СУПЕРҚАП ДЕГЕН НЕ?
Категориясы: Өнер
Біздің алдымызда кітап жатыр. Ең алдымен оның мұқабасы көзімізге түседі. Оның қатты да, жұмсақ та болуы мүмкін. Жұмсақ мұқаба жәй қағаздан жасалады. Ежелгі кезде мұқабалар сыртына алтын жалатқіш сафиян былғарыдан жасалады екен.
Өте құнды кітаптардың мұқабасы металл тиекшелермен бекітіліпті.
Кейбіреуінің бұрыш-бұрышы беріктік үшін әлгіндей металл тақташалармен көмкеріліпті.
Осы заманғы кітаптарда кейде мұқабаның сыртына сурет салынып, шығарманың, автордың аты-жөні жазылған қағаз қап кигізіледі, ол суперқап деп аталады.
Енді кітапты ашып көрейік. Сол жақта - мұқабаның ішкі жағы, оң жақта - кітаптың бірінші беті. Бір-бірімен жалғасып тұтас жатқан осы екі парақ форзац аталады. Дәл осындай форзац кітаптың аяқ жағында да болады. Оған сурет салынуы да мүмкін, сурет салынбай бос жатуы да мүмкін.
Тағы да бір бетті ашып көрейік. Сол қол жағында - фронтиспис, оң қол жағында - титул.
Бұл не деген сөздер?
Фронтиспис - кітаптың ең басты мазмұнын ашатын сурет. Оның орнына кейде жазушының өз портреті берілуі де мүмкін.
Ал, титулге кітаптың аты, қай баспада басылғаны көрсетіледі.
Егер кітап бірнеше бөлімнен тұратын болса, әрқайсысының алдына шмуцтитул деп аталатын дербес титул беріліп, тараудың аты не рет саны көрсетіліп, сурет салынады.
Кейде әр тараудың басына шағын сурет салынады, оны беташар сурет - заставка деп атайды, ал соңында да сурет ұшырасса, оны тиянақ сурет - концовка деп атайды.
Кітаптың тартымды боп шығуы жазушымен қоса, суретшінің де еңбегіне байланысты болғандықтан, ол тек әдебиеттің ғана емес, бейнелеу өнерінің де туындысы боп саналады.
Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.
Жарияланған-2016-11-14 15:12:17 Қаралды-3211
САРЫМСАҚ - АС ҚОРЫТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАҚСАРАДЫ

Бронх демікпесін, шеменді, тұмауды, қан қысымының көтерілуін емдеу үшін халық арасында сарымсақ кеңінен қолданылады.
АСПАН НЕГЕ КӨГІЛДІР?

Біздің Жерімізді көгілдір планета дейді. Бұлайша кездейсоқ аталмаған. Жерді қоршап тұрған ауа мұхиты көгілдір түстес.
ҚЫМЫЗ АШЫТУ ЖАЙЛЫ ӘҢГІМЕ

Қымыз дайындау үшін ең алдымен сауын биелерін іріктей білу керек. Сауылатын бие сақа бие, қулық бие, қысырақ бие деп үшке бөлінеді.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СОВЕТ ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ

СССР-ді қорғау жолында жасаған ерлігі мен батырлығы үшін Совет Одағының Батыры атағына ие болған қазақстандық қаһармандар.
АЙДЫ КЕМІРІП ҚОЙҒАН ҚАЙ МЫҚТЫ?

Баяғы замандардан бері адамдар көктегі Айдың неге кейде толып, дөп-дөңгелек боп тұратынын, ал кейде кеміп, жартысы ғана қалатынын, тіпті, жұқарып...