі королева тағайындаған генерал-губернатордың қолында. Үкметті генерал-губернатор белгілеген құпия совет құрамындағы премьер-министр басқарады. Үндістердің аравак, кариб тайпалары мекендеген Барбадос аралын 1518 жылы испандықтар ашты (сақалды). 1625-1958 жылдапр аралығында ол Ұлыбританияның отары болды. 1958-1962 жылдар Вест-Индия федерациясының құрамына кірді. 1966 жылы 30 қарашада Британ ынтымағы құрамында тәуелсіздік алды.
Барбадос аралы әк тастан құралған, жағалауы жазық, орталық бөлігі дөңес (340 м). Климаты тропиктік, пассаттық. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 1400 мм. Жері құнарлы, қызғылт қоңыр топырақты келеді. Барбадос - аграрлы ел, экономикасында Ұлыбритания, АҚШ, Канада капиталының ықпалы күшті. Ауыл шаруашылығына барлық жерінің 70%-і пайдаланылады, оның ішінде 29 мың га егістік, 7,7 мың га жайылым бар. Егілетін басты дақылы - қант құрағы. Жеміс өсіру де дамыған. Мал шаруашылығы: мүйізді ірі қара, қой, ешкі, шошқа. Жылынаа 2 мың тонна балық ауланады. Қант өндіретін (20 завод) және ром шарабын шығаратын зауыт кәсіпорындар бар. Туризмнен пайда түседі.
ГРЕНАДА
ГРЕНАДА - Кариб теңіздей 03i ат- тас және бірнеше шағын (Кандан т. б.) аралдардағы мемлекет. Ұлыбритания басшылығындағы Ынтымақ құрамында. Жері 344 км2. Халқы 108,7 мың (2007). Ресми тілі - ағылшын тілі. Астанасы және басты порты - Сент- Джорджес қалас.
Мемлекеттік құрылысы. Гренада - конституциялық монархия. Гренаданың мемлекеттік басшысы ағылшын королы болып есептеледі. Аралды сол тағайындайтын генерал-губернатор басқарады. 1974 жылы 7 ақпанда Гренада тәуелсіздік алғаннан кейін қабылданған конституция бойынша заң шығарушы органы – екi палаталы (сенат және екілдер палатасы) парламент. Сенаттың 13 мүшесі бар, оларды генерал-губернатор тағайындайды. Өкілдер палатасында 15 депутат болады, оларды 5 жылда 6 рет халық сайлайды.
Табиғаты. Гренада аралдары тобына жатады. Жері негізінен таулы. Вулканды шыңдарының биіктігі 840 м (теңіз деңгейнен). Климаты ыстық (орташа айлық температурасы 25°С-тан 28°С-қа дейін) және ылғалды (жылдыд жауын-шашыны 1500 мм).
Халқы. Тұрғындары негрлер және мулаттар. Діни нанымы - христиандық (католиктер, англикандар).
Тарихы. Гренада аралын X. Колумб Америкаға ушінші рет барған сапарында 1498 жылы ашқан. Ол кезде аралды үндістердің кариб тайпалары мекендеген. 17 ғасырдың орта шенінде аралды француз отаршылары жаулап алып, жергілікті халықты қырғынға ұшыратқан. 1650 ж. ш. француздар мұндағы ундіс тайпасының кесемшен аралды алған. Тайпа кесемі есін жинағаннан кейін отаршыларға қарсы куреске шыққанда, француздар үндістерді қырып салған. Бұдан кейін Гренада бірде Францияның, бірде Англияның дәл астына кешумен болды. 1762 жылы ағылшындар Гренаданы француздардан тартып алды. Бірақ француздар 1772 жылы аралды қайтарып алды. Тек 1783 жыл ғана Гренада Англияның қолына біржолата кешті. Жергілікті халық өзінің бостандығы үшін отаршыларға қарсы үздіксіз күрес жүргізді.
1958 жылы Англияның инициативасы бойынша Вест-Унді федерациясы құрылды. Оған Гренададан басқа 9 арал қосылды (3 млн-нан астам халық). Куба революциясының жеңіспен кейін бұл маңдағы ұлт-азаттық қозғалысын Англия осындай айла жасау арқылы баспақ болды. Отаршылар жергілікті халықты елеулі саяси және экономика өзгерістер жасалады деп үміттендіреді. Аралдардағы елдердің басын 6ipiктіру арқылы Англия бұл өлкеден азаттық қозғалысын оңай бақылап отыруға мүмкіндік алды, оның экономикасына өз ықпалын кушейте тycтi. Алайда отаршылардың бұл уміт ақталмады. 1962 жылы 31 мамырда тәуелсіздік алуға тиіс болған Вест-Үнді федерациясы сол куннен бастап ыдырай бастады. Ямайка, Тринидад және Тобаго федерациядан шығып, тәуелсіз ел болды. Вест-Үнді федерациясы тарады. Осыдан кейін Англия өзінің бұл өлкеден отарларына амалсыздан толық тәуелсіздік немесе бостандық беруге мәжбүр болды.
1967 жылы Англияның ұсынысы бойынша Гренада және Кариб теңіздей тағы 5 ел Англиямен ассоциация жасауға мұндай жағдайда олардың тәуелсіздік алуына право беріп, тек сыртқы саясат және қорғаныс мәселеріне ғана Англияның қолында болуна тиіс еді. Осылайша Гренада өзінің ішкi жумысында тәуелсіздік алды, бірақ сыртқы саясат пен қорғаныс жары Англияның қолында қалды. Арал халқы бұған риза болмай, толық тәуелсіздік алу үшін курес жургізе берді.
1973 жылы мамырда Лондонда конституциялық конференция шақырылды. Оған Гренада қатысты. Конференцияда Кариб теңізі аралдарына тәуелсіздік беру мәселені шешімді 1973 жылы желтоқсанда жергілікті өкімет билік аралдардың әкімшілік органдарына түгел беру туралы қол қойылды. 1974 жылы 7 ақпанда Гренаданыц тәуелсіздік салтанатты турде жарияланды. Қыркүйектің аяғында Гренада БҰҰ-ға мүше болып қабылданды. Гренада Англиямен дәстүрлі байланысты сақтап келеді. Арал экономикасына АҚШ, Англия, Канаданың капиталы мықтап енген. Гренада Кариб Teңiзi жағалауындағы елдермен тығыз байланыс жасайды.
Экономикасының басты саласы - егіншілік. Мускат жаңғаңы дуние жүзілік егіншілік Гренаданың улесіне тиеды.
Ауыл шаруашылық өнімдері: банан, қант қамысы, какао, цитрус, мақта, кофе, кокос пальмасы, қалампыр агаты, ваниль өсіреді. Мал шаруашылығы: мүйізді ipi қара, шошқа. Ауыл шаруашылық шикізаттарын алғашқы өңдеу, ром, сыра, сигарет, майын шығаратын т. б. кәсіпорындар бар. Жыл сайын 25 млн. квт-сағат аса электр энергиясы өндіріледі. Автомобиль жолының ұзындығы 1560 км. Елдің табысының шетел туризмнен түседі. Экспорты (жалпы құнынан %-тің үлесі): мускат жаңғағы және оның өңделген өнімі 40, бұршақ какао 33, банан 14; импорты - ауыл шаруашылық шикізаттары, азық-түлік, өнеркәсіп товарлары және транспорт құралдары, тақтай, отын, тыңайтқыштар. Сыртқы сауда серіктестері - Ұлыбритания, АҚШ. Ақша өлшемi - шығыс-кариб доллары.
МАЛЬДИВ РЕСПУБЛИКАСЫ
МАЛЬДИВ РЕСПУБЛИКАСЫ – Оңтүстік Азиядағы мемлекет. Үнді мұхитындағы Мальдив аралдарын алып жатыр. Шри Ланка аралының оңтүстік-батысына орналасқан. Жері 298 км2. Халқы 402,1 мың (2014). Астанасы - Мале қаласы. Әкімшілік жағынан 19 аралдар (атоллдар) тобына бөлінген.
Мемлекеттік құрылысы. Мальдив Республикасы - республика. Қазіргі конституциясы 1972 жылы 1 тамызда кушіне енді. Мемлекеттік басшысы - президент. Оны халық 5 жылға сайлайды. Президентке кең өкілдіктер берілген: ол заң жобаларьш бекітеді, премьер-министрді, министрлерді, судьялар және жоғары лауазым иелерін тағайындайды, төтенше жағдай жариялайды, кешірім беруге де праволы. Заң шығарушы жоғары органы - бір палаталы парламент (халық мәжілісі). Парламенттің 54 депутатының 46-сын халық сайласа, 8 депутатын президент тағайындайды. Депутаттардың өкілдік мерзімі - 5 жыл. 21 жасқа толған барлық азаматтарға сайлау правосы беріледі. Конституцияда ерекше орган - Арнаулы халық мәжілісін құру қаралған (министрлер мен атолл өкілдерінен). Оған ерекше маңызды заңдар қабылдау правосы берілген (мыс., конституцияға өзгерістер енгізу т. б.).
Табиғаты. Мальдив Республикасы архипелагы Лаккадив және Чагос аралдары аралығындағы су асты жотасының үстіне теңіз маржандарының шоғырлануынан пайда болған. Меридиандық бағытта, қатар жатқан 2 тізбек құрайды. Құрамында 2 мыңнан астам ойпатты, шағын аралдар - атоллдар бар, олардың ішінде 220 аралда ғана адам қоныстанған. Аралдар жиегін көбіне тосқауыл рифтер қоршап жатады. Климаты экваторлық, муссондық; ауаның температурасы 24-30°С, жылдык жауын-шашын мөлшері 2500 мм-ге жуық. Көбіне кокос пальмасы, банан өседі.
Халқы. Мальдив Республикасының тұрғындары - мальдивтіктер, діні жөнінен мұсылмандар. Ресми тілі - мальдив тілі.
Жылына 1,8%-ке (БҰҰ-ның 1963-1971 жылғы деректері бойынша) өсіп отырады. Жалпы тұрғындарының 53%-і еркектер. Еңбек етуші халықтың көпшілігі - балықшылар мен шаруалар. Орташа тығыздығы 1 км2 жерге 380 адамнан келеді. Қала халқы 13%; жалғыз Мале қала ғана бар.
Тарихы. Б.з. 1-мың жылдығында Мальдив Республикасы жерін буддизм дінін уағыздаушы сингалдар, үнділер, малайялықтар мекендеді. 12 ғасырдан бастап ислам діні ене бастады. 14 ғасырдың өзінде-ақ бұл аралдарда Диди әулетінен шыққан сұлтандар (өкімет билігін 1968 жылға дейін сақтап келді) билік құрған мемлекет болды. 1558 жылы Мальдив Республикасы жерін португалдар басып алды, бірақ 1573 жылы жергілікті халық оларды қуып шықты. 17 ғасырдың 2-жартысында Мальдив сұлтандығы Цейлондағы голланд билеушілерінің қол астында болды; 1796 жылы Мальдив Республикасы Ұлыбританияның ықпалына көшті. 1887 жылы желтоқсанда Мальдив британ протекторатына айналды. Олар ел ішінде өзін-өзі басқарды да, әкімшілік жағынан 1948 жылға дейін Цейлондағы ағылшын губернаторына, 1948 жылдан кейін Цейлондағы ағылшын жоғарғы комиссарына бағынды. 1932 жылы күшіне енгізілгеи конституцияға сәйкес сұлтан сайлануға тиісті болды. 1948 жылы Ұлыбритания сұлтанмен келісім жасасып, сұлтандықтың сыртқы саяси қатынастарына бақылау жасауға және оның территориясын тежеусіз пайдалануға толық мүмкіндік алды. 1956 жылдың аяқ шенінде Ган аралында ағылшын әскери-әуе базасы салына бастады.
1957 жылы өкімет басына келген Ибрахим Насирдің үкіметі база салу жөніндегі келісімді қайта қарауды талап етті.
1958 жылы наурызда Ұлыбритания Аддуда бүлік ұйымдастырды. 1960 жылы ақпанда Мальдив Республикасы үкіметі Ган аралын (Адду) 30 жылға (1956 жылдан бастап) жалға беру туралы Ұлыбританиямен келісім жасасты; Ұлыбритания Мальдив Республикасы экономикалық көмек беруге міндеттеніп, мемлекеттің бүкіл территориясында үкіметтің басқару правосын мойындады. 1965 жылы 26 шілдеде Мальдив Республикасының толық тәуелсіздігі туралы келісімге қол қойылды. Бұл күн Мальдив Республикасының ұлттық мейрамына айналды. Ұлыбритания Аддуды 1986 жылға дейін пайдалану правосын сақтап қалды. 1965 жылы қыркүйекте Мальдив Республикасы БҰҰ-ға қабылданды. Мальдив Республикасының сыртқы саясат жөніндегі қызметі негізінен Шри-Ланка республикасындағы Мальдив Республикасы елшілігі арқылы жүзеге асырылады. 1968 жылы қарашада референдум нәтижесінде Мальдив республика болып жарияланды.
Экономикасы. Мальдив Республикасының экономикасы толығынан балық және теңіз жәндіктерін аулауға негізделген. Теңізден жылына 20-30 мың тонна балық ауланады. Ел экспорты құнының 97%-і балық (негізінен кепкен балық) өнімдерін сатудан түседі. Балық және оның өнімдерінің саудасы мемлекеттік монополия қарамағында. Балық аулау флоты 4 мыңнан астам желкенді, ескекті кемелерден тұрады. Теңізден сонымен қатар тасбақа ауланады, інжу, маржан өндіріледі. Ауыл шаруашылық жері мемлекеттік меншігінде; шаруалар егістік жерді арендалағаны үшін мемлекетке өзінің жинаған өнімінің 3/4-ін төлейді. Күріш, көкөніс (бұрыш, пияз, тәтті картоп) егіледі, астық ағашы, манго, банан және цитрус жемістері өсіріледі. Кокос пальмасының өнімдері (әсіресе копра) түгел экспортқа шығарылады. Азын-аулақ құс шаруашылығы дамыған. Өнеркәсібі балық аулау кемелерін жасайтын, ұста бұйымдарын шығаратын, кокос жаңғағын тазалайтын, ау тоқитын, маржан өңдейтін, жеміс консервілейтін шағын кәсіпорындардан құралады. Өнеркәсіп орталығы - Мале қаласы. Транспорты негізінен шағын желкенді кемелер мен катерлерден тұрады. Коломбо қаласымен (Шри-Ланка) әуе байланысы бар. Басты аэродромы Хулеле аралында. Ірі сауда порты - Мале. Сауда флоты 36-дан астам кемелерден тұрады; олар негізінен шетел жүктерін тасуға пайдаланылады. Сыртқы сауда операциялары Коломбо қаласына (Шри-Ланка) орналасқан мемлекеттік мальдив сауда кооперациясы арқылы жүргізіледі. Сыртқы сауда серіктестері: көршілес Шри-Ланка, Үндістан және Сингапур. Сыртқа балық және копра шығарылады. Өзі күріш және басқа азық-түлік өнімдерін, өнеркәсіп бұйымдарын сатып алады. Мальдив Республикасы почта маркілерін шығарудан және туризмнен көп пайда түсіреді. Курумбо және Бандос аралдарында туристік орталықтар ұйымдастырылған. Ақша өлшемі - мальдив рупиі.
МАЛЬТА
МАЛЬТА (Маltа) - мемлекет. Жерорта теңізіндегі Мальта архипелагында орналасқан. Сицилия аралынан 93 км, Африка жағалауынан 200 км. Британ ынтымағы құрамына кіреді. Жері 316 км2. Халқы 475,7 мың (2018). Астанасы - Валлетта (Ла-Валлетта).
Мемлекеттік құрылысы. Мальта - конституциялы монархия. Қазіргі конституциясы 1964 жылы қабылданған. Мемлекеттік басшысы-ағылшын королы (королевасы), оның атынан генерал-губернатор билік жүргізеді. Жоғары заң шығарушы өкімет органы - бір палаталы парламент (өкілдер палатасы). Оның 55 депутатын халық 5 жылға сайлайды. 21 жасқа толған және Мальтада 2 жыл тұрған барлық азаматтарға сайлау правосы беріледі. Үкіметті премьер-министр басқарады.
Табиғаты. Мальта архипелагы 2 ірі (Мальта, 246 км2, Гоцо, 67 км2) және бір қатар шағын аралдардан тұрады. Рельефінде карсты үстірт басым (биіктігі 240 м-ге дейін, Малта аралы). Климаты жерортатеңіздік. Жазы ыстық, құрғақ, қысы жұмсақ, жауын-шашынды, ақпанның орташа температурасы 12°С, тамызда 25°С. Жылдық жауын-шашыны 530 мм. Жер беті суларына тапшы. Жерорта теңізі климатына тән ксерофитті бұталы өсімдіктер басым.
Халқының 98%-ке жуығы мальталықтар. Олардан басқа ағылшындар және итальяндар тұрады. Діні - католицизм. Ресми тілі - мальта, ағылшын тілдері. Еңбек ететін халқының 23,3%-і өнеркәсіпте, 12,6%-і құрылыста, 6,2% ауыл шаруашылықта, балық аулауда, 57,9%-і тұрмыстық мекемелерде істейді. Орташа тығыздығы 1 м2-ге 1000 адам. Қала халқы 87%, ірі қалалары: Слима, Валлетта.
Тарихы. Б. з. б. 4-мың жылдықта Мальтаға ел қоныстана бастады. Б.з.б. 13 ғасырда оны финикиялықтар жаулап алды. Б.з.б. 8-7 ғасырларда Мальтаға карфагендіктер өтіп, б.з.б. 6 ғасырда солардың қолына көшті. Б.з.б. 218 жылы аралды римдіктер басып алды. Б.з. 395-870 жылдары Мальта Византияның қол астында болды. Бұдан кейінгі араб үстемдігі (870-1091) халықтың шаруашылық өміріне, мәдениеті мен тіліне үлкен әсер етті. 1091 жылы аралды нормандар жаулап алып, Сицилияға қосты. 1530 жылы Мальтада иоаншылдар ордені бекініп, сол тұстан бастап-ақ ол Мальта ордені деп те аталды. 16 ғасырда түрік әскерлері Мальтаға әлденеше рет шабуыл жасады. 1775 жылы Мальта халқының феодалдық өзгіге қарсы көтерілісі болды. 1798 жылы Мальтаны Франция, 1800 жылы Ұлыбритания басып алды. 1869 жылы Суэц каналы ашылғаннан кейін Мальтаның стратегиялық маңызы арта түсті, сөйтіп ол Ұлыбританияның Жерорта теңізіндегі қуатты әскери базасына айналды.
1914-1918 жылдардағы 1-дүние жүзілік соғыс аяқталғаннан кейін, азаттық қозғалысының өрши түсуі нәтижесінде 1921 жылы Үлыбритания Мальтаға өзін-өзі басқаратын отар правосын беруге мәжбүр болды. 1930 жылы ағылшын өкіметі аралдың бұл правосын жойды. Мальтадағы күллі өкімет билігі ағылшын губернаторының қолына көшті. 1939-1945 жылдардағы 2-дүние жүзілік соғыс кезінде арал экономикасы қатты күйзелді. Соғыстан кейін Мальтада ұлт-азаттық және жұмысшы қозғалысы күшейді. 1947 жылы қабылданған конституция бойынша өзін-өзі басқару тәртібі қалпына келтірілді. 1949 жылы докшылар ереуілі болып, оны британ әскерлері басып тастады. 1958 жылы ағылшындарға қарсы бұқаралық қозғалыс өріс алғаннан кейін, аралда төтенше жағдай енгізілді, онан соң 1947 жылғы конституцияның күші жойылды. 1962 жылы халықтың қыспағымен Ұлыбритания Мальтаға өзін-өзі басқару правосын қайта берді, ал 1964 жылы ол Достық ынтымақ шеңберіндегі тәуелсіз ел деп жарияланды. Сол жылдан бастап Мальта БҰҰ мүшесі болды. Ұлыбритания Мальтаға тәуелсіздік берумен қатар оны «өзара қорғаныс туралы» келісімге қол қоюға мәжбүр етті; 10 жылға арналған бұл келісім бойынша, ағылшындар Мальтаға өз қарулы күштерін орналастыруға право алды. Ал бұдан бұрын, 1953 жылы мұнда НАТО-ның Оңтүстік Европа аймағындағы біріккен әскери-теңіз күштерінің штабы жайғасқан еді. Мальта порттарын 6-американдық флотының кемелері де пайдаланатын болды. 1964 жылы ағылшын-мальта келісімі бойынша, Ұлыбритания Мальтаға 10 жыл ішінде 51 млн. фунт стерлинг қарыз беруге міндеттенді.
Отаршылардың үстемдігі Мальта экономикасын мықтап құлдыратты. Ұлтшылдар партиясы үкіметінің (1962-1971) реакцияшыл саясаты халықтың қатты наразылығына килікті. 1971 жылы жалпыға бірдей сайлау нәтижесінде Лейбористік партияның Д. Минтофф бастаған үкіметі келді; ол өз елінің тәуелсіздігін нығайту жөнінде бірсыпыра шаралар қолданды: доктарды басқару ісіне бақылау орнатты, НАТО күштерінің штабын қуды, 1964 жылғы ағылшын-мальта келісімінің күшін жойды, 6-американ флоты кемелерінің Мальта порттарына енуіне тыйым салды. 1972 жылы жаңа ағылшын-мальта келісімі жасалып, Мальта жерін ағылшын әскери базаларының жалға алу мерзімі 7 жылға ұзартылды, бұл үшін Мальта Ұлыбритания мен басқа да НАТО елдерінен жылына 14 млн. фунт стерлинг ақша алып тұратын болды.
Экономикасы. Мальта экономикасы нашар дамыған. Негізінен шетел капиталына, оның ішінде, ағылшын капиталына тәуелді. Елде металл өңдеу және химия, құрылыс материалдары өнеркәсібі, электр энергиясын өндіру салалары құрылған. Жыл сайын 400 млн. квт-сағат астам электр энергиясы өндірілді. Тамақ, тоқыма, жеміс-көкөніс консервілері, шарап, темекі, мақта-мата, жүн мата, трикотаж, былғары аяқ киім, керамика, химия (оның ішінде синтетикалық талшық) кәсіпорындары бар.
1971 жылы 42 кәсіпорыннан тұратын өнеркәсіп комплексі салынған. Мальта аралынан ас тұзы мен құрылыс материалдары өндіріледі. Ауыл шаруашылық негізінен егіншілік бағытта. Ұсақ шаруашылықтар басым (учаскесі 2 га). Өңделетін жері 50% (14 мың га), суармалы жері 1 мың га. Өңделетін жерінің 1/6-не (2 мың га) дәнді дақылдар: бидай, арпа, жүгері (жалпы өнімі 8 мың тонна) егілді. Картоп және овощ (помидор), субтропиктік бау-бақша, жүзім (1 мың га, өнімі 4 мың тонна, шарап өнімі 2,3 мың тонна), зәйтүн, мақта, гүл өсіріледі.
Мал шаруашылығы: ешкі, қой, шошқа, мүйізді ірі қара, есек, жылқы. Құс, ұй қоянын өсіру дамыған. Жағалауда балық ауланады (жылына 20-25 мың тонна балық). Автомобиль жолының ұзындығы 2,3 мың км. Темір жолы жоқ. Сауда флотының тоннажы 43,8 мың брутто-рег. тонна. Мальта экспортқа тоқыма, шарап, көкөніс, жеміс, гүл шығарады; азық-түлік товарларын, отын, химикаттар, өнеркәсіп және транспорт жабдықтарын әкеледі. Сыртқы саудадағы серіктестері - Ұлыбритания, Италия. Ақша өлшемі - мальта фунты.
ТОНГА
ТОНГА (Tonga), Тонга Корольдығы - Тынық мухиттың оңтүстік-батыс беліндегі мемлекет. Британ Ынтымағы құрамында. Тонга (Достық аралы), Вавау, Хаапай, Тонгатапу (Тонгатабу) және т. б. шағын аралдарда (барлығы 150-ге жуық) орналасқан. Жepi 699 км2. Халқы 103,2 мың (2011). Астанасы - Нукуалофа қаласы. (Тонгатапу аралында). Әкімшілік жағынан 3 округқа бөленеді.
Мемлекетік құрылысы. Тонга - конституциялық монархия. Қазіргі конституциясы 1875 жылы қабылданған (кейін оған өзгерістер енгізілген). Мемлекеттік басшысы - король, ол үкімет құрамын тағайындап, парламент сессияларын шақырады, Keшipiм жариялауға т.б. праволы. Мемлекеттік заң шығару органы - бipпалаталы парламент; ол заң шығгару жиналысы деп аталады. Жиналыс құрамындағылардың жетеуі халық сайласа, жетеуі корольдық әулеттен болады, 8 құпия кеңесін парламент мушелге кіреді. Парламентер - 3 жылға сайланады. Сайлау правосы барлық азаматтарға (әйелдерге 1960 жылдан) берілген. Улттық сот жуйесі бар (1970).
Табиғаты. Тонга аралдарының асты таулы жоталар үстінде орналаскан. Батыс тізбегі таулы вулканды аралдардан (ұзындығы 700 км), шығыс бөлігіндегі әк тасты атолдардан және маржанды аралдардан тұрады. Климаты тропиктік, теңіздік. Ыстық және ылғалды маусымы: желтоқсан-сәуір, салқын және құрғақ маусымы: мамыр-қараша. Ақпанның орташа температурасы 26,1°С, тамызда 20,3°С. Жылдың жауын-шашыны 2000 мм. Жері құнарлы, қызыл топырақты келеды. Аралдарда қалың ылғалды тропикті орман өседі Heгізгі орман массиві - вулканды аралдарда. Жануарлар дүниесі кедей. Қустардың 30-дан астам түpi, жылан, кесіртке, теңіз тасбақасы мекендейды.
Халқы. Турғындарының 98%-i полинезиялық-тонгалықтар. Европалықтар да (негізінен ағылшындар, ағылшын-австралиялықтар) турады. Діни нанымы негізгі турғындарының протестанттар, католиктер мен христиандардың шағын тобы бар. Ресми тілі - тонга, ағылшын тіл. Календары - григориандық.
Тарихы. 5 ғасырдың соңы - 6 ғаырдың басында Тонга аралын полинезиялықтар қоныстанды. 10 ғасыр шамасында алғашқы мемлекеттік құрылым пайда болды. Тонга аралын 17 ғасырда европалықтар ашқан. 18 ғасырдың соңы - 19 ғасырдың басында аралға европалық миссионерлер келе бастады. 1900 жылы Тонгада ағылшын протектораты орнады. Тонга аралы формальды турде өзіне-өзі басқаратын территория деп танылды, ал ic-жузінде ол ағылшын консулының бақылауында болды. 1958 жылы Тонга автономиясы басқа елдермен сауда кeлiciмiн жасауға праволы болды. 1968 жылғы келciм бойынша, Тонга үкіметінің жұмысына Ұлыбритания бақылауын біртіндеп тежеу шаралары кезделді. 1970 жылы 4 маусымда Тонганың тәуелсіздік ресми турде жарияланды.
Экономикасы. Тәуелсіздік жарияланғаннан кейін Тонга экономиканың даму программасын жузеге асырды (1970-1975). Экспорт дақылдарын өндіруге, балық аулауды кеңейтуге, инфрақұрылымдарды жақсарттылады. Экономиканың негізі - ауыл шаруашылығы. Оған арналған жер 55 мың га, оныц 24 мыңы егістік, 29 мыңы көпжылдық дақылдар, 2 мыңцы шалғын мен жайылым. Шурайлы жерлер король семьясының қолында. Жер шаруаларға жалға беріледі. Басты экспорттың дақылдары - кокос пальмасы (жаңғақ, копра) және банан, цитрус, ананас, батат, маниок, ямс, таро егіледі. Мал шаруашылығы: мүізді ірі қара, шошқа, ешкі; үй құстарын өcipyмен балық аулау өркендеген. Ағаш және ауыл шаруашылық шикі заттарын алғашқы өңдеу кәсіпорындары бар. Басты теңіз порты (сауда орталығы) - Нукуалофа және Нейафу. Шетке копра мен банан шығарады. Өздеріне машина-жабдықтар, азық-түлік (қант, шай, кофе т. б.) әкеледі. Басты сыртқы сауда cepiктepi: Жаңа Зеландия, Ұлыбритания, Австралия.
Ақша өлшемі - паанга.
БАХРЕЙН
БАХРЕЙН, Бахрейн аралдары - Азиядағы Парсы шығанағының оңтүстік-батыс бөлігіндегі 20-га тарта аралды біріктіретін князьдық. Жері 598 км2. Халқы 1,3 млн (2014), көбі арабтар. Халқының 74%-і қалаларда тұрады. Әкімшілік орталығы - Манама қаласы. Бахрейн деген ең үлкен аралының ұзындығы 60 км, ені 18 км. Жері ойпатты, шөлді болып келеді. Климаты тропиктік, кей жерлерінде субтропиктік. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 90 мм.
Бахрейн шын мәнінде әлі күнге Ұлыбританияның қарамағында. Елдің ішкі билігі толығымен шейхтың қолында. 1961-1967 жылдарда ұлт-азаттық қозғалыс кең өріс алды. Күресті Бахрейннің ұлт-азаттық майданы (1956 жылы құрылған) басқарды. 1968 жылы Бахрейн Катармен және Келісімді Оманмен бірігіп, Парсы шығанағындағы араб князьдықтарының Федерациясын құруға ниет білдірді. Осы жағдайға байланысты 1970 жылдың көктемінде БҰҰ-ның Бас секретары У Танның арнаулы миссиясы Бахрейнде болып, халықтың тілегін біліп қайтты. Сол жылғы 11 мамырда Қауіпсіздік Советі Бахрейнге тәуелсіздік беруді мақұлдады. Экономикасының басты саласы - мұнай өндіру. 1969 жылы 3,8 млн. тонна мұнай алынды. Елдегі барлық мұнай кендері американдық «Бахрейн петролеум компаниясының» (БАПКО) қолында. Оның Бахрейн аралындағы ірі мұнай айырузды (жылдық қуаты 11 млн. т) су астымен өтетін құбыр арқылы Сауд Арабиясының мұнай кендерімен де жалғасқан. Бахрейн, Мухаррак, Ситра аралдарында дәнді дақылдар, көкөніс, құрма пальмасы егіледі. Ірі елді мекендер тас жолмен (ұзындығы 1200 км) байланысады. Басты теңіз порттары: Манама, Ситра, Сульман. Халықаралық әуе жолдары өтеді.
МИКРОНЕЗИЯ
МИКРОНЕЗИЯ (микро... және грек. nеzоz - арал) - Тынық мұхиттағы шағын аралдар тобы. Құрамына Мариана, Каролин, Маршалл (АҚШ қамқорлығында), Гилберт, Ошен (британ иелігінде), Йауру (1968 жылдан тәуелсіз мемлекет) т. б. барлығы 1500-ге жуық аралдар кіреді. Ауданы 2622 км2. Халқы 250 мың (1970). Жергілікті халқы – микронезиялықтар. Аралдардың көпшілігі - маржанды атоллдардан, қалғандары вулкандық жолмен пайда болған. Мариана аралдарында әрекетті вулкандар бар. Климаты әкваторлық және субэкваторлық. Орташа айлық темперутара 26°-28°С. Жауын-шашыны 2000-6000 мм. Тропиктік циклондар жиі болып тұрады. Мәңгі жасыл тропиктік ормандар, аздаған мөлшерде саванналар өседі. Негізінен егеуқұйрық, жарқанат, крокодил, жылан, кесіртке мен құстардың бірнеше түрлері мекендейді. Тұрғындары балық аулаумен, кокос пальмасын, банан, цитрус жемістерін өсірумен шұғылданады. Боксит, фосфорит өндіріледі. Микронезия аралдарында АҚШ пен Ұлыбританияның соғыс-теңіз және авиациялық базалары орналасқан.
ДОМИНИКАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ДОМИНИКАН РЕСПУБЛИКАСЫ (Republica Dominicana) - Вест-Индиядағы мемлекет. Гаити аралының шығыс бөлігінде. Жері 48,7 мың км2. Халқы 10,7 млн. (1970). Астанасы - Санто-Доминго қаласы. Әкімшілік жағынан 26 провинцияға және ұлттық округқа бөлінеді.
Мемлекеттік құрылысы. Доминикан Республикасы - буржуазия республика. Қазіргі конституциясы 1966 жылы қабылданған. Мемлекеттік және үкімет басшысы - жалпыға бірдей сайлау правосы негізінде 4 жыл мерзімге сайланатын президент. Ол министрлерді тағайындайды және ауыстыра алады. Заң шығару правосымен де пайдаланады. Қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы да сол. Жоғарғы заң шығарушы органы - екі палатадан: сенат (27 мүшесі бар) пен депутаттар палатасынан (74 мүшесі бар) құралатын парламент (Ұлттық конгресс), оны халық 4 жылға сайлайды. 18 жасқа толған барлық азаматтар (әскери қызметшілер мен полицейлерден басқасы) дауыс беру правосымен пайдаланады. Сот жүйесі Жоғарғы сот, апелляциялық соттар, 1-басқыш соттары мен бітім соттарынан құралады.
Табиғаты. Жері негізінен таулы-қыратты келеді (Кордильера-Сентраль, Кордильера-Септентриональ, Кордильера-Орьенталь таулары). Оңтүстік бөлігін Орталық жазық пен Асуа ойпаты алып жатыр. Пайдалы қазындылары: боксит, алтын, никель, темір рудасы, тұз, гипс. Климаты тропиктік пассаттық, айлық орташа температурасы 25°С, 27°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 1000-2000 мм. Жері қоңыр, қызыл топырақты.
Халқы. Халқының 70%-і испандар мен негрлердің арасынан шыққан мулаттар, 15%-і негрлер, 15%-і ақ нәсілдер. Халықтың 40%-і қалада тұрады; ірі қалалары: Санто-Доминго, Сантьяго. Мемлекеттік тілі - испан тілі. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 89 адамнан (1969) келеді. Халқының жерсіз және жері аз шаруалар, жалшылар және ауыл шаруашылық жалдама жұмысшылар. 1969 жылы еңбекке жарамды адамдарының 20%-і жұмыссыз болды.
Тарихы. Испан отаршылдары шаулап алғанға дейін (15 ғ.) Доминикан Республикасының жерін үндіс тайпалары мекендеді. Олар өздерінің әкономикалық-әлеуметтік дамуы жағынан рулық құрылыс дәрежесінде болды. Алайда, отаршылдар жергілікті халықтың әлеуметтік дамуын күшпен тоқтатып, өздерін түгелге жуық қырып жіберді.
Гаити аралын X. Колумб 1492 жылы ашты. Сол кезден бастап мұнда отаршылдық тәртіп пен феодалдық қанау жүйесі орнады. Испандықтардың Америкадағы бірінші отарлары аралдың шығыс бөлігінен орын тепті. Ал, 15 ғасырдың аяғы мен 16 ғасырдың басында испандар салған қалалар отарлық латын-американ мәдениетінің орталықтарына айналды. 1496 жылы X.Колумбтың інісі Бартоломе Колумб Санто-Домиңго қаласының негізін салды. Испан отаршылдары осы қалаларды салуда және бағалы кендерді қазып алуда үндістерді мейлінше катал қанады. 17 ғасырдың аяғына дейінгі Доминикан Республиканың тарихы жалпы Гаити мемлекетінің тарихымен тығыз байланысты. 16 ғасырдың аяғы мен 17 ғасырдың басында Гаити аралын бөліп алу үшін Франция, Англия, және Испанияның арасында қиянкескі таластар өріс алды. Рисквик бітімі (1697) бойынша, Гаити аралының шығыс бөлігі (қазіргі Доминикан Республикасының жері) Испанияның қол астында қалып, қалған бөлігі Францияға қарады. Ал, 1795 жылғы Базель бітім шартына сәйкес, Гаити аралы түгелімен француздарға тәуелді болды. 18 ғасырдың аяғында Доминикан Республикасын мекендеген халықтың жалпы саны 115 мыңға жуық еді. Олардьщ негізгі кәсібі мал шаруашылығы болатын.
1804 жылы негрлер мен мулаттардың Ж.Ж.Дессалин (1760-1806) бастаған көтерілісі француздарды Гаитиден және Санто-Домингоның бір бөлігінен қуып шықты. Алайда, Испания 1808 жылы Санто-Домингоны қайта басып алды. 1821 жылы Америкадағы испан отарларының өз тәуелсіздігі жолында болған соғыс кезінде Нуньес де Касерес бастаған көтеріліс нәтижесінде Санто-Доминго отарлық езгіден құтылып, республика болып жарияланды. Алайда, 1822 жылы Санто-Доминго тәуелсіздік правосынан айрылып, Гаити Республикасына қосылды. Гаитидің үстемдігіне және алым-салықтың үсті-үстіне көбейтілуіне қарсы халық бұқарасының наразылығы күшейді. Елдің патриоттық күштері Гаити қыспағынан құтылудың жолын іздей бастады. 1838 жылы құрылған «Тринитария» қоғамы осы мақсатты көздеді. 1844 жылы Гаитиге қарсы көтерілістің нәтижесінде Санто-Доминго тәуелсіздік алып, Доминикан Республикасы дүниеге келді.
Өнеркәсібінің басты саласы - тамақ, оның ішінде қант өндірісі жақсы дамыған. Боксит, темір рудасы өндіріледі. Өнеркәсіпті қалалары - Санто-Доминго, Сан-Кристобаль, Сантьяго, Бараона, Ла-Романа. Темір жолының ұзындығы 1,2 мың км, тас жолы - 8846 км. Басты теңіз порттары - Санто-Доминго, Пуэрто-Плата. Пунта-Кауседода халықаралық аэропорт бар. Шетке қант, кофе, какао, темекі, боксит, жеміс шығарады. Басқа елдерден азық-түлік, машина, өндірістік құрал-жабдықтар, мата, химикат сатып алады. Басты сауда әріптесі - АҚШ, Жапония, Германия. Ақшасы - песо.
Әдеб.: Страны мира, М., 1970; Матвеев Г. Люксембург, М., 1960; Килль Ж. Тысячелетний Люксембург, пер. с нем., М., 196; Страны Южной Азии, М., 1970; Сванидзе И.А. Изменения в хозяйстве и обществе у народа тонга при колониальном режиме. «Советская этнография», 1960, № 6. Народы Америки, т. 2, М., 1959; Гонионский С. А., Очерки новейшей истории стран Латинской Америки, М., 1964; Горохов Ю. П., Доминиканская Республика и американский империализм, М., 1970.
Жарияланған-2019-09-20 17:25:38 Қаралды-5112
АЛМАДАН ЖАСАЛҒАН КӘМПИТ
Піскен алмалар жуылып, шағын бөліктерге бөлінеді, кастрюльге салынып, үстіне аздап су құйылады да үздіксіз араластырыла отырып, қайнатылады.
ЖАН-ЖАНУАРЛАРДА БІР-БІРІМЕН СӨЙЛЕСЕДІ
Ертегідегі аңдар мен құстардың сөйлесе алатынң жұрттың бәріне белгілі. Үш торай көңілдері шалқып, бірге ән салады.
МЕЙІЗ ҚОСЫЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ӨРМЕ
Қамыр сүтке қатты етіліп иленеді де, оған май, қант, мейіз, езілген ашытқы, жұмыртқаның сары уызы қосылып, бәрі жақсылап араластырылады. Сөйтіп 90 минут бойы жылы жерге қойылады.
ҒАЖАЙЫП ТЕҢІЗ «ТҰРҒЫНДАРЫ»
Жағалауда тұрып, шалқар айдынға көз жіберген кезде, теңіз дегенің судан басқа ештеңесі жоқ тұлдыр, тіршіліксіз дүниедей болып көрінеді.