UF

КУН – БІЗДІҢ ЕҢ ҮЛКЕН ЖҰЛДЫЗ

Категориясы: Ғарыш


Бұлт жаппаған, түтін баспаған кезде Күннің жарықтығы, өткірлігі сондай, оған тура қарай алмайсың. Ғалымдар Күнді арнайы күн телескоптарымен бақылайды.

Зерттеуші ғалымдардың айтуынша, Күннің беті қайнап жатқан ботқа сияқты көрінеді. «Ботқа» бұрқылдайды, бырсылдайды, көпіршиді... Әрине, бұл мүлде басқа, газды-ботқа, оның үстінде серуендеуге көңілің соға қояр ма екен.

Күн «ботқасы» керемет ыстық: оның температурасы 6000°. Мұндай температураның қаншалық ыстық екенін ойша елестетудің өзі қиың.

Күннің бетіне түскен нәрселердің барлығы да, тіпті, тас пен металдың өзі қолма-қол газға айналады.

Күн дегеніміз - жұлдыз, балқып қызған, керемет үлкен газды шар. Бүкіл Күн жүйесінде одан үлкен ештеңе жоқ. Егер біз Күннің үлкендігі қарбыздай деп есептесек, оның қатарына қойғанда ең үлкен планета Юпитер алмадай ғана, ал Жердің үлкендігі қарақаттың бір түйіріндей ғана болып шығар еді. Оның үстіне Күн керемет ауыр, барлық планеталарды қосып есептегеннен де ауыр. Сондықтан да оның тарту күші өте зор.

Оның тарту күші барлық планеталарды өз орбитасына ұстап тұрады, олардың шашылып, космос кеңістігіне тарап кетуіне жол бермейді.

Күннің осыншама ыстық болғаны тіпті тамаша. Онсыз біздің космостық ауылымыз - Күн жүйесінде әрі қараңғы, әрі суық ботар еді. Онсыз біздің ортақ, үйіміз Жерде де тіршілік болмас еді, яғни сені мен біз де болмас едік.

Күн үнемі мейірлі, шуақты болып тұрмайды. Кейде бізге белгісіз себептермен оның беті күңгірт дақтарға толып кетеді, оның терең қойнауларынан от-жалынды алып фонтондар атқылай бастайды. Ғалымдар мұны «протуберанцтер» деп атайды. Мұндай кезде Күн сәулесі аса қатерлі болады, алайда Жердің берік қорғанышы бар - ол қалың ауа, әйтпесе тіршілік атаулы тегіс жойылып кетер еді. Жерді қоршаған ауа қабаты - атмосфера кеселді сәулелерді өткізбейді, оны тіршілік шекарасы - көктің ең жоғарғы қабаттарында тұтып қалады. Әйтсе де Күннің «көңіл-күйі бұзылса», Жер оны бірден сезінеді. Күн бетіндегі шалқулар кезінде жердегі ауа райы өзгереді, магнит компастарының стрелкалары шайқалып, бағыттан ауытқи бастайды, радиобайланыс бұзылады. Бұл кездерде космосқа ұшу да, теңізде алыс сапарларға жүзу, аспанда ауа жолдарында самғау да қатерлі. Күннің бетінде не болып жатқанын білу - адамдар үшін өте маңызды іс. Сондықтан да ғалымдар бізге ең жақын жұлдыз Күнді үнемі бақылап отырады, оның мінез-құлқын зерттеп тануға тырысады.

Адамдар алыс қиырларға өз орнына әр түрлі автоматтарды көп жіберіп жүр, бірақ әзірге Күнді зерттеп білетіндей робот жасала қойған жоқ. Сондықтан әзірше алыстан ғана бақылауға тура келеді.

  Жарияланған-2016-09-09 22:54:43     Қаралды-10772

Мәлімет сізге көмек берді ма

ШЫМКЕНТ

...

Шымкент - ежелгі қалалардың бірі. Ол еліміздің оңтүстік- шығысында Бадам мен Сайрам өзендері аралығында орналасқан. Қаланың іргесі екі мың жыл бұрын қаланған. Ерте орта ғасырда Ұлы Жібек сауда жолында жайғасқан ол XVIII ғасырда ірі қалаға айналды. 1864 жы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГЛОБУСТЫ ҚАЛАЙ ЖАСАЙДЫ?

...

Біраз ғасырлар бойы қатырма қағаздан домалақтап жасаған шар - глобус адамдарға адал қызмет етіп келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АСПАНДА ЖҰЛДЫЗДАР ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

...

Жұлдыздар галактикалардың негізгі «тұрғындары» болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПИНГ-ПОНГ ОЙЫН ТУРАЛЫ

...

Үстел теннисі 19 ғасырдың сексенінші жылдары Англияда пайда болды деп есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАБУ ҚАРУЛАРЫ

...

Қазақтардың шабу қаруы үш түрге бөлінеді. Бірінші түрі - жүзінің жалпақтығы орташа келген «жауынгерлік балта». Екінші түрі - жүзі жалпақ, жарты ай сияқты дөңгелене келген «айбалта».

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СҮТ ШӘРБЕТІ

...

Фундук жаңғағының дәндері қосылған кілегей помадасынан жасалған қалақша түріндегі тағам осылай аталады. Сүт помадасын әзірлеу әдісі қарапайым. Ол құмшекер мен сүттен пісіріледі. Шырынның қоңыр тартып кетпеуі үшін қайнап бітуіне 10-15 минут қалғанда сірне

ТОЛЫҒЫРАҚ »