АРША - ӨСІМДІКТІҢ ДӘРІЛІК ҚАСИЕТТЕРІ
Категориясы: Өсімдікті
АРША – МОЖЖЕВЕЛЬНИҚ ОБЫКНОВЕННЫЙ
Арша – биіктігі 4 метрге жуық, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Бұталары сұлап та жатады, кейде түзу өседі. Жапырақтары өткір, ине тәрізді қатты, үш-үштен қосақталып тұрады. Гүлдері бір жынысты, екі үйлі. Аталық гүлдері сырға сықылды салбырап тұрады. Оларда тікше және тозаңқап болады. Аналық гүлдері жасыл түсті, шар сияқты. Желмен тозаңданғаннан кейін бірыңғай аналық гүлдердің орнында аршаның жемісі пайда болады. Бұл жемістер тек екінші жылы ғана піседі. Сондықтан кей кездері бір бұтадан жас жемістерді де, піскен жемістерді де көруге болады. Май айында гүлдейді.
Қәдімгі арша тау беткейлерінде, құмды жерлерде, орман арасында, далалы аймақтарда өседі. Дәрі жасау үшін оның жемісін пайдаланады. Құрамында эфир майлары, қант, сірке, құмырсқа, алма қышқылдары, минералды тұздар бар.
Кәдімгі аршаның жемісінен жасалған дәрілер халықтық және ғылыми медицинада несеп айдайтын, өт айдайтыи дәрі ретінде пайдаланылады. Сонымен қатар кәдімгі аршаның жемісі ас қорыту жұмыстарын жақсартатын және қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады. Осыған байланысты бүйрекке және қуыққа тас байланғанда, құм пайда болғанда, бауыр ауруларын емдеу үшін пайдаланылады. Бұл өсімдіктен жасалған дәрілерді бүйрек қабынғанда пайдалануға болмайды. Себебі құрамындағы эфир майларының бүйректі тітіркендіруі мүмкін. Ревматизм ауруы кезінде сырқыраған және ісінген буындарды, қабынған бұлшық еттерді емдейді, ревматизм және подагра ауруларымен ауырғанда аршаның 200 грамм кептірілген жемісін 2 литр суға қайнатып алады да, ваннадағы суға қосып пайдаланады. Кейбір ғалымдар кәдімгі арша жемісін өт қалтасына тас байланғанда да ем үшін пайдаланады (Н.Г.Ковалева). Асқазан қышқылы кемігенде, өт қалтасы қабынғанда кәдімгі арша жемістерімен емдеу жақсы нәтиже береді.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. 15 грамм кептірілген аршаның жемісін қайнап тұрған суға салып 20 минут тұндырады да, 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді.
Спиртті тұнба: 15 грамм кептірілген жемісті 100 мл спиртке салып 10 күн тұндырады да, 10-15 тамшыдан 3 рет ішеді.
Көктем кезінде қанның құрамын жақсарту үшін кәдімгі аршаның жемістерін күніне аш қарынға 1 жемістен жеп көбейте отырып, 15-күні 15 жемісін жейді. Содан кейін біртіндеп азайтып, 5 жеміске дейін жеткізеді. Бұл емдеудің өте бір тиімді әдісі.
Жарияланған-2016-07-13 14:23:08 Қаралды-16946
ГҮЛДЕР НЕГЕ ХОШ ИІСТІ ШЫҒАРАДЫ?
Жарқын түс, аңқыған хош иіс гүлдерге көбелектер мен шыбын-шіркейлерді өзіне шақыру үшін қажеті.
БАНКНОТАЛАРДА ҚАНДАЙ ЗИЯНКЕСТЕР ӨМІР СҮРЕДІ?
Бірнеше жыл бұрын Оксфорд университетінің ғалымдары қызықты зерттеу жүргізді.
ҚАЛАМПЫР - ГЕМОРОЙМЕН КҮРЕС
Түрлі түсті қалампыр – шөп тектес өсімдік. Оның жапырақтары өсіп шыққан жерлерінде бунақтары болады, сабақтары жұмыр, түзу өседі.
СИЫР ҚАЛАЙ ЖАРАТЫЛДЫ?
Дәстүрлі сенімде төрт түлік кез келген адамға емес, іске, шаруаға қыры бар жанға бітетіндігін қазақ «Сиыр қалың нуға, қоры үзілген қуға бітеді» деп мақалдаған.
ЖАҢҒАҚ ШҰЖЫҚТАРЫ
Грек жаңғағының мықты-мықты жарты дәндері іріктеліп алынып, бір тәулік бойы салқын суға салып қойылады.