UF

ХОЛОПТАР - БҰЛ КІМ?

Категориясы: Тарих


Холоптар – орыс мемлекетіндегі феодалдық тәуелді адамдар тобы. Олардың құқылық жағдайы құлдарға жақын еді. Холоптар термині тұңғыш рет 986 жылғы жылнамаларда кездеседі. 11-12 ғасырларда ол құл деген атау ретінде қолданылады. 12 ғасырда  феодалдық қатынастардың дамуына байланысты холоптар деген атау алғашқы ұғымын өзгертті. Сол кездегі заңдар бойынша ол мүлік ретінде есептеліп, қожасының оны өтіруге, сатуға, қарызы үшін беруге еркі болды. Холоптар сотқа куә бола алмайтындықтан, оның орнына қожасы жауап беруге тиісті еді. 15 ғасырдың аяғына дейін олар феодалдрдың жерін өңдеуші, князьдардың қызметшілері ретінде пайдаланылды. 16 ғасырда крепостной шаруалырдың еңбегін жер шаруашылығында пайдалануға байланысты холоптардың барщинадағы ролі кеми бастады. 17 ғасырдың аяғында өз шаруашылығы бар, оброк төлейтін холоптар пайда болды. 1722-1724 жж. қызметші холоптарға жан басы салығы салынып, крепостнойлар тобына қосылды. Олар антифеодалдық күрестерге белсене қатысты. 16 ғасырдың орта шенінде Феодосий Косой холоптар идеологы ретінде белгілі болды. Холоптар 1606-1607 ж. Болотников И.И. бастаған шаруашалр көтерілісіне белсене қатысты.

  Жарияланған-2019-08-28 17:06:58     Қаралды-1920

Мәлімет сізге көмек берді ма

АБЫЛАЙ ХАН

...

Абылай хан (1711-1781 жж.) - қазак халқының әйгілі ханы, Қазақстан тарихындағы аса белгілі мемлекет қайраткерлерінің бірі. Қазақ мемлекетінің пайда болуы мен өркендеуі және сыртқы саясаттағы жеңістер оның есімімен байланысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЙГЛАХ

...

Бұл - қантқа салып қуырған жаңғақтарға ұқсайтын, домалақтап пісіріліп қант пен балға салып қуырылған ұннан жасалатын тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛТЫН - КҮМІС ТАС ЕКЕН, АРПА - БИДАЙ АС ЕКЕН

...

Қазақтың дәстүрлі дастарқанында күріш, бидай, жүгері, тары сияқты дән азықтарынан дайындалатын тағамдар өте мол, бұл тағамдар витаминге бай, организмге сіңімді келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАС КИІМДЕРДІ ТАЗАЛАУ

...

Бас киімдерді әр түрлі әдіспен тазалауға болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СҮЙЕКТЕН ЖАСАЛҒАН ҚАНДАЙ БҰЙЫМДАР БОЛАДЫ?

...

Мал шаруашылығымен, аңшылықпен айналысқан қазақ халқы жануарлардын сүйектерін де түрлі қажеттеріне жарата білген. Қазақ шеберлері үй жиһаздарын, саз аспаптарын, т.б. әзірлегенде оларды әшекейлеп безендіру үшін мүйіз бен сүйекті кеңінен пайдаланған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

«КОУС», «КҮПУ» ДЕГЕН НЕ?

...

ХVІ ғасырдың басында әйгілі Магеллан Қытайдың оңтүстік пұшпағын басып өткенде отыз күн ойын-сауық болыпты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »