ӘСЕМДЕЛГЕН ЖАҢҒАҚ ҚАТТАМАСЫ
Категориясы: Тағам
Сарымай қант ұлпасымен қосылып, жақсылап шайқалады, содан соң жұмыртқаның сары уызы, ұнтақталған жаңғақ, түйілген кепкен нан, какао, оның үстіне жұмыртқаның әбден шайқалып көпіршіген ақ уызы қосылады. Май жағылып, ұн себілген жұқа табаға масса аударылады да 2 сантиметрдей қалыңдықта тегістеліп жайылып, пісіріледі. Салқындаған тағам қаттама етіп кесіледі.
150 грамм шоколад және үш ас қасық сүт әлсіз отқа қойылып ерітіледі де үстіне бір кесек сарымай салынады. Осы қоспамен қаттаманың беті майланады. Қажет деп тапқанда бетіне жағылған жылтыры кеуіп қалмай тұрғанда қаттама кесек-кесек етіп туралып, аздап құырылған бадам дәндерімен әсемделеді.
Бұл тағамды дайындауға 200 грамм сарымай, 200 грамм қант, 200 грамм жаңғақ, жұмыртқаның төрт сары уызы, 40 грамм кепкен нан, төрт жұмыртқаның ақ уызы, 30 грамм какао жұмсалады. Бетін жылтырату үшін 150 грамм сары май және 60 грамм сүт керек.
Жарияланған-2016-03-16 11:36:33 Қаралды-2098
«АЙ» ҚУЫРМАСЫ

Дайындалған қамыр 0,8 сантиметр қалыңдықта жайылады да жұмыртқаның сары уызы жағылып, жұқа стаканның қырымен дөңгелектеп,
САЛЛАМ ӘТ-ТАРДЖУМАН

Саллам әт-Тарджуман - араб саяхатшысы. Саллам әт-Тарджуман IX ғасырдың ортасында Қазақстан аймағымен жүріп өткен. Ол Самарадан (Бағдад каласының маңы) шығып, Кавказ арқылы хазарлар елінен өтіп, Еділге (Волга) келген.
ҚҰСТАР САЙРАЙДЫ!

Құстардың әні — жұмыстары. Көктемде әз үйіне оралған соң, кішкентай әнші бірден бар даусымен: «Мен мұндамын! ...
ҚАСҚЫР

Қазақстанның барлық аймақтарында таралған жыртқыш аңдардың бірі - қасқыр. Дене тұрқы асыранды иттей. Қасқыр асыранды иттің арғы жабайы тегі деп есептелінеді. Топтанып тіршілік етеді, қорегін көбіне түнде аулайды.