САСЫҚ МЕҢДУАНА - УЛЫ ӨСІМДІК
Категориясы: Өсімдікті
САСЫҚ МЕҢДУАНА – ДУРМАН ОБЫКНОВЕННЫЙ
Сасық меңдуана - бір жылдық, шөп тектес өсімдік. Биіктігі 1 метрден асады. Сабағының сырты тегіс, іші қуыс, тік өседі. Жапырақтарының ұштары суйір, салалы, ірі, шеттерінде ойықтары бар, сағақтары ұзын, үстіңгі жағы қою жасыл, төменгі бұтақты жерінде олар жалғыз-жалғыздан орналасқан. Гүл тәжі ұзын түтікше тәрізденіп, гүл тостағаншасынан асып тұрады. Ұрығы – ұзындығы 3-4 сантиметрлік сырты тікенді, жұмыртқа тәрізді қауашақ. Піскен кезде ішінен 500-ге жуық үлкен қара дәнектері төгіледі. Өсімдіктің бас айналдыратындай жағымсыз иісі бар.
Шілде-тамыз айларында гүлдеген кезінде жапырақтарын жинап алып кептіреді. Құрамында гиосциамин, скополамин, атропин бар. Өсімдіктің жапырағынан жасалған дәрілер жоғарғы нерв жүйелерін тыныштандырады, бронхтарды кеңейтеді, денедегі бездердің сөл бөлуін азайтады. Сасық меңдуананы көбінесе бронх демікпесін емдеу үшін пайдаланады.
Халық медицинасында сасық меңдуананы невралгияны, аяқ-қолдың тырысуын, хореяны, қояншықты, тоқтаусыз ықылық атуды емдеу үшін қолданады. Тік ішек айналып шығып кеткенде бұлау жасап отырады. Ішек қатты түйіліп ауырғанда және ревматизм ауруына да қарсы пайдаланады.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Өсімдік жапырағының ұнтақталған 20 грамын 1 стакан қайнап тұрған суға салып 20 минут тұндырады да, мұрын арқылы 20 минут дем алады. Бұлау жасау үшін оның 20 грамын бір шелек суға салып, ваннадағы суға қосып пайдалануға болады. Спиртті тұнба: 20 грамм ұнтақ талған жапырақты 100 мл спиртке салып 8-10 күн тұндырады да, шөбін сүзіп тастап, тұнбаның 2 тамшысын 2 қасық суға тамызып күніне 4-5 рет ішеді. Кейде көпшілік арасында өзін-өзі емдеймін деп жүріп уланатындар да кездеседі. Уланған адамнын беті қызарады, көз қарашығы үлкейеді. Кісі тыпышсызданады, түсініксіз әлде нелерді айтып сөйлейді, көзіне әр түрлі нәрселер көрінгендей болады, бірте-бірте есінен айрылады. Емделген жағдайда жоғарыда айтылған белгілердін бәрі бір-екі күйде жоқ болады, бірақ көздің қарашығы бір аптаға дейін үлкейіп жүреді. Кісі бұл кезде жақындағы заттарды көре алмайды. Міне, осы жағдайларға байланысты сасық меңдуанадан жасалған дәрілерді тек дәрігердің қатаң бақылауымен ғана пайдаланған дұрыс.
Жарияланған-2016-07-14 23:16:14 Қаралды-9153
ЖАҚТАУ
Суретші кенепке (холст) сурет салу үшін, ол теп-тегіс боп керіліп жату керек. Ол үшін жақтау жасалады.
ЖАН-ЖАНУАРЛАРДА БІР-БІРІМЕН СӨЙЛЕСЕДІ
Ертегідегі аңдар мен құстардың сөйлесе алатынң жұрттың бәріне белгілі. Үш торай көңілдері шалқып, бірге ән салады.
Неге қамшы сондай қатты дыбыс шығарады?
Қамшының «дыбысы» қамшының ұшы дыбыс жылдамдығының тез қозғалуынан пайда болады, ол аз ғана дыбыстық соққыны құрайды. 1958 жылы бұл дерек 1927 жылы жасалған жоғары жылдамдықтағы көлеңкедегі бірнеше суреттерге талдау жасаған кезде расталған.
АЛАШ АВТОНОМИЯСЫ
Алаш автономиясы 1917 жылы -13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен II Жалпықазақ съезінде құрылды. Құрамына Бөкей елі (Еділ мен Жайық аралығы), Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары кіретін болды. Өзін қорғауы үшін Алаш автономиясының Қа
ЖЕТІСУ
Жетісу - тарихи-географиялық аймақ. Солтүстігінде Балқаш көлімен, шығысында Жетісу (Жоңғар) Алатауымен, оңтүстік және оңтүстік-батысында Тянь-Шань жоталарымен шектеседі. Ал батысы Бетпақдалаға ұласады.