КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ИНТЕРЬЕР
Категориясы: Өнер
Эммануэль де Витте (1617-1692 жж.). "Күйсандықта ойнап отырған әйел"
Сәулетші өзі салатын үйдің тек сыртқы ажарына ғана емес, ішкі көркіне де көп көңіл бөледі. Үйдің ішін безендіру өнерін «интерьер» деп атайды. Ол француздың «ішкі» деген сөзінен шыққан.
Бұл сөздің басқа да мағынасы бар. Бөлменің ішіндегі бүкіл жиһазымен тұтас көрінісін де интерьер дейді.
Міне, мынау голланд суретшісі Эмануэль де Витте бейнелеген интерьер. Ол «Күйсандық ойнап отырған әйел» деп аталады.
Суретші өз шығармасында біріне-бірі жалғасып жатқан үш бөлмені көрсетіпті. Ту түптегі бөлмеде үй сыпырып жүрген қызметші әйел көзге шалынады.
Бергі бөлмеде басына ақ делдиме қалпақ киген әйел күй сандықта ойнап отыр, күллі шығармадан бір күй сарыны естіліп тұрғандай.
Қапталдағы терезеден түскен жарық әлеміш еденді жарқыратып жіберіпті. Суреттің тартымдылығы сондай, тек әйелді ғана емес, қола жақтаулы айнаны да, шамдарды да, кереуеттің астындағы зіп-зілдей төсенішті де - үй ішінен түк қалдырмай түгел көріп шыққымыз келеді.
Суретші бұл шығармасын сонау XVII ғасырда салған. Ол кезде Голландиядағы суретшілердің арасында интерьер салу әуестікке айналған. Олар бір ғана бөлмені емес, бірнеше бөлмені, тіпті ашық тұрған терезеден аула ішін, сырттағы бақты да қамти көрсетуді қатты ұнатқан.
Ондай картиналарда күнделікті күйбеңімен жүрген үй иесі әйел не қызметші әйел жиі кездеседі. Өз заманының тұрмыс салтының әрбір ұсақ-түйегіне дейін тәптіштеп көрсетілетін. Соның арқасында біз бұдан үш ғасыр бұрын тұрған адамдардың қандай тұрмыс құрғанын жете білеміз.
Интерьер де өз алдына бір жанр.
Онымен тек XVII ғасырдағы голланд суретшілері ғана емес, басқа елдердің, басқа дәуірлердің шеберлері де әуестенген.
П.Федотов (1815-1852 жж.). "Ақсүйектің сәскелік асы"
Тамаша орыс суретшісі П.Федотовтың «Ақ сүйектің тәңертеңгі дастарханы» деген шығармасына қараңдаршы. Жәй әншейін тұрмыс көрінісі, бірақ дәулетті үйдің ішкі сипатын егжей-тегжейлі көрсетіп баққан емес пе! Өйткені, ол көрушінің көз алдына шығарма кейіпкерінің жан дүниесін де жайып салады.
Жарияланған-2016-11-03 21:32:42 Қаралды-4659
БҮЙДАШ ХАН

Бұйдаш ханның билігі тек Жетісу жеріне ғана жүрген. Өйткені Таһир ханның кезінде- ақ Қазақ хандығының әлсіреуі күшейіп, қазақ жерінде бірнеше хандар пайда бола бастаған. Бұйдаш - Жетісу жеріндегі қазақ хандарының бірі. Ол аз ғана (1533-1534) хандық құрды.
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫ

Тоғызқұмалақ шахмат, дойбы, нард, калах тағы басқа ойындар секілді арнаулы тақтада ойналады.
Кейбір амфибиялар дене бөлігін қалпына келтіре алады

Аксолотль — қосмекенді амбистомалардың кейбір түрлерінің неотениялық дернәсілдері, құйрықтылар отрядының амбистомалар тұқымдасына жатады. Бұл қосмекенділер өз аяқтарын регенерациялаумен шектелмейді.
ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА ТІРКЕЛГЕН ҚАЙЫҢ ТҮРЛЕРІ

Қазақстанның 1981 жылы жарық көрген Қызыл кітабына қайыңның 3 түрі - қызыл кайың, талас қайыңы және Ярмоленко қайыңы тіркелген. Бұл үшеуі де әрі сирек кездесетін, әрі шағын жерлерде ғана өсетін эндемик түрлерге жатады.
ҚАСЫМ ХАН

Қасым хан Жәнібекұлы (1445-1518 жж.) - қазақтың ұлы хандарының бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі Жәнібек ханның ұлы.
ЖАС ЖЕМІС НЕМЕСЕ ЖИДЕК АРАЛАСТЫРЫП ШАЙҚАЛҒАН ҚАЙМАҚ

Рецептіде көрсетілген жемістер жақсылап жуылып, үстіне шайқалған кілегей құйылады. Дастарқанға қант ұлпасы қоса әкелінеді.