АЛАШ ПАРТИЯСЫ
Категориясы: Саясат
Алаш партиясы - казақ халқының тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы (1917-1920 жж.). Алаш партиясын кұру жөніндегі мәселе 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында I Жалпықазақ съезінде талқыланды.
Алдымен Ә.Бөкейхановтың жетекшілік етуімен Партияның облыстық ұйымдары кұрылды. 1917 жылдың қазан айында Семейде (төрағасы - Халел Ғаббасов), Омбыда (төрағасы - Айдархан Тұрлыбаев), ал қараша айында Орынборда (төрағасы - Әлихан Бөкейханов) облыстық партия комитеттері ұйымдастырылды. Сөйтіп, жаңадан құрылған партия «Алаш» деген атқа ие болды.
Партия бағдарламасының жобасы 1917 жылғы «Қазақ» газетінің 251 санында жарияланды. Бағдарлама бойынша Алаш партиясы қазақ облыстарының, қазак халқының бір мемлекетке бірігіп, Ресей Федерациясының құрамына автономиялык негізде енуін қолдады.
Алаш партиясы қазақ ұлттық мемлекетін кұру, қазақ қауымынан Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау, т.б. істерге белсене ат салысты.
Алаш партиясының көсемдері бірнеше ғасыр Ресей империясының отары (белгілі бір мемлекетке бағынышты, тәуелді елді айтады) болып келген Қазақстанды езгіден құтқару және оның мемлекеттілігіне қол жеткізу мақсатын көздеді.
Жарияланған-2015-11-13 20:49:14 Қаралды-15727
БОТСВАНА МЕМЛЕКЕТТІ

Оңтүстік Африкадағы мемлекет. Британ ынтымағының мүшесі, 1966 жылға дейін Бечуаналенд аталды.
Кейбір кесірткелер қанмен атқылай алады

Бақа сияқты кесірткелер — игуана тәрізді тұқымдастардың қысқа аяқты және қысқа құйрықты кесірткелер түрі, жыртқыштардан қорғайтын бірегей қабілеті бар.
ТАРЫ ТАЛҚАНЫ

Тарыны талқандап, сары-маймен, қант ұлпасымен араластырып, бұлғау керек. Бұл тағам көбінесе шай дастарқанына қойылады.
МАХМҰД ӘЛ-ҚАШҚАРИ

Махмұд әл-Қашқари - бірнеше түркі тілдерін жақсы меңгерген әйгілі түрік саяхатшысы. Ол Ыстықкөлдін оңтүстік жағалауында орналасқан Барсхан қаласында дүниеге келген.
АЛЬПИНИЗМ ТАРИХЫНАН

Тауға қарап тамсану, оның басына шығу - адам баласының ізгі арманы, болғаны біздің бәрімізге мәлім қасиет.