UF

ШАХМАТ ТАРИХЫНАН

Категориясы: Спорт


Шахмат сөзінің төркіні парсыша “шах мат” - “әмір өлді” - деген ағына береді. Шахматгың ең ескі аты Индия халқының тілінде “чатурнага” деп аталыпты, бұл "төртқұрама”- деген әскери ұғым береді екен.

Шахмат ойнау өнеріне арналған алғашқы трактат IX ғасырдың өзінде-ақ арабтарда дүниеге келген. Ал “Шахмат беттері” атты алғашқы басылым 1562 жылы жарық көрген. 1561 жылы испаниялық шахматшы - алғашқы теориялық мәні зор еңбек жазып шығады.

Атақты шахматшылар арасыңдағы сайыс 1575 жылдан бастап, күні бүгінге дейін жалғасуда. Алғашқы айқасқа шыққан ойыншылар - итальяндық Джованни Леонардо да Кутри мен испандық Рун Лапес арасында өтеді, де Джованни Кутри - жеңіс тұғырына көтерілді.

Алғашқы Әлемдік біріншілік 1886 жылы өтіп, шахмат ойынынан алғашқы Әлем чемпионы атанған - Урага қаласының өкілі Вильгельм Стейниц болды. Шахмат спортынан өткен ең үлкен дода 1894 жылы В.Стейниц пен неміс Эмануил Ласкер арасында өтеді де жеңіске Э.Ласкер жетеді.

Шахмат федерациясы (ФИДЕ) 1924 жылы ұйымдастырылды, қазір оның 131 мүшесі бар.

Әлемге атағы кең тараған 5 шахматшы бар, олар Б.Ларсен, Б.Спасский, Р.Фишер, А.Карпов және Г.Каспаров. Ендігі жерде жаңа үлгі бойынша әлем чемпионаты әр жыл сайын өтеді.

Аймақтық турнир, ұміткерлер матчы, шахмат тәжін сарапқа салатын ақтық жарыс жүйе үлгісі ескірді деп тапты. Оның орнына олимпиадалық тәсіл бойынша бір дода өтеді. Жыл сайын чемпионат жарысы бір мезгілде, желтоқсанның 22 жұлдызынан бастап, қаңтар айының 11 жұлдызына дейін жүргізіледі. 1996-1997 жылдың 22 желтоқсанынан 11 қаңтарына дейін өтетін бәсекесі әлемнің ең тандаулы 100 шахматшысы қатысады. Жарыстың әр кезеңінде жеңімпаз екі партиада анықталады. Әр партияға 40 жүріс жасау үшін 2 сағат уақыт беріледі. Ойын аяғына дейін тағы бір сағат қосылады. Егер кездесу тең аякталған жағдайда жылдам шахмат (тайбрейк) ойналады. Осы арада ескеретін тағы бір жәй соңғы ақтық матчта чемпионды анықтайтын кездесуге қосымша төрт партия ойнауға рұқсат етіледі.

Чемпионаттың бірінші кезеңінде 68 шахматшы шаршы тақтадағы (68) жарысты бастап, 34 женімпаз анықталады. Жеңілген шахматшылар чемпионатка бөлінген сый-сияпат қорынан әрқайсысы 6 мың доллардан ғана алады.

Екінші кезенде бірінші айналымнан озып шыққан 34 шахматшыға енді 28 (оның 20 талантты жас гроссмейстр.  Олардың рейтинг-парақшадағы көрсеткіші 1996 жылдың бірінші-шілдесінде 2600-дан жоғары болуы тиіс) келіп қосылады. Осы сында жеңілген 31 шахматшы 12 мың доллардан артыққа қол соза алмайды. Ен тартысты өтетін ойын - осы 31 жеңімпазға Карпов пен Комский, арасындағы матчта ұтылған шахматшы келіп қосылады. Бұл кезеңде жарыс жеті айналымға жүреді. Сый-сияпат қоры әр айналым келген сайын жеңілгендерге геометриялық есеппен өсіп отырады. ПША чемпионы, Каспаров пен Карпов, Камский арасында жеңіске жеткен шахматшы, жетінші айналымда бірінші және екінші орын алған гроссмейстрлермен жартылай финалдың екі жұбын құрайды, жартылай финалда ұтылғандар 388 мың доллар, ал финалда жеңілген шахматшы 742 мың доллар, чемпион 1 миллион 370 мың долларды нәсіп етеді. Чемпионатқа бөлінген қор 5 миллион АҚШ долларын құрайды.

Жаңа жүйенің бекуіне Қазақстаннан гроссмейстр Болат Асанов мырза қатысып қайтты. ФИДЕ-нің Президент Кеңесінің мәжілісі Сингапурде өтті. Оған әлем чемпиондары шақырылды. Болат Асанов - қазір ФИДЕ-нің жаңа президенті, Қирсан Илюмжиновтың көмекшісі әрі ФИДЕ Орталық комитетінің мұшесі.

ФИДЕ (Халықаралық шахмат федерациясы) жарыста 1927 жылдан бері өткізіп келеді. Жеңімпаз команда ағылшынның белгілі шахмат қайраткері Гамельтон-Рассел тағайындатқан ФИДЕ-нің алтын Кубогын алады. Бұл ауыспалы жүлде. Ешбір командаға мәңгіге қалдырылмайды. Жеңімпаз комаңданың мүшелері алтын, ал жүлдегерлер күміс, қола медаль тағады. Бұл жарысқа Х.Р.Капабланкадан бастап, әлем чемпиондарының бәрі де қатысып келеді. Бұрынғы ҚСРО командасы 1952 жылдан бері осы жарысқа қатысуда. Бұған қырық жыл өткен соң Қазақстан құрамасы да қатысады.

  Жарияланған-2019-07-09 16:30:37     Қаралды-4843

Мәлімет сізге көмек берді ма

ТҰЗДАЛҒАН БАДАМ

...

Бұл - тұз себіліп қуырылған бадам. Бір килограмын жасауға 902,4 грамм бадам, 270,7 грамм тұз жұмсалады. Осындай рецептімен бадам орнына жер жаңғағы мен өрік дәндері алынып, тұз қосылып қуырылған тағамдар да жасалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛМА ҚОСЫЛҒАН КҮРІШ

...

Күріш күрмегінен тазартылады, жуылады. Әуелі суға салынып шала, содан соң сүт құйылып әбден пісіріледі, үстіне май салынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Мысық йодты қалай ойлап тапты. Тосын жаңалық

...

Француз химик-технологы және фармацевт Бернар Куртуа 1811 жылы йодты ойлап тапты. Бірақ, бұл жаңалығы ұзаққа созылып кетуі әбден мүмкін еді, егер Бернар Куртуаның сүйікті мысығы болмағанда. Бұл оқиғаны Куртуаның достары айтып береді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНИМАЛИСТ ДЕГЕН КІМ?

...

ЖИДЕК іздеп орманды шарлап-шарлап әбден шаршаған кішкене қонжық кенет отыра кетті. Суретшінің шебер қолы қонжықтың ұйпа-тұйпа мамық жүнін, таңғала қараған аңғал көзін айнытпай жеткізген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАРСТА ӨМІР БАР МА?

...

Түнгі аспанда жұмбақ жыпылықтайтын қызыл түсті жұлдыз – Марс

ТОЛЫҒЫРАҚ »