UF

МҮКЖИДЕКТЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

Категориясы: Тағам


Мүкжидектің құрамында қант көп, лимон, бензой және хинин қышқылдары, пектин заттары, бояу заттары, С витамині бар. Халықтық медицинада - мүкжидек экстракты, сиробы, шырыны безгек ауруларымен ауырған адамның температурасын төмендетуге, құрқұлақ ауруын емдеуге, адамдардың тамаққа тәбетін ашу үшін пайдаланады.

Жидегінің құрамында бензой қышқылы көп болғандықтан, сапасы өзгермей жақсы сақталады. Жуылмаған мүкжидекті балконда немесе погребте қыстай сақтауға болады. Жылы уақытта мұздатқыш жоқ болса, шыны немесе эмальды ыдыстарға салып, суық суы бар үлкен табақ ішіне қойып сақтау керек. Аяз түскеннен кейін суыққа қойып қатырады да, себетке, бөшкеге (ағаш ыдыста) немесе жәшікке салып балконда сақтайды. Осылай сақтағанда мүкжидек дәмін, қоректік сапасын (глюкоза, фруктоза мен минералдық заттарын) жоймайды.

Мүкжидек жаңа жиналған немесе мұздаған кұйінде шырынын алуға, морс, квас, кисель, тосап, джем және пастила жасауға болады. Кондитер өндірісінде конфеттердің ішін толтыруға болады (пайдаланады). Мүкжидектен жақсы шарап, ликер жасалады.

Мүкжидектен шырын алу. Жидектерді ең әуелі қатырады, сонан кейін оны жылы бөлмеге кіргізеді, езеді, езілген соң үш бұрышты матадан жасалған дорбаға салып сүзеді. Шырының жинауға эмальды кастрюльге қояды. Сонан кейін кастрюльдегі шырынға қант (1 л шырынға 200 г қант қосады). Қастрюльді жалынға қойып бір қайнатады да, шөлмектерге құйып суытып, аузын ауа кірмейтіндей етіп жабады. Дорбада қалған жидек қалдығын суыққа қойып қайта қатырып, сонан соң оны жылы бөлмеде езіп, қант қосып қайнатып, шөлмектерге құяды.

Мүкжидекті қатырып шырынын алу. Піскен жидектерді таңдап алып, ағаш ыдыстарға салып, ағаш қасықпен немесе ағаш тоқпақшамен езеді де, жайпақ ыдыста қатырады. Сонан кейін торлы түбі бар кішкене бөшкенің тубіне шүберек төсеп, оның үстіне қатқан жидекті салады да, бөшке астына эмальды кастрюль қойып, бір тәулік бойы қозғамайды. Жидек еріп, шырыны кастрюльге ағады. Оны басқа ыдысқа құйып алып, бір күн қозғамай қояды. Сонан соң үстіндегі түссіз шырынды шөлмектерге құйып алып, аузын жауып сақтағанда иісі, дәмі өзгермейді, ұзаққа шыдайды. Шөлмектер мен тығындар қайнатылған болуы керек.

Мүкжидектен сироп жасау әдісі. Желтоқсан айында мүк жидек қатқаннан кейін зақымдалмаған жидектерін тандап алып, құмыраға салып, 6 сағат бойы духовкаға немесе пеш ішіне қояды. Сонан кейін құмыра ішіндегіні сүзеді. 1,5 стакан суға 800 грамм қант салып сироп жасайды да, оны сүзіп алынған шырынға қосып, көбігін алып қайнатып, суытып шөлмекке құяды да, аузын жауып, салқын құрғақ жерде сақтайды. Бұл әдіспен алынған сироп ұзақ сақталады.

Мүкжидекті қантта сақтау. Бүтін, жарақаттанбаған жйдектерді таңдап алып, жуып, суын кептіріп, жұмыртқаның ақ уызына (500 г жидекке бір жұмыртқаның ақ уызы қосылады) араластырып, артық ақ уыз ағып кетуі үшін елек үстіне төгеді, сонан соң оны қант ұнтағына араластырады (500 г жидекке 500 г қант ұнтағы араластырылады). Жұмыртқаның орнына желатина алуға болады. Ол үшін 2 жапырақша желатинаны алып, бір қасық ыссы суда ерітеді. 1 кг мүкжидекке 2 кг құмшекер қосып сақтауға да болады.

Мүкжидектің өзін сақтау. Жидектерді таңдап алады, бұзылған жерін, жапырақшасын алып тастайды. Тазаланғаннан кейін суық суға жуып, дайындап қойған банқаларға салып, үстіне қайнап тұрған су құяды да, қақпағын бастырып, 0,5 л банкаларды 8 мин, литрлікті 10 мин стерилизациялайды. Сонан соң тездеп аузын жауып суытады. Бұл әдіспен сақталған мүк жидекті кисель, тосап жасауға пайдаланады.

Мүкжидектен кисель жасау. Тазартылып, жуып алынған жидектерді ағаш қасықпен езеді, қайнап суыған су (300-400 г. жидекке 1 стакан су) қосылады. Сонан соң шырынын құйып алады. Сүзіліп електе қалғанының үстіне 2 стакан ыссы су құйып, 3-5 минут қайнағады да, жемісті сұйықтан сүзіп алып, қант қосып, қайнағанша қыздырады. Содан кейін үстіне қайнаған суық суға езілген картоп ұнын құйып, қасықпен былғап тұрып қыздырады. Кисель (ыссы) үстіне бірінші алынған шырынды қосып араластырады.

Мүкжидектен тұздық жасау. Тазалап, жуылған жидекті езеді. 3 стакан морс жасалады. Оған қант қосылады. 0,5 стакан морс құйып алынады да, қалған морсқа ванилин қосып қайнатады. Алынған затты сүзеді. Бөлек алынған 0,5 стакан морсқа картоп ұнын қосып араластырып, қайнап жатқан морс үстіне құйып қайнағанша қыздырады. 2 стакан мүк жидекке 1 ас қасық картоп ұны, 1-1,5 стакан қант, аз ғана ванилин немесе корида қосады. Осы әдіспен туздықты сарыағаш, қара қарақат жидектерінен де жасауға болады.

Мүкжидекті алмаға қосып сұйық тағам жасау. 300 грамм жуылған мүк жидек алып, үстіне 5 стакан қайнап тұрған су құяды да, араластырып, қақпағын жауып 15 мин қояды. Сонан соң дәке арқылы сүзеді. Алынған тұнбаға қант, алма қосып әлсіз жалынға қойып қайнағанша қыздырады. Қайнап жатқан сұйық тағамға, қайнаған салқын суға картоп ұнын езіп құяды да, қайнатып, оттан алып суытады. Оны қаймақ қосып жеуге болады.

300 г мүк жидекке 500 г алма, 0,75 стакан қант, 1 ас қасық картоп ұны, 1 стакан қаймақ керек.

Мүкжидекке кепкен нан қосып сұйық тағам жасау. 2-3 стакан мүк жидектің шырынын сығып алады да, стаканға құяды. Қастрюльге жидектің дәкеде қалғанын салып, үстіне 2/3 стакан ыссы су құяды. Оған 1 ас қасық қант, 1 шай қасық картоп ұнын, 1/4 стакан қайнаған салқын суға езіп құйып, былғап тұрып, қайнап жатқан қоспаға құяды, сонан соң мүк жидек шырынын қосып 1 минут қояды. Столға берер алдында ұзақ кепкен нан салынады. Бұл тағамды ыссылай және салқын күйінде ішеді.

Мүкжидекті суда сақтау әдісі. Жидектерді іріктеп алып, салқын сумен, әзірлеп қойған шыны ыдыстарға салып, үстіне қайнап, суыған суды немесе сиропты құяды, тұз, қант (1 л суға 2 ас қасық қант және 0,5 шай қасық тұз) салынады. Бәрін араластырып бір қайнатады да суытады. Жидектердін дәмін, иісін жақсарту үшін антоновка алмасын салған жөн, сонымен қатар хош иісті бұрыш, корица қосуға болады. Бұл әдіспен дайындалған мүк жидекті салқын жерде сақтайды. Оған қант сеуіп, етке, балыққа гарнир етіп береді.

  Жарияланған-2016-04-12 16:21:50     Қаралды-569

Мәлімет сізге көмек берді ма

Загрузка...

МЕЙІЗ ЖӘНЕ ЖАҢҒАҚ САЛЫНҒАН РУЛЕТ

...

Тоқаш пісіруге арналған дайын ашыған қамыр 1,0-1,5 сантиметр қалыңдықта жайылып, шылқытып сарымаймен майланады, үстіне қант және ірілеу етіп ұнтақталған жаңғақ қосылған жүзім себіледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЕКОРАЦИЯ

...

Сәнді киінген Золушка мәрмәр баспалдақпен өкпесі өшіп жүгіріп келеді. Түн ортасы болып, қайырымды сиқыршының сиқыры тарап кетпей тұрып үйіне жетіп алмақ. Туфлиінің түсіп қалғаны да ештеңе емес, тек тезірек үйіне жетсе екен!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПАШМАҚ

...

Бұл - әбден қайнатылған карамель массасынан жіп-жіңішке жіп сияқты етіп созылып жасалған, бір-бірінен оңай ажырайтын тағам. Түсі - ақ.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АҚТАМБЕРДІ САРЫҰЛЫ

...

Ақтамберді Сарыұлы (1675-1768) - жырау, қолбасшы, дипломат. Ол Оңтүстік Қазақстан облысы Қаратау маңында дүниеге келген. 17 жасынан әскери жорықтарға қатысып, парасаттылығымен, батырлығымен көзге түседі. «Күмбір-күмбір кісінетіп», «Уа, қарт Бөгембай», «Ей

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕРИ АЛУАСЫ

...

Бұл алуа көпіршік түзгіште қой майымен және мақта майымен қосып араластырылып, көпіршітілген карамель массасынан жасалатын біркелкі талшықты масса болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАЙТАНКӨЛ

...

Қазақстанның ең әдемі, көрікті жерлерінің бірі - Қарқаралы. Қарқаралы сілеміндегі көлдер мен өзендер, таулар мен қайыңды-қарағайлы ормандар ерекше сұлулықтарымен көз тартады. Бұғылы, Шаңкөз, Мәтен, Әулие, Қызыларай таулары ғажап көрінісімен көңіліңді баур

ТОЛЫҒЫРАҚ »