МАМЛЮКТЕР - КІМ ОЛАР?
Категориясы: Тарих
МАМЛЮКТЕР (араб.- ақ құлдар, еріксіздер) - түрік, грузин, черкес, Египеттегі басқа да кавказ халықтарынан шыққан әскери-құлдар, олардан Айюб әулетінің (1171-1250) гвардиясы құрылған 1250 жылы Мамлюктердің комаңдалық тобы Айюб әулетін құлатып, өкіметті өз қолына алды. Мамлюктердің Бахри (негізінен түрік тектестер – 1250-1390 жылы билік етті) мен Бурджи (негізінен кавказдан шыққандар – 1390-1517 жылы билік еткен) дейтін 2 әулеті белгілі. Мамлюктер (шамамен 9 мыңнан 12 мың адамға дейін жеткен) шұрайлы жерге бай, қарамағында қолөнер кәсіп орындары бар 24 бидің, ірі феодалдық билігінде болды. Мамлюктер тұсында 13-14 ғасырда ел басқару жүйесі өзгеріп, жер суландыру жүйесі жақсарды, мәдениеті дами түсті. 13 ғасырда Мамлюктер әскерлері монголдарды талқандап, крест тағушыларды Палестина мен Сириядан ығыстырды. 1516-1517 жылдар Түрік сүлтаны Селим 7-нің әскерлері Сирия, Египет және Палестинаны басып алып, Мамлюктер билігін жойды. Дегенмен 17 ғасырдың ақырында Осман империясының әлсіреуі Мамлюктердің өз билігін қайта орнатуға мүмкіндік берді. Тек Египет патшасы Мухаммед Әлидің тұсында ғана Мамлюктер жері тартып алынды, 1811 жылы Мамлюктер билерін қырып тастады.
Жарияланған-2019-08-28 17:27:41 Қаралды-3791
КОНЬКИ ТЕБУ СПОРТЫ ТАРИХЫНАН

Көк мұз үстіндегі ұстараның жүзіндей коньки самғау кімді болса да елеңдетпей қоймайтыны баршаға аян сезім.
ШАҚ-ШАҚ

Үн, сүт, қант, жұмыртқа, аздап арақ қосылып, жұмсақ қамыр иленеді. Ол бірнеше бөлікке бөлініп, 1 сантиметр қалыңдықта созылады. Созылған қамыр самырсын жаңғағының үлкендігіндей етіліп туралып, қуырылады. Бәрінің бірдей қуырылуы үшін араластырып тұру керек
ЕЖЕЛГІ ҮРГЕНІШ

10 ғасырда жазған араб географтарының (Ибн Хордадбек, Макдиси) айтуынша, Үргеніш бүкіл Хорезмде көлемі жағынан екінші қала болған.
БАДАМ КӘЗИНЕГІ

Қант-сірне шырынында қайнатылған бадамнан тұратын шыныдай жылтыр тағам. Мөлшері 40х40 мм төрт бұрышты бөліктерден тұрады.
МАМЛЮКТЕР - КІМ ОЛАР?

МАМЛЮКТЕР (араб.- ақ құлдар, еріксіздер) - түрік, грузин, черкес, Египеттегі басқа да кавказ халықтарынан шыққан әскери-құлдар