АЙДЫ КЕМІРІП ҚОЙҒАН ҚАЙ МЫҚТЫ?
Категориясы: Ғарыш
Баяғы замандардан бері адамдар көктегі Айдың неге кейде толып, дөп-дөңгелек боп тұратынын, ал кейде кеміп, жартысы ғана қалатынын, тіпті, жұқарып орақтай ғана болып көрінетінін білгісі келген. Себебін таба алмаған, сондықтан да әр түрлі ертегілер шығарған.
Ал қазір біз Ай деген - үлкен шар екенін, Жердің серігі екенін білеміз. Біздің Жерді айналып жүреді, бір рет толық айналып шыққанша 28 күн өтеді.
Айдың да Жер сияқты өзіндік сәулесі жоқ, оның Күн түсіп тұрған жағы ғана жарық болады. Жерге өзінің «күндізгі» жағымен карағанда, біз Айды толық көреміз, халық оны толған ай дейді, ал ғалымдар толық ай туды дейді.
Бір күн, бір түн өтеді... Ай өзінің Жерді айналған жолын жалғастыра береді, міне енді 7 тәуліктен соң оның жарық жағы бізге қырын келеді, яғни әңгелек қауын тура ортасынан қақ бөлінгендей, біз оның жартысын ғана көреміз.
Ай өз жолымен ары қарай самғай береді, күн озған сайын дөңгелек «қауын» жеміріліп, жұқара түседі, «қабығы» - «с» әрпіне ұқсас орағы ғана қалады. Бұл - ескі ай. Ақыры, ол да жоғалады. Ай, әрине, ешқайда да кеткен жоқ, тек қазір бізге қараңғы «түн» жағымен қарап тұр, сондықтан да көрінбейді.
Ай жоқ кезде Жер бетіндегі түндер қап-қараңғы болады, бірақ бұл ұзаққа созылмайды, арада екі-үш күн өтер-өтпесте аспанда сызылып тағы да орақ сәуле көрінеді. Тек бұл жолы ескі айдың «с» таңбасы теріс айналып кеткен, тура әжеңнің күміс сырғасы сияқты асылып тұр, бұл - жаңа ай туды деген сөз. Енді жаңа ай күн озған сайын толыса береді, алдымен жарты табақ болады, содан соң, арада 2 апта өткенде дөп-дөңгелек, толған Айға айналады. Бірақ осы қалпында тұрып қалмайды, Ай өзінің келесі жаңа айналысын бастайды.
Жарияланған-2016-09-09 21:02:06 Қаралды-4116
КҮЙМЕСГҮЛ
Күймесгүл - көпжылдық, өте улы өсімдік. Бұтақты сабағын қалың түк басқан. Гүлі күлгін қызғылт түсті. Жағымсыз иісі болғандықтан, мал да жемейді. Ұлпасынан қатты күйдіргіш зат бөлінеді. Жаңбырлы күндері гүлін бұтағымен жұлып алса, денеге тиген жерін күйдір
БЮСТ
АДАМДАРДЫҢ кеудеден жоғарғы тұлғасын ғана бейнелейтін мәрмәр, қола немесе ағаш мүсіндерді бюст деп атайды.
МакДоналдстың барлық «алтын аркалары» алтын түсті бола бермейді
Алтын Аркалар – МакДоналдстың символы. Бастапқыда, бұл аркалар мейрамхана дизайнының бір бөлігі болды. Олар 1962 жылы франшиздың логотипіне қойылған, ол мейрамхананың беделін көтерді, ал 1968 жылы олар «алтын аркаларға» айналды, олар "McDonald
Жұлдызды жауынгерлер әлемді қалай өзгертті
1977 жылы алғашқы рет «Жұлдызды жауынгерлерді» көргеннен кейін Джеймс Кемерон қалааралық жүргізуші жұмысымнан кетті және кинематограф болуға бел буды. Фильмнің экран нұсқасы 1977 жылы көптеген ізбасарлардың, ойындардың санын, сонымен қатар «Жұлдызды жау
ҚЫЛЫШТАСУ - РЫЦАРЬЛЫҚ ЖЕТТІ ҚАСИЕТТІҢ ӨНЕРІ
Қылыштасу (фехтование) - адам баласының саналы өмірінде елеулі орын алатын адам іс-әрекетінің белгілі бір саласы.
ЖЕНТТЕН ҚАНДАЙ ТӘТТІ ТАҒАМДАР ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ?
Бұл - қыста да, жазда да бұзылмайтын, әрқашан өзінің нәрлілігі мен дәмділігін сақтайтын, сондықтан да көшпелі халықтың дастарқанынан тиесілі орын алған ұлттық тағам.