ФРИЗБЕН НЕ БЕЗЕНДІРЕДІ?
Категориясы: Өнер
Брюсель қ. Өнер академиясының фриз.
Афина Акропольдегі әйгілі грек ғимараты Парфенон скульптуралық фризбен безендірілген. Үйдің ішкі не сыртқы қабырғасының мүсіндермен не бояумен салынған өрнектермен әшекейленген жоғарғы жаң жиегі, әдетте, осылай аталады.
Фидий. Парфенон фризінен деталь. Б.э.д. V ғ.
Парфенон маңдайшасындағы фризге көп шебер еңбек сіңірген. Бірақ олардың ішіндегі ең бастысы - Акрополь үшін Афин тәңірінің екі мүсінін жасаған ұлы грек мүсіншісі Фидий болып табылады.
Ұзынынан 160 метрге созылған бұл фриз барельеф әдісімен істелген. Ол Африкада жылына Афина тәңірісінің құрметіне жасалатын панафиней шеруін көрсетеді. Онда 350 адам тұлғасы және 250 хайуанат бейнеленген. Найза ұстаған жауынгерлер мен ауыздықтарымен алысқан арғымақ мінген салт атты нояндар үдере шеру тартып келеді.
Осынау тамаша фриз түгел сақталынбаған. Оның бір бөлігі ғимараттың сынған бөлігімен бірге қирап біткен. Ал, аман қалған азғантай бөлігі Лондондағы Британ музейі мен Париждегі Лувр музейінде сақтаулы.
Мүсінделген болсын, бояумен салынған болсын, қай-қай фриз де үйдің тұтас архитектурасының бөлінбес бір бөлігі болып есептеледі. Сондықтан да фриз монументтік өнерге жатады.
И.Теребенев. (1780-1815 жж.). Адмиралтейство үйінің фризі.
Тамаша сәулет ескерткіші Санкт-Петербургта Адмиралтейство үйі XIX ғасырда сәулетші А.Д.Захаровтың басшылығымен қайта салынып шықты. Оның орталық мұнарасы Рейсей флотының тарихын бейнелейтін фризбен безендірілген. Оның авторы - мүсінші И. И. Теребенев.
Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.
Жарияланған-2016-11-17 13:50:30 Қаралды-2688
АЙЫЛЖАПЫРАҚ СҮЙСІН ЖӘНЕ ТЕЛПЕК СҮЙСІН
Бұл – көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы қуыс, жапырақтары көп.
Алғашқы индия ракетасын велосипедпен тасыған
Алғашқы ракета соншалықты жеңіл және кішкентай болғандықтан оны Тамба стансасында ұшыру үшін тасып алып баруға тек велосипед ғана қажет болды.
АУҒАН ШӘРБӘТІ
Жеміс шырындарына апельсин мен лимон бөліктері салынып, аздаған су құйылады да бәрі қосылып қайнатылады.
ШАЙШӨП – АСҚАЗАН БЕЗДЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫН КҮШЕЙТЕДІ
Ертедегі Римде бұл өсімдікті аса пайдалы деп санаған.
КҮНЖІТ КӘЗИНЕГІ
Арасында күнжіт дәні көп болатын, карамель сияңты төрт бұрышты немесе қиғаш төрт бұрышты қатты, шыныдай жылтыр тағам. Дайындалуы бадам кәзинегіндей.