UF

ШАНАМЕН ҚҰЛДИЛАУ СПОРТ ТАРИХЫНАН

Категориясы: Спорт


Шана тебу спортының отаны Ресей екендігін дәлелдейтіннақты дәлелдердің бірі, Нижний Тагил қаласынан табылған ескі шана біздің дәуірімізден 6000 жыл бұрын жасалған екен. Орыс халқында шана ең қадірліқатынас құралы болып табылады. Тіпті «1015 жылы қайтыс болған орыс патшасы Владимирдің мүрдесі жаз айының өзінде да шанаға салып, жерлейтін жеріне жеткізіліпті» - деген аңыз бар. Ал XVII ғасырдың өзінде-ақ орыс шіркеулерінің басшылары тек шанаға ғана мініп серуендейтін болған. Польша халқында әйелдердің шана теуіп жарысатын адейі мейрамдары болса, Францияда шана тебуге арналған арнайы күндер болған. Ал өткен ғасырдан бастап бүкілдүниежүзі халықтарының арасында әр түрлі формадағы шана жасау дәстүрге айналған деседі.

1883 жылы 12 наурызда Альпі тауының басынан шанамен төмен қарай құлдырау жарысы өткізіліпті.

Алғашқы әте шапшан сырғанайтын шананы жасап шығарған - Скадинавия мемлекеттері. Ол шаналар өте ұзын жасалынып, олар үш метрлік таяумен басқарылатын болған.

Кейіннен (басқары) темір шаналар жасалынып, оны басқарушылар шана үстінде бастарын алға қарата жатып сырғанайтын болған. Шанамен сырғанаудың бұл тәсілін пайдаланушылары скелетон деп атаған. Кейінірек шыққан шаналардың басқару және тежеу тетіктері пайда болды, мұны бобслей деп атайды. Алғашқы спорт жарыстарына арналған шананы, скелетон және бобслей шаналарын жасаушы - швейцариялық ұста Матисс деген адам.

Қазіргі кезенде ең шапшаң шана жолы американың Лейк-Плэсиде қаласында салынған, бұл жолдағы ең жоғары шапшандық сағатына 150 шақырым болған.

Әрбір шананың құрлысына байланысты әдейі жасалған жолдарында ұзындығы әр түрлі болады. Мысалы, бір орындық ерлер шанасының жолы 1000 метр болады, әйелдер жолының ұзындығы 700 метр. Бобслейге арналған жолдар 1400 метрден 1600 метрге дейін.

Бобслеймен сырғанау барлық Ақ олимпиаданың бағдарламасына қосылған.

Шанамен сырғанау спортын басқаратын федерация 1957 жылдан бастап жұмыс істейді, оның мүшесі болып есептелетін 30-дан аса мемлекеттер бар.

ҚСРО спортшылары ішінен алғашқы Европа жұлдызы атанған В. Зозуля. Ол 1976 жылы дүниежүзілік біріншілікте чемпион атағын жеңіп алса, 1980 жылы өткен Ақ олимпиадасында тағыда олимпиада чемпионы тұғырына көтерілді.

Шана тебуші спортшы ерлер арасында алғашқы дүниежүзінің чемпионы атағын жеңіл алған С. Данилин. Бұл спорт майталманы мұнан кейін де екі мәрте чемпиондық медаль иесі атанды.

Қазіргі кезеңдегі ең таңдаулы спортшылар елі аталып жүрген Швейцария, Италия, Австрия, Германия және Канада мемлекеттері.

Әдебиет: Қобланов Ж.Н., Ысқақов Ж.Ж. Спорт терминдерінің сөздігі мен тарихы. -Алматы, 2002. -281 б.

  Жарияланған-2019-06-28 17:21:36     Қаралды-3156

Мәлімет сізге көмек берді ма

ДҮНИЕДЕ ЕҢ ЖЫРТҚЫШ ҚАЙ АҢ?

...

Біз әуелі ең ірі жыртқыштардың бірі - аң патшасы арыстанды аузыңа алғандықтан, әңгімемізді содан бастайық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАУЫНҚҰРТ

...

Қауын ортасынан жарылады. Дәні алынып тасталынады. Қабығынан аршылған еті бөлек алынып, жұқалап туралады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕННИС СПОРТ ТАРИХЫНАН

...

Теннис спортының негізгі екі турі бар: үлкен және стол теннисі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АУРУ ТУҒЫЗАТЫН ГРИБТЕР

...

Ауру туғызатын грибтер - өсімдік текті өте ұсақ организмдер, олардың көбею жолы мен құрылысы бактерияларға қарағанда өте күрделі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОБИДАҢДОН КАРАМЕЛІ

...

Мөлдір, сырты оралмаған, кесілген батон формалы карамель осылай аталады. Қолданылатын бояуларға байланысты әр түрлі келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБАТТАЛҒАН ҚАМЫРҒА ОРАЛҒАН АЛМА

...

Қабатталатын қамыр былай дайындалады: суға тұз және лимон қышқылы салынып, ерітіледі, жұмыртқа және ұнның оннан тоғыз бөлігін қосып қамыр иленеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »