UF

ВИТРАЖ – ӨНЕРДІҢ ЕҢ КӨНЕ ТҮРІ

Категориясы: Өнер


Эрфурт соборындағы витраж. Деталь

МЫНАУ суретте қандай таңғажайып аңдар мен құстар бейнеленген десеңізші! Бояулары неткен ашық, неткен анық!

Ол суретшінің қиялынан ғана туған. Бұл - өте бір ерекше шығарма. Ол бояумен салынбаған, арасына жіңішкелеп қорғасын жалатқан алуан түсті шыны кесінділерінен құрастырылған. Бұл шығарма Эрфурт деген неміс қаласындағы бір көне собордың терезесін безендіріп тұр.

Терезеге салынған мұндай шытыра суретті - витраж дейді. Ол француздың «Vitre» - «терезе әйнегі» деген сөзінен шыққан.

Эрфурт соборындағы витраж.

Витраж - өнердің ең көне түрі. Оның қай дәуірде жарыққа кегенін ешкім білмейді, бірақ ерекше етек жайған кезі орта ғасырлар тұсы.

Орта ғасырларда салынған соборлардың барлығы дерлік витраждарымен ерекшеленеді.

Терезе қондырылатын биік тар тесіктерге күн көзі түсті-ақ, әйнек шам жаққандай жарқырап қоя береді. Ашық түске боялған алуан түрлі шынылар асыл тастардай қырық құлпырып, көздің жауын алады.

Түрлі-түсті шынылар осы заманғы ауа мен жарыққа толы қарапайым әсем үйлерге де өте келісіп кетеді екен.

Соғыс тұсында фашистер Пирчюпис деген литван селосын өртеп жіберді. Сол жерде құрбан болғандарға ескерткіш ретінде мектеп-музей салынды. Оның бір қабырғасы түгелімен дерлік витраж. Жан-жағынан жанып жатқан алау оттай ал қызыл шынылармен көмкерген осынау шығармада төрт фигура - бойжеткен, бала құшақтаған кәрі әйел және жанары кекке толы, жұдырығын тас қып түйіп алған ызалы ақ бас кәрия бейнеленген.

Пирчюпис селосының мектеп-музейінің витраж.

Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.

  Жарияланған-2016-11-02 13:59:43     Қаралды-5710

Мәлімет сізге көмек берді ма

БИАТЛОН ТАРИХЫНАН

...

Биатлон ... «атлон» грекше «күрес» деген сөз. Биатлон жарысы кезінде спортшылар шаңғымен сырғанап және мылтықпен нысанына көздеп атып өнер көрсетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰЗ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

...

Жер бетінде су және оның қатты көрінісі - мұз, бірақ әлі де бұл нәрсені жұмбақ табу қиын.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАРА АЛХОРЫ ҚОСЫЛҒАН КҮРІШ

...

Күріш күрмегінен тазартылып, жуылады, кептіріліп қуырылады. Мұқият жуылған қара алхоры жартылай дайын болғанша қайнатылады да дәндері алынып тасталып, жіңішкелеп тілінеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕЙІЗ ШӘРБӘТІ

...

Кастрюльге қойытылған сүт, қант және су құйылып, қыздырылады да үздіксіз араластырыла отырып қайнатылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОТТЕГІ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Оттегі - жер бетіндегі ең көп таралған химиялық элементтердің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »