ШҰЖЫҚ ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАУҒА БОЛАДЫ?
Категориясы: Тағам
Шұжық дайындауға арналған жылқы еті 12 күн салқын жерге (34 градус) қойып сорғытылады, Бұл кезде шұжық тығылатын ішек те тұзды суға салынып қойылады. Шұжық үшін сан, қол, жон еттері алынады. Оған мойын еті жарамайды. Ол былай дайындалады: ет те, май да ұсақтап туралады да жақсылап араластырылады. Сарымсақ салынып, тұздалып, бұрышталады. Содан кейін тағы бір рет әбден араластырылады да ішекке тығылады. Ішектің екі ұшы іскекпен түйреліп, жіппен байланады. Сырыққа немесе керілген жіпке іліп қойылады. Осылай 34 сағат тұрғаннан жейін ол жел қағып, дегдиді. Содан соң 50–60 градус температурада қою түтінге 12–18 сағат ыстайды да, жылылығы 12 градус жерде екі–үш күн ілулі тұрған қалпы кептіріледі.
Осылайша ысталып, сүрленген шұжық шым–шым жылы суға салып асылады. Оны отты басыңқырап қойып пісірген дұрыс. Піскеннен кейін салқындатылып, жұқа тақтай үстіне салынады да қалыңдығы 0,5–1 сантиметрдей етіліп кесіледі. Сөйтіп, жайпақ ыдысқа қиялап салынады. Ыдыстың бір жиегіне дөңгелектеп туралған пияз салуға болады.
Құрамы: шұжық дайындау үшін 5 килограмм ет, 5 килограмм іш май, 350 грамм тұз, 10 грамм қара бұрыш, 50 грамм сарымсақ, дастарқанға қоярда 100 грамм шұжық, бір пияздың 1/5 бөлігі, 2 ас қасық көк бұршақ немесе бір ас қасық желкек.
Жарияланған-2016-05-27 13:46:13 Қаралды-5792
АЛМҰРТТАН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

Алмұрттың жемісінде қант, пектин, илік, бояу заттар, алма және лимон қышқылдары, В1, С витаминдері бар. Бұл заттар адам тіршілігіне және организмдегі зат алмасу процесін жақсартуға өте қажетті.
САРЫАРҚА ҚАТПАРЛЫ АЙМАҒЫ

Сарыарқа қатпарлы аймағы - Азиядағы дербес ірі геологиялық құрылымдардың бірі.
СҮТ ШӘРБЕТІ

Фундук жаңғағының дәндері қосылған кілегей помадасынан жасалған қалақша түріндегі тағам осылай аталады. Сүт помадасын әзірлеу әдісі қарапайым. Ол құмшекер мен сүттен пісіріледі. Шырынның қоңыр тартып кетпеуі үшін қайнап бітуіне 10-15 минут қалғанда сірне
БАДАНА - ҚАНТ ДИАБЕТІН ЕМДЕЙДІ

Бұл – биіктігі 60 сантиметрге дейін жететін, көпшілікке белгілі бір жылдық, шөп тектес өсімдік.