UF

СҮТТІҢ ЕМДІК ҚАСИЕТІ

Категориясы: Тағам


Әлемде ен көп жасайтын елдердің ішінде тау халыктарының жүз жастан асқан адамдарының ғұмырының ұзақ болу себебін зерттей келгенде олардың негізгі тағамадары әркашан да піскен сүт, айран, қаймақ, ірімшік, т.б. сүт өнімдері екені анықталған. Өзге де Шығыс Африкадағы кейбір халықтар тайпалары тек қана сүт өнімдерін қорек еткендіктен жүрек, қан тамырлары, инфаркке өмірі шалдықпаған деген деректер бар.

Ғылымның нақты деректеріне сүйенсек, сүтте тірі организмдердің өсуі мен дамуы үшін өте-мөте қажетті заттардың екі жүзге жуық түрі бар екенін ғалымдар дәлелдеп берген. Олар: белоктар, май, минерал тұзы, түрлі дәрумендер, сүт қанты, түрлі ферменттер т.б., оның үстіне осылардың бәрі адам ағзасына жұғымды, әрі тез сіңетіні анық.

«Адам ішетін тамақ түрлерінің ішінде, - деп жазады орыс ғалымы И.П.Павлов, - сүттің алатын орны ерекше, бұған күнделікті тәжірибеде қандай көз жеткен болса, медицина да нақ солай деп қуаттап отыр. Барша жұрт әркез де сүтті ең жеңіл, жұғымды тағам деп атайды және ол әсіресе асқазанының ақауы бар адамдарға, сондай-ақ толып жатқан өзге де ауыр науқастарға, мысалы жүрегі, бүйрегі, т.б. ауыратын жандарға аса пайдалы. Табиғаттың өзі дайындап берген тағамдардың ішінде сүтке не жетсін!».

Ықылым замандардан келе жатқан ғалымдар мен ойшылдардың сөзіне сенсек, олар сүтті «денсаулықтың қайнар көзі», «өмір шырыны», «ақ қан» деп аса жоғары бағалаған. Сүт азықтық құнары жағынан кез-келген тағамды алмастыра алады, ал өзге бірде-бір тағам сүттің орнын баса алмақ емес, сүт кәріге де, жасқа да бірдей пайдалы деп кәміл сеніммен айтуымызға болады, - деп жазады зерттеушілер.

Аңызға жүгінсек. Ежелгі Гректердің Абдерах қаласында бір атақты адамның баласын емдегенде ешбір емдік шөптің де, дәрі-дәрмектің де пайдасы тимеген. Бұдан соң Гиппократ науқас бір апта бойы таңертең, кундіз және кешке қарай сүйытылған есек сүтін, ал бір аптадан кейін сиыр сүтін ішсін дейді, нәтижесінде әлгі науқас ауруынан біртіндеп айыға бастаған.

Гиппократ сүтпен емдеудің шипалы болған және шипасы тимеген кездерін тізіп көрсеткен, сонымен қатар әр түрлі мал сүтінің емдік қасиеті бірдей болмайтынын анықтаған, оның пікірінше, ешкі мен бие сүті көкірек ауруын жазады, сиыр сүті құяң мен қаны аздыққа шипа, есек сүтінің көптеген ауруларды жазуға пайдасы бар дейді. Гиппократ жүйкесі тозып, ашуланшақ болған адамдардың да сүт ішкені дұрыс деп тапқан.

Атақты тәжік ғалымы Әбу-Әли ибн Синаның (Еуропада Авиценна) «Дәрігерлік ғылым кағидасында» да сүттің емдік қасиеті жөнінде сөз болған. Ол сүт пен сүт өнімдерінің кәрі-жасқа бірдей пайдалылығын айта келіп, жасы ұлғайған адамдар үшін таптырмайтын ас деп түйген. Ғалым әсіресе ешкі мен есек сүті өте пайдалы екенін баса айтқан және оны тұз салып, бал қосып ішкен дұрыс деп шешкен.

Италияда біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырда емдік қасиеті мол сүт алу үшін сиырға әр түрлі шөптерді (ақбас жусан, бидайық, куманиха, ешкітап) араластырып берген. Ол кезде сиыр өріске шығатын жайылымның ботаникалық құрылымын жақсартқан адамдарды арнайы медальмен марапаттап отырған.

Белгілі ғалым С.П. Боткин өзі жүргізген тәжірибелерге сүйене келе, «сүт жүрек пен бүйректі емдеуге аса бағалы зат» деген тұжырымға тоқтаған.

Ешкі сүті балаларды іш өтуден, Боткин ауруынан сауықтырады, сондай-ақ, өкпе дертінен тез сауығуға септігін тигізеді. Оған қоса, сүтте сілті реакциясы болады, сондықтан оны асқазанының қышқылдығы жоғары адамдардың ішкені жөн, сондай-ақ сүттің түрлі аллергияға қарсы қасиеті бар, сол себепті теміреткісі, демікпесі және безгегі бар адамдар үшін де шипасы зор.

Емдік маңызы жағынан қой сүті ешкі сүтімен бара-бар.

Егер жараны, күйікті, ит қапқан не сона шаққан жерді бөкеннің сүтін жағып емдесе, жара жайшылықтағыдан әлдеқайда тез жазылады. Бұл жайында дәрігерлердің қорытындылары мынадай: «Бөкен сүті жараға, жарақаттар мен бөртіп шыққан теміреткіге екінші күні-ақ өзінің шипалы әсерін тигізеді. Жараның ауызы тез жазылады, қабыну процестері мен дуылдап қышуы жойылады; емдеудің алғашқы күні-ақ жараның жанға батып ауыртуы тыйылады». Бөкен сүті сондай-ақ асқазан және он екі елі ішек жарасын, созылмалы гастрит ауруын және өкпе дертін тез жояды.

XX ғасыр басында ұлы орыс микробиологы И.И. Мечников айран ішкен кезде ішектердегі шіріткіш микробтарды неғұрлым пайдалы ұйыған сүт бактерияларынан ығыстырып шығаратынын анықтаған. Оның үстіне сүт қышқылы асқазан сөлінің бөлінуіне көмектеседі, ал кейбір ұйыған сүт өнімдерінде болатын аздаған спирт тәбет ашып, астың қорытылуына көмегін тигізеді.

Ірімшік, сыр, сүт қанты, қаймақ және басқа сүт тағамдары да адамның бойында кездесетін түрлі сырқаттардың алдын алу үшін және емдеп жазу үшін кеңінен колданылады.

Сүт пен сүт өнімдерінің семіздікті, бауыр, ұйқы безін және жүрек дертін емдеудегі маңызы ерекше. Бұл өнімдерді мысалы, адамның салмағын жеңілдету ушін де қолданады, науқастын қарыны да ашпайды, шөлдеп қаталамайды да.

С.Хигуши (Жапония) біркатар дәрі-дәрмекті қоса қолданып, соның ішінде йогурт (айранның бір түрі) ішкізіп емдегенде, атом сәулесінен зақымданған 7 адам үш айдың ішінде жазылып кеткенін хабарлайды. Бір жыл бойы күн сайын радиоактивтік сәуле түсірілген 50 адамньің бірде-бірі зақымданбаған, өйткені олар күнде бір литрден йогурт ішіп отырған. С.Хигуши сүтте бар цистин мен глутатион атомның сәуле шығаруынан болатын зардаптардан ағзаны қорғайды деп тапқан. Тегі лизиннің де маңызы зор болғаны ғой.

Нәресте дүниеге келген күннен бастап тек қана емшек сүтімен қоректенетіндіктен, сүттің азықтық керемет қасиеті де осы кезде анық сезіледі. Медициналық өлшем бойынша егде тартқан адамдар тәулік ішінде азықпен бойларына сіңіретін белоктың кем дегенде үштен бірі сүт, ак ірімшік, сыр белогы болуы шарт. Жүкті және емшекте баласы бар әйелдердің күн сайын басқа сүт өнімдерін былай қойғанда бір литр шамасында сүт ішулері абзал.

Әлемнің әр түрлі елдерінде адамдардың көпшілігі дерлік үнемі сиыр сүтін ішеді. Әр адам өз өмірі ішінде он мың литрден сүт ішеді екен.

Өн бойынан әл-куаты кеміп, жүдеген, әбден қажыған, сондықтан да маңызды тамақ ішуілері қажет болатын жандарға сүт таптырмайтын тағам. Сүт кейбір өндіріс қызметшілерін кәсіби сырқатқа шалдығудан сақтау үшін ең жақсы ем.

Қой-ешкінің, биенін және басқа да бірқатар малдың сүті, сондай-ак одан әзірленген сүт өнімдері барлық жастағы адамдардың ең жаксы қорегі, оның үстіне осы сүт өнімдерінің адамды әр түрлі сырқаттардан емдеп жазу үшін шипасы зор.

  Жарияланған-2016-08-22 13:40:16     Қаралды-13543

Мәлімет сізге көмек берді ма

Мысық йодты қалай ойлап тапты. Тосын жаңалық

...

Француз химик-технологы және фармацевт Бернар Куртуа 1811 жылы йодты ойлап тапты. Бірақ, бұл жаңалығы ұзаққа созылып кетуі әбден мүмкін еді, егер Бернар Куртуаның сүйікті мысығы болмағанда. Бұл оқиғаны Куртуаның достары айтып береді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘРІЛІК МЕЛИССА

...

Дәрілік мелисса - биіктігі 120 сантиметрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРІН КҮТІМІ

...

Кісінің тұла бойындағы ең бір нәзік мүшесі - ерін.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰСТАР САЙРАЙДЫ!

...

Құстардың әні — жұмыстары. Көктемде әз үйіне оралған соң, кішкентай әнші бірден бар даусымен: «Мен мұндамын! ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚЫЗ ЖАРЫС

...

Қыздар арасында өткізілетін жарыстың бір түрі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАЙЫҚ ӨҢІРІ

...

Еліміздің солтүстік-батысындағы екі өзен аралығын алып жатқан аймақты қазақтар ежелден Еділ-Жайық өлкесі деп атап келген. Мұнда Жайық өзенінің орта ағысынан бастап Каспий теңізіне құяр сағасына дейінгі телімі ел аумағында ағады. Жайық өзенінің ел аумағынд

ТОЛЫҒЫРАҚ »