БАРЕЛЬЕФ
Категориясы: Өнер
"Жаралы арыстан" Ашшурбанипал сарайындағы рельеф. Б.э.д. VII ғ.
МҮСІН өнерінің бір түрін рельеф деп атайды. Оған бір тегіс аядан бөліне шығып тұратын бедерлі мүсіндер жатады. Рельефтің екі түрі болады. Егер әлгі тұлғалар кеңістіктен өз қалыңдығының жарым-жартысындай ғана шығып тұрса, онда ондай бейнені барельеф дейді; ал жарым-жартысынан гөрі көбірек шығып тұрса, горельеф дейді.
Москвада Николай Васильевич Гогольге қойылған екі ескерткіш бар. Оның біреуін мүсінші Н.Андреев жасаған. Ол Гогольді тұңғиық ойға батып отырған қалпында кескіндеген. Айналасында – жазушының кейіпкерлері. Ескерткіш қойылатын тұғыр тастың жан-жағының бәріне «Өлі жандар», «Ревизор», «Диканька маңындағы хутордағы кештер» кейіпкерлері қашап салынған. Олардың арасында жуан дуанбасы да, Хлестаков та, дуанбасының әйелі мен сылқымсынған қыздары да жүр. Міне, бұл барельеф.
Н.Андреев (1873-1932 жж.) Н.В.Гоголь ескерткішіндегі барельеф. Деталь.
Ежелгі Мысырдың Александрия қаласында он қолынан өнер тамған шеберлер асыл тастарға қашап өте ұсақ бедер өрнектер, суреттер салған. Ондай рельефтерді камея дейді. Мынау суретте дүние жүзіндегі ең ірі әсем камея - Гонзаг камеясы бейнеленген. Ол арасында сардонике деп аталатын сүттей ақ таңдақтары бар тарғыл тастан жасалған. Сопақша қалақ тасқа біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырда өмір сүрген Птолемей II патша мен әйелі Арсинояның қырын қарап отырған бет-әлпеттері бейнеленген. Тастың нәзік көгілдір қабатынан қашап салынған дидарларынан бір жұмсақ сәуле төгілетіндей.
Гонзага камеясы. Б.э.д. ІІІ ғ.
Гонзаг камеясы Эрмитажда сақталынады.
Әдетте ғимараттар, театрлар, музейлер мен клубтар рельефтермен әшекейленеді. Ол ескерткіш тақталарға да салынады. Ескерткіш тақта деп көрнекті қайраткерлердің өздері тұрған үйлерінің қабырғаларына орнатылған мәрмәрдан, тастан немесе қоладан жасалған шағын ескерткіштер аталады.
Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.
Жарияланған-2016-11-02 13:27:46 Қаралды-5706
БЕТ КҮТІМГЕ ҚАРАПАЙЫМ КЕҢЕСТЕР
Беттің табиғи ажарының таймауын, оған мезгілсіз әжім түспеуін әркім де жақсы көреді.
ЖӘҢГІР ХАН
Жәңгір хан 1645-1680 жылдар аралығында билік құрды. Жәңгір хан бүкіл өмірін құдіретті Жоңғар хандығымен күресуге арнаған. Жоңғар хандығы ойрат немесе қалмақ, моңғол тайпаларынан 1635 жылы құрылған.
ШАШ КҮТІМІ
Әдемі жылтыраған шаш әйелдің сәнін келтіріп қана қоймайды, оның денінің сау екендігінің де куәсі.
ШАРИКТІ ҚАЛАМҒА ШАРИК НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?
Әлемдегі алғашқы автоқаламды ойлап тапқан... египеттіктер екен.
ШӨЛ ДАЛА – ТҰЛДЫР ДАЛА МА?
Ең үлкен шөл далалар - Азиядағы Гоби мен Африкадағы Сахара. Ал бізде - Қарақұм.