UF

ЖАН-ЖАНУАРЛАРДА БІР-БІРІМЕН СӨЙЛЕСЕДІ

Категориясы: Жануарлар


Ертегідегі аңдар мен құстардың сөйлесе алатынң жұрттың бәріне белгілі. Үш торай көңілдері шалқып, бірге ән салады. Шұбар тауық шал мен кемпірді жұбатады. Тіпті ертегіде алтын балық та сөйлеп кететін. Бірақ оның бәрі ертегі ғой.

Жануарлардың бір-біріне беретін белгілері аз емес. Сол белгілер арқылы бір-біріне көп нәрсені хабарлай алады. Мысалы, қарғалар егінжайдың үстінен ұшып бара жатып қарқылдайды. Кенет, қарғалардың біреуі өзгелерінен бөлекше қарқ ете қалады. Бұл оның баска қарғаларға жем көргені жайында хабарлағаны. Ал кауіп-қатер белгісі мүлдем өзгеше болады. Оны есітіп, құстар бірден көкке көтеріледі де, ұша жөнеледі.

Қарға түгіл тауықтардың да оннан астам белгісі бар.

«Қауіп төніп қалды», «қауіп әлі алыста», «қауіп төбеден төніп келеді»... - деп мазасыздана қыт-қыттап белгі беред. Иесі тауықтардың неге қыт-қыттағанын барып біледі. Ал тіптиттей балапан осы белгіні естісімен, енесінің қанатының астына зып береді. Құмырскалар бір-біріне мұрттарын түйістіру арқылы өз туысы немесе бөтен екенін айырады.

Бал араларының белгілері мүлдем ерекше. Барлаушы бал аралар омартаға қайтып оралған соң, кәрезге қонады да, күрделі бір биді орындай бастайды. Ызыңдап жүріп, сегіз саны тәрізді шеңберлер жасап, бүйірін қаққылайды. Жұмысшы бал аралар оның әрбір қимылын қалт жібермей, бақылап отырады. Қозғалысының жылдамдығына, жасаған шеңберлерінің үлкен-кішілігіне, қарынын жиі немесе сирек көтергеніне қарап, бал аралары барлаушы араның тауып қайтқан тәтті шырыны - нектарға бай гүлдерінің қай тұста, қанша қашықтықта екенін біледі. Би аяқталысымен бал жинаушы аралар омартадаң ұшып шығып, барлаушы араның барлап қайтқан жерін адаспай дәл тауып барады.

Аңдардың да өзіндік белгілері аз емес. Ырылдайды, ұлиды, мияулайды, сыңсиды, қыңсылайды, мөңірейді, сөйтіп бір-біріне дауыс арқылы белгі береді. Олар дауыс арқылы ғана емес, қимыл-қозғалыстары арқылы да ұғысады. Кейде иіс арқылы да түсініседі. Жыртқыш аңдар өздері иемденген жерінен аттап шықпайды, аңды сол жерде ғана аулайды. Шекарасын исімен белгілеп қояды. Шекара бойындағы ағаштар, түбірлер, бұталар мен тастар шекара бағанасының қызметін атқарады. Бөтен аңдар дәл осы жерге келгенде көрінбейтін дуалға маңдайын соғып алғандай, қалт тұра қалады.

Аю өз иелігінің шекарасына көрінетін де белгі салады: ағаштарға арқасын сүйкеп өтеді.

Сонымен бірге тікесінен тік тұрып, ағаш діңінің неғұрлым жоғарырақ жерінен тырнағымен айқұш-ұйқыш сызғылап тастайды. Бұл оның, сірә, шақырылмаған қонақ жер иесінің бойының, күшінің қандай екенін білсін деген белгісі болса керек.

Аңдар белгілерінің көпшілігін дауыс арқылы береді. Мысалы, аң аулауға жиналу немесе бір олжаны байқап қалғаны жайында белгі бергенде түрліше дыбыс шығарады.

Арлан қасқыр апанына қайтып оралған кезде «Олжалы оралдым» дегендей жайлап қана дыбыс береді. Қаншық қасқыр қуанышын өзінше білдіреді.

Аңдардың құйрығын сәл көтергеніне немесе түсіріп жібергеніне, құлағын жылмитқанына, ернінің сәл түрілгеніне адамдар көңіл аудара бермесе, аңдар бірден түсіне қояды да, өздерінше жауап қайтарады. Құйрығын түсіре қойғаны - «бағындым» дегені. Шалқасынан түсіп жата кеткені: «Басы бүтін еркіңдемін» - дегені.

Орман ішіндегі алаңқайда ауыр шайқас. Ару бұғылар жан сала сүзісіп, пыр-пыр етеді.

Міне, қарсыластардың бірі әбден титықтап шаршады. Ол сүрініп, шегіне берді де, жеңімпаз бұғыға бүйірін тоса қалды. Соңғы соққы тиіп, біржола құлап түсті. Оның қарсыласына бүйірін тосқаны -«жеңілдім» дегені. Ондайда жеңімпазы тоқтай қалады да, ашулы қалыппен пысқырынады. Сөйтіп, қарсыласының кетуін күтіп тұрады.

  Жарияланған-2016-09-16 17:47:17     Қаралды-6187

Мәлімет сізге көмек берді ма

ПЫШАҚТЫҢ ЖҮЗІ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?

...

Дүкенге жіберер алдында жұмысшы пышақ жүзін тегістегіш станокпен айнадай ғып жалтыратыпты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛМА СІЛІКПЕСІ

...

Қабығы мен дәні тазартылған алма ұзынынан бөлініп, жақсылап қайнатылады. Қайнатылған алмаға қант, лимон қышқылы және бөккен желатин қосылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТАУШҮМІЛДЕК – ЖӨТЕЛ ПАЙДА БОЛҒАНДА

...

Құрамында эфир майлары, салицин глюкозиді, илік заттар, алкалоидтер, смола, крахмал, қант, салицил қышқылы бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Жержаңғақ динамиттің ингредиенті болып табылады

...

Сіздер динамиттің жержаңғақтың көмегімен жасауға болатындығын білдіңіздер ма?

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Тауықтар да жарыла алады

...

1950 жылы неміс газеттерінің бірінде жарылғыш тауықтар туралы оқиға болды. Оқиғаны одан әрі оқи отырыңыздар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛ ҚОСЫЛҒАН ІРІМШІК

...

850 грамм ірімшік пен 125 грамм бал жақсылап араластырылып, шай дастарқанына қойылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »