UF

АНТАРКТИДА – ДҮНИЕДЕ ЕҢ СУЫҚ ШӨЛ

Категориясы: География


Егер глобустың аяғын аспанға қаратып, аударып қойса, тағы да сондай екінші «ақ бөрікті» көретін едің. Бұл – Оңтүстік полюс.

Төменде, біздің астымызда, аппақ болып кең байтақ қар елі жатыр. Бірақ бұл мұхит емес – жер – мұз құрсанған үлкен материк Антарктида.

Материк қойнауы темір рудасы, алмас, тас көмір секілді пайдалы қазбаларға бай.

 

Қалың мұздың астында не барын білу үшін ғалымдар тереңдігі үш километрге жететін құдық - скважиналарды бұрғылайды.

Антарктидада тұру, жұмыс істеу оңай емес. Өйткені одан суық аймақты жер бетінен таба алмайсың. Тіпті жаз айларында да мұнда 50 градустық аяз қақап тұрады, ал қыстың қандай екенін айтпаса да болады. Қыста термометр бағаны 90 градус суыққа дейін төмендейді. 90 градус... Мұндай суықта болаттың өзі шыны секілді омырылғыш келеді. Маскасыз дем алу мүмкін емес. Үскірік жел айдаған қалың қар тау-тау болып үйіліп жатады. Өз салмағымен нығыздалған күртік қар бірте-бірте мұзға айналады. Мінеки, ғасырлар бойына, мыңдаған жылдар бойына мұз кабаты өстіп қалыңдай берген.

...Антарктидадан алыста, жылы теңіз бетінде кеме кетіп барады. Кенет теңізшілер алдан картада жок бейтаныс аралды көреді. Көгілдір-жасыл таңғажайып бір арал. Радиомен асығыс хабар берілуде: «Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе! Абай болыңдар! Теңіз жолында - айсберг пайда болды».

Кезбе аралмен, әсіресе, тұманды түнде кездесу апатка ұшырататынын теңізшілер баяғыдан біледі. Мұндай қал-қымалы мұз аралдардың пайда болатын жері - Антарктида. Жағадағы беткейден баяу сырғыған мұз омырылып төмен кұлайды. Шашыраған су аспанға атылып, тағы бір мұз тау сапарға шығады.

Табиғаты аса қатал Антарктиданың алыс түкпірінен тірі макұлық таппайсың. Бірақ ол өлі материк емес. Бұл жерді мекендейтін жан-жануарлар тек жағадан алысқа ұзамайды. Өйткені судың жағасы жылырақ, теңізден жем табу да оңай.

ПИНГВИНДЕР құс болғанымен ұшу дегенді білмейді. Олардың қанаты үшу үшін емес, сүңгігенде суды есу үшін қажет. Пингвиндер балапан шығарарда ештеңеден ұя жасап жатпайды. Дегенмен, жұмыртқаны қар үстіне салуға болмайды. Сондықтан мекиені жұмыртқалайды да, әтеші жұмыртқаны аяғының үстіне қойып, өз мамығымен жылытады. Пингвиндердің ересегі де, балапаны да еңіске қарай сырғанауға құмар. Бұлар адамнан қорқып-үрку дегенді білмейді. Кісінің қасына емін-еркін жақын келе береді.

Олардың қорқатыны - теңіз қабыланы деп аталатын азулы шұбар итбалық. Ол пингвиндерді аңдып, су астында жасырынып тұрады.

Бұл көгілдір кит

Бұл кашалот

Суық Антарктиданы теңіз пілі де мекендейді. Оны жұп-жуан доғал тұмсығы мен аса ірілігі үшін піл деп атаған. Мұнда киттер де жүзіп келеді. Олар Арктикада да, Антарктидада да тіршілік етеді. Киттердің бетіндегі ең үлкен мақұлық, оның қасында піл де кішкентай болып қалады. Олардың ең алыбы - КӨГІЛДІР КИТ. Киттердің бәрі өте жақсы сүңгиді. Мәселен, КАШАЛОТ-КИТ ауаны қажетті мөлшерде жүтып алады да, бір жарым сағат бойы теңіз бетіне шықпайды.

  Жарияланған-2016-09-08 15:39:20     Қаралды-7822

Мәлімет сізге көмек берді ма

СОЛТҮСТІК МҰЗДЫ МҰХИТ

...

Жер шарындағы ең кіші мұхит

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ШАРЫНДА ҚАНША МҰХИТ БАР?

...

Барлық теңіздер мен мұхиттар бірігіп Жер бетінің 2/3-тен астамын алып жатыр.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБАНБАЙДЫҢ ТУЫ

...

1864 жылы қытай басқыншылары бүкіл Шығыс Түркістан аймағына шабуыл жасайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЙВАДАН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

...

Айва жемісінің құрамында қант, алма, лимон қышқылдары, пектин, илік заттары және С витамині болатын ағаш. Шикілей жеуге жағымсыз, себебі жемісінде илік заты көп, тілді қуырып, ауызды құрғатады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰЙРЫҚ-БАУЫР: ДАЙЫНДАУ ТӘСІЛІ

...

Қойдың құйрық майы мен бауыры салқын сумен жуылып, тазартылады. Содан соң қазанға су құйылып, отқа қойылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Германияда қоғамдық көліктің ерекше түрі бар

...

Вупперталь аспалы жол —Вуппертал қаласындағы (Германия) қоғамдық көліктердің бір түрі, ол 1901 жылдың 1 наурызында шығарылған

ТОЛЫҒЫРАҚ »