UF

ГОТИКА – ГОТТАРДЫҢ АТЫНАН ШЫҚҚАН

Категориясы: Өнер


Париждегі Тәңірана соборы. ХІ-ХШV ғғ.

ПАРИЖДІҢ қақ ортасында ауыз аштырып, көз жұмғызатын көркем ғимарат тұр. Көкке самғаған асқақ мұнаралар; қабырғадағы ойықтарда - мәрмәр мүсіндер; шатырдын, бұрыш-бұрышына химера деп аталатын құбыжықтар бейнеленген. Бұл - готика стилінде салынған әйгілі Париж тәңірі-анасының соборы.

«Готика готикалық» деген сөз ұлы Рим империясына ойсырата соққы берген жауынгер тағы тайпа - готтардың атынан шыққан.

Қайта өрлеу дәуірінің алғашқы жылдарында орта ғасыр тұсындағы өнер туындылары соншалықты дөрекі, соншалықты ұсқынсыз көрінді. Сондықтан да жұрт ол стильді басқыншы тағы тайпаның атымен готика деп атаған.

Әр дәуір өз тұсындағы жағдайға лайық, өз заманындағы адамдардың түсінік, талғамына лайық шығармалар туғызады.

Орта ғасырларда шіркеумен ешкім билік таластыра алмайтын, оның алдында корольдердің өздері мойын ұсынып тұруға мәжбүр болған.

Дін адамдардан пендеге тән тілек-мүдденің бәрін ұмытып, бір тәңірден басқа ештеңені де ойламауды талап етті. Адамдар архитектурасы жағынан бұрын-соңды көз көрмеген діни ғимараттар сала бастады. Адамдардың ой-қиялының көктегі тәңірге талпынатыны сияқты ғимараттардың сүйрік мұнаралары да аспанға шапшып, андыздап тұратынды шығарды. Ең биік жерге көкпен таласқан зәулім шіркеулер орналасатын да, ал оның қасындағы тар қапас көшелерге құрқылтайдың ұясындай кішкене үйлер салынатын.

Орта ғасыр қалаларында готикалық собор ерекше үлкен қызмет атқарады. Қауіп-қатер кезінде қала халқы сонда жиылып кеңес құратын, қару-жарақ пен азық-түлік қоры сонда сақталатын.

Собордың зәулім биік төбесі терезеде күн сәулесімен сан құбылып, көркем көрінетін шытыра сурет. («Витражды» оқы), органның салтанатты үні - құдайдың айрықша киесі мен шексіз билігіне көзіңді одан сайын жеткізе түсетіндей еді.

Сыртқы қабырғадағы арнайы ойықтар мен кіре берісте самсап көп мүсіндер тұрады. Ол бірақ ежелгі дәуір мүсіндеріне атымен ұқсамайтын-ды.

Ежелгі дәуір шеберлерінің шуақ пен нұрға толы шығармалары адам тәнінің сұлулығын дәріптесе, орта ғасыр өнері, христиан діні үйреткендей, адамды да, оның тәнін де күнәның қабы деп түсінді. Адам сол күнәсын жуу үшін, өз нәпсісіне өзі тыйым салып, тіріде абырой, өліде иманнан басқа ештеңе көксемеуге тиісті болды. Жердегі өткінші (фәни) өмір жер астындағы мәңгі (бақи) өмірге әзірлік деп есептелінді.

Орта ғасыр суретшілерінің адам бойынан ең алдымен жан күйзелісі мен сезім дағдарысын тауып бейнелеуге ерекше мән бергендігі де, міне, осыдан. Кейде жұрт орта ғасыр суретшілері адам тұлғасының үйлесімін бейнелеуді неғып білмеген деп таңғалады. Әрине, олар оны білуін біледі, бірақ олар үшін мұның ешқандай қажеті жоқ еді. Олар ең алдымен адамдардың жан дүниесін қапысыз жеткізе білуге тырысты. Сондықтан да, өз кейіпкерлерінің көз жанарын үлкейтіп, бетіндегі әжімдерді мейлінше тәптіштеп көрсетуді мақсұт тұтты. Олар адамдардың сезім байлығын, мағынаға толы рухани өмірін асқан шеберлікпен бейнелей білген не керемет шығармалар қалдырды. Готикалық өнер де әр елде әрқилы дамыды. Оның ерекше етек жайған жері - Франция мен Германия. Италияда да сән-салтанатымен, мінсіз бітімімен көз тартатын не бір әсем шіркеулер ұшырасады. Миланның ескі көшелерін бойлап қала орталығына қарай келе жатсаңыз, кенет Милан соборының кесте төккендей ою өрнекке толы, көк сүңгі мұнаралары жарқ етіп көзге түседі. Ересен үлкендігіне қарамастан сұңғақ та сұлу көрінетін бұл ғимарат бүкіл Европадағы мәрмәрден нақыштап салынған жалғыз ғимарат. Оны салуға алты ғасырдай уақыт кетіпті. Әрине, тым ұзақ мерзім, бірақ готика соборларының бұлай ұзақ салынатынына еш таңқалуға болмайды. Олар сан рет қайта салынып, сан рет қайта жөнделіпті. Өйткені қала өскен сайын ондағы орта ғасыр өнерінің барша озық үлгілері жинақталған соборларды да ұлғайтып қайта салуға тура келетін.

Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.

  Жарияланған-2016-11-02 14:35:29     Қаралды-4200

Мәлімет сізге көмек берді ма

ИТБҮЛДІРГЕННЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

...

Медицинада итбүлдірген жапырақтарын ұнтақ немесе қайнатып алынған тұнба турінде қызылшамен ауырған адамның қызуын түсіруге және асқазан сөлінің қышқылын баяулатуға қолданады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАШИНА НЕДЕН ЖАСАЛЫНҒАН?

...

Әрине, машина жеке бөлшектерден құралады. Ал бөлшектер металдан жасалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОНЬКИ - ГОЛЛАҢДИЯЛЫҚТАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ СПОРТЫ

...

Спорттың бұл түрін мамандар, мұз үстіндегі балет өнерінің ең тандаулысы деп жүр.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Миллионерлер Финляндияда қандай айыпұлдарды төлейді

...

Финляндия тағындаған ЖҚЕ бұзуға айыпұлдар тағылмаған белдік үшін немесе дұрыс тұрақтамағаны үшін 35 еуродан басталады және жылдамдықты асырғаны үшін жүздеген мың еуроға дейін барады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫҒА

...

Ежелгі түркі мемлекеттеріндегі ел билеушілері мен әскербасылар өз дәрежелерін білдіру үшін бас киімдеріне құстардың қауырсынын таққан. Ол жыға деп аталады. Жығалар бас киімнің маңдайына немесе желке тұсына, кейде екі шеке тұсына шаншылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СОВЕТ ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ

...

СССР-ді қорғау жолында жасаған ерлігі мен батырлығы үшін Совет Одағының Батыры атағына ие болған қазақстандық қаһармандар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »