UF

АППОЛОННЫҢ ІЗБАСАРЛАРЫ

Категориясы: Спорт


 

Ауыр салмақты тастарды көтеру арқылы жарысушы спортшыларды халық «Аппалонның ізбасарлары» деп те атаған. Осы Геркулестер жарысы өткен ғасырдың 60 жылдары Америка жерінде өтіпті.

Орыс мемлекетінің тарихында ауыр атлеттер бірлестігі Петербург қаласында 1897 жылы В. Ф. Краевский деген адамның басшылығымен құрылған. Ал 1897 жылы ауыр салмақ көтеруге алғашқы орыс мемлекетінің чемпионаты өткізіледі.

1898 жылы орыстың ауыр тас көтеру мен машықтанушы спортшысы Г.Гаккешмидт европалық бір жарыста 3 жүлделі орынды иеленіпті. Ауыр атлеттер 1896 жылғы Афина қаласында өткен қазіргі Олимпиадалық ойынды бағдарламасына қосылып, бұл қазіргі күнге дейін жалғасып келеді. Алғашқы Әлем біріншілігі 1888 жылы Вена қаласында өтті.

Ал 1920 жылдан бастап ауыр атлеттердің Халықаралық федерациасы (ИВФЯ) құрылды, оның 125 мүше мемлекеттері бар.

Ауыр атлетикалық жарыстың халықаралық ережесі 1920 жылы VII олимпиадада қабылданған. 1990 жылдарға дейінгі негізгі бәсеке ҚСРО мен Болгария ауыр атлеттері арасында болып келді. Тек 1984 жылы өткен “Достық - 94” атты штангашылар жарысынада ғана ҚСРО ауыр атлеттері - 17, Болгария спортшылары - 11 Әлемдік рекорд жасапты.

Алғашқы Әлем чемпионының тәжін киген ҚСРО-ның ауыр атлеті Григорий Новак, бұл 1946 жылы Ұлы отан соғысынан кейінгі бірінші бейбіт жыл болатын.

Екі дүркін олимпиадалық ойындардың чемпиондары аталған үш ҚСРО штангисттері бар, олар: Леонид Жабодинский, Василий Алексеев, Аркадий Воробьев.

Қазіргі штанга жарысының тарихы - өте тартымды өткен спорт. Бұның мысалы 1934 жылға дейін штанга тасын көтерудің бес жаттығуы (екі қолмен сығындап көтеру, бір және екі қолдан жұлқа көтеру, кеудеден қос қолдап итеру) ереже бойынша міндетті болған, бұл ереже көп жыл бойы жарыстың басты шарты болып есептеліп келді.

1938 жылдан бастап штанга көтерудің үшсайыстық тәсілі дүниеге келіп, бұл 38 жыл бойы бұлжымайтын ережеге айналды. Олар - сығымдап көтеру, жұлқа көтеру және бастан асыра итеру тәсілдері.

1972 жылдардаи бастап штанга көтеру екі сайыстық (жұлқа көтеру мен бастан асыра итеру) өмірге келді. Халықаралық ереже бойынша әрбір жаттығуды орындауға үш ретке дейін ғана рұқсат беріледі.

Штанга көтерудің итеру жаттығуы екі тәсілмен орындалады, олар - штанга тасын көтеріп кеудеге алу және оны бастан асыра итеріп, қос қолдап көтеріп алу.

Ауыр салмақты штангисттер арасында ең жоғары көрсеткіштерге жеткен үш ҚСРО - атлеттері бар, олар: Леонид Жаботинский, Юрий Власов және Василий Алексеев. Бұлар бірлесіп 79 Әлем рекордын жасаған. Ал ауыр салмақтағы штангисттер үш жаттығу нәтижесінде алғашқы рет 500 кг салмақ көтерген американдық штангист - Пауль Андерсен, бұл 1955 жылдың қазан айы болатын. Андерсеннің 1955 жылғы рекордын үш сайыс нәтижесінде 600 кг жеткізген ҚСРО спортшысы В. Алексеев болды.

Әдебиет: Қобланов Ж.Н., Ысқақов Ж.Ж. Спорт терминдерінің сөздігі мен тарихы. -Алматы, 2002. -281 б.

  Жарияланған-2019-06-28 17:54:25     Қаралды-1896

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҚАМЫРҒА ОРАЛҒАН ЕТ

...

Мәнті әр түрлі фарштан дайындалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАТАҒА СУРЕТ САЛАДЫ МА?

...

Суретшілер өз шығармаларын көбіне-көп майлы бояумен зығыр талшығынан тоқылған кенеп матаға («холст») салады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰНАН БӘЙГЕ

...

Бәйгеге қатысатын құнанға шабандоз бала мінеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҢҒАҚ ДӘНІ САЛЫНҒАН ҚУЫРМА

...

Өсімдік майынан, қанттан, жаңғақтан, ұннан және цедра мен жарты лимонның шырыны қосылып қамыр иленеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВ

...

Нұрғиса Тілендиев (1925-1998) - «Қазақстанның халық әртісі», «Халық қаһарманы», профессор, Жетісу күй мектебінің дарынды күйші-сазгері. Нұрғиса Алматы облысында дүниеге келген. Оның әкесі күйші, анасы әнші болған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МИЯМПҰР

...

Інжірден жасалып, арасына грек жаңғағы салынған тағамды шығыста осылай атайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »