ЖАҢҒАҚ ҚОСЫП КЕПТІРІЛГЕН ШАБДАЛ
Категориясы: Тағам
Шабдал тазаланып, үстіңгі жағынан дөңгелектеліп ойып алынады да қабығы мен сүйегі алып тасталады. Шабдал мен ойып алынған кесегі күннің көзіне немесе пешке қойып кептіріледі. Жармаланған грек жаңғағынан, қанттан (1:1) және дәміне қарай дәм қабық (корица) пен ванилин қосылып ішіне салатын заттары дайындалады. Бәрі жақсылап араластырылып, әлі де әбден кеуіп болмаған шабдалдың ішіне салынады да ойып алынған кесегімен жауып тасталады. Осылайша дайындалған шабдалдың 10-15-і бір жіпке тізіліп, құрғақ жерге қойып сақталады.
Қыста тәтті тағам ретінде дастарқанға қойылады.
Шикізат әркімнің қалауынша алынады.
Жарияланған-2016-03-16 12:02:03 Қаралды-2092
ӘРІПТЕР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?
Әліппе деген аса маңызды, өте қажетті кітап қой. Оның алғашқы беттерін тіпті әріп дегеннің не екенін мүлде білмейтін адам да оқи алады.
КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ТҮПНҰСҚА
Біз картинаны не мүсінді көріп: «Бұл түпнұсқа ғой», - деп ерекше ізет білдіреміз.
ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК
Snickers - жастар арасында ең танымал батончик
АСКӨК
Аскөк – биіктігі 1,5 метрге жететін, бір жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы түзу, жұмыр.
ШӨЛ ДАЛА – ТҰЛДЫР ДАЛА МА?
Ең үлкен шөл далалар - Азиядағы Гоби мен Африкадағы Сахара. Ал бізде - Қарақұм.
ҚЫЗ ҚУУ
Бағзы заманда қызға үйленбек болған жігіт батылдығы мен күшін, ептілігін көрсететін түрлі сыннан өткізілген.