UF

ДӘРІЛІК ТҮЙЕ ШЫРМАУЫҚ

Категориясы: Өсімдікті


 

ДӘРІЛІК ТҮЙЕ ШЫРМАУЫҚ — ЛАСТОВЕНЬ ЛЕКАРСТВЕННЫЙ

Дәрілік түйе шырмауық — көп жылдық өсімдік. Тамыры қысқа, қосымша тамырлары көп. Сабағы жіңішке, жұмыр, бұтақтары аз, іші қуыс, әуелі тік өседі де, кейіннен жоғарғы жағы шырмалып кетеді. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, жұмыртқа тәрізді сопақша. Шеттері бүтін, ұштары сүйір, сағақтары қысқа. Гүлдері майда, кішкене қол шатырға ұқсас, жапырақтардың қуысына орналасқан, ақ сары түсті, қолайсыз иісі бар. Гүл жапырақшалары да, тостағаншасының қалақшалары да бес-бестен. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Тұқымының ұшында шашағы бар. Жаз айының бас жағында гүлдейді. Өсімдіктің тамыры да, жер үстіндегі бөлігі де улы.

Бұталардың арасында, шабындықтарда, қайыңды ормандардың ішінде, таулы жерлерде өседі. Дәрі жасау үшін өсімдіктің жапырағын пайдаланады. Құрамында винцетоксин деп аталатын улы гликозид бар.

Адам әр түрлі заттармен уланғанда халық арасында ерте кезден-ақ осы өсімдіктің құстыратын қасиетін пайдаланған. Өсімдіктің мұнан да басқа несеп айдайтын, іш жүргізетін, тер шығаратын қасиеттері бар. Жүрек қалыптан тыс қатты соққанда, қан қысымы көтерілгенде және бүйрек ауруларын емдеу үшін қолданылады. Жүректің қызметі нашарлап, аяқтарды ісік шалғанда, ішке сарысу жиналғанда қолданылса, өсімдік тамырының несеп айдайтын қасиетіне байланысты едәуір жақсы нәтижелерге жетуге болады.


Қолдану тәсілі. 20 грамм тамырды 1 стакан қайнап тұрған суға салып, 20 минут тұндырады да, шай қасықтан үш мезгіл ішеді. Спиртті тұнба: 15 грамм тамырды 100 мл спиртке салып 10 күн тұндырады да, 10 тамшадан 3 мезгіл ішеді. Бұл өсімдіктен жасалған дәрілердін бәрі де тек қана дәрігердің бақылауымен қолданылады. Егер өсімдік тамырынан жасалған дәрінің бір ішкендегі мөлшері 0,2 грамнан асса дереу құстыратынын естен шығармау керек.

  Жарияланған-2016-07-12 14:58:06     Қаралды-3536

Мәлімет сізге көмек берді ма

АЛМА СІЛІКПЕСІ

...

Қабығы мен дәні тазартылған алма ұзынынан бөлініп, жақсылап қайнатылады. Қайнатылған алмаға қант, лимон қышқылы және бөккен желатин қосылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭКВАТОРИАЛДЫҚ ГВИНЕЯ

...

Экваторлық Гвинея Республикасы - Экваторлық Африкадағы мемлекет.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

MINECRAFT ОЙЫНҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ШАХМАТТЫ ШЫҒАРДЫ

...

Noble Collection жақында ғаламның артефактілер желісін шығарды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПИЯЗ - АТЕРОСКЛЕРОЗГЕ ҚАРСЫ

...

Пияз – көп жылдық, шөп тектес өсімдік, ол тікелей тамырынан өсіп шығады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АҚ ТҰҢҒИЫҚ

...

Ақ тұңғиық - көпжылдық су өсімдігі. Тамыр-сабағы су астындағы топыраққа төселіп, дөңгелек, жүрек тәрізді жапырақтары су бетіне жайылып өседі. Гүлі кешке жабылып, күн шыққанда ашылады. Тұқымы ауа толған жеміс қабында тұрады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӨГЕЙШӨП – ШАШҚА ЖАҒЫМДЫ

...

Өгейшөптің жапырақтары тер шығарады, қабынуға қарсы әсер етеді, қақырық түсіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »