UF

ӘРІПТЕР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

Категориясы: Ғылым


Әліппе деген аса маңызды, өте қажетті кітап қой. Оның алғашқы беттерін тіпті әріп дегеннің не екенін мүлде білмейтін адам да оқи алады. Шыршаның суретіне қарайды да, балдырған бала әлі бір әріпті білмесе де «Шырша» деп айтады.

Қай әріптің қай жерде тұрғанын ол қайдан біледі? Кәне, неліктен әліппенің ең басына алманың суреті салынған? Неге десеңіз, «алма» сөзі әліппенің ең бірінші болып тұратын А әрпінен басталады. Міне, сондықтан да алма мен А әрпінің суреті қатар салынған.

Ал әтештің суреті неге тұр? Бұл сөз әліппенің екінші әрпінен, яғни Ә-ден басталады.

Дұрыс-ақ. Әлі қара танымайтын балақайлар бұл екі сурет пен екі әріпке қарайды да, қай әріптің қайда екенін естерінде сақтап қалады.

Содан кейін өмірлеріндегі тұңғыш сөзді оқиды.

Сөйтіп, ең бірінші А әрпінен бастап, ең соңғы Я әрпіне дейін осылайша оқып шығады.

Балалар оқуды үйренетін осы суретті кітап әліппе деп аталады.

Ал енді әліппе деген ешкімнің ойы тұрмақ түсіне де енбеген кездер болған, бірақ сол заманның адамдары да бір-біріне хабар бере білген. Сонда олар қалай хабарласқан? Суреттер арқылы. Ол қандай сурет дейсің ғой? Ертедегі суретші тасқа мынандай суреттер салыпты: үш адам есіп бара жатқан қайық, оның үстіңгі жағында жаңа туған ай мен үш дөңгелек күн, ал төменіректе садақтың оғы тиген бұғылар мен жабайы қаздар. Оны түсіндіретін суреттердің мазмұны мынадай: «Біз қайықпен бір ай, үш күн бойы жүздік. Жабайы аң-құсы көп жер таптық. Көптеген бұғы және қаз аттық. Сендер де біздің соңымыздан келіндер!».

Мұндай сурет-жазу қазір де қолданылады. Көше бойынан сурет-белгіні көптеп көруге болады. Жүргізуші сөмке көтерген баланың суреті салынған белгіні көреді де, мұнда мектеп пен балалар бар екенін, сондықтан ерекше зер салып, байқап өту керектігін дереу түсіне қояды. Жол бойындағы белгілер де өзінше бір сурет-жазу болып табылады. Сурет-жазуды жәшіктердің сыртынан да көруге болады. Ол әрі айқын, әрі қысқа түрде. «Жүкке ылғал тимесін!» дегенді айтып тұрады.

Ертедегі египеттіктер суреттерден әліппе тәріздес бір нәрсе құрастырған. Біздің әліппемізде суретте алма тұрса, «алма» деп оқитынымыз сияқты онда да әрбір сурет белгілі бір сөзді білдірген. Бірақ қандай да бір қимыл-әрекетті бейнелеген жағдайда, ол өзі онша түсінікті бола бермеді. Мысалы, аяқтың бір ғана суреті «бара жатырмын», «келдім», «кеттім», «жылдам»... дегендерді білдіргенді. Сөйтіп, бір ғана суретті «жылдамырақ кел» деп те, «тезірек кет» деп те өз қалауыңша, өз білгеніңше түсінуіңе болатын. Бұл нағыз шатасу еді!

Шіркін, не айткың келсе, соның суретін сала алатын болсаң ғой! «Мен келдім» деп айту керек болғанда, «мен келдім» деген сурет салса. Міне, мәселе оны суретпен ешқандай да бейнелей алмайтындығында еді. Сөйтіп, әріптер қажет болды да, олар да дүниеге келді. Бірақ олар алғашқыда әдеттегіге онша ұқсамайтын - сурет-әріптер болды. Мысалы, арыстанның суретін салып қояды. Оның аты А-дан басталатыны белгілі, демек, оны А әрпі деп оқуың керек. Сонымен сұңқардың суреті салынса - С деп, тастың суреті салынса - Т деп оқитынсың.

Сурет-әріптермен бірер сөз жазайық, біз оны оқып көрейік: бірінші сурет - балық, ендеше ол  Б. Одан кейін - алма, бұл - А әрпі. Екеуі қосылып. БА... болады. Келесі сурет - лақ, яғни Л. Үшеуі бірігіп БАЛ... болады. Ендігі сурет - және алма, яғни А. Міне, сонымен БАЛА деген сөз жазылды.

Ал егер жоғарыда айтқан сөздің бәрін осындай сурет-әріптермен жазса - ол жазу аса шұбалаңқы болып тіпті бүкіл бір дәптерге сыймай кетер еді. Мұның ертедегі египеттіктерге қандай қиын болғанын осыдан-ақ елестете бер. Олардың аса көп суретші-хатшылар ұстауына тура келген.

Жылжып жылдар, ғасырлар өтті, жазуға оңайырақ болу үшін хатшылар кейбір аса қиын суреттерді белгілі бір таңбалармен ауыстыра бастады. Олары енді нағыз әріптерге ұқсан-қырайтын нәрселер болды.

Шамамен 4 мың жылда бұрын Египетті көшпенділердің гиксостар деп аталаты-жауынгер тайпасы басып алды. Содан барып бұл екі халықты- әліппелерінен жаңаша бір әліппе пайда болды. Қазіргі біздін әліппе сияқты ол да А мен Б әріптерінен басталады. А әрпін гиксостар «Алеф» деп атады, онысы «өгіз» деген сөз еді. Алғашқы кезде бұл таңба, шынында да, мүйізі бар өгіздің басына ұқсас болды. Өзіміздің үлкен А әрпімізге зер салып қарайық. Шынында да, ол тұмсығын көкке қаратып қойған өгізшенің басына ұқсаңқырайды ғой? Алайда А әрпінің «мүйізін төмен қаратып» жазуға көшкенге дейін мыңдаған жылдар өткен.

Г әрпімен бір кездерде бұрышты белгілеген, ол қазір де соған ұқсайды. М - теңіз толқыны, Р жылқының басы болған.

Әріптер біздің әліппелерімізге келіп кіргенге дейін елден елді аралап ұзақ сапар шекті. Көптеген өзгерістерге де ұшырады. Гиксостардың әріптерін ең әуелі шебер құрылысшы әрі теңізші халық - финикиялықтар пайдалана бастады. Олар әріп жазуды Ертедегі Грецияға жеткізді. Одан әріптер Ертедегі Римге барды, сонан соң Болгарияға көшті де, осыдан 1000 жылдай бұрын ғана сол жер арқылы Ресейге келіп жетті. Орыс жұрты алыстан келген әріптерді пайдаланғанымен, олардың көпшілігіне (алиф) пен Б әрпінің атауы би өздерінше ат қойды: А – «Алефті» - «Аз», Б – «Бетан» емес «Буки» деді, в – «Веди», Г – «Глаголь», Д- «Добро», деп аталды... Сөйтіп, орыс әліппесіндегі ең алдыңғы екі әріптің «Аз» және «Буки» деген көне атынан бәрімізге жақсы таныс «азбука» сөзі келіп шыққан. Ал қазақ тіліндегі «әліппе» сөзі  арабша А әрпінің атауы әліп (алиф) пен Б әрпінің атауы би сөздерінің тіркесуінен («әліпби» немесе «әліппе») келіп шыққан. «Әлиппе» аздаған дыбыстық өзгерістермен көптеген түркі халықтарында сол күйінде қолданылады. Орыстын «азбука» сөзі осы негізде жасалған.

  Жарияланған-2016-09-06 17:53:43     Қаралды-14330

Мәлімет сізге көмек берді ма

КӨРКЕМ СУРЕТТЕ РАКУРС

...

Егер біз адамға не төменнен, не жоғарыдан қарар болсақ, оның әдеттегі кейпіне ұқсамай, өзгеріп сала бергенін байқаймыз. Өзінің денесінің бізге жақын тұрған бөлігі үлкейіп, алыс тұрған бөлігі кішірейіп кеткендей көреміз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРАБ ӘЛІПБИІ ЖӘНЕ «ТӨТЕ ЖАЗУ»

...

Ислам мәдениетінің таралуына байланысты көптеген түркі халықтары араб әліпбиін сайдалана бастаған. Соның ішінде қазақ халқы да сан ғасыр бойы араб әліпбиін пайдаланып келді. Қазақ жазба мұраларының көпшілігі араб әліпбиі арқылы біздің заманымызға жетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОРТААЗИЯ ОВЧАРКАСЫ

...

Ортаазия овчаркасы өте ерте кезден қой отарын жыртқыш аңдардан қоргауға пайдаланылган. Кавказ овчаркасы секілді мұның да арғы тегі - тибет иті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМНІҢ 9 ТАҢҒАЛАРЛЫҚ АҒАШТАР

...

Өсімдіктердің мыңдаған түрлері жер шарының түкпір-түкпірінде өсетін ғаламат ағаштар, оның ішінде 9 түрлері төменде келтірілген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СҮҢГУІР ҚАЙЫҚТЫҢ ІШІНДЕ НЕ БАР?

...

Суға кез келген әйнек сынығын тастап көр - ол су түбіне шым батып жоғалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІЛЕ

...

Іле өзені бастауын Қытайдағы Текес және Күнгес өзендерінің қосылар жерінен алып, Балқаш көліне құяды. Ұзындығы - 2385 км. Қазақстандағы ұзындығы - 740 км. Жетісу аймағындағы ең ірі өзеннің бірі. «Іле» сөзі моңғол тіліндегі «ил, илә» деген сөзге жақын, яғн

ТОЛЫҒЫРАҚ »