БУНГЕ КИІКОТЫ - АТЕРОСКЛЕРОЗКЕ ҚАРСЫ
Категориясы: Өсімдікті
БУНГЕ КИІКОТЫ, РАЙХАН – ЗИЗИФОРА БУНГЕ
Бунге киікоты, райхан биіктігі 40 сантиметрге дейін жететін, көп жылдық, жартылай бұталы өсімдік. Бұтақтарып сұр түсті, төмен салбыраған қысқа, бірақ қалың түк басқан. Жапырақтары жіңішке, ұштары сүйір. Гүлдері майда, қос ерінді, ашық қызыл түсті, кейде көкшілдеу болып келеді. Гүл сабақтары қысқа, гүлдері өсімдіктің жоғарғы жағында шоғырлана орналасқан. Маусым-шілде айларында гүлдейді, тұқымы шілде-қыркүйек айларында піседі. Ол таулы жерлерде, тастақты беткейлерде, далалы аймақтардағы төбелердің етектерінде кездеседі. Дәрі үшін гүлімен қоса жоғарғы жағын да пайдаланады. Оның құрамында алкалоидтер, гликозидтер, органикалық қышқылдар, эфир майлары, С витамині және басқа да заттар бар.
Қазақтың халық медицинасы бұл өсімдікті ерте кездеп-ақ жүрек ауруларын, атеросклерозды, асқазан ауруларын емдеу үшін қолданып келді. Орта ғасырдың белгілі ғалымы Авиценна бунге киікотының (райханның) шипалық қасиетін жоғары бағалап, оның жапырақтарын іріңді жараларды емдеуге пайдаланған.
Ф.М.Жұмағалиева бастаған бір топ қызметкерлері бунге киікотының (райханның) емдік қасиеттерін, құрамын толық зерттеп шықты. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде бұл өсімдіктен жасалған дәрілердің қан қысымын төмендететін, несеп жүргізетін, жүрек тұсының ауырғанын басатын, ұйқыны реттейтін қасиеттері бар екендігі анықталды. Осыған байланысты соңғы кездерде инфаркты, атеросклерозды, гипертонияны және асқазан ауруларын осы өсімдікпен емдеу арқылы өте жақсы нәтижелерге жетуге болатыны белгілі болады.
Бунге киікотын немесе райханды дәрі үшін дайындап, былай пайдаланады. Өсімдіктің кептірілген 1 ас қасығын 1 стакан қайнап тұрған суға 1 сағат тұндырып, 1 ас қасықтан күніне үш рет ішеді. Емдеу мерзімі 5 аптаға дейін созылады.
Жарияланған-2016-07-13 15:48:43 Қаралды-9655
МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ (1885-1935)
Міржақып Торғай өңірінде өмірге келген. Әкесі Дулат сауатты адам болған. Міржақып кезінде қазакша-орысша білім алған. Ақындық дарыны ерте дамыған. Оның шығармашылығы аса бай. «Серке» газетінде жарияланған «Жастарға», «Біздің мақсатымыз» атты өлең, мақалал
ЖАРЫЛЫСТЫҢ ЭПИЦЕНТРІ
Жарылыстың эпицентрі - жарылыс орталығының жер үстіндегі (акваториядағы) проекциясы. Жарылыс орталығы жарқыл шығатын немесе ядролық жарылыстың от шарының орталығы тұратын нүкте.
СУРЕТТІ БОЯУМЕН САЛУДЫ ОЙЛАП ТАПҚАН КІМ?
Бізге дейінгі мыңдаған жыл бұрын өмір сүрген ертедегі суретшілер үңгірдің қабырғасына, жартастарға... сонан соң өз денелеріне сурет салған екен
ДӘСТҮРЛІ ТӘТТІ ТАҒАМДАР
Табаға 3-4 сантиметр қалыңдықта ұн салынады да, духовкаға немесе газ плитасына қойылып, шала қуырылады.
ТОБЫЛҒЫ
Ерте кездерден бастап-ақ қазақ халқы тобылғы бұтасына ерекше мән берген, әрі оны қасиетті деп те санаған. Сондықтан да, оның тамырына балта шабуға болмайды деп есептеген. Өйткені тамыры қырқылған тобылғы жерден нәр алып өсе алмайды.